Алдын ала тергеуде саусақ өрнектері бойынша сараптау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Сентября 2013 в 13:51, курсовая работа

Краткое описание

Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер алдыма қойылған:
- тергеу амалдарының түсінігі және жүйесін (жіктелуі) ашып жазу;
- тінту мен алу, талаптары мен түрлерін толық талдау;
- жауап алу және беттестірудің қылмыстық іс-жүргізушілік және криминалистикалық негіздерін қарстыру;
- тану тергеу әрекетінің мазмұны мен үрдістік жолдарын талдау;
- тексеру, эксгумация және куәландыру тергеу үрдістерінің криминалистік тәсілдері мен маңызын айқындау;
- айғақ заттарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау, тергеу экспериментінің үрдістік мазмұның ашып жазу.

Содержание

Кіріспе 5
1.Тергеу амалдарының түсінігі және жүйесі 8
1.1 Тергеу амалдарының түсінігі 8
1.2 Тергеу амалдарының түрлері және жүйесі 14
2. Жекеленген тергеу амалдары және оларды жүргізу талаптары 24
2.1 Тінту мен алу 24
2.2 Жауап алу мен беттестіру 39
2.3 Тану 46
2.4 Тексеру эксгумация және куәландыру 49
2.5 Айғақ заттарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау 54
Қорытынды 65
Әдебиеттер тізімі 68
Қосымша 71

Вложенные файлы: 1 файл

ГОТОВЫЙ ДИПЛОМНЫЙ (2).doc

— 478.50 Кб (Скачать файл)

Тұтас алғанда, қылмыстық  процестің тиісті қатысушысы туралы мәселе маңызды болып табылады, өйткені  ол қылмыстық ізге түсуді, қылмыстық  істі сотта қарап, шешуді жүзеге асыратын адамдар мен уәкілетті органдар қызметінің зандылығын бағалаудың өлшемі бола алады.

Төртінші шарт тергеу барысында фактілер жөніңце тергеп тексеру процесінде алынған мөліметтерді уақыт аралығында сақтау қажетгігіне байланысты. Сонымен қатар, тергеу іс-әрекетгерінің барысы мен нәтижелерін хаттамаға түсіру оны жүргізудің заңдылығын бағалауға, оны занда көрсетілген мүдделі адамдардың игілігіне айналдыруға (мысалы, айыпталушыны қылмыстық істің материалдарымен таныстыру туралы ереже іс жүргізу әрекетгерін жазбаша түсіру жолымен ғана қоданылуы мүмкін) мүмкіндік береді, оларды зерттеп, талдау іс жөнінде, зандылықтың сақталуын қадағалау жөнінде тергеу болжамын құру үшін негіз болады. Ең ақырында, тергеу іс-әрекетгерінің хатгамалары істі сотга қарау кезіңде бағалау объектілері больш табьшады.

Сонымен, тергеу іс-әрекеттерін  жүргізудің жалпы ережелері мен  жалпы шарттарын орынды ұштастыру, оларды сақтау қылмыстық сот ісін жүргізу зандылығының өзіндік кепілі болып саналады.

Жүргізілген тергеу іс-әрекетгерінің барысы мен нәтижелерін жазып отыру аса маңызды іс жүргізу мәселелерінің бірі болып табылады. Соттың істі мәніне қарай шешу үшін маңызы  бар дәлелдемелерді тануы не дәлелдеу күші  жоқ фактілер туралы белгілі бір мәліметгерді  шығарып тастау  жөнінде шешім қабылдауы осыған қатысты заңның нұсқауларын дәлме-дәл сақтауға байланысты. Мұнда мынадай үш кезеңді ескеру маңызды:   1) хаттамада тергеу іс-әрекетгерінің барлық кезеңдерін дәлме-дәл көрсету; 2) тергеу іс-әрекеттерін жүргізу ережелерін дәлме-дәл сақтау; 3) тергеу іс-әрекетгерінің хаттамасын жасау ережелерін  дәлме-дәл сақтау.

Тергеу іс-әрекеттерінің  хаттамасын жасау уақыты. Мұнда Заң  екі нұсқаны көздейді : 1) тергеу іс-әрекеттерін  жүргізу барысында; 2 ) тікелей ол аяқталған соң. Хаттаманы жасау  уақытын таңдаудың принциптік маңызы жоқ Тергеуші хаттаманы қашан жасау керектігін нақты жағдайларға  қарай шешеді. Мәселен, оқиға болған жерді тәуліктің қараңғы кезінде, қолайсыз ауа райы жағдайында тексерген және т.с.с. кезінде хаттаманы тергеушінің қызмет бөлмесінде жасауға болады. Мұнда тергеу іс-әрекеттерінің барысы мен нәтижелерін хаттамада толық көрсету үшін тергеуші жөне оны жүргізуге қатысқан өзге де адамдар тікелей оқиға болған жерді тексеру кезінде жұмыс жазбаларын жасап, кейін қажетгі мәліметтерді хаттамаға немесе оның қосымшасына енгізуге құқылы.

