Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2015 в 09:16, курсовая работа
Статистика – мақсаты әр түрлі қоғамдық құбылыстарға жататын мәліметтерді жинақтау, реттеу, талдау және салыстыру болып табылатын қоғамдық ғылым. «Статистика» термині латын тілінің статус(статус) деген сөзінен шығып, заттың жағдайы, күйі дегенді білдіреді. Бұл сөздің түбірі stato (стато) – «мемлекет» және statista (статиста) – «мемлекет білгірі» деген сөздерінен кейінірек статистика сөзі пайда болды. Бұл терминді алғаш неміс ғалымы Г.Ахенваль 1749 жылы мемлекеттану атты кітабын шығарып енгізді.
Кіріспе.................................................................................................................
3
1
Статистика жөніндегі жалпы түсінік жəне оның даму тарихы.............
4
1.1
Статистика салалары жүйесінде статистиканың жалпы теориясының алатын орны................................................................................................
4
1.2
Статистиканың мəні жəне оның теориялық негіздері............................
6
1.3
Статистикалық əдіснама жəне статистикалық көрсеткіштер................
9
2
Статистиканы ұйымдастыру қағидалары................................................
12
2.1
Статистиканың жоспарлы жəне нарықтық экономикадағы рөлі..........
12
2.2
Қазақстанның статистикасын реформалау..............................................
13
Қорытынды.........................................................................................................
19
Қолданылған әдебиет........................................................................................
20
Мазмұны
Кіріспе....................... |
3 | |
1 |
Статистика жөніндегі жалпы түсінік жəне оның даму тарихы............. |
4 |
1.1 |
Статистика салалары жүйесінде статистиканың
жалпы теориясының алатын орны.......................... |
4 |
1.2 |
Статистиканың
мəні жəне оның теориялық негіздері..................... |
6 |
1.3 |
Статистикалық əдіснама жəне статистикалық көрсеткіштер................ |
9 |
2 |
Статистиканы ұйымдастыру қағидалары.................... |
12 |
2.1 |
Статистиканың жоспарлы жəне нарықтық экономикадағы рөлі.......... |
12 |
2.2 |
Қазақстанның статистикасын реформалау.................... |
13 |
Қорытынды..................... |
19 | |
Қолданылған әдебиет....................... |
20 |
Кіріспе
Статистика – мақсаты әр түрлі қоғамдық құбылыстарға жататын мәліметтерді жинақтау, реттеу, талдау және салыстыру болып табылатын қоғамдық ғылым. «Статистика» термині латын тілінің статус(статус) деген сөзінен шығып, заттың жағдайы, күйі дегенді білдіреді. Бұл сөздің түбірі stato (стато) – «мемлекет» және statista (статиста) – «мемлекет білгірі» деген сөздерінен кейінірек статистика сөзі пайда болды. Бұл терминді алғаш неміс ғалымы Г.Ахенваль 1749 жылы мемлекеттану атты кітабын шығарып енгізді. Статистиканың ғылым ретінде қалыптасуы XYII болып табылады. Бірінші деңгей – статистиканың жалпы теориясы. Екінші деңгейде экономикалық және әлеуметтік (әлеуметтік-демографикалық) статистика. Экономикалық статистика экономика саласындағы құбылыстар мен процестерді зерттейді: салалардың құрылымын, үйлесімін, өзара байланысын және қоғамдық өндірістің элементтері.
Әлеуметтік статистика – адамдардың өмірлік қызметі жағдайын және әлеуметтік қатынастың әр түрлі аспектілерін сипаттайтын барлық әлеуметтік құбылыстар мен процестерді зерттейді.
Үшінші деңгейде салалық статистика: экономикалық статистика салалары: өндіріс, ауылшаруашылығы, құрылыс, байланыс, көлік, табиғи ресурстар статистикасы. Әлеуметтік стаистика салалары: халық, саясат, мәдениет, денсаулық сақтау, ғылым, ағартушылық және т.б. статистикасы.
