Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 20:29, дипломная работа
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету – күрделі жаһандық мәселе және Қазақстан Республикасы үшін де ұлттық қауіпсіздік жүйесіндегі орталық мәселелердің бірі болып табылады, өйткені азық-түлікпен сенімді қамтамасыз етпейінше бір де бір ел басқа мемлекетке тәуелділіктен құтыла алмайды. Қазақстан экономикасының тұрақтануы және экономиканың өсуі бұл проблеманың өткірлігін бәсеңдетеді.
Кіріспе 6
1. Аймақтың өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің
теоретикалық негіздері 9
1.1 Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету ұғымы 22
1.2 Аймақтың өнеркәсіптік кешенін экономикалық басқарудағы
теориялық-әдіснамалық негіздері 28
1.3 Азық-түлік қамтамасыз етудегі шетел тәжірибелері 38
2 Аймақтың өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, елдің
экономикалық-әлеуметтік ахуалын арттыру тетектерінің бірі 39
2.1 Павлодар облысының әлеуметтік экономикалық дамуы 51
2.2 Павлодар облысы бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз
етудегі кәсіпкерліктің дамуын талдау 58
2.3 Павлодар облысы бойынша агроөнеркәсіптік кешенде
кәсіпкерліктің даму мәселелері 60
3 ҚР-ның өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мемлекет
тарапынан қолдау және реттеу шаралары 61
3.1 Еліміздің өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі
бағыт-бағдары және оны жүзеге асырудағы түйінді мәселелері 68
3.2 Бәсекеге қабілетті азық-түлік тауарлар өндірісіндегі
қаржылық менеджмент стратегиясын жетілдіру 70
3.3 Қазақстанда бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімдері
мен азық-түліктер өндіруді талдау және болжау 74
Қортынды 77
Қолданылған әдебиеттер тізімі 79
Қазақстанның ғалымдары
ҚР экономикасындағы ішкі нарықты ерекше қажет жоғарғы сортты елімізге шығарылған тағамдармен тауарларды халыққа көптеп ұсынбақ. ҚР фонд тізімі бойынша келісім шартқа тауарлы өндірістермен жұмыс жасау. Біздің пікірімізше мына себептер қажет:
Біріншіден – егер мемлекет өзінің азық-түлікпен қамтамасыз ете алмаса, ол басқа елдермен саяси экономикалық мәдени тұрғыдан әлсірейді. Бұл жұмыстардың бәрі тауарды шектеуге, елге алып келуге гуманитарлық қызмет көрсетуде бас тартуға итереді.
Екіншіден – бұл мемлекет сыртқы
сауда мен жұмыс істеп, отандық
кәсіп орындары шектесе, онда өз мемлекеттерінде
жұмыссыздық басым болады. Егер мемлекет
ауыл-шаруашылығына тауар
Үшіншіден – ең басты себеп Қазақстанда
– бұл ең үлкен табиғи пайдалы
қазбалар (барлық түсінік Менделеев
кестесінде) өмірдің шамалы сараптамасы
өндірістермен тікелей
Төртіншіден – Қазақстан үлкен зор энергетикалық тартылыс күшіне ие. Аграрлық сектор мемлекеттік экономикасының ең басты бөлігі. Соңғы жылдары аграрлық комплекспен ауыл-шаруашылық динамикасын энергиясын көздерін нығайту.
