Алдын ала тергеуде саусақ өрнектері бойынша сараптау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Сентября 2013 в 13:51, курсовая работа

Краткое описание

Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер алдыма қойылған:
- тергеу амалдарының түсінігі және жүйесін (жіктелуі) ашып жазу;
- тінту мен алу, талаптары мен түрлерін толық талдау;
- жауап алу және беттестірудің қылмыстық іс-жүргізушілік және криминалистикалық негіздерін қарстыру;
- тану тергеу әрекетінің мазмұны мен үрдістік жолдарын талдау;
- тексеру, эксгумация және куәландыру тергеу үрдістерінің криминалистік тәсілдері мен маңызын айқындау;
- айғақ заттарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау, тергеу экспериментінің үрдістік мазмұның ашып жазу.

Содержание

Кіріспе 5
1.Тергеу амалдарының түсінігі және жүйесі 8
1.1 Тергеу амалдарының түсінігі 8
1.2 Тергеу амалдарының түрлері және жүйесі 14
2. Жекеленген тергеу амалдары және оларды жүргізу талаптары 24
2.1 Тінту мен алу 24
2.2 Жауап алу мен беттестіру 39
2.3 Тану 46
2.4 Тексеру эксгумация және куәландыру 49
2.5 Айғақ заттарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау 54
Қорытынды 65
Әдебиеттер тізімі 68
Қосымша 71

Вложенные файлы: 1 файл

ГОТОВЫЙ ДИПЛОМНЫЙ (2).doc

— 478.50 Кб (Скачать файл)

- тергеу іс-әрекеттерінің  мазмұнына іс жүргізу шешімдері  кірмейді, өйткені ҚІЖК-нің 7-бабының  32-тармағына сәйкес шешімдер - бұл   құқықты (үкімді, қаулыны, қорытындыны,  ұсынысты, санкцияны) қолдану актілері,

- тергеу іс-әрекетгерін  жүргізу тергеушінің қызметімен  де, алдын ала тергеу сатысымен  де шектелмейді. Сотқа дейінгі  қызметті реттейтін нормалар  тергеу іс-әрекеттерін тергеушінің,  сондай-ақ анықтау органының,  анықтаушының, қажет жағдайларда  - прокурордың жүргізуін көздейді. Істі сотта қарау барысыңда соттың қаулысы бойынша судья тану, куәландыру, айғақтарды тұрған жерінде текеру және нақтылау сияқты әрекеттерді жүргізе алады (ҚІЖК-нің 360-бабының 1-бөлігі), бұл ҚІЖК-нің 200-бабының 1-бөлігінің мағынасы бойынша тергеу іс-әрекеттеріне жатады;

- іс жүргізу әрекеттері  кейбір нормаларда тергеу әрекеттері  деп тікелей аталған;

- іс жүргізу әрекеттерінің  белгілі тобын тергеу тобына  жатқызу оларды заңда арнайы  көзделіп, қылмыстың жасалу мән-жайларын  жаңғыртуға және қылмыстың белгілерін қылмыстық жолмен жазаланатын белгілер ретінде дәлелдеуге арналған құралдар ретінде түсінуге бағдарлайды.

Сонымен, тергеу іс-әрекеттері - бұл жүргізетін ісі жасалған қылмыстың  сипаты, ауырлығы жөнінде тұтас түсінік  қалыптастыруға, қылмыстық заңның нормаларына сәйкес жазалауға жататын нақты адамның айыптылығына көз жеткізуге бағытталған іс жүргізу әрекетгерінің жүйесі.

Келтірілген жалпы ұғым бірқатар қағидалары бойынша энцик-лопедиялық анықтамаға сәйкес келеді, олар бойынша "тергеу іс-әрекетгері тергеушінің, анықтау органының, прокурордың, соттың занда белгіленген тәртіппен, айғақтарын жинау және тексеру жөніндегі іс-әрекетгер".

