Аймақтың өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 20:29, дипломная работа

Краткое описание

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету – күрделі жаһандық мәселе және Қазақстан Республикасы үшін де ұлттық қауіпсіздік жүйесіндегі орталық мәселелердің бірі болып табылады, өйткені азық-түлікпен сенімді қамтамасыз етпейінше бір де бір ел басқа мемлекетке тәуелділіктен құтыла алмайды. Қазақстан экономикасының тұрақтануы және экономиканың өсуі бұл проблеманың өткірлігін бәсеңдетеді.

Содержание

Кіріспе 6
1. Аймақтың өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің
теоретикалық негіздері 9
1.1 Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету ұғымы 22
1.2 Аймақтың өнеркәсіптік кешенін экономикалық басқарудағы
теориялық-әдіснамалық негіздері 28
1.3 Азық-түлік қамтамасыз етудегі шетел тәжірибелері 38
2 Аймақтың өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, елдің
экономикалық-әлеуметтік ахуалын арттыру тетектерінің бірі 39
2.1 Павлодар облысының әлеуметтік экономикалық дамуы 51
2.2 Павлодар облысы бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз
етудегі кәсіпкерліктің дамуын талдау 58
2.3 Павлодар облысы бойынша агроөнеркәсіптік кешенде
кәсіпкерліктің даму мәселелері 60
3 ҚР-ның өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мемлекет
тарапынан қолдау және реттеу шаралары 61
3.1 Еліміздің өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі
бағыт-бағдары және оны жүзеге асырудағы түйінді мәселелері 68
3.2 Бәсекеге қабілетті азық-түлік тауарлар өндірісіндегі
қаржылық менеджмент стратегиясын жетілдіру 70
3.3 Қазақстанда бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімдері
мен азық-түліктер өндіруді талдау және болжау 74
Қортынды 77
Қолданылған әдебиеттер тізімі 79

Вложенные файлы: 1 файл

Аймақтың өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ету (Павлодар облысының материалдарының негізінде).docx

— 234.68 Кб (Скачать файл)

        ЕФОГ-тың кепілдендіру қорының шығындарының үшінші бағыты өзара сауда-саттық кезінде Қауымдастық ішіндегі әртүрлі валюта курстарынан болған қаржылық жоғалуларды төмендету үшін арналған «Компенсациялық валюталық төлемдер» болып табылады. Бұл мақсатқа кепілдендіру қорының қаржысынан 7 %-ға дейін жұмсалынады. Біріңғай валютаға (еуро) көшкелі бері бұл шығын статъясы қажетсіз болып қалды.

        ЕФОГ-тың кепілдендіру қорының шығындарының төртінші бағыты  фермерлерге төленетін тікелей төлемдер жатады. Бұлар бағаларға қойылатын үстемелер немесе астық өсіру мәдениетін кеңейту үшін 1 га егіндікке төленетін төлем. Осы мақсаттарға бағдарлану қорынан да жұмсалынады.

Бағдарлану қорының қаржылары  ауылдық жерлерде және фермерлік  шаруашылықтарда әлеуметтік-мәдениетті қалыптастыруда біріңғай саясат жүргізу  үшін қолданылады. Сонымен қатар  бағдарлану қорының қаржылары ауыл инфрақұрылымын дамыту бағдарламасын  қаржыландыруға, аграрлық өнімдерді  қайта өңдеу және өткізу жүйесін  жетілдіруге, жасы келген фермерлерді  зейнетке ерте шығаруды ынталандыруға, жағдайы нашар аудандарда аграрлық өндірісті сақтау мен дамытуға жұмсалынады.

Бағдарлану қорынан қаржыландыру реті реттелген. Сонымен, ферманың өндірістік құрылымын жетілдіру бойынша  жобаны қаржыландырудың 20 %-дан кем емес бөлігін фермер өз күшімен төлеуі керек; 15 %-ы бағдарлану қорынан қаржыландырылуы мүмкін; ұлттық бюджеттің үстеме ақылары жетіспейтін соманы жабуға кетеді. Сақтау жүйесін дамыту кезінде бағдарлану қорының қаржыландыру мөлшері 25 %-ға дейін, жағдайы нашар аудандарда 45 % капиталдық салымға дейін арттырылуы мүмкін. Аграрлық өндіріске қосымша қаржылық салымдарды тарту үшін несие бойынша пайыздарды төлеуді қаржыландыру қарастырылған. Жағдайы нашар аудандарда халықтарды және мәдени ортаны сақтау үшін өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдардың дамуын қаржыландыру мүмкіндіктері қарастырылған.

