Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2014 в 07:58, дипломная работа
Зерттеудің міндеттеріі:
1.Шешендік өнерді ұлттық психологияның бастауы ретінде қарастыру.
2.Сөздік қатынас дағдыларын дамыту және жетілдіру жолдарын зерттеу.
3.Шешендік өнердің тәлім-тәрбиелік маңыздылығын айқындау.
4.Шешендік өнердің психолого-педагогикалық тұрғыдан ықпалдастығын қарастыру.
5. Оқушының танымдық ерекшелігін жетілдірудегі шешендік өнердің рөлін айқындау.
КІРІСПЕ 4
1 ШЕШЕНДІК ӨНЕР ҰЛТТЫҚ ПСИХОЛОГИЯНЫҢ БАСТАУЫ 4
1.1 Шешендік өнер туралы түсінік 9
1.2 Шешендік өнердің тарихы, қазақ халқының шешендік өнері 13
1.3 Шешендік дағдылар мен біліктіліктер 21
1.4 Сөздік қатынас дағдыларын дамыту және жетілдіру 25
2 ШЕШЕНДІК ӨНЕРДІҢ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕЛІК МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 30
2.1 Қазақ билерінің шешендік сөздеріндегі дидактикалық мәселелері 30
2.2 Шешендік сөз өнерінің тәрбиелік маңыздылығы 38
2.3 Шешендік өнердегі мақал- мәтелдер мен нақыл сөздер, жұмбақ айтысы, жаңылтпаш мәселелері 43
3 ШЕШЕНДІК ӨНЕРДІҢ ПСИХОЛОГО-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 48
3.1 Шешендік өнердің психологиялық аспектісі 48
3.2 Шешеннің жалпы мәдениетінің қалыптасуы 49
3.3 Сөйлеу техникасы және шешеннің көпшілік алдында сөз
сөйлеуге психологиялық дайындық 52
3.4 Оқушының танымдық ерекшелігін жетілдірудегі шешендік өнер
рөлін анықтап,дамыту жолдары 70
ҚОРЫТЫНДЫ 85
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 87
ҚОСЫМШАЛАР 89
Алайда, халықтық тәрбиенің тереңінен тартар күрең тамыры іспеттес өнер жеке пән қатарында кейінге дейін оқытылмай келгені өкінішті-ақ. Шешендік сөздерді орта мектептер мен жоғары оқу орындарында арнаулы курс есебінде оқыту соңғы жылдары ғана қолға алына бастағаны байқалады.
Еліміз қанша дүрбелең кезеңді басынан кешірсе де тіліміздің қаймағы бұзылмай, саф қалпында сақталуы кестелі сөзді айырықша бағалануының арқасында болса керекті. «Сөз тапқанға қолқа жоқ»деп келген халық қай дәуірде де ойы ұшқыр, тілі орамды болашақ ұрпақты тәрбиелеуді негізгі нысана еткен. Бүгіндігей тәуелсіздік туын тіккен заманда талай-талай ғасырлар бойында ұлтымыздың ой-санасына ұялаған осынау ұлы өнерді қайта тірілтіп, жандандыру қажет.
Қазақ шешен-билерінің импровизациялық қабілет-қарымы шешендік өнердің ең жоғары биігіне шыққан дауге болады. Әрине, қаумалаған қауымды дүр сілкіндіру, ой-қиял теңізінде жүздіру, ынта-ықыласын арттыру-шешеннің табиғат сыйлаған қасиетінің үстіне табанды ізденістермен, білім қорын үнемі жаңартып, толықтырып, еселеп көбейтіп отыруымен және шапшаң жүйеге келтіріп, түйінді қорытындылар шығарып, мәнерлі, әсерлі, әуезді тілмен жеткізумен ерекшеленеді.
Шешендер мен шешендік мектеп туралы тың ой пікірлерін Төле би, Қазбек би, Әйтеке би сияқты уытты сөздің иелерінен қалған мұраларды алға тартып, тілге тиек етеді. Шешендік сөздегі амал-тәсілдерге арнайы тоқталып саралаған. Шешендік өнер мен ақындықтың арғы негізі бір, қашаннан аралас-құралас егіз екені ескеріліп, кейінірек жеке жанр болып қалаптасқанына дәлел ретінде мысыл келтіріп, баян етеді.