Әр түрлі мектептер  өкілдерінің пікірлері мынадай  жекелеген пікірге саяды. Мәселен, Н.А. Громов былай деп жазады: "Тергеу іс-әрекетін қылмыстық іс жүргізу заңында көзделген және айғақтарды жинап, тексеру мақсатгарында қолданылатьн шара ретінде анықтауға болады, мұндай шара іздестіру, танымдық және куәландыратын операциялар мен тәсілдердің жиынтығынан тұрады, ал бұлар әрқайсысында қылмыс іздерінің ерекшеліктеріне сай келетін және онда сақталған айғақтық хабарламаны тиімді байқауға, қабылдауға және тиянақтауға бейімделген жалпы ғылыми таным өдістерінің ұштасуына байланысты. Тергеу іс-әрекеттерінің негізінде танымдық және куәландыратын мән-мағыналар жатады. Тергеу іс-әрекеттерін тергеуші жүргізетін өзге іс-әрекетгерден ерекшелендіріп тұрған да, міне, нақ осылар". Ол одан әрі былай деп көрсетеді: "Тергеу іс-әрекеті қатаң құқықтық реттеуге бағынған қылмыстық іс-жүргізу қызметінің ба-стапқы элементі болып табылады. Қылмыстық іс жүргізу заңымен белгіленген тәртіпті бұза отырып жүргізілетін тергеу іс-әрекеттерін айғақтар алу немесе тексеру құралы ретінде қарастыруға болмайды. Осы сияқты, қылмыстық іс жүргізу заңына қатаң сәйкестілікте, бірақ қылмыстық істі тергеумен немесе оны қозғаумен байланыссыз рәсімделген тергеу әрекеттеріне жол беруге болмайды".

Г.В. Дроздов осыған ұқсас анықтама береді. Ол, атап айтқанда, былай деп жазады: "Тергеу іс-әрекеті - бұл тергеушінің қылмыстық істің мән-жайларын анықтау үшін маңызы бар іс жүзіңцегі мағлұматтарды табуға жөне тиянақтауға бағытталған, қылмыстық іс жүргізу заңының талаптарына сай жүргізетін іс-әрекеті.

Қылмыстық істі тергеп-тексеру  кезінде тергеу іс-әрекеттерінің  айғақтарды жинауға арнайы бағыт алуының оларды тергеуші жүргізетін басқа іс жүргізу әрекетгерінен өзгешелігі болады".

М.Дьяченко бұдан да қатаң анықтама берген: "Айғақтарды жинауға бағытталған іс-әрекеттер заңда тергеу іс-әрекеттері деп аталады.".

Айғақтар негізін қалыптастыру бағыты, айғақтарды жинау, тексеру және тиянақтау түріндегі айқын мақсаттылық, оларды жүргізу рәсімдерін жалпы ережелерге бағыңдыру, өзге іс жүргізу әрекетгерінен ерекшелендіріп тұратын ерекше белгілердің болуы, іс жүргізу әрекеттерін заңда көзделген нысанда және қылмыстық істі қозғағаннан кейін ғана жүзеге асыру секілді сәттер жоғарыда келтірілген көзқарастар үшін ортақ болып табылады.

Тергеу іс-әрекетгерін  мынадай екі әдіспен анықтауға  болады: 1) заңның тікелей нұсқауларын негізге алу арқылы; 2) қисынды жіктеу жолымен.

Бірінші әдісті қолдану төмендегі іс жүргізу әрекеттерін тергеу іс-әрекеттеріне жатқызуға мүмкіндік береді:

- қарап тексеру, тінту,  алу, куәландыру, сезіктілерді ұстау, жауап алу (ҚІЖК-нің 200-бабының 1-бөлігі);

- адамның мәйітін тану, қарап тексеру, сарапшылық зерттеу үшін үлгілер алу, мәйітті жерленген жерінен қазып (эксгумация) алу (ҚІЖК-нің 225-бабы);

- сөйлесулерді тыңдау мен жазу (ҚІЖК-нің 237-бабының 3-бөлігі).

Іс жүргізу әрекеттері тәртібін реттейтін нормалар ҚІЖК-нің тергеу іс-әрекеттерін жүргізудің жалпы ережелерін баянды ететін баптарына сілтеме жасайтын жағдайларда екінші әдіс қолданылуы мүмкін. ҚІЖК-нің 201 және 203-баптары (тергеу іс-әрекеттерін жүргізудің жалпы ережелері туралы, тиісінше тергеу іс-әрекетінің хаттамасы туралы) осындай реттерде қолданылады.

