Аймақтың өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 20:29, дипломная работа

Краткое описание

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету – күрделі жаһандық мәселе және Қазақстан Республикасы үшін де ұлттық қауіпсіздік жүйесіндегі орталық мәселелердің бірі болып табылады, өйткені азық-түлікпен сенімді қамтамасыз етпейінше бір де бір ел басқа мемлекетке тәуелділіктен құтыла алмайды. Қазақстан экономикасының тұрақтануы және экономиканың өсуі бұл проблеманың өткірлігін бәсеңдетеді.

Содержание

Кіріспе 6
1. Аймақтың өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің
теоретикалық негіздері 9
1.1 Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету ұғымы 22
1.2 Аймақтың өнеркәсіптік кешенін экономикалық басқарудағы
теориялық-әдіснамалық негіздері 28
1.3 Азық-түлік қамтамасыз етудегі шетел тәжірибелері 38
2 Аймақтың өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, елдің
экономикалық-әлеуметтік ахуалын арттыру тетектерінің бірі 39
2.1 Павлодар облысының әлеуметтік экономикалық дамуы 51
2.2 Павлодар облысы бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз
етудегі кәсіпкерліктің дамуын талдау 58
2.3 Павлодар облысы бойынша агроөнеркәсіптік кешенде
кәсіпкерліктің даму мәселелері 60
3 ҚР-ның өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мемлекет
тарапынан қолдау және реттеу шаралары 61
3.1 Еліміздің өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі
бағыт-бағдары және оны жүзеге асырудағы түйінді мәселелері 68
3.2 Бәсекеге қабілетті азық-түлік тауарлар өндірісіндегі
қаржылық менеджмент стратегиясын жетілдіру 70
3.3 Қазақстанда бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімдері
мен азық-түліктер өндіруді талдау және болжау 74
Қортынды 77
Қолданылған әдебиеттер тізімі 79

Вложенные файлы: 1 файл

Аймақтың өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ету (Павлодар облысының материалдарының негізінде).docx

— 234.68 Кб (Скачать файл)

Облыста жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеу жалпы республикалық көрсеткіштен төмен қалыптасып отыр. Бұл ретте жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеудің республикалық орташа көрсеткіші – 3,5 %, ал, ол Жамбыл облысында  небәрі 0,25 пайызды ғана құрап отыр. Осы  олқылықтың орнын толтыру үшін облыста “Азия-Қазақстан” концерні”, “Тараз-Тарту”, “Булгарконсервпродукт” кәсіпорындары базаларында жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеу өндірістерін дамытуға бағытталған инвестициялық жобалар қолға алынуда. Жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеу жөніндегі осы 3 ірі кәсіпорын іске қосылып, толық қуатында жұмыс істеген жағдайда, облыста жеміс-көкөніс дақылдарын қайта өңдеу көрсеткіші едәуір көтеріліп, алдағы жылға қарай 10 пайызға, ал 2014 жылы – 35 пайызға жететін болады.

Бүгінгі күні облыста осы және тағы басқа  да бағыттар бойынша барлық салаларға талдаулар жасалынып, мүмкіндіктер анықталды. Енді осы бағыттағы жұмыстарды нақты жүргізу, олар бойынша серпінді жобалар ұсыну шаралары қолға алынуда.

Бірқатар  зерттеушілер елдің азық-түлік қауіпсіздігі – бұл елдің денсаулығы мен  өмірін сақтау үшін жеткілікті деңгейде, негізінен өз өндірісі есебінен халықтарды сапалы тамақ өнімдерімен үзіліссіз  жабдықтау деп санайды. Азық-түлік  қауіпсіздігінің маңызды қасиеті  отандық азық-түлік түрлерімен халықтың қамтамасыздығының деңгейі болып  табылады. Табиғи-климаттық жағдайларына байланысты әртүрлі мемлекеттер  әртүрлі объективті себептерге байланысты халықтарды тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету бойынша бір-бірінен ерекшеленіп  отырады.