Көне дәуір ескертіштеріндегі даналық сөз оралымдарынан, тіл кестелерінің халқымыздың мақал-мәтелдерімен ұштасып жатқандығын ашып көрсеткен. Атап айтқанда, М. Қашқаридің «Диуани лұғатат түрік», А. Игунекидің «Ақиқат сыйы», С. Сарайдың «Гүлстан» дастаны, «Орхон жазу ескерткіштері», «Күлтегін» жазуындағы қанатты сөздердің мақал-мәтелдердің сабақтастығымен сыр тартады [29].
ХІ ғасырдың көрнекті ақыны, аты мәшүһүр ғалам, белгілі қоғам қайраткері Жүсір Баласағұнның «Құтадғу біліг» дастанынан сол кездегі өмірдің көріністері мен түркі халықтарының танымын, ойлау жүйесін, мәдениеті мен әдебиеті, тіл кестелерін танып біретініміз атап көрсетілсе, Қожа Ахмет Иассауидің «Диуани хикметі» бастан аяқ үлгі-өнеге, ақыл-насихат екендігі, қыпшақ, оғыз тайпаларының өз тілінде алғаш рет мұсылман дініндегі әділдік, адамгершілікке, имандылыққа бастайтын қағида-шарттарды насихаттаушы және осы игі дәстүрдің тек поэзиямызда қанат жайып, етек алуына негіз болған құнды шығарма деп баға береді.
Түркі халықтарында ортақ кейіпкер Қожа Насыр Әпенді туралы тарихи мағлұматтар келтіріп, оның тапқырлығы мен алғыр-білгірлігі жайындағы әңгімелердің тәрбиелік, көркемдік мәнінің түп қазығына тоқталады. Алдар Көсеге байланысты әңгімелердің де ел арасына кең таралу сырына, оның өзіндік ерекшелігіне талдау жасаған. Сол сияқты Жиренше мен Қарашаш, Қаз дауысты Қазыбек, Төле би, Әйтеке би, Ақтайлақ би, Сырым Датұлы, Бала би, Досбол Қорлыбайұлы өмірлерінен мәлімет дерек беріп, олардың ел арасындағы дау мен билікке араласқан отауызды, орақ тілді болғандығын мысалдармен дәлелдейді. Осынау қоғам талабынан тауып , жалғасын тауып келе жатқан шешендік сөздер арқылы алғырлық пеен білгірлікті, сөзді кестелеп, көркем сөйлеуді болашақ ұрпақ бойына сіңіруге әбден болатынына көз жеткізген [30].
Ата-бабамыз ой тереңдігін, ғылым білімін көкірегіне тоқталып, салт-дәстүріне, тіршілік болмысына арқау етіп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткені-тіліміз ғана. Біздің тіліміз-сан ғасырлық тарихы бар, қалыптасқан тілдік үрдісі бар бай тілдердің бірі. Сол мол мұраны бізге жеткізушілер-ойшылдар, ақын жыраулар, ділмар шешендер мен дана билер, қара қылды қақ жарған әділ қазылар мен дәуірінің кемеңгерлері.
Өткір тілмен айтылған салмақты, терең ойға, ділмар данышпанды-лықпен айтылған үкім сөзге қаулы-қарарсыз-ақ тоқтап, «бас кеспес болса да тіл кеспес жоқ» болып, шешелмеген бағы артық» немесе «Ерді екінің бірі туады, шешенді мыңның бірі туады»деп шешендік өнерді тапқан да артық бақ санап, жоғары бағалаған.
Шешендік өнерін қазақ мүддесіне, парасаттылық пен әділдік жолына пайдалана білген шешендерді жастарға, кейінгі ұрпаққа үлгі еткен. Ұрпақтан-ұрпаққа үзілмей жеткен шешендік өнеріміз осы кезеңге дейін жоғары оқу орындарына пән ретінде оқытылмағаны белгілі. Осы шешендік сөз өнеріміз жаңа уақыт талабына сай ғылым, өнер, оқу пән ретінде қалаптастыру кезеңінде.