Негізгі ұғымдар:
Статистикалық жиынтық – нақты бір салмақтыққа, бірлікке, бүтіндікке, өзара тәуелділікке ие бірліктердің көптігі.
Жиынтық бірлігі – нақты бір белгіге ие көптің жеке алынған элементі.
Белгі – жиынтық бірлігінің жалпы құрамы, сипаттамасы, ол бақылануы немесе өлшенуі мүмкін.
Сандық белгі – сандық мәнмен көрсетіле алатын белгі.
Сапалық белгі (атрибутивті) – мағыналық мәні бар, сандық көрсетілімге жатпайтын белгі.
Варияция – жиынтықтың жеке бірліктерінің белгісі мәнінің аутқуы, әртүрлілігі, өзгерілуі.
Статистикалық көрсеткіш – зерттелетін объекті құрамының сандық бағасы.
Статистикалық заңдылық – жекеше алып қарағанда кездейсоқ болып көрінетін құбылыстардың көп сан түрінде байқалғанда, оның қажетті құбылыс ретінде анықталуы б.т.
Статистикалық бақылау – бұл жоспарланған, ғылыми ұйымдастырылған, қоғамдық өмірдің құбылыстары мен процестері туралы мәліметтерді жинау, оның мәні әр жиынтық бірліктерінің өз белгілеріне тән топтарға бөлінуі.
Статистика жөніндегі жалпы түсінік. «Статистика» деген термин əдетте үш мағынада қолданылады. Біріншіден, бұл қоғамдық құбылыстар жөніндегі кестеде жинақталған сандардың қатары. Екіншіден, статистика – бұл дерек жинаумен, өңдеумен жəне таратумен байланысты практикалық қызмет саласы. Үшіншіден, статистика – күрделі əрі сан қырлы ғылым. Ол ғылым ретінде екі бөлікке, яғни статистиканың жалпы теориясына жəне əлеуметтік-экономикалық статистикаға бөлінеді.
Статистиканың жалпы теориясы шын мəнінде математикалық статистикамен тұтасқан математикалық пəн болып табылады. Статистиканың
базалық негізі ретінде ықтималдық теориясы қолданылады. Осы тұрғыдан
статистика қоғамдағы, экономикадағы, өндірістегі, табиғи құбылыстардағы
көп өзгеретін құбылыстардың санын көрсетудің, оларды талдау мен модельдеу əдістерін зерттеп, əзірлейтін кең салалы əдістер жиынтығы болып
табылады. Əлеуметтік-экономикалық статистика БҰҰ Ресми статистиканың негізін қалайтын қағидаларына (1994 ж., 1-қосымша, 1-қағида) сəйкес БҰҰ
Ұлттық шоттар жүйесіне (1993 ж.) (1.1-кесте) негізделетін төрт негізгі тармаққа, яғни экономикалық, əлеуметтік, демографиялық статистикаға жəне қоршаған орта статистикасына бөлінеді.
1.1. Статистика салалары жүйесінде статистиканың жалпы теориясының алатын орны
Статистиканың жалпы теориясы (математикалық статистика) |
Экономикалық статистика |
Əлеуметтік статистика |
Демографиялық статистика |
Қоршаған орта статистикасы |
Ықтималдық теориясы |
Ұлттық шоттар жүйесі |
Статистиканың салалары мен статистикалық ұйымдардың қызметінің
бұдан да толық жіктемесі 2-қосымшада келтірілген.
Статистиканың пайда болуы мен дамуы. Статистиканың тарихшылары əдетте статистиканың түп-тамыры ерте заманда кейбір сандық деректерді жинаудан басталады деп пайымдайды.
Мəселен, бізге төрт мың жылдан астам уақыт бұрын Қытайда халықты
санау жөніндегі мəлімет жетті. Ал олардың бір санағаның өзі біздің дəуірімізге дейін 2238 жылы атақты Ся əулетінің заманында болғаны мəлім.
