Статистиканы ұйымдастыру қағидалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2015 в 09:16, курсовая работа

Краткое описание

Статистика – мақсаты әр түрлі қоғамдық құбылыстарға жататын мәліметтерді жинақтау, реттеу, талдау және салыстыру болып табылатын қоғамдық ғылым. «Статистика» термині латын тілінің статус(статус) деген сөзінен шығып, заттың жағдайы, күйі дегенді білдіреді. Бұл сөздің түбірі stato (стато) – «мемлекет» және statista (статиста) – «мемлекет білгірі» деген сөздерінен кейінірек статистика сөзі пайда болды. Бұл терминді алғаш неміс ғалымы Г.Ахенваль 1749 жылы мемлекеттану атты кітабын шығарып енгізді.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................
3
1
Статистика жөніндегі жалпы түсінік жəне оның даму тарихы.............
4
1.1
Статистика салалары жүйесінде статистиканың жалпы теориясының алатын орны................................................................................................
4
1.2
Статистиканың мəні жəне оның теориялық негіздері............................
6
1.3
Статистикалық əдіснама жəне статистикалық көрсеткіштер................
9
2
Статистиканы ұйымдастыру қағидалары................................................
12
2.1
Статистиканың жоспарлы жəне нарықтық экономикадағы рөлі..........
12
2.2
Қазақстанның статистикасын реформалау..............................................
13
Қорытынды.........................................................................................................
19
Қолданылған әдебиет........................................................................................
20

Вложенные файлы: 1 файл

статитстика.docx

— 49.36 Кб (Скачать файл)

2) қоғамдық  құбылыстардың сапалы мазмұнының сандық жағы зерттеледі;

3) статистика  жаппай белең алған қоғамдық құбылыстарды зерттейді, яғни статистика көп заттардың санын олардың əр түрлі белгілері бойынша сипаттайды. Статистика статистикалық жиынтық, вариация, вариацияланатын белгілер, статистикалық заңдылықтар, көп сандар заңы

сияқты категориялармен байланысты. Статистика – қоғамдық ғылым, сондықтан басқа қоғамдық ғылымдар сияқты ол экономикалық теория мен философияға негізделеді.

Статистика жəне экономикалық теория. Статистик өзі зерттейтін

құбылыстардың мəнін дұрыс түсіну үшін ол жақсы экономист болуы тиіс. Статистик озық экономикалық теорияны басшылыққа ала отырып, статистикалық жинақтаудағы факторлардың жиынтығын ғылыми жағынан

қорытады жəне оларды қойылған мақсатқа орай топтарға бөледі немесе біріктіреді. Ол қоғамның дамуының заңдылықтарын білген жағдайда статистика қоғамдық құбылыстардың нақты сандық сипаттамасын беретін көрсеткіштерді, топтар мен жіктемелерді анықтай алады.

Сонымен қатар статистика экономикалық теорияны дамытуға мүмкіндік беретін статистикалық заңдылықтар түріндегі қорытылған фактілердің жаңа жиынтығын береді. Ал демографиялық статистика демографияға немесе халықты зерттейтін ғылымға негізделеді.

Статистика жəне философия. Статистикалық əдіснама диалектикалық жəне тарихи материализмнің жалпы заңдарына негізделеді.

Диалектикалық таным əдісінің талабының бірі – барлық құбылыстарды

бір-бірінен бөлектеу емес, қайта оларды өзара байланыстырып қарастыру. Метафизикада табиғат пен қоғам бір-бірімен байланысы жоқ кездейсоқ жиын ретінде қарастырылады. Статистика осықұбылысқа қатыстыфактілердің салдарлы себептерін, тұтастай əрі өзара байланыстары мен тəуелділіктерін ашып зерттейді.

Диалектикалық таным əдісінің екінші бір ерекшелігі ретінде оның табиғатпенқоғамныңбарлық құбылыстарынүздіксіз дамужолында қарауын

айтуға болады. Құбылыстардың өзара байланысы мен тəуелділігі жағынан

ғана зерттеліп қана қоймай, сонымен бірге олардың қозғалысы, өзгеруі, дамуы жəне пайда болуы мен жоғалуы да назардан тыс қалмауға тиіс. Статистика барлық құбылыстарды тарихи жағынан, ал алынған статистикалық сипаттамалар – өндірістің осы тəсіліне тəн тарихи ретінде қарастырады. Диалектикалық əдістің осы ерекшелігінің статистиканың барлық тараулары үшін, əсіресе динамиканы, орташа шама мен топтастыру əдісін зерттеу əдістері үшін өте маңызды болып табылады.