Кепілдік беру және бағдарлану қорларының қаржылары фермерлерге  зиянын тигізген табиғи апат кездерінде, табиғатты қорғау шараларын жүзеге асыру кезінде де қолданылуы мүмкін.

Еуропалық Қауымдастық мемлекеттерінде аграрлық өндірісті мемлекеттік реттеудің  ұлттық саясатының қатарында құрылымдық саясатқа шығындарды жұмсауға ұлттық саясаттың әртүрлі формалары  қолданылады. «Зерттеу және дамыту»  бюджеттік бағдарламасына ЕҚ бойынша  бюджеттің шамамен 10%-ына жуығы бағытталады. Сонымен қатар өндірістік шығындарға, бағаларды қолдауға, аймақтық бағдарламаларды қаржыландыруға, салықтан босату және басқа да мемлекеттік реттеу формаларына тікелей үстеме ақылар, компенсациялар төленеді.

Еуропалық Қауымдастықтағы ұлттық аграрлық саясаттың  мысалы ретінде Францияны алайық. Мұнда Еуроодақ желісі бойынша төленетін  жалпы үстемелер мен субсидиялардан басқа келесі мемлекеттік көмек  түрлері де жүзеге асырылады:

Ауылшаруашылық және сәйкес кәсіптік білімі бар жас фермерлерді  (21-ден  35-ке дейінгі) жұмысқа орналастыруға дотацииялар. Қауіпті таулы аймақтарда бұл мақсаттар бойынша жас фермерлер 108-ден 162 мың франкке дейін, жағдайы нашар ауылшаруашылық аймақтарда 67-ден 100 мың франкке дейін, басқалары 52-ден 78 мың франкке дейін алады. Жас фермерлер сонымен қатар 12 жылға жеңілдікті несиелер де (жылына 3,4 %-дан 6,6 %-ға дейін) алады.

Қауіпті таулы аймақтардағы және жағдайы  нашар аудандардағы фермерлерге  компенсациялық көмек беріледі. Бұл белгілі бір аймақтарда орналасқан (шамамен 364 мың фермерлік шаруашылықтар), мал өсіру фермалары үшін, ауыл және орман шаруашылығы Министрі бекіткен арнайы көмек. Субсидиялар бір мал басына 166-933 франк мөлшерінде беріледі, бірақ 50 бастан артық емес. Жылына 4 шартты мал басын өсіру 1,6 млрд. франк сомасына дотацияланады. Өсімдік шаруашылығын дамытуға 1 га 764 франк есебімен есептеліп төленеді.

Субсидиялар ауылшаруашылығы өндірісінің жерлерінің құнарлылығын

арттыру үшін 1 га 1,5-3,5 мың франк есебінде есептеліп төленеді.

 Фермерлердің жағдайын жақсарту мен өндіріс тиімділігін арттыруға субсидиялар мен қарыздар беру. Бұл бірден үшеуге дейін жалдамалы жұмысшысы бар, жоғары білікті 58 жасқа дейінгі фермерге беріледі. Бұл субсидия мен қарыздың төтеу шарты фермердің жылдық табысын екі есеге дейін арттыру міндеттемесі. 2008 жылы мұмндай субсидия мен қарыз алған фермерлер саны 12,5 мың адамды және 115 мың франкті құрады, ал орташа қарыз 6 жылға 460 мың франкті құрайды

Табиғи апаттар бойынша  ұлттық кепілдік қорынан бөлінетін  ауылшаруашылық өндірісінің дотациялары. 2002 жылы құрғақшылықтан жапа шеккен 42 департаментке 900 млн. франк төленді.

Сүт өндірісінің тоқтап қалуына төлемдер. ЕҚ сүтке квота  белгіленген. Сүт өндірісінің қысқарып кету және жылына 60 тонна ғана сүт  өндірушілер бағдарламасына қатысушыларға  1 литр сүтке 2,91 франк есебімен фермерлерге берілетін дотациялар.

