Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Сентября 2013 в 13:51, курсовая работа
Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер алдыма қойылған:
- тергеу амалдарының түсінігі және жүйесін (жіктелуі) ашып жазу;
- тінту мен алу, талаптары мен түрлерін толық талдау;
- жауап алу және беттестірудің қылмыстық іс-жүргізушілік және криминалистикалық негіздерін қарстыру;
- тану тергеу әрекетінің мазмұны мен үрдістік жолдарын талдау;
- тексеру, эксгумация және куәландыру тергеу үрдістерінің криминалистік тәсілдері мен маңызын айқындау;
- айғақ заттарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау, тергеу экспериментінің үрдістік мазмұның ашып жазу.
Кіріспе 5
1.Тергеу амалдарының түсінігі және жүйесі 8
1.1 Тергеу амалдарының түсінігі 8
1.2 Тергеу амалдарының түрлері және жүйесі 14
2. Жекеленген тергеу амалдары және оларды жүргізу талаптары 24
2.1 Тінту мен алу 24
2.2 Жауап алу мен беттестіру 39
2.3 Тану 46
2.4 Тексеру эксгумация және куәландыру 49
2.5 Айғақ заттарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау 54
Қорытынды 65
Әдебиеттер тізімі 68
Қосымша 71
Тінту кезінде сонымен қатар «сөзбен барлау» тәсілі де қолданылады, ол мінез құлқы мен хал жағдайын бақылау тәсіліне ұқсас жеріне тап сол физиологиялық және психологиялық заңдылықтарға негізделген. Арасындағы айырмашылық мынадан тұрады, сөзбен барлау кезінде тергеуші зат жасырылған орынға жақындамай-ақ тінтілуші еститіндей етіп өзінің көмекшілеріне белгілі бір жерді тінту керектігі туралы айқайлап айтады да, оның іс-қимылын бақылайды.
Қылмыстың іздері мен дәлелдемелік заттарды жасыру үшін қылмыскер құпия қойма таңдай отырып, бірнеше психологиялық факторларды ескереді. Мысалы, мыналарды ескеруі мүмкін: тергеушінің жиіркенетіндігіне (ізделінетін заттарды қоқыс арасына, дәретханада, лас киімдердің арасына т.с.с жерлерге жасырады), аяныш білдіретіндігіне (ауру адамның төсегіне тығады) тыянақсыздығына (үстел сөресінің екінші түбін байқамайтындығына), тәжірибесі аздығына (заттарды жас өспірім балалардың киіміне жасырады), іздестіру көп еңбекті қажет ететініне (зат отындармен жасырылады немесе жерге көміледі) байланысты тексерілмейді деп есептейді.
Тығылған орынды табу үшін тергеуші тінтілетін үй-жай иесінің жеке басының ерекшеліктерін ескеруі керек. Әсіресе, (ұстасы, пеші, қалашы және с.с.), өйткені бірыңғай бір матералмен жұмыс істеген адам үшін құпия қойма істеу оңай болады. Өзін жасырған адамның орнына қойып және соның тұрғысынан пайымдап құпия қойманың орнын анықтауға тырысуы қажет.
Құпия қоймалардың немесе заттарды жасырғанда жасырушы барлық ұсақ-түйекті ескермеуі мүмкін, сондықтан тергеуші негативтік жағдайларға назар аударуы керек: оқтар табылды, ал мылтық жоқ; еден тақтайлары дат басқан шегелермен қағылған, ал біреуі ғана жаңа шегелермен қағылған; қабырға бояуының бір жері басқаша түс беріп тұр және т.с.с.
Тергеуші жеңіл қол жететін барлық жерді назарсыз қалдырмауы керек, себебі жасырушы сол жерге назар аудармайды деген оймен тергеуші үшін маңызды затты тығуы мүмкін, өйткені бұл іздеудің қисығына қарама-қайшы келеді, не болмаса тінтуді күтпеген немқұрайлық салдарынан да болуы мүмкін. Сондықтан да тінтуді кенеттен жүргізу ұсынылады.
Қылмыскер затты жасырайын деген сұрақты шешкенде, одан осы затты тауып алған жағдайда қай жақтан келгендігін шындыққа сәйкес түсіндіре алмаймын ба деген тұжырымнан шығады. Көбіне қылмыскерлер мына заттарды жасырады: атыс қаруларын, қылмыс істеуге ыңғайланған қаруларын, кілттер бумасы, тиым салынған өнімді шығару үшін шикізаттар (есірткі заттарды дайындау үшін қоспалар), құжаттардың нұсқалары, ақшалар, құнды заттар мен айыпкердің табысынан асып түсетін басқа да тауарлар, айналымына тиым салынған заттар және т.б.
Кейбір заттарды жасырмайды, бірақ оларды өзгертеді көлік-құралдары мен зауыттық нөмірлері бар өнімдерін қайтадан өзгертіп нөмірлеу, киім-кешекті қайтадан тігеді немесе қайтадан бояйды, жазу кітаптарындағы жазбаларды құпиялайды, атыс немесе суық қару ретінде балдақ, қаламсап және с.с. жасайды.