Қазіргі кезде көбейіп отырған қылмыстарды ашуға, тергеу амалдарының бір түрі, оқиға болған жерді қарау әрекеті өте маңызды. Оқиға болған жерді қарау, тергеудің  бастапқы кезеңінде, қылмыстық із қозғалмай тұрып жүргізіледі де, сапалы жүргізілген бұл тергеу әрекеті кейіннен істің дұрыс шешілуін қамтамасыз етеді. Сондықтан тергеу амалдарының түсінігі, түрлері және жүйесі тақырыбы бүгінгі күнде қойылған ең өзекті тақырыптардың бірі десек болады.

Тергеуді жүргізуші  тұлғаның әрі негізгі еңбек құралы, әрі қызметінің  басты нышаны қылмыстық іс жүргізу заңымен реттелген тергеу амалдары болып табылады. Барлық тергеу амалдары дәлелдемелерді жинауға және зерттеуге бағытталған. Осыған орай, қылмыстық іс бойынша тергеуді тергеу амалдарынсыз жүргізу мүмкін емес. Сондықтан тергеу амалдарының түсінігі, түрлері және жүйесі туралы көптеген авторлар өз еңбектерін жазған. Бұл жұмыста С.Е Еркінов, С.И. Сұлтанов Р.С. Белкин, В.П. Лавров, Б. Салаев, Ш. Әмитов, М. Сатыбалдинов, Ә.С. Айдарқұлов, М.К. Губушкин, Т.К. Жумагулов, А.Ф. Николенко, Г. Абдумаджидов, Ю.Н. Белозеров,  В.В. Рябоконь сияқты авторлардың еңбектері салыстырылып, талданып жазылған.

Тақырыпты бұрын тану үшін көрсетудің тарихына тоқталып кеткеніміз жөн болады. Ертенің өзінде үлкен қалаларда (әсіресе, базарларда) қылмыстың құрбаны болған адам өзінің мұқтажын айтып шағынып, билік жүргізетін адамдарға қылмыскердің бет-әлпетін сипаттап жаза қолдануын өтінетін болған. Кейіннен бұл криминалистика ғылыммен реттеліп келген тергеу амалы қылмыстық істерді жүргізу заңына енгізілді. Әрине, 1998 жылдың қаңтарында күшіне енген Қылмыстық іс жүргізу кодексі тергеу амалдарын егжей-тегжейін толық қамти алмайды. Соңдықтан, осы тергеу амалын криминалистика ғылымында қарастыру өте орыңды. Ал, екінші жағынан бұрын криминалистикадағы осы тергеу амалына қатысты тактикалық тәсілдердің біразы заңға айналды.

Тергеу амалдарының  не екеніне тоқталатын болсақ, бұл  қылмыстық іс жүргізу заңымен  реттелген дәлелдемелік ақпараттарды жинауға, зерттеуге, бағалауға және пайдалануға бағытталған өкілетті тұлғалардың әрекетері.

Бітіру жұмысының мақсаты - тергеу амалдарының түсінігін ашу, түрлері мен жүйесін толық  талдау, зерттеу және сараптау.

Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер алдыма қойылған:

- тергеу амалдарының  түсінігі және жүйесін (жіктелуі) ашып жазу;

- тінту мен алу,  талаптары мен түрлерін толық  талдау;

- жауап алу және  беттестірудің қылмыстық іс-жүргізушілік  және криминалистикалық негіздерін  қарстыру;

- тану тергеу әрекетінің  мазмұны мен үрдістік жолдарын  талдау;

- тексеру, эксгумация  және куәландыру тергеу үрдістерінің  криминалистік тәсілдері мен  маңызын айқындау;

- айғақ заттарды оқиға  болған жерде тексеру мен нақтылау, тергеу экспериментінің үрдістік  мазмұның ашып жазу.

Зерттеу пәні болып - тергеу амалдарының түсінігін ашу, түрлері мен жүйесі танылады. Зерттеу обьектісі, ол тергеу амалдарының түсінігін ашу, түрлері мен жүйесін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер негізінде пайда болған қоғамдық қатынастар және криминалистикадағы осы тергеу амалына қатысты тактикалық тәсілдер болып табылады.