Елдің азық-түлік қауіпсіздігін  қамтамасыз ету – ең алдымен ол елдің азық-түлiкке экономикалық қол жетiмдiлiк деңгейімен сипатталады. Сондықтан әрі қарай елдің азық-түлiкке экономикалық қол жетiмдiлiк деңгейін қарастырамыз. Азық-түлiкке экономикалық қол жетiмдiлiк ең төменгi тұтыну себетiне енгiзiлген көлемде баға мен кiрiстiң қалыптасқан деңгейi жағдайында халықтың азық-түлiк тауарларын сатып алу мүмкiндiгi ретiнде анықталады.

Сондықтан, Жамбыл облысының азық-түлікпен қамтамасыздығын ең алдымен олардың  табыс деңгейінің мөлшерін анықтаудан бастайық. (кесте 8)

 

Кесте 8 Жамбыл облысы  халықтарының табыс деңгейі, 2005-2009 жж.

 

Негізгі көрсеткіштер

2005 ж.

2006 ж.

2007 ж.

2008 ж.

2009 ж.

1

2

3

4

5

6

Халықтың атаулы ақшалай табыстары, халықтың жан басына шаққанда,1айда, теңге 

22542

26750

33996

37546

43951

Ең төменгі күнкөріс шамасы  (орта есеппен халықтың жан басына шаққанда), теңге

5217

7276

8506

10903

11167

Экономикалық қолжетімділік коэффициенті (1жол: 2жол)

4,32

3,67

3,99

3,44

3,94


 

2008 жылы жан  басына шаққанда орташа номиналдық  ақшалай кiрiс облыс бойынша бiр айда орта есеппен 37546 теңге болды, бұл облыста айына орташа есеппен 10903 теңге көлемiнде қалыптасқан ең төменгi күнкөрiс деңгейiн қамтамасыз етедi. Экономикалық қолжетімділік коэффициенті 2005 жылдан бастап біресе төмендеп, біресе жоғарылап отырған. Яғни, ауылшаруашылығының өнімдерін жоғары деңгейде пайдалануға мүмкіндік жоқ. Мұндай жағдайда ауылшаруашылығын көтеру үшін мемлекет ауылшаруашылығы өнімдерінің бағасын көтеруге де жағдай жасай алмайды. Бұдан, облысымызда азық – түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайының мәз емес екендігін бірден байқауға болады.

Бүгінде мынандай практика қалыптасқан, жан басына шаққанда орташа номиналдық ақшалай кiрiс  ең төменгі күнкөріс шамасынан артық болса халықтың жағдайы жақсы деген сөз. Яғни, жоғарыдағы кесте мәліметтерінен ең төменгі күнкөріс шамасынан   жан басына шаққанда орташа номиналдық ақшалай кiрiс 3-4 еседей артық екендігін байқаймыз. Бірақ, бұл көрсеткіштер қанша артқанымен, экономикада жалғасып келе жатқан инфляциялық процестер республика халықтарының ақшалай табыстарын басып озып келе жатыр.

Тұтыну бағаларының өсу қарқыны  халықтардың ақшалай табыстарының өсу қарқынын басып озады. Бұл, әсіресе  тамақ өнімдеріне қатысты, тұтынушылардың сатып алу қабілетін ылғи да төмен  тартып отырады. Күнделікті тұтынылатын, әрі бағасы да онша еленбейтін нан  өнімдеріне қарағанда, ет, сүт және жұмыртқаға сұраныс халық табысы мен тұтыну өнімдерінің бағалары арасындағы  алшақтықты қатты байқатады.

2005-2009 жылдар аралығындағы негізгі тамақ өнімдерінің орташа бағаларын талдау, төмендегі 9-кесте мәліметтері арқылы қарастырылады. /38/

 

Кесте 9 Тамақ өнімдерінің 2004-2008 жылдар аралығындағы жекелеген түрлерінің орташа бағаларын талдау

 

Көрсеткіштер

2005ж

2006ж

2007ж

2008ж

2009ж

1

2

3

4

5

6

Тамақ өнімдерінің, килограмына

Сиыр еті

356

410

550

581

700

Қой еті

441

494

619

599

750

Шошқа еті

410

378

471

550

650

Құс еті

342

276

506

451

630

Мал майы

411

422

563

642

850

Өсімдік майы, литр

153

167

310

300

320

Сүт, литр

51

55

90

100

110

Жұмыртқа, он дана

126

138

194

195

200

Жоғарғы сортты бидай ұны

53

53

92

109

125

Жоғарғы сортты бидай ұнының наны

37

43

62

71

80

Күріш

96

103

107

205

180

Картоп

34

46

43

52

65

Алма 

119

103

137

136

150


 

22-кесте мәліметтерінен көріп  отырғанымыздай, 2005-2009 жылдар аралығында сиыр, қой, шошқа еттерінің бағалары 2 есе, тауық еті 1,5 есе, 1 литр өсімдік майының құны 148 теңгеден 320 теңгеге дейін, 172 теңгеге немесе 202 %-ға, 1 литр сүттің құны 46 теңгеден 110 теңгеге дейін, 64 теңгеге немесе 217 %-ға дейін жоғарылады. Сонымен қатар, жоғарғы сортты бидай ұны мен жоғарғы сортты бидай ұнының нанының құны  шамамен 2 есеге дейін көтерілген. Қалған тамақ өнімдерінің бағаларында да шамамен осындай өзгерістер байқалады. Бұдан облысымыздағы инфляция қарқынының өте жоғары екендігін байқаймыз. Жағдай қиындап кетпес үшін облыс әкімшілігі жедел түрде қарсы шаралар ұйымдастыруды ойластыруы керек.

Халықтардың тамақ өнімдерін стандарттық  тұтынуға сәйкес пайдалануын талдау (кесте 10), Қазақстандағы тамақ өнімдерін тұтынуды қамтамасыз етудің  минималды деңгейін көрсетеді.  

 

Кесте  10 Халықтың жан басына шаққандағы негізгі тамақ өнімдерін тұтынуы

 

Азық – түлік түрлері

Нақты тұтыну, кг/жыл

Стандартты тұтыну, кг/жыл*

Нақты тұтынудың стандартты тұтынуға қатынасы, %

2005

2006

2007

2008

2009

2005

2006

2007

2008

2009

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

Нан өнімдері

116

114

124

122

122

116,17

99,8

98,1

106,7

105

105

Картоп

49

47

45

45

45

62,34

78,6

75,4

72,2

72,2

72,2

Кестенің соңы

                     

Көкөніс пен бақша өнімдері

71

71

72

73

73

55,14

128,7

128,7

130,6

132,4

132,4

Жеміс-жидектер

36

36

37

37

38

29,19

123,3

123,3

126,7

126,7

130,2

Ет және ет өнімдері

40

40

44

49

49

41,6

96,15

96,15

105,8

117,8

117,8

Сүт және сүт өнімдері

190

189

205

208

204

179,53

105,8

105,3

114,2

115,8

113,6

Жұмыртқа, дана

106

108

114

121

120

103,4

102,5

104,4

110,2

117

116

Рационның энергетика-

лық құнды-

лығы, сөт-

кесіне ккал

3012

2367

2192

2012

 

 

2045

2165

139,1

109,3

101,2

92,9

 

 

94,4


 

Жоғарыдағы  кесте мәліметтерінен көріп отырғанымыздай, бірқатар тамақ өнімдері топтарының арасында айтарлықтай айырмашылықтар байқалады: егер, нан және нан өнімдері, көкөніс, күнбағыс майы, жеміс-жидек, жұмыртқа, балық және балық өнімдері бойынша  стандартты тұтыну мәнінен жоғары немесе соған сәйкес болса, ет және ет өнімдері, сүт және сүт өнімдері, картоп бойынша  тұтынудың минималды мөлшерінен төмен. 2009 жылы бір адамның тұтыну стандартына келетін рационның энергетикалық құндылығы 94,4%-ды құрайды.