Қалыптасатын экономикалық жағдайларға  байланысты жыл сайын бекітілетін  арнайы дотациялар. 2003 жылы мемлекеттік қолдаудың осы статъясы бойынша фермерлердің әлеуметтік қамсыздандыру қорына төлемдері 400 млн. франкқа, жер салығы – 490 млн. франкқа, жемшөптік дән сатып алуға кеткен шығынға компенсация – 500 млн. франкқа қысқарды, ЕҚ-тың сиырларды сүттендіруге бір басқа 280 франкқа дейін сыйақы көлемі арттырылды.

 Фермердің ауылшаруашылық табысын көтеруге бағытталған субсидиялары талдамалық мамандандырылған фермалар бойынша өз шаруашылықтарының деңгейі мен тиімділігін орташаға дейін көтергісі келетін фермерлерге беріледі. Субсидия сомасы 6 жылда жылына 25 мың франк.

Аталған субсидияландыру түрлерінен басқа қоршаған ортаны сақтаумен  және мелиоративтік жүйелерді құрумен  және т.б. байланысты төлемдер де кездеседі.

Эксперттердің болжамы бойынша басталған ғасырдың алғашқы он жылдығында елдегі ірі ауылшаруашылық кәсіпорындарының саны 100 мың бірлікке дейін артады, ал олардың ауылшаруашылық өнімдерін өндірудегі үлес салмағы 80 %-ға дейін көтеріледі. Бұл АҚШ-та жермен айналысу өте жоғары қарқын алып отырғандығының айғағы. Елдегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі АҚШ-тың ірі шаруашылықтарының ерекшеліктерін ресей зерттеушілері де қарастырды.

Дамыған елдердің аграрлық секторында өндірісті кооперациялау мен  интеграциялау процестері жүруде. Ғылыми-техникалық прогресс, ауылшаруашылығын индустриализациялау  капиталды еңбек ресурстары және энергия сақтау технологияларының  негізінде өндірістің барлық факторлары анағұрлым  тиімді қолданылатын ірі  кәсіпорындарға концентрациялауды  талап етеді.

 АҚШ-та 50- жылдардың басында индустриалды технологияға қайта құрылуға, жаңа кешенді машиналар мен жабдықтарды, химияландыру құралдарын, сұрыпты тұқым мен табынды малдарды иемденуге қабілетсіз майда фермалардың жойылуы өте жоғары қарқынмен жүрді. Сонымен, 1950 -1995 жылдар аралығында фермерлік шаруашылықтардың саны 3 есеге дейін қысқарды, ал орташа фермерлердің жер учаскелерінің көлемі 90 га. 190 га. дейін өсті, яғни 2 еседен аса көлемге артты. Мұның себебін майда кәсіпорындарға қарағанда ірі кәсіпорындарда  100 га. жерге 5 есе аз техника мен еңбек ресурстары кететіндігімен түсіндіруге болады. 1990 жылы АҚШ-тың 43 мың ірі фермасы (олардың жалпы санындағы 2 %-дан азы) елдің барлық тауарлық өнімінің 42 %-ын нарыққа шығарды. Мұнда бір жұмыскердің еңбек өнімділігі 212,0 мың долл. құрады. Американдық экономистер елдегі фермерлік шаруашылықтардың жалпы саны 1,2 млн. аспауы керек, бұл кезде 50 мың ірі құрылым (5 %-дан төмен) 75-80 % ауылшаруашылық өнімдерін өндіреді деп есептейді. Міне осылар елдің азық-түлік қауіпсіздігінің негізі болып табылады.

   ХХ ғ. басында АҚШ саясатында нарық механизмдерін жетілдіру бойынша бағдарламалар қатары жүргізілді. Атап айтқанда:

-  Табыстарды ұстап тұру бағдарламасы. Негізгі өнімдер (бидай, жемдік астық, мақта, күріш) үшін компенсациялық төлемдер бағдарламасы алынып тасталып, өндірістік келісімдерге икемді жаңа бағдарламалар жасалынды. Оның мәні фермерлерге төленетін субсидиялар мөлшері нарықтың ағымдағы бағасына тәуелсіз түрде және 7 жылға белгіленетіндігінен тұрады. Өнімнің жеке түрлерін өндірушілер арасында субсидия сомаларын бөлістіру қолдау бағдарламасы бойынша бұрын қалыптасқан төлем қатынастары негізінде жүргізіледі. Заңнама қолдау бағдарламасына қатысу үшін фермерде жердің консервация жоспары болу керек деген талапты қалдырды. Заңнама бір фермаға 40 мың долл. (1990 ж. заң бойынша бір фермаға 50 мың долл.) және «үш иелігі» бар фермерлерге ереже бойынша 80 мың долл. есебінде төлем мөлшерінің шегін қысқартты- бұрын фермердің екеуден артық иелігі бар болса 100 мың долл. берілетін.