Статистика, сондай-ақ санның жаңа сапаға көшудің диалектикалық заңына да сүйенеді. Даму санның шамалы əрі жасырын өзгеруінен түбегейлі жəне сапалы өзгеруге көшу ретінде қарастырылады. Сондай-ақ статистикада кездейсоқ жəне қажеттілік, жеке дара жəне жаппай белең алушылық, жеке жəне жалпы сияқты ұғымдар диалектикалық түрде қолданылады.

Қоғамдық жаппай белең алған процестер мен құбылыстардың заңдылығы. Статистика жаппай белең алған қоғамдық құбылыстардың

сипаттамасын жинақтап қорыта келе, олардың көмегімен статистикалық деректердің орналасу тəртібіндегі, арақатынасындағы немесе өзгерісінде

байқалатын белгіленген заңдылықтарды анықтайды. Заңдылықтардың мынадай түрлері болуы мүмкін:

1) құбылыстардың  даму (динамикасының) заңдылықтары (мысалы,

халық санының, өндіріс мөлшерінің, халықтың əл-ауқатының деңгейінің,

өнімнің өзіндік құнының жəне т.б. динамикасы);

2) құбылыстар  құрылымының өзгеру заңдылықтары (мысалы, қала

халқының оның жалпы санындағы үлесі; салалардың өнеркəсіптегі техникалық прогресті қамтамасыз ететін үлестері; жекелеген өнімдердің

халықтың тұтынуындағы өзіндік салмағының үлесі);

3) жиынтықтың  ішінде бірліктерді бөлу заңдылықтары (халықты жас

бойынша бөлу, дүкендердегі сатып алушыларды сағаттар бойынша бөлу

жəне т.б.);

4) жиынтықтағы  вариацияланатын əр түрлі белгілердің  бір-бірімен

байланысты өзгеруінің заңдылықтары (өнімділіктің енгізілген тыңайтқыш-тың мөлшеріне байланысты болуы, жұмысшылардың біліктілігінің жұмыс

өтіліне байланысты болуы жəне т.б.).

Талдап қорытылған статистикалық деректер күрделі себептердің

кешенінің ықпалынан пайда болады. Осы себептер кешенінің ішіндегі бір

себептер негізгі, жиынтықтың бірліктері үшін ортақ, ал басқа себептер жеке

бірлікке тəн (бүкіл жиынтық үшін кездейсоқ) болады. Жаппай бақылаудың

негізінде есептелген талдап қорытылған статистикалық көрсеткіштерде осы

жеке себептер туындатқан салдарлар тегістіледі, ал бүкіл жиынтық үшін

ортақ болып табылатын себептер айқын білінеді. Бұл орайда көп сан заңы

осылай қолданылады.

Статистикалық сипаттамалар үлгі түрінде болуы жəне оған кездейсоқ

факторлар ықпал етпеу үшін көп сан заңына сəйкес бақылаудың санын барынша көбейту қажет. Мысалы, 100 қызға шаққанда 105-107 ер бала көп

туатыны белгілі, бұл жағдай белгіленген биологиялық заңның көрінісі болып табылады.

 

    1. Статистикалық əдіснама жəне статистикалық көрсеткіштер

 

 

Статистикалық зерттеу үш жүйелі кезеңге бөлінеді:

1) статистикалық  бақылау, яғни бастапқы статистикалық  материалды жинау;

2) бақылау  нəтижелерін жинақтау, яғни оларды  өңдеу;

3) жинақталған  материалды талдау.

Осы кезеңнің əрқайсысында статистикалық əдіснаманы құрайтын жəне

статистика пəнінің ерекшеліктеріне байланысты арнайы мамандандырылған əдістер қолданылады.

Жаппай бақылау əдісі. Статистика көп сан заңының ықпалымен жап-пай белең алған құбылыстарда байқалатын заңдылықтарды зерттейді, сол

себептен статистикалық зерттеудің бірінші кезеңінде жаппай бақылау, яғни

жекелеген жеке-дара фактілердің көп саны мен оған тəн белгілердің жеке

мағыналары қамтамасыз етілуі тиіс.