Жұмыста жалпы  ғылыми және тарихи-салыстырмалы, зерттеу  және салыстырмалы сараптау әдістері қолданылды. [2.2; Б. 54]

Ол кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған  әдебиеттерден және қосымшадан тұрады. 

Тергеу амалдарының не екеніне тоқталатын болсақ, бұл қылмыстық іс жүргізу заңымен реттелген дәлелдемелік ақпараттарды жинауға, зерттеуге, бағалауға және пайдалануға бағытталған өкілетті тұлғалардың әрекетері.

Тергеу барысында тергеу амалдарынан басқа, заңмен қарастырылған анықтау органы қызметінің ерекше түрі - жедел-іздестіру шаралары да қолданылады. Жедел-іздестіру шаралары көбінесе тергеушіге қылмысты ашуда көмек ретінде қолданылады. Олар тергеу амалдарына қатыстығы бойынша көмекші, әрі негізінен тактикалық сипатта болады. Бұл мағынада олар тактикалық тәсілдің ұғымына өте жақын, өйткені ол тұтастай тергеудің және жеке тергеу амалдарының тиімділігін арттыруға бағытталған. Жедел-іздестіру қызметінің пайда болуы мен табиғаты бойынша айқын тактикалық сипаты бар.

Тактикалық тәсілдердің де, жедел-іздестіру шараларының тактикалық мәнін атай отырып, осы ұғымдарды теңестіруге негіз бермейтін олардың арасыңдағы елеулі айырмашылықты естен шығармауымыз керек.

Біріншіден, тактикалық тәсілдер жөнінде заңда ештеңе айтылмаған, ал жедел-іздестіру шаралары жөнінде «Жедел-іздестіру қызметі» туралы заңда және басқа арнайы нормативтік актілерде көрсетілген.

Екіншіден, тактикалық тәсілдер тек қана процессуалдық әрекеттерді  жүргізгенде қолданылады, ал жедел-іздестіру  шаралары көп жағдайларда тергеу амалдарынан тәуелсіз және өз алдына бөлек жүргізілуі мүмкін. Қандай да бір тактикалық тәсілдің қолданғандығын әрқашан тергеу амалдарының нақты нәтижесінен көруге болады, ал жедел-іздестіру шараларының нәтижесі дербес ақпарат көздеріңде сырттай көрініс алуы мүмкін. [2.4;  Б.85]

Жедел-іздестіру шаралары тактикалық тәсілдерге қарағанда құрылымы күрделірек және көбіне әр түрлі әрекеттерден тұрады. Тергеу амалдары нәтижесіңде  анықталуы мен бекітілуі мүмкін емес мәліметтерді жедел-іздестіру  шаралары нәтижесінде алынуы мүмкін.

Тергеу амалдарын тергеуді жүргізуші кез келген тұлға жүзеге асыра алады (тергеуші, анықтаушы, прокурор), ал  жедел-іздестіру шараларын  жүзеге асыру тек қана анықтама органдарына  жүктелген. Тактикалық тәсілдерді тергеу амалдары шеңберінде тергеуді жүргізуші кез келгенін қолдана алады, сонымен қатар жедел-іздестіру қызметкері жедел-іздестіру шараларын жүргізгенде тактикалық тәсілдерді де қолдана алады.

Тергеу амалдарының  қарапайым құрылымы төрт элементтен тұрады:

- тергеу амалдарының  мақсатын анықтау және оны жүргізу туралы шешім қабылдау;

- қажетті тактикалық  тәсілдерді ескере отырып тергеу  амалдарын жүргізуге дайындалу;

- қажетті тактикалық  тәсілдерді қолдана отырып тергеу  амалдарын жүргізу;

- барысы мен нәтижесін  бекіту.

Тергеу амалдарының мақсаттары: дәледемелерді жинау, бекіту және тергеу барысында пайдалану, сонымен қатар, тергеулік версияларды тексеру және сол сияқты.