- Бағаны ұстап тұру бағдарламасы. Бағаны ұстап тұру құралы болып компенсациялық төлемдер несиесі мен маркетинг қарыздарымен толықтырылатын тауарға берілетін несие бағдарламасы қалып отыр.  Кепілдік ставкалары (бағаны ұстап тұратын) өзгеріссіз қалды. Жеке өнім түрлері үшін ұстап тұру бағаларын реттеу құқығы қалыптасқан жағдайларды ескере отырып ауылшаруашылық министрлігіне жүктелді. Заң, фермер тауарға берілетін несие бағдарламасына қатысу нәтижесінде алуына болатын (бір фермаға 75 мың долл.) қосымша қадам шегінен артып кетті. Берілетін ссуда бойынша корпорациядан алынатын тауарлық-несие пайызының ставкасы өзгерді. Фермердің кепілдік өнімін 9 айдан артық сақтағаны үшін компенсация алатын, фермердің өз қоры бағдарламасының әрекеті тоқтатылды.

Сүтті мал шаруашылығын қолдау бағдарламасы келесілерді қарастырады,

сүтке ұстап тұрған минималды  біртіндеп төмендету, 1999 жылы 228 долл./т-дан 2006 жылы 218 долл./т-на, мемлекеттің қолдауындағы өндірістегі сүт сатудан (2,5 долл./т) арнайы салықты алып тастау, 2000 ж. сүт өнімдерін тікелей сатып алу бағдарламасын 218 долл./т ставка бойынша тауарға берілетін несие бағдарламасымен ауыстыру.

Қант өндірісін қолдау бағдарламасы. Қанттың фермерлік бағасын және және оны өндірушілердің табысын  ұстап тұру тарифтік квота көмегімен  арзан импорт ұсынуды шектеу нәтижесінде  жүзеге асырылады. Олар бұрынғы мөлшерінде қалды. Тауарға несие беру бағдарламасында  квота шамасына байланысты несиені  қайтару реті өзгерді. Егер квота 1,6 млн. теңгеден аз болса, онда несиеге  берілген өнімді несие мерзімі өткенге  дейін қарызы мен пайызын төлеп  қайтарып алуы керек. Егер квота 1,6 млн. жоғары болса, онда өндіруші несиені  қайтармай-ақ өнімін мемлекетке қалдыруына болады. Бірақ бұл кезде мемлекет қарамағына берілген қантқа 22 долл./т. көлемінде айыппұл төленеді.

Сақтандыру бағдарламасы. Бүгінде  бұл бағдарламаның маңызы артуда. 1996 ж. заңға сәйкес мәдениетті сақтандыру фермерлердің мемлекеттік қолдау бағдарламасына қатысуы үшін міндетті шарт болып  табылмайды. Бірақ, бұл кезде фермер табиғи апаттар жағдайында мемлекеттік  көмектен айырылады.

Мемлекеттік экспорт бағдарламасы (шетелдерге азық-түлік  көмек): әлем үшін азық-түлік; прогресс үшін азық-түлік; майда бағдарламалар  қатары; экспорттық несиенің кепілдемелері; экспорттық субсидиялар; американың агроөнімдерінің  қозғалысын шапшаңдату мақсатында шетелдік нарықтардың дамуы мен экспортын  ынталандыру.

Сыртқы саудадағы анағұрлым  маңызды өзгерістерімен сырқы сауда  бағдарламалары келесілер болып табылады, нашар дамыған елдерге азық-түлік көмегі үшін, мемлекеттік реттеу кезінде қалыптасқан мемлекеттік резерв (4 млн.т.) өнімдерінің тізімін кеңейту, экспорттық несие шегін бекіту (жыл сайын 5,5 млрд. долл.) және экспорттағы қайта өңдеу деңгейі жоғары өнімдердің үлесін (1996-97 жж. – 25 %, 1998 ж. – 30 %, 1999 - 2002 жж. – 35 %) кеңейту, мақта және күнбағыс майын экспорттауды қолдау бағдарламасын жою; «экспортты арттыру» бағдарламасы бойынша шығындар реттелген.

