Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2015 в 09:16, курсовая работа
Статистика – мақсаты әр түрлі қоғамдық құбылыстарға жататын мәліметтерді жинақтау, реттеу, талдау және салыстыру болып табылатын қоғамдық ғылым. «Статистика» термині латын тілінің статус(статус) деген сөзінен шығып, заттың жағдайы, күйі дегенді білдіреді. Бұл сөздің түбірі stato (стато) – «мемлекет» және statista (статиста) – «мемлекет білгірі» деген сөздерінен кейінірек статистика сөзі пайда болды. Бұл терминді алғаш неміс ғалымы Г.Ахенваль 1749 жылы мемлекеттану атты кітабын шығарып енгізді.
Кіріспе.................................................................................................................
3
1
Статистика жөніндегі жалпы түсінік жəне оның даму тарихы.............
4
1.1
Статистика салалары жүйесінде статистиканың жалпы теориясының алатын орны................................................................................................
4
1.2
Статистиканың мəні жəне оның теориялық негіздері............................
6
1.3
Статистикалық əдіснама жəне статистикалық көрсеткіштер................
9
2
Статистиканы ұйымдастыру қағидалары................................................
12
2.1
Статистиканың жоспарлы жəне нарықтық экономикадағы рөлі..........
12
2.2
Қазақстанның статистикасын реформалау..............................................
13
Қорытынды.........................................................................................................
19
Қолданылған әдебиет........................................................................................
20
береді. Мұндай ұйым ең алдымен ресми статистиканы статистикалық талдаумен айналысады, сонымен бірге қажет жағдайда оны өзінің зерттеулерімен жəне есептерімен толықтырады.
Нарықтық экономикада ресми статистиканың атқаратын рөлі оның жоспарлы экономикадағы рөлінен түбегейлі ерекшеленеді.
Жоспарлы экономикада ресми статистика жоспардың орындалуын
бақылау, сондай-ақ үгіт жəне насихат құралы болды. Осының нəтижесінде микродеректер (жекелеген кəсіпорын немесе тұлға жөніндегі деректер) анонимді түрде (домалақ хат) болмады жəне оны статистикалық мақсаттарға
ғана пайдаланып қоймайтын. Сонымен бірге макродеректер (зерттеулердің
біріктірілген нəтижелері), керісінше, көбінесе құпиялы болды.
Нарықтық экономика елдерінде ресми статистиканың рөлі керісінше. Жалпыға жариялынымды қоспағанда, микродеректер құпияда сақталады, ал макродеректер, керісінше, барлығына қол жеткізімді. Статистика мен бухгалтерлік есеп (кəсіпорындардың қызметін бақылауды қамтамасыз ету
жағынан) бір-бірінен ерекшеленеді.
Қазақстанның мемлекеттік статистикасының мекемесі 1920 жылғы 8 қараша күні ресімделген сəттен бастап РСФСР құрамындағы Қазақ автономиялық республикасының сол жылдың тамызында құрылған бірыңғай
органы ретіндегі оның даму тарихы Қазақстан 1991 жылғы 16 желтоқсанда
тəуелсіздік алған сəтке дейін орталықтандылырып басқарылатын шаруашылықты құру жоспарына сəйкес жұмыс істегенін көрсетеді.
Отандық статистиканы зерттеуші К. Байжанова Қазақстанның мемлекеттік статистикасының кеңес кезеңіндегі даму заңдылығы жөнінде былай деп жазады ол «көп сан заңы мен іріктеп зерттеу əдісіне негізделген
жəне осыған байланысты талдамалы жəне болжау функциясын атқаруы тиіс классикалық статистика канондарына сəйкес емес интегралдық жоспарлық-орталықтандырылған есеп элементі ретінде дамыды. Тиісінше статистиканың (ақпараттың, есептіліктің жəне т.б. нысаны, қағидасы, жинау мен көрсету тəртібі) * сапасы айтарлықтай өзгерді».
Қазақстандық статистика пайда болған сəтте ол классикалық статистиканың белгілері мен қағидаларын сақтады, алайда бірқатар қайта ұйымдастырудан кейін ол тұтас есептілікке негізделген деректерді тіркейтін қарапайым органға айналды, ал əлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің құрамы негізінен белгіленген жоспарлық тапсырмалар мен техникалық-экономикалық нормативтердің орындалуын бақылауға бағдарланды.