 Тергеу іс-әрекеттерінің хаттамасын жасау өдісі. Заңда бұл жөнінде қатаң талап көзделмеген. Хаттама былай жасалуы мүмкін: 1) қолмен жазылған; 2) жазу машинкасында басылған; 3) компьютерлік әдіспен теріліп, принтерден шығарылған болуы мүмкіны. Сонымен, хаттаманың жасалу әдісінің, техникасының айтарлықтай рөлі жоқ. Ең маңыздысы - бұл құжаттың мазмұны жөнінен қойылатын талаптарға сай болуы, оқу мен түсінуге қолайлылығы, яғни басынан аяғына дейін бір тілде жазылуы немесе түпнұсқаның мәтіні тергеу іс-әрекетіне қатысушының тілінде болып, сот ісі жүргізілетін тілге бірдей аударылуы. Хаттама міндетті түрде қағазда жасалады. Бұл хаттаманың мәтінін дербес электронды есептеу ма-шинасының жадында сақтау кейін қажетті қолдарды қойып, оны қылмыстық істің материалдарына қосу арқылы хаттаманы қағазға басып шығару туралы талаптардың күшінде болатынын білдіреді. Хаттаманы қағазға түсірудің мынадай тұрғыдан маңызы бар:

- хаттамаға түсірілген  хабарлама (факгілер жөніндегі  мәлімеггер) ұзақ уақыт сақталады;

- істің материалдарына  оңай қосылады;

- қажет болған жағдайда  хатгамадан кез келген көшірмені,  оның ішінде кебейту аппаратының  көмегімен түсіріп алуға болады;

- істе болатын материалдарға  талдау жүргізгенде, тергеу бол-жамдарын  жасауда, іс бойынша тергеп тексерудің бұдан былайғы барысын жоспарлауда оларды пайдалану ыңғайлы болады.

Тергеу іс-әрекеттері хаттамасының реквизиттері. Заң кез  келген тергеу іс- әрекетінің хаттамсы үшін қажет болатын мағұлматтар  тізбесін белгілеген, олардың нұсқаулары белгілі құжаттың заңдылығын, іс-әрекетті жүргізудің дұрыстығын танудың міндетті элементі болып табылады.

Тергеу іс-әрекеттерінің  барысын хаттамада баяндау тәртібі. ҚІЖК іс жүргізу әрекеттерін хаттмада болған орнына қарай, оларды жүргізу кезінде анықталған іс үшін елеулі мән-жайларды, сондай-ақ тергеу іс әрекеттерін жүргізуге қатысқан адамдардың мәлімдемелерін баяндауды ұсынады. Бұл қағиданы заңда баянды етілуі мынадай ережелерге байланысты;

  • хаттаманың негізінде нақты тергеу іс әрекеттерін жүргізу рәсімін сақтаудың дұрыстығын анықтауға болады. Тергеу іс әректтерін жүргізу тәртібінің сақталмауы оны заңсыз деп ал оның нәтижесінде алынған фактілер туралы мәліметтерді – күмәнді деп тануға әкеп соқтыруы мүмкін;
  • жекелеген тергеу іс әректтерін жүргізудің креминалистикалық әдістемесі ғылыми негізделген ұсыныстар береді, оларды сақтау оңтайлы нәтижелерге жеткізеді, істі тергеп тексеру нәтижесінде алынған қорытынды мағлұматтардың тазалығын қамтамасыз етеді. Хаттама бойынша әр қашан креминалистикалық әдістеме саласы ұсыныстарының сақталу-сақталмауы туралы қорытынды жасауға болады. Қажет болған тұстарда орын алған ол қылықтарды осы тергеу іс әрекеттің қайталап жүргізу кезінде жоюға болады.

Тергеу іс әрекеттерін  жүргізу кезінде ғылыми техникалық құралдарды қолдану. Қылмыстық істерді тергеп тексерудің қазіргі әдістері іс жүзінде қылмыскерлер пайдаланылатын әдістер мен құралдардың өзіндік бейнеленуі болып табылады.Социумның қылмысқа бағдарланған элементтерінің техникалық жарақтану деңгейі қылмысты тергеп тексеруде оларға бара бар жоғарғы технологиялық әдістеме мен ерекше құралдарды қолдануды әділ талап етеді. Ғылыми техникалық құралдардың жиынтығы айтарлықтай ұлғайды.

