Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2014 в 13:25, дипломная работа
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасының егеменді ел болып қазіргі таңдағы даму кезеңі, қоғамның барлық саласындағы қозғайтын істерін қайта құрумен, әлеуметтік-саяси және экономикалық қарым-қатынастардың өзгеруімен сипатталады. Бұл қазiргi кезеңдегi жастардың әлеуметтiк жағдайдағы дамуына үлкен өзгерiстер келтiредi, яғни олардың өзiн-өзi бағалауының жеке тұлға болып қалыптасуына әсерiн тигiзедi.
Қазіргі кезде кәмелетке толмаған қылмыскертұлғасының ерекшеліктері, яғни өзін -өзі бағалауы, қарым – қатынас, мінез-құлық туралы мәселелер зерттеушілердің назарын аудартуда.
КІРІСПЕ
1 КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ ЖОЛДАРЫ
1.1 Кәмелетке толмағандардың болашақ өмір бейнесінің қалыптасуын анықтау
1.2 Кәмелетке толмағандардың әлеуметтік –психологиялық мінез көрінісі
1.3 Кәмелетке толмағандардың делинквентті мінез-құлық психологиясының ерекшелігін анықтау
2 КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ МІНЕЗ- ҚҰЛЫҚТЫҚ СТЕРЕОТИПТЕРІ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ӘРЕКЕТІНЕ СЕБЕПШІ ФАКТОРЛАР
2.1 Кәмелетке толмағандардың қылмысқа баруының себептерi және оған әсер ететiн жағдайлар
2.2 Кәмелетке толмағандардың мiнез-құлықтық стереотиптерi
2.3 Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстық іс-әрекетке себепші факторлар
3 КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ӘРЕКЕТІНЕ ӘСЕР ЕТУШІ ФАКТОРЛАРДЫ ЭМПИРИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
3.1 Эмпирикалық зерттеудің пәні мен объектісі
3.2 Зерттеудің мақсаты, міндеті, болжамы 3.3. Әдістемелердің сипаттамасы
3.3.1.Басса-Даркидің агрессивтілік деңгейін анықтайтын сұрақтамасы
3.3.2. Розенцвейгтің фрустрация-агрессивтілікті анықтайтын әдістемесі
3.3.3. “Автопортрет” проективті әдістемесі
3.4.Алынған нәтижелерді математикалық өңдеу және талдау
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМША
Кәмелетке толмағандардың өмір жолы бұл тек сызықтық қана емес, сонымен қатар, иерархиялық түрде құрылған жүйе, яғни өмірдің үлкен құрылымға ие болуы. Бұл кәмелетке толмағандардың тек болашағын елестетуге ғана емес, сонымен қатар, оның негізгі позициясы қаншалықты құрылымды болғанына да байланысты. Өмір ағымында кәмелетке толмағандардың негізгі өмірлік қатынастары өзгеріп отырады. Кәмелетке толмағандардың өмір жолын өмірлік жетілу(немесе жетілмеу) анықтайды. Ал өмірлік жетілу «қызығуларға» немқұрайлы қарауда, қарама-қарсылықтарды жеңуде және өз өмір жолын қолдауда көрінеді.
Кәмелетке
толмағандардың өмірлік қарама-
Өмірлік
позициялардың бейімсіздігі
Жалпы,
кәмелетке толмағандардың
Жалпы,
өмір мағынасы кәмелетке
Өмір мазмұны- іс-әрекет, еңбек және қажеттіліктер болып табылады. Кәмелетке толмаған жасөспірім өз өмірінде осы қажеттіліктерді нақты түрде біріктіреді және олардың қанағаттануының тәсілін бөліп шығарады. Осылайша, жасөспірім өмірінің мағынасы қалыптасады. Өмір мағынасы бір жағынан Кәмелетке толмағандардың талаптануын, оның ұмтылыстары мен қажеттіліктерін білдірсе, екінші жағынан, оның шынайы жетістіктерінің, өмір формаларында өзін көрсету қабілеттілігінің жүзеге асуы болып табылады. Сондықтан да, өмір мағынасы бұл тек кәмелетке толмағандардың болашағы ғана емес, сонымен қатар, оның жетістіктерге өз күшімен жету бағасы болып есептеледі.