Осыған орай, статистикалық есеп əлеуметтік саланың, кредит-қаржы
жүйесінің, ақша айналысының, қызмет көрсету, халықтың əл-ауқатының
жəне қоғамның дамуының басқа да аса маңызды аспектілерінің статистикасына залал келтіріп, материалдық жəне еңбек ресурстарының шаруашылық ішіндегі айналымын, олардың бөлінуі мен пайдалануын көрсетуге бағдарланды. Статистика əлемдік практикамен байланысты болмады, ал мұның өзі халықаралық сəйкестендіру саласындағы жұмысты
күрделендіріп, Қазақстанның əлемдік қауымдастық экономикасына интеграциялану процесін тежеді.
2.2 Қазақстанның статистикасын реформалау
1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстанның мемлекеттік тəуелсіздігі
жарияланғаннан кейін Халық шаруашылығы балансы ( ХШБ) əдістемесіне
негізделген статистикалық ақпарат жүйесінің елде қалыптасып келе жатқан
қоғамдық-саяси жəне əлеуметтік-экономикалық қатынастарды дұрыс сипаттауға қабілетсіз екені белгілі болды.
Экономикалық жəне қоғамдық-саяси құрылыстың трансформациялануына, əлемдегі жəне мемлекет ішіндегі жағдайдың өзгеруіне байланысты қазақстандық статистиканы түбегейлі реформалау (шын мəнінде қайта құру) қажет болды, атап айтқанда:
– Қазақстанның егемендік алуына байланысты тəуелсіз мемлекеттің
мəртебесіне лайық ұлттық статистикалық жүйе құрып, қалып-тастырудың қажет екенін көрсетті;
– Қазақстанның əлемдік қауымдастыққа кіруі жəне тəуелсіз сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруы техникалық-экономикалық жəне əлеуметтік ақпаратты əлемдік практика стандарттарына сəйкес жіктеу мен кодтау жүйесін енгізу талабын қойды;
– экономиканың нарықтық қатынастарға бет бұруы, мемлекеттік емес сектордың дамуы, жаңа мекемелік бірліктердің көптеп пайда болуы статистикалық бақылау əдістерін реформалауға, қазіргі заманғы статистикалық тіркелімдер құруға, экономикалық көрсеткіштерді қайта қарауға себеп болды.
Сөйтіп, статистиканы реформалау басынан бастап келесі үш негізгі мақсатты ұстанды: 1) тəуелсіз мемлекеттің мəртебесіне лайық ұлттық статистикалық жүйе құру жəне оны қалыптастыру; 2) халықаралық деңгейде қабылданған статистикалық жіктемелер мен стандарттарды енгізу; 3) қазіргі заманғы статистикалық бақылау құралдары мен əдістерін енгізу.
XX ғасырдың соңғы он жылында Қазақстан мемлекеттік деңгейде статистиканы жетілдірудің үш бағдарламасын қабылдады.
Бірінші – Статистиканы, бастапқы жəне бухгалтерлік есепті қайта құру жөніндегі мемлекеттік бағдарламада (Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 29 желтоқсандағы №1098 қаулысымен бекітілген) өзекті проблемаларды шешуге ерекше назар аударылып, ресурстар бөлінді.
Экономиканың нақты секторында, қаржы жəне банк саласында халықаралық деңгеймен бірдей ұлттық статистиканы қалыптастыру жөнінде шаралар қолданылды. Ұлттық шот жүйесіне көшу, республикада статистиканың сыртқы экономикалық қызмет, төлем балансы, баға жəне т.б. жаңа тарауларына көшудің негізін қалайтын іс-шаралар кешені жүзеге асырылды. Статистиканың басқа салалары да халықаралық талаптарға сəйкес реформалана бастады.
Қолданылған шаралар жалпы ішкі өнімді (ЖІӨ) жəне басқа да макроэкономикалық көрсеткіштерді есептеуді бастауға, сонымен бірге елдің төлем балансын жасауға, баға статистикасын дамыту үшін бағалар мен тарифтерді тіркеу жөніндегі желі құруға мүмкіндік берді. Осы кезеңде нарықтық экономика статистикасының құралы ретінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің мемлекеттік тіркелімі қалыптастырылды. Үлкен
ЭЕМ-нан дербес компьютерлерге көшу жүзеге асырылды.