Топтастыру əдісі. Статистикалық зерттеудің екінші кезеңінде жиналған фактілер жүйеленіп есептеледі немесе жинақталады. Фактілер ерекшеленетін белгілер бойынша бөлінеді жəне ұқсастық белгілері бойынша біріктіріледі, басқаша айтқанда топтастырылады. Статистиктер топтастыру əдісінің көмегімен зерттелетін құбылыстарды аса маңызды түрлерге, ерекше топтар мен зерттелетін белгілер бойынша шағын топтарға бөледі.

Көрсеткіштерді жинақтап қорытудың көмегімен талдау əдісі. Статистикалық зерттеудің үшінші кезеңінде жинақталған материал, зерттелетін фактілердегі заңдылықтар мен байланыстардың білінуі, оларға тəн сипаттамалар талданады. Осы кезеңде жинақтап қорытылған көрсеткіштер (жиынтық, қатысты жəне орташа шамалар, статистикалық коэффициенттер) есептеледі.

Жинақтап қорытылған көрсеткіштердің көмегімен талдау кезінде белгілер өлшенеді, біріктіріледі, салыстырмалыжəне орташа мөлшерлер есептеледі, белгілердің вариациясы, құбылыстардың динамикасы жинақтап бағаланады, балансты құруда, байланыстың тығыздығын сипаттайтын көрсеткіштерді есептеуде, сондай-ақ басқа да тəсілдерде индекстер қолданылады.

Осының барлығы сандық материалды неғұрлым ұтымды баяндайтын

кестелік əдіспен жəне статистикалық деректерді көрнекі көрсету əдісімен

– графикалық əдіспен толықтырылады.

Статистикалық жиынтық – бұл бірыңғай сапалық негізбен біріктірілген, алайда бірқатар белгі бойынша ерекшеленетін бір түрдегі жекелеген бірліктердің массасы.

Мысалы, қайсы бір елдің жекелеген адамдардан тұратын, жынысы,

жасы мен басқа да белгілер бойынша ерекшеленетін халқы жиынтыққа

жатады. Алайда, осы халық бір елдікі болғандықтан ол біртұтас болып

саналады.

Жаппай белең алған құбылыстар бір жағынан біртектес, ал екінші

жағынан өзара ерекшеленетін бірліктердің жиынтығын білдіреді.

Статистика жиынтықты екі текті болуы мүмкін өзінің келесі көрсет-

кіш-сандарымен сипаттайды:

1) жиынтықтардың  мөлшеріне жинақтап қорытылған сипаттама беретін көрсеткіштер. Мысал ретінде жұмыс істейтіндердің санын, өндірістің мөлшерін жəне т.б. келтіруге болады.

2) жиынтықтарды  бірқатар белгілер бойынша жинақтап  қорытып си-

паттайтын көрсеткіштер. Мысалы, халықты санақ нəтижелері бойынша, яғни жынысы, жасы, ұлты, білім деңгейі жəне т.б. бойынша сипаттау.

Вариацияланатын белгілер – жиынтықтың жекелеген белгілерінің əр түрлі мағынаны (сапалық немесе сандық) қабылдайтын белгілері.

Жиынтықтың жекелеген бірліктерінің вариацияланатын белгілерінің мағыналары нұсқа (вариант) деп аталады. Мысалы, кез келген кəсіпорынның жұмысшылары өзара жынысы (сапалы мағына – ер немесе əйел) немесе алатын еңбекақының мөлшері (белгінің сандық мағынасы) бойынша ерекшеленеді.

Статистика – бұл жинақтап қорытылған есеп. Статистикалық сандар қайсы бір фактілердің жиынтығын жинақтап қорытып сипаттайды, өзінің белгілерінің көмегімен олардың санын, мөлшерін, бөліктерінің арақатынасының мөлшерін немесе орта деңгейін көрсетеді. Сөйтіп ол есептің бір түрі, атап айтқанда жеке-дара факт емес жиынтықты сипаттайтын жинақтап қорытылған есеп болып табылады.

Статистикалық көрсеткіш – қоғамдық құбылыстардың сапасы белгіленген сандық шамасы.

Статистикалық көрсеткіштің мазмұны мен оның нақты сандық мөлшерінің ерекшелігін білу қажет.