1.2 Кәмелетке толмағандардың әлеуметтік –психологиялық мінез көрінісі
15-17 жас кәмелетке толмағандар кезең деп есептелген мен оларды үлкендермен салыстырғанда әліде кішкентай, ал жеткіншектен үлкен болып есептелінеді. Яғни бала мен үлкендердің екі арасында. Сондықтан 16-17 жас топтарына кәмелетке толмағандар деп қарастыруға болады. Бұған кәмелетке толмағандар өзгелермен қарым қатнасы қиын жағдайда өз бетімен шешім қабылдау қиыншылықтардан бас тартпау жатады. Бұл қасиеттер әлеуметтер ортаның нәтижесінде пайда болып. Бұрынғы ескі дәуірде қазіргі жеткіншек жастағыларды осы жас қатарына жатқызған, яғни есеудің өзі баланың жасына ғана тәуелді емес, қоғам дәуірінің талабына да байланысты. Осыған байланысты жігіт не бойжеткен қыз жасы жөнінде елдер арасында түрлі аңыз әңгімелер жырлар кең тараған. Ауыз әдебиетінің негізгі тақырыбы жасөспірімдердің батырлығы, жаумен күресе алуы, махаббатқа беріктігі сияқты қасиеті жатады. Қазіргі дәуірде кәмелетке толмағандар үлкендердің қатарына толық жетпегенімен жеткіншек жастағы балалық әдетін қойып яғни бір нәрсеге тез өкпелеудегі тәртіп бұзудан көбінесе аулақ болады және үлкендермен туған туысқандарын дұрыс қатнаста болады. Сырттай қарағанда өздерін мәдениетті ұстайды. Үлкендермен кездескенде алдымен амандасады. Жеткіншек кезенде жолдастарымен ойнап, берген тапсырманы ұмытып кетсе, ал кәмелетке толмаған жасөспірім кезде оқуға салмақты қарап, болашақта қандай мамандыққа ие болғысы келетіні туралы ойлана бастайды. Осының нәтижесінде оқуға деген ынта жігері бұрынғысынан да өзгереді. Жақсы оқымаса кейін қалаған оқу орнына түсе алмайтының сезініп сабаққа үнемі қатысуға және тапсырманы дұрыс орындауға тырысады. Ақыл ой қабілеті дами бастайды, өзінің пікірін дәлелдей алады. Өзінің жасаған іс әрекетіне талдау жасай алады. Кәмелетке толмаған жасөспірімнің негізгі әрекеті оқу мен еңбек. Еңбектің неше түрлері мен соның ішінде мектептің жұмысымен айналысады. Кәмелетке толмаған жасөспірімнің көпшілігі 11 жылдық мектепте оқыса кей біреулері техникумдарда оқиды. Бұндай оқу орындарын да оқитын кәмелетке толмағандар мектептердің кәмелетке толмағандардеріне қарағанда ерте есейеді. Себебі мұнда оқитындардың негізгі мақсаты белгілі маман иесі болу. Олар осы жөнінде үнемі ойланып өз бетімен туған туысқандардың көмегісіз өмір сүру, ешкімге бағынышты болғысы келмейді.
Жасөспірім шақта және кәмелетке толмаған жасөспірім кезеңінде де ересек жастағы сияқты адам өзінің ішкі әлемін дамыған рефлексивті қабілеттері арқылы ашады. Бұл сезім мен ой – тылсымдарын тануға бағытталған.
Кәмелетке толмаған жасөспірім кезеңі 15-16, 21-25 жас аралыққа дейінгі жас мөлшерін қамтиды. Бұл кезең адамның сенімсіздік пен жүйесіздік кезеңінен шынайы ер жету шағы. Жасөспірім кезеңінде адамдарда өмір құндылықтарын таңдау мәселесі пайда болады.
Кәмелетке толмаған жасөспірім өзіне деген ішкі қарым – қатынасын қалыптастыруға (мен қандай болғым келеді?) басқа адамдарға деген қарым – қатынысқа, және де моральдық құндылықтарға талпынады. Нақ осы кәмелетке толмаған жасөспірім кезеңінде адам өзінің жақсылық пен жамандық категориялары арасында саналы түрде өз орнын табады. «Намыс», «адамгершілік», «құқық», «міндет» сияқты тұлғаның сипатын басқа да ұғымдар толғандырады. Кәмелетке толмаған жасөспірім кезеңінде адам жақсылық пен зұлымдылықтың диапазонының шектелген шекарасына дейін таниды. Сондай – ақ, ол өзінің ақылы мен жанының кереметтей шарықтаудың мейір-бандылықтан зұлымдыққа, адамгер-шіліктен жауыздыққа дейінгі диапазон аралығын басынан өткереді. Арбаулар мен шарықтауда, күресте және бастан өткеруде, жығылуда және қайта тұруда жасөспірім сезіп білуге ұмтылады. Ішкі позицияны таңдау өте күрделі рухани жұмыс[7].
Жалпы адам құндылықтарының икемділігімен, құнды бағыт - бағдарының құрылымымен талдамасын тануға ұмтылған адамға, өзінің іс - әрекетін балалық және ересек жаста анықтай-тын, тарихи бекітілген нормативтермен құндылықтарды саналы түрде бұзуға, қабылдауға тура келеді. Ол өзінің бейімделген және бейімделмеген өмір позициясының жағдайы, сонымен қатар оның ойынша, бұл таңдаған позиция, ол үшін ең неізгі, ең қажетті, ең таңдаулы болуы тиіс.
Кәмелетке толмаған жасөспірім қоршаған әлемдегі өз орнын табуға қандай күш салып бағытталса да, барлық өмір мәнділігін тануға интеллектуалды дайын болса да, ол көп нәрсені білмейді, өйткені ол өзін қоршаған адамдарды және рухани өмір тәжірибесін білмейді.
Әсіресе кәмелетке толмаған жасөспірім шақта табиғи берілген басқа жынысқа деген талпыныс қозады. Жасөспірімдік кезең адам өзінің рефлексивті жаттығуларын бағалайтын кезең. Ал бұл рефлексивті жаттығулар ішінен ол өзі, досы, барлық адамзат кіреді. Кәмелетке толмаған жасөспірім өзінің тұрақты рефлексиясы арқылы өзінің негізін, мәнін ашады. Ол нәзік жанды, тез уайымдауға, сәтсіздікке берілгіш болады. Қандай болмасын ерекше бөгде көзқарас, әсерлі сөз, ерекше әсерлі болып оны жолынан тайдыруы мүмкін [8]
Азаматтық белгісінің бір
Сондықтанда кәмелетке толмаған жасөспірімнің уәдесінде тұруы оның азаматтық қатарына қосылғаның белгісі.
«Мен» деген мағынаны кейбір психологтар адам өзімен өзі тең екенің білу деп анықтама береді. Кәмелетке толмаған жасөспірім айнаның алдыңда өзінің бет әлпетін көріп мынау «мен бе ?» деген ойда қалада. Бұл адамның өзінің баға беруінің қарапайым түрі. Кәмелетке толмаған жасөспірім жастағы кейбір қыздар айнадан өзін ажарын көріп бұрынғысынан өзгергенің сезіп қатты ойланады. Бұл ойлану бет әлпетінің өзгергеніне емес, өзінің денесінің өзгеше болғанына риза болмай қапалануы. Мысалға қыздың бойшан келсе, бұны үлкен кемістік деп көпке дейін уаымдап жүреді, ал ұлдардың бойы тым биік болса, бұл жақсы қасиет болып саналады. Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің осы туралы ойлануы жас ерекшелігіне тән қасиет. Өйткені әр бір кәмелетке толмағандар өзіне дос таңдап өзінен ұнағандармен жүргісі келеді. Олар өзінің және басқалардың түрінің әдемі болып дамуын адамның ішкі жан дүниесі әсем деп байлауының белгісі. Бұл кәмелетке толмаған жасөспірімнің жасына талабына түсінігі. Олар өзіне құрбы дос іздеп қана қоймай жұбайлық өмір жөнінде де ойланады. Осының нәтижесінде өзінің денесін және бет әлпетінің әдемі болып дамуына күш салады. Кәмелетке толмаған жасөспірім өзінің мен деген қасиетін іс әрекетімен мінез құлқымен байланысады. Кішкентай бала кезінде өз іс әрекетіне баға бере алмайды. Себебі өзі жөнінде бірдене айту ыңғайсыз деп санайды. Ол әлі жас болғандықтан өз денесін бет әлпетін және іс әрекетінің болашақта жақсартам деп ойлайды.
Кәмелетке толмаған жасөспірім өзөзінің бағалауының мынадай екі тәсілі бар:
1) олар өзі туралы алдың ала көздеген мақсатын жүзеге асырған мен оны салыстырғанда осы мақсаты туралы ойлары басқалардың қойған бағасы мен дәл келсе оны үлкен жетістіктеп ойлайды, ал егерде оны мақсаты жөнінде пікірлерді дұрыс емес деп басқа адам баға берсе жасөспірім бұны көніліне қатты алады.Соның нәтижесінде уаымға салынуы мүмкін бірақта ол өз қатесін түзеуге тырысады.
2) кәмелетке толмаған жасөспірім өзі жөнінде басқалардың пікірін жинап салыстыру арқылы өзінің жіберген қателіктерін түсінеді. Мұнадай жағдайда жасөспірімнің достық, жолдастық деген терминге үлкен мән беореді. Мысалы: жасөспірім жиналыста өзінің досының кемшілігін сынға алмай жасырып қалса оны жақсы қасиет деп есептейді.
Ал үлкен адамдар бұл қасиетті
жағымсыз деп жасөспірім ескерту
жасау керек. Алдағы іс әрекетіне
мінез құлқына дұрыс көзқараста
кеңес беру керек. «мен» деген
ұғым әр адамда біреу ақ
болғаны мен ол тиісті жағдайда
байланысты бірнеше түрге
Мысалы: 1) мен шынында кіммін ? 2) мен өзімді басқа адамдар қалай бағаласын деп ойлар едім ? 3) мен тілегім бойынша қандай болғым келеді ? 4) мен келешекте кім болғым келеді?
«Меннің» әр жағдайға
Информация о работе Кәмелетке толмағандардың қылымыстық әрекеттегі психологиясы