Бүгінгі қазақи қоғамдық қарым-қатынаста сол ұмтыла жаздаған шешендік сөз өнеріміз бастауыштан бастап орта мектепке, тіптрі жоғары оқу орындарында да арнаулы курс ретінде оқытыла бастады.
Шешендік өнерді жоғары оқу орындарында оқытудағы мақсат-халқымыздың әлеуметтік әдеби-эстетикалық қажетін әлденеше ғасырлар бойы келген халық даналығының үлгі нұсқаларын оқып үйрену, шешендік өнердің сырын ашып, табиғатын түсіну, оларды практикалық іс-дағдыларда қолдана білу.
Демек, ой асылы, ғылым білімін тіліне дарытып, салт-дәстүріне, тіршілік болмысына арқау етіп келген рухани байлықтық мәйегі- шешендік өнеріміздің оқу-тәрбие процесінің жаңа талап, мақсат-мұратына сай игілігімізге айналдырып, ұрпақ тәрбиелеу ісіне, мектеп мұғалімдерін дайындау ісіне пайдалана білу басты міндет болып отыр.
Әр халық өзіне тән тұрмыс- тіршілігі, әдет-ғұрыпы, салты болатыны мәлім. Мұның бәрі сол халықпен бірге жасалды. Қоғам ілгері дамыған сайын, халықтың тұрмысы-салты, таным-түсінігі де өзгеріп отырады,бірақ із-түссіз жоғалып кетеді, халықтың рухани мәдениетінде, әдебиетінде ізін жоғалтып кейде,халыққа жүгінетініміз де сонда.
Осы тұрғыдан алғанда, қазаққа шешендік өнерінің де бастау көзі, қайнары тым әріде жатқандығын және халқымыздың рухани мұраларының көбімен қанаттаса, қатар өріліп, дамып жетілгенін көреміз. Демек, шешендік сөздерді әдебиеттің бір жанры деп қарасақ, оның әдебиетіміздің басқа жанрларымен сабақтастығын, өзектестігін естен шығармауымыз керек.
Шешендік сөздерде мақал-мәтелдердің жиі қолдалынатыны белгілі. Мақал – халықтың дүниетанымына негізделген ой түйіні. Мақалдардың түрлері, тақырыбы, мазмұны баршаға мәлім.
Ақындар, би-шешендер тіліміздің осы қасиетін шебер пайдаланған.Өз ішінде ұйқасып тұрған сөздерді, сөз тіркестерін бір ырғаққа бағындырса, өлең тармақтарына айналады. Қазақтың қара сөзінің өзінің ырғақты, ұйқасымды болып келетіні де осыдан.
Қазақта қара сөздің өзін тақпақтап сөйлейтін айыр көмей, жезтаңдай шешендер болған.Шешендік сөздер мейлі ол қара сөз болсын,, мейлі тақпақ болсын – бәрі де ұйқасымды, ырғақты болып келеді.Бұл жағынан алғанда олар мақалдарға өте ұқсас. Оның үстіне мақалдар ой түйіні болғандықтан, сөйлеушінің, шешеннің айтайын деген ойымен қабысып келіп, әрі көркемдік құрал қызметін атқарады, әрі ойдың дәлелі, тұжырымды дәйегі, нақты аргументі, «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» болып табылады. Сондықтан билер, шешендер өз сөздерінде халық даналығының асылы осы мақалдарды орында әрі жиі қолданған.
Ал мәтелдер туралы мынаны айтуға болады. Мәтел – бейнелі сөзбен берілген ой түйіні. Мақалға ұқсастығы, міне осында. Ал айырмашылығы – мақал екі мүшелі болып келеді: Бірі – себеп, екіншісі –оның салдары. Мысалы: Ексең – орарсың. Мәтелде заттың, құбылыстың негізгі сипаты немесе мәні бейнелі сөзбен түйінделеді, яғни сипаттау түрінде болады: «тайға таңба басқандай», «бесенеден белгілі», «құрыққа сырық жалғап», «жауды аяған жаралы қалады», «көппен көрген ұлы той»,т.б
Мәтелдер де мақал сияқты ұйқасқа құрылады. Сондықтан би, шешендер бұларды да аса ұтымды пайдалана білген. «Сөздің көркі – мақал, жүздің көркі – сақал» деген содан қалған.
