Кәмелетке толмағандардың қылымыстық әрекеттегі психологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2014 в 13:25, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасының егеменді ел болып қазіргі таңдағы даму кезеңі, қоғамның барлық саласындағы қозғайтын істерін қайта құрумен, әлеуметтік-саяси және экономикалық қарым-қатынастардың өзгеруімен сипатталады. Бұл қазiргi кезеңдегi жастардың әлеуметтiк жағдайдағы дамуына үлкен өзгерiстер келтiредi, яғни олардың өзiн-өзi бағалауының жеке тұлға болып қалыптасуына әсерiн тигiзедi.
Қазіргі кезде кәмелетке толмаған қылмыскертұлғасының ерекшеліктері, яғни өзін -өзі бағалауы, қарым – қатынас, мінез-құлық туралы мәселелер зерттеушілердің назарын аудартуда.

Содержание

КІРІСПЕ
1 КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ ЖОЛДАРЫ

1.1 Кәмелетке толмағандардың болашақ өмір бейнесінің қалыптасуын анықтау
1.2 Кәмелетке толмағандардың әлеуметтік –психологиялық мінез көрінісі
1.3 Кәмелетке толмағандардың делинквентті мінез-құлық психологиясының ерекшелігін анықтау

2 КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ МІНЕЗ- ҚҰЛЫҚТЫҚ СТЕРЕОТИПТЕРІ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ӘРЕКЕТІНЕ СЕБЕПШІ ФАКТОРЛАР

2.1 Кәмелетке толмағандардың қылмысқа баруының себептерi және оған әсер ететiн жағдайлар
2.2 Кәмелетке толмағандардың мiнез-құлықтық стереотиптерi
2.3 Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстық іс-әрекетке себепші факторлар

3 КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ӘРЕКЕТІНЕ ӘСЕР ЕТУШІ ФАКТОРЛАРДЫ ЭМПИРИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ

3.1 Эмпирикалық зерттеудің пәні мен объектісі
3.2 Зерттеудің мақсаты, міндеті, болжамы 3.3. Әдістемелердің сипаттамасы
3.3.1.Басса-Даркидің агрессивтілік деңгейін анықтайтын сұрақтамасы
3.3.2. Розенцвейгтің фрустрация-агрессивтілікті анықтайтын әдістемесі
3.3.3. “Автопортрет” проективті әдістемесі
3.4.Алынған нәтижелерді математикалық өңдеу және талдау

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМША

Вложенные файлы: 1 файл

диплом ж.docx

— 122.96 Кб (Скачать файл)

Сана бағыттылығының бұрмалануы олардың ұсынылған талаптарды түсінуін қиындататындығы сөзсіз. Өмірдің негативті жақтары, оның ішінде криминалды жоспар кәмелетке толмағандардың кейбіреулері үшін жалпы қабылданған моральдық және өнегелі талаптарға қарағанда, біршама таныс және жақын болып келеді. Бұл жерде қоршаған адамдардың мінз-құлықтарын жағымсыз бағалау, негізінен, өзінің қажеттіліктері мен қызығушылықтарының кедейлігімен, жұтаңдығымен сәйкестенеді, бұл балалық шақтан бастап спирттік ішімдіктерді қолдануда, ерте жыныстық өмірде, есірткі қабылдауда және т.б. көрінеді [3, 426-427 б.].

Кәмелетке толмағандардың интеллектуалды сұраныстары, әдетте, аса кедей болып келеді. Олар көбінесе бастысы көңіл көтеру сипатындағы қызығушылықтармен алмасады. Бұл жерде осындай қызығушылықтар бірінші орынға шығады. Бұндай кәмелетке толмағандардың қызығушылықтары интеллектуалды және өнегелі примитивизммен ерекшеленеді.

Қылмысты топпен жасау кәмелет жасқа толмаған жасөсіпірімдерге ниеттердің жүзеге асуына сенімділік береді және өздігінен олардың көпшіліктері үшін олар формальды байланыстар мен қатынастар сферасында ала алмаған қауымдастық сезімінің арқасында тартымды болып табылады. Сонымен бірге кәмелет жасқа толмаған Кәмелетке толмағандардың қылмыстық топқа қатысуы оның қалыпты ұжымнан шеттетілуін күшейтеді. Бұндай позиция ұсталып қалудан және жасалынған қылмыс үшін жауапкершілікке тартылу мүмкіндігінен қорқудан және  шартты түрде күштеп істелінген сипатқа да ие болуы мүмкін. Қалыптасқан қылмыстық топтағы шеңберлік сипаттың болуы Кәмелетке толмағандардың арнайы ортадағы жеткілікті күрделі жағдайын одан ары тереңдетеді және оның әлеуметтік нашар халін күшейте түседі. Бұл жерде қылмыстық топтан кетудің әдетте басқа қатысушылардың тарапынан мүмкін болатын жазалаудан қорыққандықтан қиын болады, бұл жиі жағдайларда орын алады. Егер жас өспірімде өмірлік жобалар болмаса және ол қайтадан нашар жағдайларда көрінсе, арнайы шаралармен бұзылған Кәмелетке толмағандардың қылмыстық байланыстары тез арада қайтадан қалпына келуі мүмкін [4, 430-431 б.].