Шындыққа сәйкес түсініктемелерді келесі қылмыс қаруларына беруге болады – тұрмыстық құралдарға (балталарға, пышақтарға, сүймендерге, араларға және т.б.), ұрланған аз мөлшердегі заттарға (құнды теріден тігілген құлақшынның екеуден аспауы, бір қап ұнның ғана болуы), киімде қалған қанның іздері (сойылған малдың қаны немесе қолын байқамай кесіп алғандағы өзінің қаны деп түсіндіруі мүмкін және т.б.).
Қылмыскерлер
Қылмыскерлер кейбір заттарды жасырмайды, өйткені олардың дәлелдемелік мәнін түсінбейді – мәйітті өртегеннен кейін қалған сүйек пен киімнің темір бөліктері, мәйіт мүшелерін буып түйгендегі газет пен бума жіптің қалдықтары, оқ-дәріні, батырма құйған қорғасын және т.б. Бұл жағдайларда қылмыскер криминалистиканы мүмкіншілігін білмейді, сондықтан бұл заттарды тығуға тырыспайды.
Іздестіруді дұрыс ұйымдастыру мақсатында тінтілуге тиісті аумақтарды шекаралары анық белгіленген бөліктерге бөлу керек – бөлмелер, сарайлар мен қоралар және т.с.с. Тінтуді көп еңбекті қажет ететін және болып қалуы мүмкін орындарды тексеруден бастау керек.
Тінту қаз-қатар немесе тізбектеліп жүргізілуі мүмкін. Қаз-қатар тәсілі бірнеше бөліктер мен іздеу топтары болған кезде, іздеуді жылдамдату үшін қолданылады. Мысалы, бір топ үйді тексереді, екіншісі бұл кезде аулада іздеу жұмыстарын жүргізеді. Екі топтың екеуінде де куәгерлер қатысуға тиіс.
Ашық жер мен үй-жайды
Тұрғын-жайдағы іздеуді
ұйымдастырған кезде, тексерілетін
объектілердің белгілі бір
Тұрмыстық электр құралдарының сыртын, қорабын ашады, өйткені радиоқабылдағыштардың, теледидардың, тоңазытқыштардың, артқы жақтарында құпия коймалар болуы мүмкін. Сонымен қатар қабырғаның кілеммен, еденнің линониуммен құмырадағы топырақтарды істікпен түрту керек.
Ғимараттардың конструктивтік элементтердегі құпия қоймалар еден астына, ағаш немесе кірпіш қабырғаларды орналастырады. Бұл орындар көбіне көп жиһазбен, картиналармен, кілеммен және т.б. жасырылады. Құпия қоймалар терезенің жақтауының, табалдырық, плинтус астарына, желдеткіш шахталарында, бөлме есіктері іштеріне (оған тек қана есіктің үстіңгі немесе астыңғы жағы арқылы қол жеткізуге болады) орналастырылады.
Сантехникалық қондырғыларда құбырлардың иілген жерлері мен ағызғыш бөктер қолданылуы мүмкін. Егер де үй-жайда мәйіт мүшеленді деген күдік болса, онда канализациялық құбырларды бұзған жөн, өйткені сүйек сынықтары мен бұлшық ет қалдықтары табылуы мүмкін.
Егер де от жағылатын пеш болса, онда оны құпия қойма табу мен сараптамалық зерттеу үшін күл алу мақсатында тексеру керек. Күл қалдықтарында киімнің және аяқ-киімнің темір бөліктері, басқа да өртенген нәрселердің құрамына жататын заттар мен сүйек қалдықтары болуы мүмкін. Егер де тергеуші тінту кезінде табылған заттардың іске қатыстығы туралы күмәнданса, онда оларды мұқият зеттеу мен тану үшін алу қажет. Тінту кезінде біртекті заттар көп табылса, мысалы – портфельдер, сөмкелер, майкалар, құлақшындар және т.с.с.
Кейбір кезде тергеуші еденді бұзып ашады, ілмектерін сындырады және заттардың тұтастығын басқаша да бұзады. Бұл әрекеттер мына жағдайда негізгі болып саналады, егер:
Жануарлардың өзгеше қылықтары (шошқа белгілі бір жерді қазады, ит қабырғаны тырналайды және т.б.), отбасының мамандығы, оның қылмыстық тәжірибесі мен басқа да факторлар заттар нәрселердің тұтастығын бұзуға негіз бола алмайды, бірақ та олар тергеушінің назарын мұқият тексеруге тиіс жерлерге назар аударуы керек. Бұзуды көп зардап жібермей абайлап жүргізу керек. Тінтуден кейін бұзылған, сынған жерлерді қалпына келтіру мүмкіншілігін табу керек.
Ашық жерді тінту, кезіндегі әуелі құпия қойманың белгілерін табу үшін сырттай шолу керек жақын арада қазылған жер, қурап кеткен өсімдік т.с.с. Күнделікті жерлерді тапқан кезде ұзын істікпен немесе сүйменмен түйреп көру керек, не болмаса қажетті тереңдікке дейін қазған жөн. Егер де құпия қоймалардың сыртқы белгілері табылмаса, онда бүкіл аумақты темір іздегішпен немесе істікпен шахмат тәртібімен тексеріп шығу керек.