Бесіншіден – табиғат жер
шарында үлкен зор
Шынайы ресурстық шектеулер
жағыдайында адамзат энергия
көздері мен шикізат
Қазіргі кезеңде “азық-түлік
Тамақ өнімдерінің әр түрлі вирус, паразиттермен залалдануы адам денсаулығына қауіп төндіруші негізгі факторлардың бірінен саналады. Соңғы кездері адамзатты алаңдатқан сиыр құтырығы, құс тұмауы, жануарлар мен құс еттерінде сальмонелл бактерияларының пайда болуы, өнімнің экологиялық залалдануы сияқты адам өмірі мен денсаулығына зиян келтіретін көптеген қауіпті факторлар пайда болуда. Сонымен қатар, генетикалық өңдеу жолымен алынған белоктардың аллергиялық ауруларды қоздыру ықтималдығы басым болса, ауыл шаруашылығы саласында кеңінен қолданылатын химиялық заттар (пестицидтер, нитраттар, ауыр металдар, т.б.) өсімдік пен малдан алынатын тамақ өнімдерінде сақталу арқылы адам ағзасына тікелей қауіп төндіреді. Тамақ өнімдерінде химиялық зиянды заттардың (канцерогендер, аллергендер, т.б.) пайда болуына кейде өндірістік процестердің де әсері айтарлықтай болуы мүмкін. Соңғы уақыттарда тамақ өнімдерін өндіру, айналымға жіберу барысындағы контаминация (қауіпті факторлардың өнім құрамына енуі) қауіптілігі күрт жоғарылауда. Мұндай қауіптілік физикалық, химиялық және биологиялық сипатта, өнімнің өмірлік циклінің кез келген сатысында – шикізатты өндіруден бастап дайын өнімді пайдалануға дейінгі аралықта пайда болуы ықтимал. Тамақ өнімдерінде химиялық қауіпті заттардың пайда болуы кейбір жағдайларда өндірістік технологияның кемшілігінен де болуы мүмкін.
Сонымен қатар, кейбір оңай олжа тапқысы келетін санасы төмен адамдардың заңсыз әрекетінен рынокта жалған өнімдердің пайда болуын да жоққа шығаруға болмайды. Жалған өнім жасаушылар тұтынушыларды алдап қана қоймайды, кейбір жағдайларда сол жалған өнімдерімен адам денсаулығына зиян келтіріп, өміріне қауіп төндіруі де мүмкін. Әсіресе, тамақ өнімдерінің белгілі бір құрамдарын арзан да сапасыз қоспалармен алмастыру арқылы олардың санын немесе салмағын молайту, өнімнің сыртқы орама, қапшығына оның құрамы мен тағамдық құндылығы туралы жалған ақпараттар беру (мысалы, табиғи емес өнімді табиғи етіп көрсету), т.с.с. тәсілдерді қолдана отырып тұтынушыны алдап, жаңылыстыратын әрекеттер жиі ұшырасады. Сондықтан мұндай әрекеттердің жолын кесу үшін Үкімет пен тұтынушы қауым күш қосып күресуі қажет.
Елімізде тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі Қазақстан Республикасының “Тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі туралы” (2004 ж.), “Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы” (1992 ж.), “Техникалық реттеу туралы” (2004 ж.), т.б. заң актілерінде қарастырылған. Осы заң актілерінде белгіленген талаптарды орындау, тамақ өнімінің сапасы мен қауіпсіздігін тұрақты түрде қамтамасыз ету үшін әлемнің көптеген елдерінде НАССР (Hazand Analysіs and Crіtіcal Control Poіnts) жүйесі сәтті пайдаланылуда. Қазақша мағынасы тәуекелдерді талдау және сыни бақылау нүктелері немесе өнімнің қауіпсіздігіне айтарлықтай әсер етуші қауіпті факторларды жүйелі түрде бірдейлендіру, бағалау және басқару тұжырымдамасы. НАССР жүйесі оны жүзеге асыруға қажетті ұйымдық құрылым, құжаттар мен өндірістік процестер және қорлардың жиынтығы болып табылады. Қазақстан Республикасында НАССР принциптері негізінде тамақ өнімдерінің сапасын басқару бойынша сапа жүйесінің мемлекеттік стандарты ҚР СТ 1179-2003 қолданысқа енгізілген. Бұл жүйенің өнім қауіпсіздігінің технологиясы деп аталуы тегін емес. НАССР жүйесі әлемдік тамақ индустриясында жетекші орын алады және азық-түлік тауарларын өндіруші кәсіпорындар өнімдерінің қауіпсіздігіне деген тұтынушылардың сенімділігін нығайтады. Себебі, НАССР жүйесі бойынша тамақ өнімдерін өндіру саласындағы қауіптіліктерді анықтау және оларды басқару немесе алдын алу (жою) тәсілдері ғылыми негізде жүзеге асырылады.