Статистиканы реформалаудың бірінші бағдарламасын іске асыру нəти-
жесінде тəуелсіз мемлекеттің мəртебесіне лайық ұлттық статистикалық жүйе құрылды. Республиканың мемлекеттік статистикасының тарихын зерттеуші К.Д. Байжанованың* пікірінше Қазақстан осы миссияны 1991-1994 жылдар аралығында орындады. 1995 жылдан бастап алғашқы Бағдарламаны іске асырылып жатқан уақыттың өзінде-ақ республика халық шаруашылығы балансының көрсеткіштерін есептеуді алып тастап статистиканы реформалаудың екінші кезеңіне қадам басты.
Екінші бағдарламада – Қазақстан Республикасында мемлекеттік статистиканы жетілдірудің 1996-1998 жылдарға арналған бағдарламасында
(Қазақстан Республикасы
статистикасына бірте-бірте көшу; халықаралық жіктемелермен үйлестірілген
жаңа экономикалық жіктемелер мен техникалық-экономикалық ақпаратты
кодтау жүйесін енгізу; қоғамның статистикалық ақпаратқа қажеттілігін бұдан да толық қанағаттандыру үшін жағдай жасау үшін статистикалық байқау əдістерін реформалау сияқты басты бағыттар белгіленді.
Екінші бағдарламаны іске асыру:
– ұлттық шотты құруды жалғастыруға жəне салалық статистикаларды
БҰҰ-ның 1993 жылғы ҰШС-тың əдістемелік негізінде реформалауды бастауға;
– жаңа бухгалтерлік есеп жүйесінің енгізілуіне байланысты қаржы жəне ақша-кредит статистикасының нысандарын қайта қарауға;
– статистикалық тіркелімді қалыптастыруға жəне статистикалық ақпарат əзірлегенде экономикалық қызметтің түрлерін халықаралық жіктеуді жəне өнім мен қызметтерді жіктеуді пайдалануға;
– ауыл шаруашылығы статистикасының мысалында статистикалық ішінара бақылау əдістеріне көшуді бастауға, сондай-ақ шағын кəсіпорындардың мысалында кəсіпорын статистикасына көшуді бастауға;
– статистика органдарын қазіргі заманғы есептеу техникасы жəне телекоммуникация құралдарымен техникалық қайта жарақтандырудың келесі кезеңіне көшуге, сондай-ақ республиканың статистикалық органдарының ақпараттық ресурстарын қалыптастыруды автоматтандыру жөніндегі жұмысты бастауға мүмкіндік берді.
Қазақстан Республикасының Парламенті 1997 жылғы мамырда «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік статистика туралы» жаңа (екінші) Заңды қабылдады («Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік статистика туралы» алғашқы Заң Қазақстанның Жоғарғы Кеңесінің VII сессиясында 1992 жылғы қаңтарда қабылданған болатын). Жалпы 1996-1998 жылдары статистиканы реформалау басымдық, ресурстарды аса маңызды іргелі бағыттарда барынша шоғырландыру қағидасын негізге ала отырып іске асырылды, осының барлығы əлемдік статистикалық қауымдастыққа кіруге көп септігін тигізді.
Реформалаудың үшінші кезеңі Қазақстан Республикасында мемле-кеттік статистиканы реформалаудың 1999-2005 жылдарға арналған бағдарламасына (Үкіметтің 1998 жылғы 19 қарашадағы №1180 қаулысымен
бекітілген) сəйкес жүзеге асырылды. Осы бағдарлама еліміздің басқару органдарының, іскерлік орта мен қоғамды елдің, өңірлердің, экономиканың
салалары мен секторларының əлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі басқа елдердің ақпаратымен халықаралық деңгейде салыстыруға болатын дұрыс статистикалық ақпаратқа қажеттілігін толық қанағаттандыру мақсатында əзірленді.