Сонымен, құрамында крахмалы, көмірсулары  бар халықтың аз қамтамасыз етілген  бөлігіне жететін және арзан нан  және нан өнімдерінің үлесінің өсуімен  қатар, халықтың тамақ рационындағы жоғары энергетикалық құндылықты азық-түлік  өнімдері қысқарып кетті. «Қазақстан Республикасының  Қазақ Тамақ Академиясы» ЖАҚ-ның  мәліметтері бойынша 2005-2009 жылдар аралығында тұтынылатын өнімдердің энергетикалық құндылығы сөткесіне 2045 ккал. дейін қысқарды (ЖАҚ ұсынуы сөткесіне 3000 ккал.).

Азық-түлік қауіпсіздігінің маңызды  қасиеті отандық азық-түлік түрлерімен халықтың қамтамасыздығының деңгейі  болып табылады. Табиғи-климаттық  жағдайларына байланысты әртүрлі мемлекеттер  әртүрлі объективті себептерге байланысты халықтарды тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету бойынша бір-бірінен ерекшеленіп  отырады. Толық қамтамасыздық- мемлекет өзін-өзі өз күшімен қамтамасыз ете  алады, жартылай- кейбір азық-түлік  түрлері жетпеген жағдайда басқа  елдердің мүмкіндіктерін пайдалану  есебінен нарықты толықтыру, қарым-қатынастық- азық-түлік нарығын елдің басқа  аймақтарының көмегімен толықтыру, тартымдылық- тек басқа елдердің өнімдерінен тәуелді болу (азық-түлік  импортына толық тәуелділік).

        Сондықтан елді азық-түлік қауіпсіздігімен қамтамасыз ету деңгейі көбінесе елдің өзін-өзі азық-түлікпен қамтамасыз ету мүмкіндігіне байланысты болады.

Сондықтан, әрі қарай облыс халықтарының азық – түлік тауарларына қол жетімділігінің деңгейін қарастырып өтеміз (кесте 11).

Кесте 11 Облыс  халқының 2008-2009 жж. азық – түлік өнімдерімен өзін - өзі

қамтамасыз ету деңгейі  Халық саны, 2008 ж- 1 031,1м. адам; 2009ж-1043,8 м. адам.

 

Көрсеткіштер 

Тамақ өнімдерін тұтыну стандартта

ры, кг/жыл

Облыс бойынша тамақ өнімдерін тұтынудың шекті деңгейі

(*халық саны х 2бағ.), мың тонна

Ауылшаруашылық өнімдерінің нақты  өндірісі,

мың тонна***

Өзін - өзі қамтамасыз ету деңгейі, %

2008 ж.

2009 ж.

2008 ж.

2009 ж.

2008ж.

2009 ж.

1

2

3

4

5

6

7

8

Нан өнімдері 

116,17

119,78

121,2

148

553,3

123,5

4,5 есе

Картоп

62,34

64,3

65,0

104,8

108,8

163

167

Көкөніс пен бақша өнімдері

55,14

56,8

57,5

147,0

148,3

2,5 есе

2,6 есе

Жеміс-жидектер

29,19

30,1

30,4

5,7

17,2

18,9

56,6

Ет және ет өнімдері

41,6

42,9

43,4

46,6

47,3

108,6

109

Жұмыртқа, (мың дана)

103,4

106,6

107,9

99,7

109,6

93,5

101,6

Сүт өнімдері

179,53

185,1

187,4

266,9

269,2

144

143,6


 