НАССР жүйесі қызметкерлердің тамақ өнімдері қауіпсіздігі жоспарларын әзірлеу, бақылау құралдарын енгізу жұмыстарына белсенділікпен қатысуына ықпал етеді.
Алдын ала оқыту (даярлау) мамандар үшін процестерді талдай отырып, қауіпті фактордың пайда болу себептерін анықтау арқылы қауіптілікті болдырмау және жою шараларын жедел түрде іске асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, тамақ өнімдерін өндіру, тасымалдау, сақтау кезеңдерінде қауіптілікті пайда болдырушы кездейсоқ жағдайлардың алдын алу, өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз ету жүйесін нығайтады. НАССР жүйесін нәтижелі енгізу үшін технологиялық процестерді жетілдіру, құрал-жабдықтарды техникалық жақсарту (жаңарту) қажеттілігі де туындауы ықтимал.
Казіргі таңда Қазақстан Республикасы кәсіпорындарына НАССР жүйесін енгізу арқылы төмендегі нәтижелерге қол жеткізуге болар еді. Біріншіден, тұтынушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін факторлардың алдын алу, оларды болдырмау немесе ең төменгі ұйғарымды деңгейден асырмау. Екіншіден, тамақ өнімдерін өндіру, тасымалдау, сақтау және өткізу кезеңдерінде тәуекелділікті басқару жұмыстарын жолға қою арқылы өнім қауіпсіздігінің тұрақтылығын қамтамасыз ету. Үшіншіден, технологиялық процестегі негізгі бақылау нүктелерін анықтай отырып технологиялық бақылаудың тиімді нұсқасы мен мониторинг жүйесін әзірлеп, қолданысқа енгізу.
Қазақстан Республикасында 2003 жылдан ҚР СТ 1179-2003 “Сапа жүйелері. НАССР принциптері негізінде тағам өнімдерінің сапасын басқару” стандарты әзірленіп, 2005 жылдан қолданысқа енгізілген. Бұл стандарт Еуропа қауымдастық кеңесінің директиваларында берілген НАССР принциптері негізінде тағам өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін басқару жүйелеріне қойылатын негізгі талаптарды белгілейді. Бірақ санаулы ғана кәсіпорын өздеріне НАССР жүйесін енгізе бастады. Оларда негізінен НАССР жүйесін енгізуге міндетті болып саналатын елдермен ынтымақтастық орнатқан фирмалар ғана.
Бүгінгі күні тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін әлемдік стандартқа сай қамтамасыз ете алатын кәсіпорындар ғана бәсекеге қабілетті бола алады. Сонымен қатар, тамақ өнімдерінің әлемдік рыногы өнім қауіпсіздігіне қойылатын бірыңғай талаптарды белгілеуді өте-мөте қажет етуде. Алайда санитарлық-гигиеналық нормалардағы ұлттық айырмашылықтар халықаралық сауда базасын құруға айтарлықтай кедергі жасап келді. Осындай жағдайда қажетті сәйкестікке қол жеткізу үшін тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін басқару жүйесінің жаппай мақұлданған моделін енгізу көзделген еді. Осы мақсат бойынша 2005 жылдың тамыз айында ИСО 22000:2005 “Тамақ өнімдері қауіпсіздігінің менеджмент жүйелері. Тамақ өнімдерін өндіру және тұтыну саласындағы барлық ұйымдарға қойылатын талаптар” халықаралық стандарты бекітілді.