Демек, сөз өнерін, шешендік өнер жолын қуған адамдар халықтың алуан түрлі мақал – мәтелдерін көп біліп, жасынан жадына тоқып, оларды орайы келген жерде орынды пайдаланып, ұтымды қолдана білген. Басқаша айтқанда, халықтың даналық ойының осы бір бастауы, қайнар көзі болып табылады.
Қазақ мақал-мәтелдерінің өзі есте жоқ ескі заманда өмір сүрген, аты-жөні ұмытылған данагөй шешендердің қысқа да нұсқа сөздері, афоризмдер болуы мүмкін.
Шешендік өнердің тағы бір қайнар көзі нақыл сөздер болып табылады. Бұлар мақал-мәтелдерге тым ұқсас. Нақыл сөздер ақылгөй даналардың, бұрынғы өткен би, шешендердің, ақын-жыраулардың үлгі-өнегелі,ұтымды, ұшқыр,логикалық қисынды, терең мағыналы бейнелі сөздері болып табылады. Мұндай сөздер тым қысқа,ұйқасымды, ырғақты болып келеді. Мақалға ұқсас болатыны содан. Бертініректе пайда боған нақыл сөздердің біразының авторларының аты-жөні ұмтылған жоқ. Мәселен, ұлы Абайдың
«Атаның баласы болма,
Адамның баласы бол!»
«Сақалын сатқан кәріден.
Еңбегін сатқан бала артық ».
« Биік мансап-биік жартас,
Шарықтап ұшып қыран да шығарады,
Өрмелеп жүріп жылан да
Сондай-ақ ұлы дана Мұхтар Әуезовтің «Ел болам десең, бесігіңді түзе», Ғабит Мүсіреповтің « Қазақтың жауы-қазақ» деген қанатты сөздерін екінің бірі қолданып жүр. Ал ілгеріректе айтылған осындай қысқа да нұсқа нақыл сөздердің көбінің әу баста кімнің аузынан шыққаны.
Мысалы: Атың жақсы болса-ер жігіттің пырағы;
Балаң жақсы болса-жан мен
Қызың жақсы болса-жайқалып өскен құрағы;
Әйелің жақсы болса-әуелі
Үшінші, ырысыңның тұрағы.
Осы сөзді біреулер Төле би айтыпты дейді, екінші бір зерттеушілер Қаз дауысты Қазыбек айтқан екен дейді. Бұл сөзді басқа би айтты деушілер де кездеседі. Демек, ұл жалпыға ортақ халық мұрасы болып кеткен сөз.
Жұмбақ адамды тез ойлап, тұспалды бейнеден жасырылғанды тез аңғаруға үйретеді. Жұмбақты тез және дұрыс шешу үшін көп білу керек.Сондықтан жұмбақ адамның тапқырлығын,білгірлігін сынаудың бір түрі ретінде айтысқа айналған. Ертеде ел ішінде жұмбақ айтыс кең тараған. Жұмбақ айтыс-айтыстың ең бір қиын түрі. Өйткені мұндай айтысқа түсу үшін суырып салмалықтың үстіне ақын тапқыр, білгір болу керек. Жұмбақ айтысының тамаша бір үлгісі Әсет пен Рысжанның айтысы деуге болады.
Рысжан-Арықтан бір түйе өлді жетіп ажал,
Алты батпан бұлы бар,безбенге сал.
Сүйегі жерден,көктен
Білдің бе,мұның өзі қайда
Әсет- Домбыра саған ерген бұлбұл екен,
Рысжан сөйлер сөзге қырғын екен.
Арықтап оттай алмай өлген түйең,
Ақылмен абайласам бір жыл екен.
Жұмбақ айтысының тамаша бір үлгісі-Нұржан мен Сапарғалидың айтысы. Ел есінде жұмбақ айтысының небір үлгілері сақталған.