Антиқоғамдық бағытты топпен байланыс және осындай топқа кіру ешқашанда кездейсоқ болмайды. Бұл топ сол топтың әрбір мүшесінің тұлғасының алдын-ала болатын нашар өнегелі қалыптасуларымен дайындалынады.

Қазіргі кезде әсіресе кәмелетке толмағандардың  қылмыстық іс-әрекетке тарту психологиясы туралы сұраққа баса назар аударған жөн. Соттық практикалық зерттеулер, қылмыс жасаған жасөспірімдер топтық қылмыстардың 25 %-тен астамын үлкендердің қатысуымен, олардың тікелей әсер етуімен жасайтындығын көрсетеді. Кәмелет жасқа толмаған жас өспірімдерді қылмыстық іс-әрекетке тарту бірнеше факторлармен жүзеге асады. Біріншіден, жасөспірімдер өздерінің өзбетінше өмір сүре алатындықтарын дәлелдей отырып, үлкендерге деген табиғи талпынысқа ие болады. Осы үлкендерге тартылу олардың бойындағы құрдастарымен қарым-қатынасқа деген қажеттіліктерін еш күрделендірмейді, керісінше оны толықтырып отырады. Жасөспірім өзінің құпия ойларын бөлісетін және әр түрлі өмірлік қиындықтар туындағанда кеңес алатын ұстазды қажет етеді де осының әсерінен қылмыстық іс-әрекетке тартылады. Екіншіден, жас өспірімдер әдетте үлкендерге еліктеуге бейім болып келеді. И.П. Павловтың пікірінше, «еліктеу рефлексінің (үлкендердің мінез-құлықтары мен әрекеттерін механикалық дерлік көшіру) көмегімен біздің барлығымызда да балалық шағымызда күрделі жеке индивидуалды және әлеуметтік мінез-құлқымызды қалыптастырамыз, дейді» [5, 124-128 б.б.].

Жасөспірімдер еліктеу объектісінің тек сыртқы ғана емес, сондай-ақ ішкі де психологиялық қасиеттеріне еліктейді: мінез, ерік, дүниетаным және т.б. Бұл әсіресе кіші жастағы жасөспірімдерде пайда болады. Ал біршама үлкен жастағы жасөспірімде бірінші орынға бірте-бірте таңдалып алынған идеалға сәйкес өзіндік сана-сезімі мен жетілу элементі пайда болады. Алайда идеал ретінде оған тән деп есептелінген қасиеттерге мүлде ие емес адам алынуы мүмкін, яғни идеал жалған болып шығуы мүмкін. Өмірлік тәжірибенің жеткіліксіздігі, айқын қалыптасқан тәртіптік пайымдаулардың жоқтығы жасөспірімдерде түпнегіздік идеалды таңдап алуды сөзсіз қиындатады. Кәмелетке толмағандардың тікелей қарым-қатынас сферасындағы жағымды идеал мүлдем жоқ немесе жалған болғандықтан, ол антиқоғамдықпен алмасуы мүмкін.

Кәмелет жасқа толмағандардың, ол үшін референтті болған қылмыстық топқа жатуы әлеуметтік пайдалы байланыстар мен қатынастардың толығымен ажырауына алып келуі мүмкін. Сөйтіп, қылмыс жасаған кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауларының негізгі себептері мыналар: олардың дамуының нашар жағдайлары, жанұя мен қоғамның бақылауынан тыс қалуы, жағымсыз микроортаның, соның ішінде антиқоғамдық мінез-құлық тәжірибесі бар адамдардың белсенді әсері екендігі көрінеді.

Қылмыс жасаған кәмелетке толмағандардың қоғамдық пайдалы еңбекке деген талпынысы антиқоғамдық мазмұнды примитивті, утилитарлы қажеттіліктермен және қызығушылықтармен алмасып кетеді.