Сонымен, АҚШ пен ЕҚ елдерінің азық-түлік саясатының Қазақстан үшін сабақ алатын жерлері, біздің ойымыз бойынша келесілер  болып табылады:

Біріншіден, АҚШ-тың мемлекеттік  агроөнеркәсіптік саясат жүйесінде  анық бөлініп көрсетілген:

- өндірістік саясат;

- құрылымдық саясат;

- фермерлер табыстарының саясат.

Екіншіден, реттеуші тетіктер ретінде  баға, салық, несие және инвестициялық  саясаттар қызмет атқарады, ал реттеу шаралары ретінде: заңдар, мемлекеттік  бағдарламалар және өндірісті квоталандыру қызмет атқарады.

Үшіншіден, АҚШ-та ауылшаруашылығы өндірісін  мемлекеттік реттеу нарықтық экономиканың қарама-қайшылықтарын жұмсарту және азық-түлік өндірісінің жиынтық  тиімділігін көтеру үшін макро және микро деңгейлерде экономикалық басқарудың мақсаттарын келісу және өзара байланыс жиынтықтарын қамтамасыз ететін экономикалық және әкімшілік  әдістемелермен жүзеге асырылады. Баға мен табысты ұстап тұру бойынша  шаралар бағалар бекітілген «мақсатты» деңгейден түсіп кеткен жағдайда фермерлік өнімдердің жартысын сатып  алу жолымен мемлекеттік қор  құруға және егін алқаптарын реттеуге негізделген.

АҚШ-тың жекелей бағдарламаларындағы  қарама-қайшылықтар мен келіспеушіліктерді жою үшін 2003 жылы 2012 жылға дейін  МСХ дамытудың стратегиялық жоспарын жасауға талпыныс жасалынды.

Аграрлық өндірісті  дамытудың стратегиялық жоспарының тәжірибесі сөз жоқ өз жалғасын табады. Сонымен қатар мемлекеттік реттеу жүйесіне сәйкес нюанстарды енгізетін, стратегиялық мақсаттарды және мақсаттық жүйелерді заңнамалық құжаттаудың қажеттігі туындайды.

АҚШ-тың агроөнеркәсіптік саясатында аграрлық өндірісті концентрациялау  мен мамндандыру, бюджетке түсетін  жүкті төмендететін және тиімділігін  арттыратын оның кооперациясы мен интеграциясы процестерінің бірге әрекет ету  бағыттары қадағаланады. Мемлекеттік  фермерлік бағдарламалар ауылшаруашылық өндірісін концентрациялау, ірі  жоғары тиімділікті шаруашылықтарды  қалыптастыру процесін ынталандырады.

«Бүкіл әлемді тойдыруға» қабілетті, Американың символы деп саналатын шаруашылық жүргізу формасы болып табылатын «жанұялық фермаға» АҚШ Үкіметінің қатынасы түбірімен өзгеріске ұшырады. 90-жылдардың ортасында АҚШ-тың ауылшаруашылығының витринасы қызметін атқаратын 6,5 млн. жанұялық фермадан 1,7 млн. ғана қалды. Бұл уақыт ішінде Американың статистикалық мәліметтері бойынша  иелігінде 12 % жері бар және ауылшаруашылық өнімінің 27 %-ын өндіретін, 73 мың ірі мамандандырылған акционерлік шаруашылықтар құрылды.

Жанұялық фермалар ірі  капиталистік шаруашылықтар және кооперативтермен салыстырғанда бәсекеге қабілетсіз болып қалды. АҚШ-тың барлық жанұялық фермаларының 75 %-ы шығынды болып табылады және мемлекеттік дотациялар есебінен ғана өмір сүріп отыр. Бұл фирмаларға белсенді мемлекеттік қолдау көрсету тиімсіз екендігі АҚШ конгресінде мойындалды (АҚШ-тың 1985 жылғы азық-түлік қауіпсіздігі туралы заңы).

Информация о работе Аймақтың өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ету