11-кесте мәліметтерінен көріп отырғанымыздай, облыс халқының тұтыну стандарттарына сәйкес азық-түлік өнімдерімен қамтамасыздығын талдау, нан және нан өнімдерінің өндірісі  бойынша ғана халық 2009 жылы 4,5 есе қамтамасыз етілгендігін байқаймыз. Сонымен қатар, соңғы жылдар көкөніс және бақша өнімдері бойынша тұтыну стандарттарға сәйкес артып келеді. Қалған негізгі өнім түрлері бойынша республиканың тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету деңгейі тұтыну стандарттарынан төмен. Бұл, өз кезегінде міндетті түрде, әсіресе ет және ет өнімдері, сүт және сүт өнімдерімен отандық рынокты толтыратын азық-түлік импортына тәуелділікті нығайта түседі. /64/

Елдің азық-түлік қауіпсіздігін  қамтамасыз ету - ең алдымен ол елдің азық-түлiкке экономикалық қол жетiмдiлiк деңгейімен сипатталады. Сондықтан әрі қарай елдің азық-түлiкке экономикалық қол жетiмдiлiк деңгейін қарастырамыз. Азық-түлiкке экономикалық қол жетiмдiлiк ең төменгi тұтыну себетiне енгiзiлген көлемде баға мен кiрiстiң қалыптасқан деңгейi жағдайында халықтың азық-түлiк тауарларын сатып алу мүмкiндiгi ретiнде анықталады.

Жамбыл облысының статистикалық  мәліметтері және Жамбыл облысының  ауылшаруашылық Департаментінің есептілік  мәліметтері негізінде Жамбыл облысы халықтарының өз өндірісі есебінен халқын негізгі азық-түлік өнімдерімен  қамтамасыз ету деңгейіне жүргізілген  есептеулер келесідегідей қорытындылар жасауға алып келді: Жамбыл облысы нан  және жарма өнімдері, картоп, көкөністерден  сәбізбен, жидек, ет, сүт өнімдерімен  толық қамтамасыз етілген. Тек, жұмыртқамен  ғана қамтамасыз етілмеген. Жұмыртқа Жамбыл облысына еліміздің басқа аймақтарынан әкелінеді. 

Жамбыл облысы бірнеше аудандардан  тұрады. Жамбыл облысы ауылшаруашылық Департаментінің мәліметтері негізінде  әкімшілік – аймақтық бірліктер шеңберінде 2009 жылы халықтың ет-сүт өнімдерімен қамтамасыздығына келесі 12-кесте негізінде талдау жүргіземіз.

 

Кесте 12 Жамбыл облысының 2009 жылғы әкімшілік-аймақтық бірліктер

шеңберінде халықтың ет-сүт өнімдерімен  қамтамасыздығы.

                                                                                                         

Аудандар

Халық саны, мың адам

ЕТ

СҮТ

Тұтынудың шекті деңгейі

Нақты өндіріс

Ауытқу,

+,-

Тұтынудың шекті деңгейі

Нақты өндіріс

Ауытқу,

+,-

1

2

3

4

5

6

7

8

Облыс бойынша 

 

1043,8

 

42,3

46,6

 

4,3

182,9

266,9

 

84,0

Байзақ

80,2

3,3

4,7

1,4

14,4

41,8

27,4

Жамбыл

77,4

3,2

4,2

1,0

13,9

37,3

23,4

Жуалы

51,5

2,1

5,9

3,8

9,2

33,1

23,9

Қордай

111,3

4,6

7,3

2,7

20,0

53,8

33,8

Меркі

73,4

3,0

2,7

-0,3

13,2

24,0

10,8

Мойынқұм

32,1

1,3

2,1

0,8

5,7

8,9

3,2

Т.Рысқұлов

61,3

2,5

3,5

1,0

11,0

18,5

7,5

Сарысу

44,6

1,8

2,9

1,1

8,0

5,8

-2,2

Талас

50,7

2,1

5,2

3,1

9,1

9,0

-0,1

 

Шу

 

93,8

 

3,9

7,8

 

3,9

16,8

31,3

 

14,5

Тараз қаласы

342,5

14,2

0,3

-13,9

61,5

3,4

-58,1

Информация о работе Аймақтың өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ету