Көрсеткіштің мазмұны немесе белгіленген сапасы əлеуметтік-экономикалық категорияны (халықты, ұлттық байлықты, өндірістің мөлшерін, тауар айналымын жəне т.б.) сипаттайды. Статистикалық көрсеткіштердің сандық мөлшері (яғни статистикалық деректер) орын мен уақыттың нақты жағдайына байланысты болады.

Мысалы, еңбекақы – бұл белгіленген экономикалық категория. Статистика оның жалпы мөлшері мен орташа деңгейін өлшейді. Сондықтан

еңбекақы қоры мен орта еңбекақыны сипаттайтын статистикалық көрсеткіштер пайда болады. Əр түрлі жағдайларда жəне əр түрлі уақытта

осы көрсеткіштер бойынша статистикалық деректер бірдей болмайды.

Статистикалық көрсеткіштерді есептеу əдіснамасын əзірлеу статистикалық ғылымның аса маңызды міндеті болып табылады. Осы мəселелер салалық статистика аясында шешімін табады.

Статистикалық көрсеткіштер жүйесі. Статистикалық көрсеткіштер

өзара байланысты көрсеткіштер жүйесін құра отырып, өзара белгілі бір байланыста болуы тиіс. Статистикалық көрсеткіштер жүйесі қазіргі заманғы

демографияға, экономикалық теорияға жəне басқа да қоғамдық ғылымдарға негізделеді.

Халықаралық деңгейде статистикалық көрсеткіштер халықаралық ұйымдардың ҰШС жөніндегі басшылық, Мемлекеттік қаржы жөніндегі басшылық, Банк жəне қаржы статистикасы жөніндегі басшылық, Төлем балансы жөніндегі басшылық жəне т.б. деп аталатын жекелеген басшылықтарында жүйеленген.

Статистикалық көрсеткіштер жүйесі өзгеріссіз қалмайды. Көрсеткіштер жүйесінде қоғамның даму процесінде бір құбылыстардың жойылғаны, ал басқа құбылыстардың пайда болғаны байқалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Статистиканы ұйымдастыру қағидалары

 

2.1 Статистиканың жоспарлы жəне  нарықтық экономикадағы рөлі

 

 

Ақпарат басқарушылық шешімді талдау, бақылау, қабылдау мен ұйымдастыруды ойдағыдай іске асыру үшін қажетті мəліметтер мен деректердің жиынтығы ретінде əлеуметтік-экономикалық процестерді тиімді басқарудың қажетті элементі болып табылады. Басқару жүйесіндегі мəліметтердің жалпы жиынтығында ұзақ кезеңдегі жаппай белең алған құбылыстарды сипаттайтын, даму аспектілерінің арасындағы үрдістерді, байланыстарды, сондай-ақ факторлардың өзара ықпалдасу қырларын анықтауға мүмкіндік беретін статистикалық ақпарат өзгеше орын алады. Статистикалық ақпарат бүкіл басқару цикліне қызмет көрсетеді.

Əлеуметтік-экономикалық статистика елдің даму деңгейі мен мүмкіндіктері жөнінде маңызды сандық ақпарат беруді қамтамасыз етеді. Статистика саясаттың ең маңызды бағытының бірі ретінде нақты мəселелерді дұрыс шешуге ықпал етеді, сонымен бірге қоғамдық-саяси жəне əлеуметтік-экономикалық процестерге кіріктірілген барлық тұлғалар мен мекемелердің ақпаратқа қажеттілігін қанағаттандырып, пысықталған шешім қабылдауға септігін тигізеді.

Осы мақсат үшін қажет деректермен қамтамасыз ету жөніндегі өте күрделі жұмыс – «ресми статистикаға» жүктелген өте маңызды мемлекеттік міндет.

Көптеген елдерде белгілі бір мемлекеттік органдар əлеуметтік-экономикалық деректерді ресми өндіруші ретінде ерекше орын алады. Бұл жағдай статистикалық зерттеулерді ұдайы жүргізу үшін айтарлықтай қаражаттың қажет болуымен байланысты. Сонымен бірге мемлекет осы зерттеу нəтижелерінің сенімділігін қамтамасыз ету үшін мəліметті өтеусіз əрі уақытында беруді талап ете отырып респонденттерге қысым көрсетуі мүмкін.

Ресми емес статистиканы, əдетте, респонденттерден қажетті мəлімет алуға мүмкіндік беретін заңмен бекітілген арнайы құқықтары жоқ ұйымдар

Информация о работе Статистиканы ұйымдастыру қағидалары