Жеке адамды тінту, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 233-бабында заңдық ережелері қарастырылған. Бұл бапта былай деп көрсетілген: ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 230-бабында көзделген негіздер болған кезде және 232-бабының талаптарын сақтай отырып, тергеуші тінтілетін адамның денесінен, оның киімінен және бойындағы заттардан заттар мен құжаттарды табу және алу мақсатында жеке адамды тінтуге құқылы.
Жеке адамды тінтуді тінту жүргізілетін адаммен жынысы бір адам және сол жыныстағы куәгерлер мен мамандардың қатысуымен жүргізеді.
Жеке тінту арнайы қаулы шығармай және прокурордың санкциясыз, мынадай жағдайларда, егер:
1) Үй-жайдағы немесе
тінту жүргізіліп жатқан өзге
де орындағы маңызды болуы
мүмкін құжаттарды немесе
2) Ол адам ұсталса
немесе күзетпен қамауға
Егер жеке адамды тінту басқа тінту кезінде (үй-жай, көлік құралы) немесе сезіктіні ұстаудың құрастырушы бөлігі ретінде жүргізгенде оның мақсаты қару мен дәлелдемелік заттарды табу және алу болады. Жеке адамды тінту кезінде қауіпсіздікті қамтитын белгілі бір ережелерді сақтау керек. Тінтілетін адамды бетімен қабырғаға немесе автокөлікке қаратып 45 градустық бұрышпен еңкейтіп қолдары мен аяқтарын барынша созып, оны ыңғайсыз күйге қойған дұрыс. Бұндай қалыпта тұрақтылығы өте төмен, тінтілуші тергеушіге күш көрсетпек болғанда, ол тепе-теңдігінен айырылып құлайды. Тінтуші, өз кезегінде, тепе-теңдіктен айырылып қалмас үшін және тұтастылығын жоғалтпас үшін қатты еңкеймеуі тиіс.
Ұсталынған адамның киімін ұстап көреді де және шабуылдау немесе өзін улау мақсатында қолданылатын құралдарды: қаруды, табақты, әр түрлі дәрі-дәрмектер мен сұйығы бар ыдыстарды алады. Ұсталынған адам лақтырып тастамауын болғызбас үшін іске қатысы бар басқа да заттар алынады. Мысалы, есірткі заттар. Қажетті жайға жеткізілгеннен кейін жеке адамды тінтуді тиянақты жүргізеді, киім мен аяқ киімін мұқият қарау үшін шешуді ұсынады.
Көбіне көп ізделінген заттарды жағаның астына, белбеудің астына жасырады, жеңнің ішінен, кеудеге, шалбар ішіне асып қояды, аяқ саусақтарының арасына, шұлық ішіне және ұлтарақ астына жасырады. Егер де затты жұтып қойды деген негіз болса, онда адамды ренгенттік қондырғылар арқылы тексеру керек. Кейде қылмыскерлер заттарды басқа қаптамаларда сақтайды – қалталар мен дорбаларды кесуге арналған бәкілік алмастарды сіріңке қабында, ал есірткі заттарды дәрі-дәрмектердің қалбырында сақтауы мүмкін.
Көлік құралдарын тінту - жеке басы үшін қолданылатын автокөліктердің тез өсуіне байланысты пайда болған құқық қорғау органдарының тәжірибесіндегі тінтудің жаңа түрі. Көлік құралдарын тінту үшін прокурор рұқсат берген жеке қаулы қажет. Егер көлік құралдары тінтіліп жатқан жайда тұрса, онда жеке қаулы қажет емес.
Жеке автокөлікті тінтуді багажнигінен бастау керек, өйткені көліктің барлық бөлшектерін тексеру қажет.
Тінту кезінде қолданылатын техникалық құралдар іздеу және бекіту құралдары болып бөлшектенеді. Үй-жайды тінту кезінде мына іздеу құралдарын қолданады: жұмсақ жиһазды, көрпені, жастықты, азық-түлік заттарын (бидай салынған қаптарды) түйреп көру үшін істіктер, құпия қойманы іздеу кезінде ұрғылап көру үшін жеңіл балға, қабырғаның қалыңдығын өлшеу үшін метрлік, қуыстығын жарықпен анықтауға арналған шам, қан іздерін табу үшін лиминол мен ультракүлгін жарықтандырғыш.
Ашық жерлерде іздеу кезінде темір іздегіш, әр түрлі істіктер, суда іздеу үшін - ырғақтар мен ілгіштер, магниттік көтергіштер.
Тінту тактикасы ізделінген объектілерді объектілерді оқиғаны тергеу мен тінту жағдайларының ерекшеліктерін ескеріп криминалистикалық тәсілдерді дұрыс қолданудан тұрады.
Тінтуді жүргізудің төрт кезеңі бар:
Тінту жүргізудің тактикалық тәсілдерін төмендегідей етіп бөлуге болады:
Информация о работе Алдын ала тергеуде саусақ өрнектері бойынша сараптау