Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Сентября 2013 в 13:51, курсовая работа
Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер алдыма қойылған:
- тергеу амалдарының түсінігі және жүйесін (жіктелуі) ашып жазу;
- тінту мен алу, талаптары мен түрлерін толық талдау;
- жауап алу және беттестірудің қылмыстық іс-жүргізушілік және криминалистикалық негіздерін қарстыру;
- тану тергеу әрекетінің мазмұны мен үрдістік жолдарын талдау;
- тексеру, эксгумация және куәландыру тергеу үрдістерінің криминалистік тәсілдері мен маңызын айқындау;
- айғақ заттарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау, тергеу экспериментінің үрдістік мазмұның ашып жазу.
Кіріспе 5
1.Тергеу амалдарының түсінігі және жүйесі 8
1.1 Тергеу амалдарының түсінігі 8
1.2 Тергеу амалдарының түрлері және жүйесі 14
2. Жекеленген тергеу амалдары және оларды жүргізу талаптары 24
2.1 Тінту мен алу 24
2.2 Жауап алу мен беттестіру 39
2.3 Тану 46
2.4 Тексеру эксгумация және куәландыру 49
2.5 Айғақ заттарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау 54
Қорытынды 65
Әдебиеттер тізімі 68
Қосымша 71
- тергеу іс-әрекеттерінің кез келген түрін жүргізу үшін бірдей маңызды болатын жалпы нұсқаулар, ережелер; (реттеудің бірізділігінің мәні осында болып табылады - ол латынның bnibaceze деген сөзінен шыққан - қайсыбір затты бірыңғай жүйеге, нысанға біркелкілікке келтіру);
- тергеу іс-әрекетінің
бір түрін оның келесі түрінен
ерекшелендіретін арнаулы
ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес тергеу іс-әрекеттерінің кез келген түрін жүргізу үшін бес жалпы ереженің маңызы бірдей болып табылады.
Бірінші ереже. Тергеу іс-әрекеттеріне қатысушылардың жеке басын куәландыру. Фактілер туралы мөліметтерді қолдан жасау мен бұрмалаушылыққа жол бермеу үшін тергеуші тергеу іс-әрекетіне өзі осы мақсатқа шақырған өзге адам емес, нақ сол адамның қатысатынына кез жеткізуі тиіс, Оның сол адам екені оның жеке басын куәландыратын ресми құжаттың (төлқұжат, жеке куәлік, қызмет куәлігі, әскери билет және т.с.с.) негізінде анықталады.
Тергеуші тергеу іс-әрекетіне шақырылған адамға оның осы іс-әрекетгі жүргізуге байланысты құқықтары мен міндетгерін түсіндіруге міндетті. Әр түрлі тергеу іс-әрекеттеріне қатысушылар түрлі рөлдерді атқаратындықтан, ҚІЖК-нің бұл нұсқауы айтарлықтай маңызды болады. Олар осыдан да, түрлі құқықтар мен міндеттерге ие болады. Тергеу іс-әрекетіне қатысушының өзіне берілген құқықтар мен жүктелген міндеттерді түсінуі тергеу іс-әрекетінің барысы мен нәтижелері заңдлығының күшті кепілі болып табылады. Сонымен қатар, бұл талапты сақтау адамның тергелетін істегі өз рөлін теріс түсінуінен тергеу іс-әрекетіне қатысудан бас тартуына жол бермейді, өзге қатысушьшардың операциядағы әрекеттерінің дәйектілігін реттейді, қылмыс іздерінің қажетті сақталуын қамтамасыз етеді, тергеуші мен тергеу іс-әрекетіне қатысушының арасында қолайлы байланыс аясын жасайды, бұл әрекеттің қатысушылары өздерінің міндеттерін білмеуі немесе өздеріне берілген құқықтардың көлеміне қатысты аңғалдықтары салдарынан көрсетуі мүмкін орынсыз белсенділіктің келеңсіз зардаптарын жояды.
Заңда тергеу әрекеттерінің
түрлеріне қатысушьшардың құқықтары
мен міндеттері осы тергеу іс-әрекетгерінің
нәтижесінде қол жететін
Бұл ережені бұзу іс бойынша дәлелдемеден айырылуға, оны сотта қарау барысында заңсыз деп тануға әкеп соқтыруы мүмкін.