Қазақ жұмбақтары құрылымы жағынан мақал-мәтелдерге ұқсас болып келеді.Мұнда сөздердің ырғағы, ұйқасымы қатаң сақталады.Тез ойлап, шұғыл да дұрыс жауап беруге жаттықтыратын болғандықтан сөз өнері жолына түскен талапкерлер жұмбақ ойлап табуды,оны тез және дұрыс шешуді машық еткен.Сөйтіп жұмбақ өнер жолының бір баспалдағы болған.Жұмбақ тәріздеп, бейнелеп айтуға негізделетіндіктен, ол меңзеу, нұсқаумен үндесіп жатады. Ал қазақ шешендерді меңзеуді өте шебер пайдаланған.
Қазақ халқының әдет-ғұрып, салтынан туған, ойын-сауықты көп айтылатын тағы бір сөз ұстарту амалы – жаңылтпаш.Жаңылтпаш бұл дұрыс сөйлеуге үйретеді. Шешендік өнердің қалыптасуында мұның атқарар қызметі айрықша. Өйткені шешен адамның сөзі – мүлтіксіз, айқын, анық болу керек. Сөйлеп отырған адамның тілі шолжың, мүкісті не кекеш болса, оны жұрт түсінбейді, тыңдамайды, біраздан соң келеке қылуы мүмкін. Сондықтан шешеннің әрбір сөзі айқын, анық болуы керек.Ол сөйлегенде кекештенбеуі, тұтықпауы тиіс, даусы ашық, сөздің мазмұнына қарай өзгеріске бейім ырғақты, жағымды болу қажет. Сөз өнерін өнердің ең асылы деп бағалаған халқымыз өнер алды қызыл тіл дегенде сөздің мән-маңызына, көркемдігіне, айту мәнеріне, дауыс ырғағына, дауыстың тембріне айрықша мән берген. Қаз дауысты Қазыбек, Қу дауысты Құттыбай деп шешеннің дауысын да ерекше ескерген.Ал сөйлеу тілінің жетілуінде, тіл мүкістігінен арылуда дауыс ырғағын қалыптастыруда жаңылтпаш айтып жаттығудың мәні зор.
Бүгінгі рухани өмірімізге енген өзгерістерге, қоғамның талабын сай өскелең жас ұрпақты игілікті,жігерлі, туған жерін, елім сүетін, ана тілін құрметтейтін, ата – баба дәстүрін қастерлейтін азамат етіп қалаптастыру мақсатында ұлтық және жалпы адамзатық мәдени мұралар негізінде тәрбиелеуге бетбұрыс жасалуда. Сол мәдени мұралардың бірі – қазақ билерінің тағылымдық мәні зор шешендік арнау, толғау сөздері.
Қазақ педагогикасының қалыптасып дамуына қазақ билерінің шешендік арнаулары, толғалары, қазақ елін көркейтуге бар қайрат – қажырып жұмсаған билердің үлгі - өнгесі орасан зор рол атқарады.
Елім деп, жерім деп қызғыштай қорғаған батырлар да, билер де аз емес. Билердің игі істері, көрсеткен үлгі - өнегесі өзі басқарған елге көп тәрбие береді. Көреген көсімдігімен алғыр шешендігімен, даналығымен туған даласын жат жұрттық басқыншалардан қорғау белсене қатысқан Төле би халық арасында «Қарлығаш әулие», «Қарлығаш би», - деп атанған аңыздың тәлім тәрбиелік ықпалы өте зор [31].
Өскелен ұрпақтың бойында әлеуметтік моральдық - әдептілік түсініктерды, тілін дамытуға, шешендік өнерге деген құштарлығын арттыруда үлкенді – кішінің өзара сыйластығын бенелейтын, жоғары мәдениеттіліктің белгісі білдіретін тарылымдық ролі зор міна бір билердің кездесулері: «Төле би тоқсан жасқа келгенде Қаз даусты Қазыбек сәлем бере барыпты. Елдің жақсылар, шешендер, ойшылдары жиналып, әңгіме – дүкен құрып отырғанда: