Статистиканы ұйымдастыру қағидалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2015 в 09:16, курсовая работа

Краткое описание

Статистика – мақсаты әр түрлі қоғамдық құбылыстарға жататын мәліметтерді жинақтау, реттеу, талдау және салыстыру болып табылатын қоғамдық ғылым. «Статистика» термині латын тілінің статус(статус) деген сөзінен шығып, заттың жағдайы, күйі дегенді білдіреді. Бұл сөздің түбірі stato (стато) – «мемлекет» және statista (статиста) – «мемлекет білгірі» деген сөздерінен кейінірек статистика сөзі пайда болды. Бұл терминді алғаш неміс ғалымы Г.Ахенваль 1749 жылы мемлекеттану атты кітабын шығарып енгізді.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................
3
1
Статистика жөніндегі жалпы түсінік жəне оның даму тарихы.............
4
1.1
Статистика салалары жүйесінде статистиканың жалпы теориясының алатын орны................................................................................................
4
1.2
Статистиканың мəні жəне оның теориялық негіздері............................
6
1.3
Статистикалық əдіснама жəне статистикалық көрсеткіштер................
9
2
Статистиканы ұйымдастыру қағидалары................................................
12
2.1
Статистиканың жоспарлы жəне нарықтық экономикадағы рөлі..........
12
2.2
Қазақстанның статистикасын реформалау..............................................
13
Қорытынды.........................................................................................................
19
Қолданылған әдебиет........................................................................................
20

Вложенные файлы: 1 файл

статитстика.docx

— 49.36 Кб (Скачать файл)

Əкімшілік көздерін пайдаланып республиканың əкімшілік көздерден

мемлекеттік статистика органдарына дерек беру, сондай-ақ мемлекеттік статистиканың мүддесін ескере отырып жалпы мемлекеттік жəне ведомстволық дерекқор əзірлеу мəселесін қозғайтын заңнама актілеріне тиісті өзгерістер енгізу қарастырылады.

Еуростаттың сарапшылары ТАСИС жобасы аясында Қазақстанның

статистикалық жүйесін жалпы (ғаламдық) бағалады. Агенттік 2004 жылғы

сəуірде сарапшылардың есебінің соңғы редакциясын алды. Есепте Қазақстан статистикасының жетістіктерге жеткені, статистикалық есептің сапасының айтарлықтай жақсарғаны атап өтілген. Сөйте тұра сарапшылардың республика статистикасын одан əрі жетілдіру жөніндегі ұйымдастырушылық жəне мазмұндық сипаттағы ұсыныстарын іске асыру мақсатында

ҚР Статистика агенттігі 2004 жылдың басында Іс-шаралар жоспарын

əзірледі. Ұсыныстар сондай-ақ Мемлекеттік статистиканы жетілдірудің 2006-

2008 жылдарға арналған кезекті (төртінші) бағдарламасында да ескерілген.

Қолданыстағы мемлекеттік, салалық жəне өңірлік бағдарламалардың

мониторингін жүзеге асыру жəне «Қазақстан – 2030» Стратегиясына сəйкес жаңа бағдарламалар əзірлеу мақсатында мемлекеттік органдарды статистикалық деректермен сапалы ақпараттық қамтамасыз ету үшін Қазақстанның мемлекеттік статистикасын одан əрі дамыту қажет, бұл үшін

мемлекеттік статистиканы жетілдірудің көп жылғы бағдарламаларын əзірлеудің қажеттілігі туындап отыр.

Осы бағдарламалар ауқымында деректерді халықаралық деңгейде салыстыруды жəне халықаралық деңгейде қабылданған міндеттемелердің,

яғни əлемдік көшбасшылар БҰҰ Мыңжылдық саммитінде 2000 жылы* қабылдаған БҰҰ Мыңжылдық декларациясының мониторингін қамтамасыз

ету мақсатында статистика саласындағы халықаралық стандарттарға көшу

қамтамасыз етілуі тиіс. Еуростаттың Статистикалық талаптардың резюмесі (қысқаша сипаттама) (Statistical Reguirement Compendium)** статистика саласында халықаралық стандарттарға көшу жөніндегі талаптардың жиынтығының мысалы болып табылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «ҚР Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» 2003 жылғы 5 қыркүйектегі №903 қаулысына сəйкес 2005 жылдың соңында Агенттік Үкіметтің қарауына Мемлекеттік статистиканы жетілдірудің 2006-2008 жылдарға арналған кезекті (төртінші) бағдарламасын бекітуге енгізді.

Бағдарламаның мақсаты республикадағы статистикалық қызметтің практикасына Еуропалық одақта қабылданған халықаралық стандарттарды

енгізу арқылы статистикалық ақпараттың сапасын арттыру болып табылды.

Қойылған мақсатқа келесі міндеттерді шешу арқылы қол жеткізу

көзделді:

1) статистикалық  қызметтің барлық аспектілері  бойынша сапаны басқару жүйесін кезең-кезеңмен енгізу жəне осыған барабар ұйымдастыру

жəне құқықтық негіз құру негізінде статистикалық жүйені үйлестірудің қазіргі заманғы жүйесіне көшу;

2) халықаралық  ұсыныстар мен стандарттарды  ұлттық деңгейге бейімдеу мақсатында статистикалық əдіснамалар мен əдістемелер əзірлеу

жəне оларды енгізу;

3) мемлекеттік  жəне салалық бағдарламаларды  əзірлеп енгізуді ақпараттық қамтамасыз етуді жақсарту үшін статистикалық ақпаратты талдауды ұйымдастыру мен жүргізуге жүйелік көзқарасты енгізу;

4) деректерді  жинау, өңдеу, сақтау мен тарату  жөніндегі халықаралық

стандарттардың талаптарына жауап беретін «Мемлекеттік статистика» деп

аталатын бірыңғай статистикалық жүйе құру;

5) техникалық  көмек алудан БҰҰ Ресми статистикасының  негіз қалаушы қағидаларына сəйкес белсенді халықаралық ынтымақтастық жасасуға көшу.