1.3 Азық - түлік қауіпсіздігімен қамтамасыз етудің шетелдік тәжірибелері
Тамақ өнімдерінің өндірісі әрбір адамның және бүкіл адамзаттың өмір сүру жағдайының басты шарты болып табылады. Азық-түлік өнімдерінің тапшылығы адам өмірінің сапасы мен қоғам дамуының деңгейін анықтайтын, барлық басқа экономикалық және әлеуметтік категорияларды құнсыз және мән-мағынасыз етеді. Адамзат XXI ғасырға азық-түлік мәселелерінің өткірлене түсуімен бірге енді. 1950 – 1980 жылдары жоғары қарқынмен дамыған азық-түлік өндірісі 90-жылдары тоқырап тоқтап қалды. Оның кейбір түрлері бойынша өндірістің толығымен тоқтап қалуы, тіпті планетадағы бір адам басына шаққанда одан да жоғары деңгейде қысқаруы байқалған. Көптеген ғалымдар мен қоғамдастықтар өз шығарылымдарында ашаршылықтың жайлап келе жатқандығы жөнінде және де оны мүмкіндігінше тоқтатуды, болмаса ашаршылыққа ұшыраушылар санының өсу процесін төмендетуді ескертеді.
Көптеген елдердің басшылары аграрлық
өндірісті сақтау мен дамытудың
мемлекеттік бағдарламаларын
Азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін
шешу барлық елдердің экономикалық саясатының
ажырамас бөлігі болып табылады, бірақ
оған жасалынып жатқан қадамдар әр
елде әртүрлі. Мемлекеттіктің бүкіл
тарихында халықтарды тұрақты азық-түлік
қауіпсіздігімен қамтамасыз ету, оған
ұлттық қауіпсіздік тәуелді
70-жылдары «Үлкен жетілік»
Жоғарыдағы мақсаттарға қол жеткізу үшін дамыған елдер агроөнеркәсіптік өндіріске үкімет және Федералдық бюджет деңгейінде орталықтандырылған түрде, құрылымдық өзгеріс кезеңінде қолдау көрсетеді. Еуропа елдері өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейі 100 %-ды құрайтын тауарлардың импортын реттеу үшін компенсациялық алымдарды кең қолданады. Мемлекет ішкі аграрлық нарықта импорты аса күшті бәсекеқабілеттілік тудырмайтын тауарлардың кедендік баж салықтарын сақтайды.
Азық-түлік қауіпсіздігімен
Агроөнеркәсіптік сатылым
саясаты Еуропалық
Еуропалық
Қауымдастық мемлекеттерінде
Экспорттық қаржыландыруға кепілдік беру қорының қаржысының 40 %-ы жұмсалынады. Бұл оның бағытының мәнділігі бойынша бірінші қолданылуы. Қаржы көлемі әлем нарығының конъюктурасымен анықталады. Экспорттық қаржыландырулар бойынша астық, сүт, ет және қант өндірістері ынталандырылады.
Экспортты қаржыландыру үшін жұмсалатын қаржылар әлемдік бағаларға қарағанда анағұрлым жоғары бағалар бойынша фермерлік өнімдерді сатып алу үшін сауда саттық ұйымдары арқылы бөлістіріледі.
Бағаны қолдауға тиісті қаржылар құрылымындағы экспорттық субсидиялар 50 %-ға дейінгі мөлшерді құрайды. Экспорттық үстеме мөлшері өте жоғары – 70 %-дан жоғары болуы мүмкін.
ЕФОГ-тың кепілдендіру қорының шығын бағытының мәнділігі бойынша екінші қолданылуы фермерлік табыстарды кепілдендіру болып табылады. Ол ауылшаруашылық өнімдері артық нарықтарда оны сақтау, компенсация төлеу үшін сауда ұйымдарының өнімін өткізу кезінде олардың қорынан алу жолымен жүзеге асырылады. 1987 жылы астық бағасын қолдауға 3,7 млрд экю (шамамен 16 %) жұмсалынды, сүт өнімдеріне - 6,2 млрд экю (шамамен 27 %), ет өнімдеріне - 2,4 млрд экю (шамамен 10 %), қантқа - 1,6 млрд экю (шамамен 7,1 %), көкөністер мен жемістерге - 1 млрд экю (шамамен 4 %) жұмсалынды. ЕФОГ бюджетінен өсімдік шаруашылығының өнімдерін қолдауға 2008 жылы - 25,9 млрд евро, мал шаруашылығына - 9,67 млрд евро жұмсалынды.
Информация о работе Аймақтың өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ету