Тергеу іс әрекетінің хаттамасын жасауға пайдаланылатын жазу машинкасы, дербес электронды есептеу  машинасы ғылыми техникалық құралдарға жатпайтынын есте ұстау қажет.

Тергеу іс әрекеттеріне қатысушыларға хаттамамен танысу үшін оны беру көрсету тәртібі. Тергеу іс әрекетін жүргізу және бұл туралы тиісті хаттама жасау аяқталған  соң хаттама міндетті түрде іс әрекетке қатысушыларға танысу үшін беріледі. Бұл хаттамаға әлде бір жансақтықтардың, қате мәліметтердің еніп кетуіне жол бермеу үшін немесе іс үшін маңызы бар жетіспейтін мәліметтердің орнын толтыру үшін істеледі. Хаттмамен танысу алдында тергеу іс әреттеріне қатысушыларға хаттамаға енгізілуі тиіс ескертпелер жасау құқығы түсіндіріледі. Хаттмаға ескертулер түзетулер енгізуде олар ескеріліп айтыладыда, тергеу іс әрекеттеріне тиісті қатысушылардың қол қюымен күәләндырылады.

Тергеу іс әрекетінің хаттмасына қол қою. Хаттмаға төмендегідей тергеу іс әрекетіне қатысушылардың бәрі түгел қол қоюы тиіс: тергеу әрекетіне іс жүргізу жетекшілігін жүзеге асырған немесе тікелей оны жүргізген адам (анықтаушы, тергеуші, прокурор); жауап алған адам; аудармашы; маман (педагог, психолог, дәрігер, және т.б); егер осы тергеу іс әрекетін жүргізуде оларды  қатыстыру көзделген болса, күәгерлер, сондай-ақ барлық басқа адамдар.

Хаттаманың қосымшалары. Тергеу іс әрекеттерін жүргізуде  ғылыми техникалық құралдарды, кино түсүрілімдерін, дыбыс және бейне жазбаларды қолдану, оған мамандардың қатысуы сызбалар, жоспарлар, сұлбалар, көшірме үлгілер және із таңбалар жасауға, диапозитивтер, фото суреттер және т.с.с дайындауға ұласады. Сондықтан барлық аталған материалдар (заттар) тиісті тергеу іс әрекетінің хаттамасына қоса беріліп, ол туралы хаттамада белгі жасалады.

Тергеу іс әрекеттерін  жүргізуге маманның қатысуы. ҚІЖК-нің 84-бабының 2-бөлігіне сәйкес тергеу іс әрекеттерін жүргізуге қатысу үшін шақырылған маман өзінің қатысуымен жүргізілетін іс әрекеттердің барысымен нәтижелерін жазбаша түсірудің толықтығымен дұрыстығына қатысты хаттамаға енгізуге жататын мәлімдемелер мен ескертпелер жасауға құқылы. Маманның тергеу іс әрекеттері барысында ұсынған ресми құжаттары тиісті хаттмаға қоса беріледі.

Тергеу іс әрекеттеріне қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары. Тергеу іс әрекеттеріне қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдау үшін негіз болған жағдайларда тергеуші бұл адамдарға ҚІЖК-нің 203-бабының 3-бөлігінде көзделген мағұлматтарды тергеу іс әрекетінің хаттмасында көрсеипеуге құқылы. Мұндай шешімнің қабылдануы дербес қаулі арқылы рәсімделеді. Іс бір тергеушіден екінші тергеушіге берілетін немесе тергеу ісін тергеушілер тобы жүргізетін жағдайларда оларда осы қаулымен танысуға құқылы.

Тергеу амалдарының  істелу ретіне байланысты, құқықтық әдебиеттерде оларды: алғашқы (қарау ҚІЖК 221-б, 1-т  және сараптама жасау ҚІЖК 32-б), кейінге  қалдырылмайтын (ҚІЖК 200-б) және кейінгі  тергеу амалдары. Бірақ мұндай бөлу шартты болып табылады.

Тергеу амалдарын жүйелеудің басқа да шарттары бар. Мысалы істелу ретіне және тағайындалуына байланысты тергеу амалдары: кейінге қалдырылмайтын және басқа да алғашқы және қайта  тағайындалған, қаулы бойынша немесе жасалатын және тағы басқа болып бөлінеді.

Ақпаратты алу қайнар көздеріне кең таралған, осы негізге  байланысты тергеу амалдары, келесі әрекеттерге  дифференциаланады және оның көмегі арқылы көмек алады:

а) заттардан;

б) адамдардан;

в) заттардан және адамдардан (аралас).

Тергеу амалдарын осындай жүйелеуде дәлелдемелердің қайнар көздерін әдеттегі жеке және заттық деп бөлу есепке алынады.