Қылмыс жасаған кәмелетке толмағандардың қылмысқа бару себептерін қарастыруда әлеуметтік пен биологиялықтың арақатынасы мәселесі ерекше қатаң мәнге ие . Әлеуметтік құбылыстар сферасындағы себептіліктің үнемі тек объективті ғана емес, сонымен қатар субъективті де сипатқа ие болатындығы мәлім. Бұл қылмыс жасауға да – материалдық өмір, қоғамдық және жеке индивидуалды сана сфераларын қозғайтын себептік тәуелділіктің өзіндік заңдылықтары бар әлеуметтік құбылысқа да қатысты. Объективті түрде бар болып табылатын идеологиялық, моральдық, өнегелік және құқықтық ұстанымдар мен талаптар жеке индивидтің санасында орын алады, меңгеріледі, бағаланады, қабылданады, күшейтіледі немесе жоққа шығарылады.

 Кәмелетке  толмағандардың қылмыстық әрекетке  баруына әсер ететін шарттар  ретінде, жасөспірім тұлғасының  нашар өнегелік қалыптасуын, жанұядағы  және мектептегі мәдени - тәрбие  жұмыстарының кемшіліктерін, қожайын  болудың, иелігін қорғаудың басқарулық  кемшіліктерін және т.б. айтуға  болады. Бұл себептер кәмелетке  толмағандардың әлеуметтік жағынан  шартталғанын көрсетеді. Өсіп келе  жатқан тұлғаның мінез-құлқында  нормамен қатар ауытқуларды да  туындататын биологиялық фактордың  да әсері зор болатындығын  ұмытпаған жөн.

 Кәмелетке  толмағандардың қылмыс жасауының  себебін криминологтар әлеуметтік  және биологиялық факторлармен  байланыстыра отырып толық және  арнайы деп бөліп қарастырады. кәмелетке толмағандардың қылмыс  жасауының толық себебі - қылмыс  жасаумен себептік және шарттандырушы  байланыста болатын әлеуметтік  құбылыстардың бүкіл жиынтығын  білдіреді. Ал арнайы себеп (өзіндік  себеп) бағынбаушылық дәстүрлерге, эгоизмнің, тәртіпсіздіктің және  т.б. әдептері мен салттарына жататын  әр түрлі жағымсыз құбылыстармен  байланысты себептер. Бұндағы бір  ғана объективті жағдай қылмыс  жасауға тура алып келмейді.Тек  барлық аталған себептердің жиынтығы  тұлғаға әсер етудің нәтижесінде  ғана қылмыстық әрекет немесе  қылмыс жасау әрекеттері мүмкін  болады [6, 321-325 б.б.].

И.И. Карпецтің ойынша, зерттелініп отырған мәселелерді дұрыс шешу үшін қылмыс жасаудың себептерін жалпы және нақтыларға, бірінші және екінші ретті себептерге, олардың арасындағы шек қозғалмалы болғандығына қарамастан қылмыс жасауға жағдай жасайтын шарттарды бөлудің мәні бар дейді. Сонымен қатар ол қылмыс жасауға экономикалық және басқа да факторлардың әсерлерін анықтаудың аса терең зерттеуді қажет ететіндігін атап көрсеткен. И.И. Карпец бірінші ретті басты себептер ретінде мыналарды атайды: әлеуметтік құбылыстардың тарихи шарттанғандығын; сананың болмыстан артта қалуының объективті заңының әрекет етуі (бұл адамдардың санасы мен мінез-құлқындағы әр түрлі бастан өткерулердің болуында өзінің нақты көрінісін табады) [7.43-44б.].

 Кәмелетке  толмағандардың қылмысқа бару  себебін В.Н. Кудрявцев үш негізгі  деңгейлерде қарастырудың жақсы  талпынысын жасады, олар:

1. құрамында  антиқоғамдық мінез-құлықтардың  объективті мүмкіндіктері бар  негізгі әлеуметтік процесстер  әрекет ететін қоғам;

2. адамдардың  өзара қатынастарының объективті  заңдылықтары жүзеге асырылатын  өндірістік ұжымдар мен кіші (формальды  емес) топтар;

3. субъектінің  белгілі-бір мінез-құлқының психологиялық  себептері әрекет ететін жеке  индивидуалды деңгей [8, 54-56 б.].

А.Б. Сахаровтың пікірі бойынша, қылмыс - жеке индивидуалды-тұлғалық қажеттіліктерді заңмен қорғалынатын қоғамның қызығушылықтарына қарама-қарсы қоятын жеке топтардың немесе нақты адамдардың жеке индивидуалисттік психологиясының көрінуі болып табылады [9, 83-84 б.].