Бағдарлама ойдағыдай іске асырылған жағдайда статистикалық деректерді барлық негіз қалаушы халықаралық стандарттар мен ұсыныстарға

сəйкес шығаруды қамтамасыз ететін қазіргі заманғы ұлттық статистика жүйесі қалыптастырылады.

 

 

 

Қорытынды

 

 

Статистика — ғылымның бiр тармағы, практикалық қызмет саласы, бiлiм бағыты, таным құралы. Статистика дегенде мәлiметтердi жинақтау процесiнде, оларды қайта өңдеп, бейтарап әрi анық талдау ережелерiн де түсiнемiз. Осы тұрғыдан алып қарағанда, статистика — әрi ғылым, әрi қызмет саласы, әрi мамандық түрi. Ол арнайы ұйымдастырылған бiлiм тармағы да, белгiлi бiр мақсатты жүзеге асыруға қажеттi пәрмендi құрал да, кәсiпкерлiк қызмет саласы да болып табылады.

Статистика пайда болған кезiнен бастап-ақ мемлекеттi басқарудың маңызды құралы ретiнде қалыптасып онымен бiр мезгiлде көптеген оқиғалар мен фактiлердi мөлшерлiк тұрғыдан тiркеу және белгiлi бiр деңгейде ретке келтiру нәтижесiнде ғылыми тұрғыдан өте қызықты материалдар да жинақталды. Осылайша қоғамның өмірі мен тұрмысы жөніндегі мәліміттерге практикалық мұқтаждық статистиканы туғызды.

Шығыстың Аристотелі атанған машһүр ғалым Әл-Фараби және Абылайхан бабаларымыздың уақытында да немесе одан ерте замандарда да қарулы күштер қатарына лайықты адамдардың санын бiлу, салық салынатын нысандарды белгiлеу қажеттiгi туындады, соның нәтижесiнде халықтың саны, жынысы, құрылымы жөнiндегi мәлiметтерге мұқтаждық пайда болды. Бұл сұраным мемлекеттi  өз халқының саны мен құрамдық өзгерiстерiн тұрақты бақылап отыруға мәжбүр еткен. Азаматтық қарым-қатынастар дамыған сайын оларға тiкелей   байланысты оқиға-құбылыстарды тiркеп отыру қажеттiлiгi де күшейе түскен. Сондықтан да туылу, өлу, некелесу, ажырасу сияқты хал актiлерiн жазып отыру тәртiбi орнатылған, адамдардың бiр орыннан екiншi орынға ауысуына байланысты қозғалысын тiркеу тәртiбi белгiленген. Статистика бiр қарағанда қарапайым сөз болып көрiнсе де, оның мазмұнының сан қырлы екенiн ұмытпауымыз керек.

Мемлекеттiң назар аударуға тұрарлық жақтарын бейнелейтiн мемлекеттану ғылымы пайда  болды да, ол статистика деген атпен, ал бұл ғылымды жақсы меңгерген бiлiмпаз статистик деп атала бастады. Бұл ғылымның аса көрнектi өкiлi, немiс Г.Ахенваль (1719-1772) алғаш рет бұл сөздi зат есiм ретiнде қолданып, ғылыми айналымға енгiздi. Оның пiкiрi бойынша, статистика — мемлекет үшiн айрықша маңызды мәселелердiң сипаты, бейнесi. XIX ғасырдың ортасында Бельгия ғалымы А.Кетле (1796-1874) және оның адамдары әлемде бірінші болып мемлекеттік статистика мекемесін құрады. Мәлiметтерде бейнеленген тәртiп-ережелердi ұғыну құштарлығы, түсiндiру жолдарын табу қажеттiлiгiн қанағаттандыруға қызмет етуге кiрiскен сәттен бастап-ақ статистика ғылым саласына айналды.

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

 

 

1. Программа совершенствования государственной статистики в Республике Казахстан на 1999-2005 годы / Постановление Правителства Республики Казахстан от 19 ноября 1998 г. № 1180.

2. Харламов А.И. и др. Общая теория статистики. – М.: Финансы и ста-

тистика, 1995.

3. Елисеева И.И., Юзбашев М.М. Общая теория статистики: Учебник. –

3-е изд. / Под ред. чл.-корр. РАН  И.И. Елисеевой. – Финансы и статистика, 1998. – 368 с.: ил.

4. Ал Машани. Әл-Фараби және Абай. Алматы, 2006

5. Абдурахманов М.А. Статистиканың теориясы. Монография. Астана, 2010

6. Абдурахманов М.А. Статистика. Астана, 2009. Оқулық Қазақстанның ұлттық электрондық кітапханасының вэб-порталы арқылы (www.kazneb.kz) еңгізілген.

7. Абдурахманов М.А. Статистика. Оқу құралы. Астана, 2008.

 

 


Информация о работе Статистиканы ұйымдастыру қағидалары