Тергеу амалдарының  мақсатын анықтаған кезде және тергеу амалдарына дайындалу кезінде тактикалық тәсілдер қолданылмайды, тек қана олардың қажеттігі туралы сұрақ шешіледі. Жедел жолмен алынған ақпараттарды тергеу амалдарының шеңберінде тексеру тергеу амалдарының мақсаттарының бірі болуы мүмкін. Жедел жолмен алынған ақпараттар қандай да бір тергеу амалдарын жүргізудің қажеттігін көрсетеді. Осындай жағдайларда, тергеу амалдары тиімді нәтиже беру мақсатында тергеу амалдарын тез арада жүргізу керек (қылмыстық іске байланысты сезіктіні ұстау, тінту және тағы басқа).

Тергеу амалдарына дайындалу  кезінде қолданылатын тактикалық  тәсілдерді ұсынбастан бұрын жедел ақпаратттар алу мақсатында жедел - іздестіру шараларын жүргізіп алған тиімді, әсіресе күрделі ахуалдық жағдайларда тергеу амалдарының барынша нәтижелі жүргізілуі мақсатында жедел-іздестіру шараларын пайдаланудың маңызы орасан зор. Бұл әрекет тергеу амалдарына тәуелсіз жедел іздестіру шарасы шеңберінде жүргізіледі.

Тактикалық тәсіл тікелей  тергеу амалдары кезінде, әсіресе күрделі  тергеу амалдарында, олардың дәлелдемелік маңызын, жақсы нәтижелілігін және тиімділігін арттыратын негізгі құрал болып табылады. Жедел-іздестіру шаралары өзінің тікелей мағынасында тергеу амалдары шеңберінде жүргізілмейді. Бұрын алынған жедел ақпараттардың бұл жерде тактикалық маңызы бар және олар осы тергеу амалдары кезінде тексерілуі мүмкін. [2.5; Б.120]. Тергеу амалдарының нәтижесін бекіту кезінде бекіту құралдары мен тәсілдерін барынша тиімді қолдануын, дәлелдемелік заттарды және іздерді алуды және оларды қаптауды, жоспарларды, сызбаларды және негізгі құжат-хаттаманы толтыру кезінде тергеу амалдарын қамтамасыз етуге бағытталған тактикалық тәсілдер қолданылады.

 

 

 

1.2 Тергеу амалдарының  түрлері және жүйесі

 

 

Бұрынырақ қарастырылған  тергеу іс-әрекеттері жүйесі өзінің мәнеі, бвғыттылық сипаты бойынша айырмашылық  болуымен қоса, түрліше реттелетінін де көрсетеді. Бұл айырмашылықтардың объективтік сипаты бар. Гәп мынада: қылмыс жасау кезінде қалыптасатын мән- жайлардың саналуындағы, құқыққа қарсы жасалатын қылмыстардың іздерін жасыру әдістері мен құралдарының молдығы қылмыстық іс жүргізу арқылы дәлелдеудің мақсаттарына қызмет ете алатын объектілердің, заттар мен хабарламалардың нақ осындай саналуандығын тудырады. Сонымен бірге, дәлелдеу процесінде ынта туғызатын объектілердің көптігі тергеу іс- әрекеттерінің осыншама түрін туызбайды. Дұрысын айтқанда, қолданылып жүрген ҚІЖК бойынша тергеу іс-әрекеттерінің 16 түрі көзделген. Көп адам қатысқан кез келген күрделі, көп оқиғалы қылмысты тергеп – тексеру заңда белгіленген тергеу іс-әрекеттерін жүргізу жолымен ғана дәлелдейтін қызметке ұштасады. Оларды қолданудың заңдылығын , тергеу іс-әрекеттері нәтижесінде алынған фактілер туралы мәліметтердің дәлелдемелік маңызы, тергеу әрекеттері түрлерінің шектеулілігі олардың жүргізілуін реттеуде белгілі бір бірізділікке түсіруді көздейді.

Тергеу іс-әрекеттерінің  реттелуін бірізділікке түсіру дәрежесі құқық қатынастарын сақтау тергеу іс-әрекеттерінің  нақты түрінің мақсаттарына қайшы  келмей, процеске тартылған адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің тұтастығына белгілі бір кепілдік туғызатын қалыптасқан құқық қатынастары нысандарын қамтиды. Сонымен, тергеу іс-әрекеттерін жүргізу тәртібін реттеу шартты түрде алғанда екі деңгейге бөлінеді:

Информация о работе Алдын ала тергеуде саусақ өрнектері бойынша сараптау