Екінші ереже. Тунгі уақытта тергеу іс-өрекеттерін жүргізуге болмайтындығы. ҚІЖК-нің 7-бабының 43-тармағына сәйкес "түнгі уақыт" — бұл жергілікті уақыт бойынша сағат жиырма екіден алтыға дейінгі уақыт аралығы. Белгіленген уақыт аралығында астрономиялық тәулік шегінде тергеу іс-әрекетгерін жүргізуге заң жүзінде тыйым салуды мынадай мән-жайлармен түсіндіруге болады:
- бұл тынығу уақыты. Әркімнің тынығу құқығы туралы айтылатын ҚР Констуциясның 24-бабының 4-бөлігін кеңінен түсіндіру тәуліктің ынта тудырып отырған аралығын Конституцияда жұмыс күнінен соң адамның тынығатын кезеңі ретінде кепілдік берілгек уақытқа жатқызуға мүмкіндік береді. Бұл уақытты ешкім де бұза алмайды;
- тынығу құқығы туралы конституциялық ереже, жұмыс уақытының ұзақтығына қатысты шектеулер қолданылатын өзге қатысушыларды тергеу іс-әрекеттеріне тарту бұдан бұрын баяндалған мән-жайлармен өзара байланыста болады. Басқаша сөзбен айтқанда, тергеуші қызмет міндеттері үшін өзінің жеке уақытын жұмсауға ерікті, бірақ бұл тергеу іс-әрекеттерінің басқа қатысушьшарьша қолданылмауға тиіс.
Солай болса да, бұл ереженің ерекшелігі бар. Істі кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда тергеу іс-әрекеттері түнгі уақытта да жүргізілуі мүмкін. Егер қылмыстың іздерін, дәлелдемелерді жойып жіберу немесе жасырып қалу қаупі төнсе, не қылмыстың жасалуына сезікті адам тергеу мен соттан бой тасаланып қалатындай немесе тергеудің кешігуі бұлтартпас келеңсіз зардаптар туғызатын не істі кешеуілдетіп болса (мысалы, қылмыстық жоспарды жүзеге асыру, ауа райының қолайсыздығынан іздердің жойылуы, куәлардың көзін жою және т.т.), онда тергеуші кез келген тергеу іс-әрекетін түнгі уақытта жүргізу туралы шешім қабылдауға құқылы. Мұнда кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда жүргізілген тергеу іс-әрекеттері мен кезек күттірмейтін тергеу іс-әрекеттері бір сарындас әрекет емес.
Тергеу іс-әрекеттерінің кез келген түрінде шұғыл тергеу жүргізу қажеттілігі тууы мүмкін. Мұндай іс-әрекеттердің тізбесі жөнінде де, жүргізілетін істерге қатысушышар туралы да заңда қандай да бір шектеулер қойылмаған.
Кезек күттірмейтін тергеу
іс-әрекеттерін жүргізу
Үшінші ереже. Тергеу
іс-әрекеттерін жүргізу
Тергеу іс-әрекеттерін жүргізу ережелерінде техникалық құралдарды қодданудың міндеттілігі көзделуі мүмкін. Оларды қолданбау фактілер туралы тергеуде ынта қойылатын мәліметгердің дәлелдемелік маңызына күмән туғызуы не тергеу іс-әрекетін жүргізуді заңсыз деп тануға өкеліп соқтыруы ғажап емес. Мысалы, жетуі қиын жерлерде, тиісті қатынас құралдары болмағанда немесе басқа себептерге байланысты азаматтарды куәгер ретінде тарту мүмкін болмаған кезде мұндай қарап тексерудің барысы мен нәтижелерін көрсететін техникалық құралдарын қолдану арқылы жүргізілуі мүмкін (ҚІЖК-нің 222-бабының 5-бөлігі). Дәлелді заттар көлемді болуына немесе өзге де себептерге байланысты қылмыстық іспен бірге сақтауға келмейтін жағдайларда да осьшдай ереже қолданылады. Аталған мән-жайларда заң фотосуретке немесе бейнежазбаға түсіріл алуды, кейін дәлелді заттары бар фотосуретгер мен бейнежазбаларды істің матери-алдарына қоса тіркеуді көздейді (ҚІЖК-нің 223-бабының 3-белігі). Техникалық құралдарды қолданбайынша, хабарды жол-жөнекей ұстау (ҚІЖК-нің 236-бабы), сөйлесулерді тындау мен жазу (ҚІЖК-нің 237- бабы), сараптамалық зертгеу үшін үлгілердің жекелеген түрлерін, мысалы, дауыс фонограммасын алу (ҚІЖК-нің 256-бабы) секілді тергеу іс-әрекеттерін жүргізу мүмкін емес.