Өткен өмір туралы санадағы жалпы формуланы қылмыс жасаудың себептері ретінде нақтылауға тырыса отырып криминологтардың біреулері (И.И. Карпец, И.Р. Ратинов) жеке индивидуалды құқықтық сананың бұрмалануы (құқықтық сананың үзілістілігі және құқықтық инфантилизм) жайлы айтады. Басқалары (Н.И. Стручков) қылмыс жасаудың себептеріне тек бастан өткерулерді ғана емес, сонымен бірге дұрыс емес көзқарастар мен түсініктерді де жатқызады; енді біреулері (Д.В. Филимонов), қылмыс жасаудың себептерін жеке адамуализмнен, карьеризмнен, қоғамдық мүліктерге деген ұқыпсыз қатынастардан және басқа да құбылыстардан қарастыра отырып, оларды адамның қоғамдық өмірдің әр түрлі қырларына деген қатынастары позициясынан ашуға тырысқан; төртінші біреулері (С.С. Остроумов) осындай себеп ретінде анти қоғамдық құндылық бағдарды жариялайды; бесіншілері (Г.Г. Зуйков) өткен шақтағы бастан өткерулерді тұлғаның анти қоғамдық бағдарымен теңестіреді [5, 37-40 б.б.]. Басқаша айтқанда, нақты қылмыстарды жасаудың себептерін ең алдымен жеке адамтің санасына жататын қандай да бір ортақ фактормен түсіндіруге талпыныстар жасалды, алайда бұл жерде күрделі әлеуметтік және биологиялық тіршілік иесі болып табылатын адамның оны тұлға ретінде қалыптастыратын көптеген әлеуметтік факторлардың әсерінде жүретіндігі ескерілмеген. Шеттетіліп алынған тұлғаның кез-келген қасиеттері мінез-құлықтың мазмұнын толығымен анықтай алмайтындығы айқын.

Қылмыс жасаудың әлеуметтік табиғатын талдау, адамның қылмыс жасау жолына түсуінің себебі ең алдымен ортаға және тұлғаның өзіне тән жүріс-тұрыстың әлеуметтік детерминанттарында жатқандығы туралы ойға алып келеді.

Осы орайда Е.А. Копыстынский кәмелетке толмағандардың үлкен тобын зерттеген. Бұл зерттеу авторға құқық бұзушылардың мынандай бес тобын бөліп көрсетуге мүмкіндік берді, олар:

1. Интеллектуалды  қабілеттіліктері жақсы және  тұлғасының этикалық ядросы сақталған  жасөспірім құқық бұзушылар жанұядан  кетудің нәтижесінде кездейсоқ  реформаториумға кез болғандар. кәмелетке толмағандардың бұл  тобы 10%-ды құраған.

2. Нашар микроортаның (ата-аналарының қазасы, жанұядағы  ішімдікке салыну, жанұялық жанжалдар, ұрлық, аштық, ішімдікке салынулар  және т.б.) әсерінен көшедегі өмірдің  төменгі жағына түскен жасөспірім  құқық бұзушылар. Балалардың бұл  тобы өздерінің күәліктегі жастарына  қарағанда 2 – 3 жасқа шамалы интеллектуалды  артта қалулармен сипатталынады, бұл орталық жүйке жүйесінің  органикалық өзгерістерімен емес, «ақыл-ойлық қабілеттіліктердің  жаттығуларының жоқтығымен, жанұяның  төмен мәдениетімен, аз дамыған  моральдық сезімімен шарттандырылған». Бұл топтағы құқық бұзушылар 53%-ды құраған.

3. Туа берілген  және жүре қалыптасқан ерте  жастағы генездің біршама айқын  көрінетін интеллектуалды дефективтілігі  бар, орталық жүйке жүйесінің  айқын көрінетін органикалық  өзгерістері бар құқық бұзушылар. Бұл жағдайда дебильділіктің, тұлғалық  ерекшеліктердің ұзақ мерзімдік  эпилепсиясының, зақымдық церебростенияның, энцефалопатияның және басқа  да аномалиялардың әр түрлі  нұсқалары туралы айтылуда. Аталған  топтағы балалар мен жасөспірімдер 17%-ды құраған.

4. Материалдық  негізінде мәнді шамадағы церебральды, эндокриндік, сөздік және соматикалық  түзелмейтін бұзылыстары басым  қатал ақыл-ойлық артта қалған  құқық бұзушылардың тобы. Бұл  топ 4%-ды құрады.

5. Генезінде  психопатиялық даму (аффективті-тұрақсыз, аса қозғыш, органикалық, истериялық  және псевдологтар) жатқан жасөспірім  құқық бұзушылар. Олар 16%-ды құрады  [10, 57-59 б.б.].  