Бағдарламада Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистикасын жетілдірудің 1999-2005 жылдарға арналған мына басымды бағыттары көзделді:
– халықаралық деңгейде қабылданған жіктемелермен үйлесетін ұлттық статистикалық жіктемелер жүйесін енгізу;
– тіркелімдерді статистикалық қызметті ұйымдастырудың негізгі құралы ретінде дамыту;
– статистикалық бақылау əдістерін жетілдіру жəне кəсіпорындардың статистикасына көшу;
– нақты, сыртқы, мемлекеттік, қаржы жəне əлеуметтік секторларда
көрсеткіштер жүйесін, сондай-ақ макроэкономикалық жəне салалық статистика əдіснамаларын жетілдіру;
– Қазақстанның жəне оның өңірлерінің əлеуметтік-экономикалық дамуын кешенді талдауды жетілдіру;
– жаңа ақпараттық технологияларды енгізу жəне автоматтандырылған
жіктеу банкі, тіркелімдер, кіріктірілген бөлінген дерекқорлар кіретін бірыңғай ақпараттық статистикалық ресурстарды қалыптастыру;
– статистикалық деректерді жариялау жəне тарату жүйесін жетілдіру;
– статистика жəне ақпараттық технологиялар саласындағы мамандар-
ға үздіксіз кəсіби білім беру жүйесін жетілдіру;
– статистика саласында халықаралық ынтымақтастық жасасу қарас-
тырылды.
ХВҚ-ның арнайы миссиясы 2002 жылы республиканы Дерек таратудың арнайы стандартына (ДТАС) қосу мүмкіндігін қарастыру мақсатында қазақстандық статистиканың сапасын бағалады. Үкіметтің 1998 жылғы 11 қыркүйектегі №871 қаулысына сəйкес ҚР Статистика агенттігі Ұлттық банкпен жəне республиканың Қаржы министрлігімен бірлесе отырып 1999 жылғы сəуірде Қазақстанның ТМД елдерінің ішінде алғашқылардың бірі болып Дерек таратудың жалпы жүйесіне (ДТЖЖ) қосылуын қамтамасыз етті.
ХВҚ миссиясының қорытындылары бойынша есептер дайындалды. Аталмыш есептерде Қазақстанның 2003 жылдың шілдесінде ДТАС-қа қосылуы үшін деректердің сапасын жақсартуы жəне бірқатар даярлық жұмысын жүргізуі жөніндегі ұсыныстар берілді. Осы жұмыстардың барлығы орындалғаннан кейін Қазақстан 2003 жылғы 24 наурызда, яғни бұрын тағайындалған мерзімнен үш ай бұрын көрсетілген стандарттарға қосылды. ДТАС талаптарына сəйкес Агенттіктің сайтында (http//www.stat.kz) метадеректер, Деректерді шығару күнтізбесі мен Ұлттық бет орналастырылды. Аталмыш беттің экономикалық деректері Деректерді шығару күнтізбесіне сəйкес ұдайы жаңартылады.
Статистикалық деректердің сапасы жоғары болуына қарамастан, ҚР Статистика агенттігі шешімі табылған жағдайда қазақстандық статистиканың
сапасын одан əрі арттыруға, яғни мынадай жағдайда: 1) Агенттіктің ұйымдастыру құрылымын жетілдіру; 2) статистикалық қызметтің ғылыми-талдау сипатын күшейту; 3) əкімшілік деректер көздерін пайдалану сияқты үш проблеманы анықтап, үш міндетті қалыптастырды.
Агенттіктің ұйымдастыру құрылымы жүйесін жетілдіру аясында Агенттікке бағынысты өңірлік ақпараттық-статистикалық орталықтарды (АСО) дерек өңдеу жөніндегі облыстық статистикаға (Агенттіктің аумақтық бөлімшелері) қосу арқылы (статистикалық деректерді жинау жөніндегі функцияларды беріп) Агенттіктің статистикалық ұйымдарының өңірлік құрылымы оңтайландырылды. Мұның өзінде АСО-дың дерек өңдеу жөніндегі функциялары «Статистика жөніндегі агенттіктің АЕО» РМК еншілес мемлекеттік кəсіпорындарға берілді.
Статистикалық қызметтің ғылыми-талдау сипатын күшейту мəселесі бойынша 1991-1997 жылдар аралығында Мемлекеттік статистика жөніндегі
комитеттің (Статистика агенттігі) бағынысты ұйымы ретінде жұмыс істеген Статистикалық зерттеулер мен болжау институтын қайта құру ұсынылады. Осы мəселе шешімін тапқан жағдайда статистика əдіснамасы мен əлеуметтік-экономикалық саласын талдау саласындағы реформаларды бұдан да қарқынды жүргізуге мүмкіндік туар еді.