Бірқатар тергеу іс-әрекеттерін техникалық құралдарды қолданып та, қолданбай да жүргізуге болады. Мысалы, жауап алуда дыбыс немесе бейнежазбаны, оқиға болған жерді қарап тексеруді өлшеу, жарықтандыру аспаптарын, металл іздеуіштерді және басқа құралдар мен тетіктерді, сезіктіні ұстауда - түнде көру құралдарын және т.с.с. қолдану арқылы жүргізілуі мүмкін. Техникалық құралдарды қолдану арқылы тергеу іс-әрекетгерін жүргізу туралы шешім қабылдау тергеп тексерілетін істің ерекшелігіне, мұндай шешімнің тиімділігіне және тергеу іс-әрекетін жүргізуге қатысатын тергеушінің немесе маманның қолында бар техниканың мәселені шешу қабілетіне байланысты.
Бірқатар тергеу іс-әрекеттерінде техникалық құралдарды қолдануға еріктілік сипат беру сот ісін жүргізуге талғамдылық, икемділік, нұсқалық секілді белгілер енгізіп, ҚІЖК-нің қатаң рәсімді нұсқауларын айтарлықтай теңестіріл түрады. Тұтас алғанда, процеске тән өзгермейгін тұрақтылық қылмыс жасаудың нысандары мен әдістерінің алуан түрлілігіне және тиісінше олардың жасалғанын көрсететін белгілер мен іздердің көп түрлігіне қарай сот ісін толық көлемде жүргізу мұқтаждықтарын қамтамасыз ете алмайды. Осындай көп түрлілікті ескере отырып, занда істі тергеп тексеру барысында туындайтын қажеттілікті негізге алу арқылы техникалық құралдарды қолданып, тергеу іс-әрекетгерін ерікті жүргізетін әрбір жағдайда тергеушінің өздігінен тиісті шешім қабылдау мүмкіндігі көзделген.
Тергеу іс-әрекеттерін
жүргізу кезінде техникалық құралдарды
қолдану ҚДЖК-нің 129-бабының талаптарына
сай келуі тиіс, онда мұндай іс-әрекетгердің
нәтижесінде алынған
Қылмыстың іздері мен айғақ заттарды табудың, тіркеудің жене алудың ғылыми-объективті әдістерін пайдалану техникалық құралдарды пайдалану ережелерімен өзара тығыз байланыста болады. Айғақтарды жинаудың тексеруден өтаеген, ғылыми даулы немесе күмәнды әдістерін пайдалану жаңсақ қорытындылар жасауға, дәлелдемелерді жоюға, тергеу іс-әрекетгерін заңсыз деп тануға әкеп соқтыруы мүмкін.
Төртінші ереже. Тергеу
іс-әрекеттерін жүргізуге
Кейбір тергеу іс-әрекеттерін жүргізу үшін тергеушінің бір ғана шешімі жеткіліксіз болады. Мәселен, куә, жәберленуші өзінің ерінің (зайыбының), жақын туыстарының қылмыс жасағанын ашатын, сондай-ақ діни қызметші - тәубе үстінде оған ішкі сырын сеніп ашқан адамдарға қарсы айғақтар беруден бас тартуға құқылы (ҚІЖК-нің 214-бабының 2-бөлігі). Мұндай жағдайларда олардың айғақтары іс үшін қаншалықты маңызды болса да, жауап алу көрсетілген адамдардың еркіне қарсы жүргізілмеуі тиіс. Айғақ алу мақсатында қоқанлоққы немесе өзге де құқыққа қарсы әрекеттерді қолдану бұл мәселені заңсыз деп, ал жауап алу нәтижесінде алынған фактілер туралы мәліметтерді - дәлелдеу күші жоқ деп тануға әкеп соқтырады.