Көне Египетте, Грецияда, Римде, Иранда, Жапония мен басқа да көне заман мемлекеттерінде де халық санағы болғаны жөніндегі мəліметтер баршылық.
Италияда XVI ғасырда халықаралық сауда дамыған əр түрлі мемлекет –
тер жөніндегі мəліметтердің жинақтары пайда бола бастады. Германияда XVII ғасырдың соңында мемлекеттердің жай-күйі жөнінде жиналатын материал жүйеге келтіріле бастады. Жаңа ғылым мемлекеттану деп аталып, оның негізін неміс ғалымы Г. Комринг (1606-1681 жж.) қалады.
Осы бағыттағы жұмысты Г. Ахенваль мен А. Шлецер жалғастырды.
Г. Ахенваль (1719-1772 жылдары) 1742 жылдан бастап алғашқыда Магдебург, ал содан кейін Геттинген университетінде өзі статистика деп атаған жаңа оқу пəнін оқыта бастады. Мектеп 150 жылдан астам уақыт бойы өзінің теориялық негізін өзгертпестен жұмыс істеді. Аталмыш ғылымның мəні мен əдісі айқын белгіленбеген болатын, негізінен ақпараттық-сипаттау материалы жиналатын.
Ресейде статистиканың сипаттау мектебінің ең беделді өкілдері ретінде И.К. Кирилловты (1689-1737 жж.), В.Н. Татищевті (1686-1750 жж.), М.В. Ломоносовты (1711-1765 жж.), И.И. Голиковты (1735-1801 жж.), С.Н. Плещеевті (1752-1802 жж.), М.И. Чулковты (1740-1793 жж.) атауға болады.
Статистиканы сипаттаудың осы неміс мектебінен 100 жылға жуық
бұрын статистиканың қазіргі кезеңдегі ұғымына жақын саяси арифметиктер мектебі пайда болды. Оның негізін Дж. Граунт (1620-1674 жж.), Э. Галлей (1656-1742 жж.) жəне В. Петти (1623-1687 жж.) қалады. Олардың еңбектерінде демографиялық жəне статистикалық-экономикалық деп аталатын екі бағытқа баса назар аударылды. Мектеп Ұлыбританияда ғана емес, сонымен бірге шет елдерде де, атап айтқанда Голландия мен Францияда дамыды.
Капиталистік құрылымның дамуына байланысты мемлекеттік басқарудың бір құралы ретінде статистиканың рөлі артып, статистикалық
қызметттің жылдам жандануына жол ашылды.
XVIII
ғасырда ғылым ретінде
1853
жылы Брюссельде бірінші
өтті, содан кейін ол жиырма жыл бойы Еуропаның əр түрлі қалаларында сегіз рет өткізілді. 1885 жылы тұрақты халықаралық статистикалық орган – Халықаралық конгрестің функциясын атқаратын Халықаралық статистикалық институт құрылды.
XIX ғасырдың
бірінші жартысында
бағыты пайда болып, ол статистикалық-математикалық статистика деп аталды. Осы бағыттың дамуына статистиканы «əлеуметтік физика», яғни сандық əдістердің көмегімен қоғамдық өмірдің заңдылықтарын зерттейтін ғылым деп атаған бельгиялық ғалым Адольф Кетле (1796-1874 жж.) зор үлес қосты.
Статистикадағы математикалық бағыттың дамуына П.П. Чебышев (1821-1894 жж.), А.А. Марков (1856-1922 жж.), А.М. Ляпунов (1857-1919 жж.) есімді орыс математиктерінің еңбектері ықпал етті. XX ғасырда Батыста математикалық статистика саласымен айналысқан ғалымдардың ішінен ең танымалы Р. Фишер (1890-1962 жж.) болып табылады.