    Негізінен  қылмыстық заңда,жасөспірімді әр  түрлі терминдармен анықтайды: «қылмыс  істеген жасөспірім», «қылмысты  тұлға», «айыпкер» т.б. Қалайша, неге  осы жасөспірім қылмыс әрекеттеріне  барды? Нақты бір қылмыс жасаған жасөспірім қандай жауапкершілік арту керек? Оның қайта түзеу жүйесі қандай болу керек? Қылмыскер жасөспірім қалыптаспас үшін қандай ескертулер болу керек? Деген сұрақтарға жауап алу үшін Кәмелетке толмағандардың тұлғалық ерекшеліктерін талдау керек.

Заң шығарушы қылмыс барысында Кәмелетке толмағандардың байқалынған ерекшеліктерін айқындап алуы міндетті. Нақты қылмыс құрамын құрастыруда, жаза мен қылмыстық жауапкершілігін жекелеуінде де қылмыс жасаған жасөспірім тұлғасының жеке индивидуалдылды ерекшеліктері еске алынады.

Қылмыскер жасөспірімді сипаттау – жеке адамның маңызды қасиеттерін типологиялық – криминогендік анықтау, зерттеу дегенді білдіреді. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық тұлғасы – ол сол тұлғамен істелінген қылмысқа себеп болатын, жеке адамның типологиялық қасиеттерінің жиынтығы болып табылады. Қылмыс негізінен жеке адам қылмысқа тигіштігінен, дұрыс өмір сүру керек екендігін түсіне алмай немесе түсіне алғысы келмегендіктен емес, әлеуметтік шындықтың нақты бір жағына қатысты шартталынған адамның ой құрылымы жүйесінің бұрмалануынан іске асады. Кәмелетке толмағандардың тұлғасын бағалай отырып, оның мінез-құлқының жалпы үлгісін, өмірлік стратегиясын құрайтын басыңқы ниетін, өмір сүру әдістерін анықтап алуымыз керек. Негізінен адамның мінез-құлқы тұлғаның құндылық позициясымен ұйымдастырылады. Адамның мақсатқа жету үшін құралын таңдау субъектінің өзіндік сана сезімімен байланысты. Тұлғаның жетекші жүйелендіруші фактор ретіндегі механизмі оның мағыналық құрылымы. Жалпы адамның әр саналы әрекетін тұлғалық құндылық бағалайды. кәмелетке толмағандардың құндылықты мінез-құлқында бір жетіспеушілік бар,олар өздерінің қылмыстық ісіне адекватты емес баға береді. Өзінің антиәлеуметтілігін өз бетінше бағалай отырып, өзінің қылмыстық мақсатына жететін әлеуметтік құндылықтарды жоққа шығарып, өзінің мотивтерін қорғауға жүйе құрады. Жасөспірімдер қылмыстық мінез-құлық себебін өздерінің жағымсыз жақтарынан емес, басқалардың мінез-құлқынан, сыртқы қоршаған ортадан көреді. Әдетте олардың өзіндік бағалауы жоғары болады, ал бұл олардың адекватты емес бағалауын,  тұлғасында құндылық аясының бұзылуын көрсетеді. Қылмыстың мотивациясы кәмелетке толмағандардың жағымсыз, яғни  пайдақорлық, кекшілдік, қызғаныштық, мансапқорлық, қате түсініктер сияқты тұлғалық қасиеттерден құралады. Кәмелетке толмағандардың мативационді-қажеттілік сферасында терең қозғалыстар байқалады, олардың әрекеттері төменгі импульсивті нұсқаулық деңгейде жүреді. Мұндай әрекеттің мотивациясы жасырын болып, «мотивсіз»қылмыс деген жалған көрініс береді. Ал олардың қажеттіліктері бір жақтылығы мен шектеушілікпен, әлеуметтік жағымды қажеттілік түрлерінің дамымай қалғандығымен, төменгі деңгейдегі қажеттіліктердің тым шектен шығушылығымен ерекшеленеді [11, 142-144б.б.].

Жалпы интеллектуалды дамудың жеткіліксіздігі, алдын-ала бейнелеудің қалыптаспағандығы, өзіндік рефлексияның төмен болуы – қылмыскер кәмелетке толмағандардың негізгі айрықша ерекшелігі.Қылмыс жасаған Кәмелетке толмағандардың мінез-құлық механизмдерін түсіну үшін «тұлғаның типі» деген ұғымды да қарастыру керек. Тұлғалық тип дегеніміз – бағыттылық, мінез-құлықтың жалпы әдістерімен сипатталынатын құндылық бағдар.

Информация о работе Кәмелетке толмағандардың қылымыстық әрекеттегі психологиясы