Тергеу эксперименті (ҚІЖК-нің 239-бабы) секілді күрделі тергеу іс-әрекеттерін реттеу тек бір мағыналы нұсқау береді: тергеу экспериментін жүргізуге оған қатысушы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп келтірілмегенде, олардың ары мен намысына нұқсан келтірілмегенде, оларға материалдық зиян болмағанда жол беріледі.
Бұл ереженің ізгіліктілігі сот төрелігінің мақсаты кез келген жолмен емес, оның адамгершілік пен зандылық нормаларына сай келетін әдістерімен және құралдарымен ғана орындалатыны туралы идеяны растай түседі.
Бесінші ереже. Тергеушінің тергеу іс-әрекеттеріне анықтау орга-нының қызметкерін қатыстыру құқығы мынадай жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін: анықтау органының қызметкері тергеу-жедел іздестіру тобының құрамына кіретін ретте; бұл кезде қылмыстық істі анықтау органы қозғайды және ҚІЖК-нің 200-бабының 3-бөлігі тәртібінде қылмыстық істі тергеушіге берген соң ол бойынша алдын ала тергеу ісін жүргізу міндетті болғандықтан, анықтау органының қызметкері тергеушінің тапсыруымен немесе өзі тергеу іс-әрекетгерін жүргізеді, немесе оған қатысады; тергеуші анықтау органынан ҚІЖК-нің 64-бабының 7-бөлігі тәртібінде тергеу іс-әрекетгерін жүргізуге көмек керсетуін талап етеді.
Бұл ережені заң жүзінде белгілеудің тиімділігі мыналардан байқалады:
- анықтау органы қылмыстық
іс қозғайтын жағдайларда
- анықтау органы қызметкерінің
жедел іздестіру шараларын
- жедел іздестіру қызметінің
әдістері мен құралдарын
Қылмыстық іс жүргізу құқығының теориясында тергеу іс-әрекетгерін жүргізудің жалпы ережелерінен басқа тергеу іс-әрекетгерін жүргізудің мынадай жалпы шарттарын ажыратады:
- қылмыстық іс қозғау туралы қаулы шығару,
- нақты тергеу іс-әрекеттерін жүргізу туралы қаулы шығару;
- тиісті адамның тергеу іс-әрекеттерін жүргізуі;
- тергеу іс-әрекеттерінің барысы мен нәтижелерін тиісті хаттамаға түсіру.
Бірінші шарт мынаны білдіреді: қылмыстық сот ісін жүргізудің ресми басталуы қылмыстық іс қозғау туралы қаулы шығарған кезге сай келеді. Қылмыстық ізге түсу органы осы кезден бастап заңда көзделген кез келген тергеу іс-әрекеттерін жүргізу туралы шешім қабылдауға құқылы, Оқиға болған жерді қарап тексеруден, сот сараптамасын тағайындап, жүргізуден басқа бірде-бір іс-әрекетгі қылмыстық іс қозғамайынша жүргізуге болмайды.
Екінші шарт ҚІЖК-нің 202-бабының ережелеріне негізделген, оңда қандай да бір іс жүргізу шешімін қабылдаған кезде оның жасалған орны мен уақыты, уәкілетті адамның аты-жөні мен лауазымы, қабылданатын шешімнің мәні мен негіздері көрсетілген қаулы шығару керектігі жазылған. ҚІЖК-нде барлық тергеу іс-әрекеттерін түгел жүргізу туралы қаулы шығару жөнінде қатаң нұсқаудың жоқ екенін есте ұстау қажет. Тәжірибеде іс жүргізу уақытын үнемдеу мақсатында прокурордың рұқсатын алу қажет болатын тергеу іс-әрекеттерін жүргізуде алдын ала қаулы шығарады. Оларға тінту, алу, пошта-телеграф жөнелтілімдеріне тыйым салу, хабарды жол-жөнекей ұстау, сөйлесулерді тыңдау мен жазу жатады.
Үшінші шарт қылмыстық
сот ісін жүргізуге қатысушылардың
өклеттігін ретгеуге байланысты, бұл
өз өкілетгііін қатаң түрде
Информация о работе Алдын ала тергеуде саусақ өрнектері бойынша сараптау