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басы аралығындағы кезең Ресей ғалымы А.А. Чупровтың есімімен байланысты. Ғалым немістің сынына шыдамай күйреген Кетле доктринасының орнына академиялық статистика мектебі деп аталған жаңа статистикалық теорияны қалыптастыру мақсатын қойды.
Кеңес статистикасы мектебінің осы бағытының сол кезеңдегі ең таны –
мал өкілі ретінде В.И. Хотимскийдің (1892-1937 жж.), В.С. Немчиновтың (1894-1964 жж.), В.Н. Старовскийдің (1905-1975 жж.), А.Я. Боярскийдің (1906-1985 жж.), Б.С. Ястремскийдің (1877-1962 жж.), Л.В. Некрашаның (1886-1949 жж.) есімдері аталады. Соғыстан кейінгі кезеңде индекстік əдістің теориясына С.М. Югенберг, В.Е. Адамов, Г.И. Бакланов, Л.С. Казинец, И.Г. Венецкий, ал статистикалық байланыс теориясына – Я.И. Лукомский көп үлес қосты.
1.2 Статистиканың мəні жəне оның теориялық негіздері
Əрбір экономист статистикалық деректерді түсінуге, олардың өз жұмысында пайдалана білуге, сонымен бірге экономикалық-статистикалық
талдау əдістерін жете игеруге жəне оның нəтижелері бойынша дұрыс шешім
қабылдауға тиіс.
Кейде статистика əмбебап немесе əдістер жинағы – қоғамдық та, сонымен бірге табиғи құбылыстарды талдауға да бірдей қолдануға болатын статистикалық əдістер жүйелі түрде баяндалатын теория ретінде қарастырылады. Бұл жағдайда «статистика» деген ұғым ықтималдық теориясына негізделетін математикалық статистикамен тұтасады.
Мəселен, Еуростаттың «Зерттеу саласы мен дайындау аялары» (1999 ж.) басшылығына сəйкес статистиканы зерттеу (462- код) деп «сандық деректерді жинау, сипаттау, ұйымдастыру мен талдау» деп түсініледі. Мұның өзінде статистика математикамен бірге (461-код) Халықаралық білім беруді стандартты жіктеуге (ХБСЖ, ISCED-97) «математика жəне статистика» деп аталатын 46-кодпен білім беру саласының құрамына кіреді.
Статистиканы зерттеу ауқымына актуарлық ғылым (сақтандыру ста-
тистикасы), математикалық (теориялық) статистика, ықтималдық теориясы, қолданбалы статистика, тексеру жоспары, іріктеп тексеру бойынша бағдарламалар кіреді. Бұл ретте осы саладан демографиялық статистика шығарылып, ол «Əлеуметтану жəне мəдениетті зерттеу» деп аталатын 312-салаға енгізілді.
Біздің ойымызша, статистика бір əмбебап ғылым ретінде (бір жақты)
қарастырылса да, ол ең алдымен қоғамдық құбылыстардың санын зерттеуге
қолайлы болғанына қарамастан статистиканың жалпы теориясына лайық
деп санаймыз.
Статистиканың жалпы теориясы курсында статистикалық ғылымның негізгі категориялары, қағидалары, статистикалық деректерді жинау, өңдеу жəне талдаудың ғылыми негіздері баяндалады. Арнайы оқытылған статистикалық қызметкерлер статистикалық ғылымда белгіленген тиісті ережелер мен тəртіптерді басшылыққа алады.
Статистиканың əлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестерді зерттеумен байланысты екенін ескере отырып, статистикаға дербес қоғамдық ғылым ретінде (шын мағынасында) анықтама беріледі. Кез келген ғылым ретінде оның да зерттеулерінің мəні мен өзіндік ерекше əдістері бар.
Статистика пəні. Статистика жаппай белең алған қоғамдық құбылыстың сапалық мағынасының сандық жағын зерттейді. Осы анықтама статистиканың үш ерекшелігіне келесідей сипаттама береді:
1) статистика
математикалық статистикамен