Зерттелу объектісіне  байланысты оларды үш топқа бөлуге болады:

  1. Вербальді (ауызша ақпарат бойынша алынған);
  2. Нонвербальді (заттық – кеңістіктік белгілерде көрсетілген: пішіні, көлемі, өлшемі және т.б. – сонымен қатар затты тікелей зерттеумен байланысты. Мысалы: қарау, тінту.);
  3. Аралас (нәтижесінде екі түрлі ақпарат көрсетілетін комплексті жүргізілетін әрекеттер. Мысалы: ұстау, тануға ұсыну, сараптама.).

Тергеу амалдарын, оларға қатысушыларға байланысты да жүйелеуге болады.

Дәлелдеу субъектісі болуына немесе болмауына байланысты емес, тергеу амалдарына әрбір қатысушы, тергеуші ақпаратты алу кезінде  арнайы функцияны атқарады.

Осы көзқарасқа байланысты барлық қатысушыларды төрт топқа бөлуге болады:

  1. Дәлелдемелік ақпаттары бар және тергеу амалдары бар кезінде оны тергеушіге беруші тұлғалар (куәлар);
  2. Өздерінің арнайы білімдерін пайдалану арқылы тергеушіге дәлелдемелік ақпаратты жинауға, зерттеуге және бекітуге көмектесетін тұлғалар (сарапшылар, мамандар);
  3. Қатысуы іс матеряалдарындағы дәлелдемелік ақпараттың толық және объективті алынуын қадағалау құралы болып табылатын тұлғалар (куәгелер);
  4. Тергеу амалдарына қосымша қатысушылар (күзетшілер, тінту жүргізу кезіндегі отбасы мүшелері, алынған затты тасымалдаушылар, статистер және т.б).

Тергеу амалдарының  жүргізілуі және нәтижесі, сәйкесінше хаттамада көрсетіледі.

Тергеу амалдары жөніндегі  нормалар, тергеушінің және дәлелдеме  жинау процессіне қатысушылар тәртібін реттейтін, нақты регламенттелген ережелер жүйесін құрайды. Осы нормалардың құрамдық – логикалық анализі, тергеушіге және тергеу амалына қатысушы басқа да тұлғаларға бағытталған аса маңызды бөлімдерді ұқсастық белгісі бойынша топтастырып, бөлектеуге көмектеседі. Бұл жалпы тергеу амалы институтының ішкі құрамынан жалпы түсінік алуға көмектеседі, ол бір – бірімен тығыз үш топтық ережені құрайды.

Біріншісі гипотизаны анықтайды, яғни тергеу амалдарының қай уақытта  жүргізілуі жөніндегі шарттары.

Екіншісі, саны жағынан  ең көбі, ал тергеушінің және тергеу амалдарына қатысушылардың тікелей регламенттелген тәртібін және ережелер мен норманың диспозициясын анықтайды. Ол ережелер келесіні анықтайды:

  1. Тергеу амалдарына қатысушы тұлғалар шеңбері және олардың құқықтары мен міндеттері;
  2. Тергеу амалдарына қатысушылардың құқықтарының және заңды мүдделерінің кепілдігі;
  3. Тінту және іздестіру шараларының негізі және олардың тиімділігін қамтамасыз ету шарттары;
  4. Куәландыру шараларының мазмұны;

Ережелердің үшінші тобы санкцияны анықтайды, яғни тергеушінің, тергеу амалдарына қатысушы тұлғаларға жүктелген міндеттерді істетуге бағытталған мәжбүрлеу шаралары. [2.6. Б.45]

Осы ережелердің қосындысы  тергеу амалын жүргізу жөніндегі  шешімнің негіздігін, оның жеткілікті танымдық әсерін, шындықты жасыруға мүдделі тұлғалардың әрекеттеріне қарамастан қажетті дәлелдемелік ақпаратты алу. 

2. Жекеленген тергеу  амалдары және оларды жүргізу  талапртары

2.1 Тінту мен алу

 

 

Тінту немесе алу тергеушінің  дәлелді қаулысыньщ негізінде жүзеге асырылады. Көрсетілген тергеу іс-әрекеттерін жүргізу туралы қаулы оларды жүргізуге қатысатын адамдарға жарияланады және оларға танысу үшін көрсетіледі.

Тергеуші тінтуге немесе алуға қатысатын айғақ адамдар  мен мамандарға олардың құқықтары  мен міндеттерін түсіндіреді. Айғақ  адамдар тергеушінің барлық іс-әрекетіне қатысып, хаттамаға енгізілуге жататын жүргізілген іс-әрекетгер жөнінде ескертпелер жасауы тиіс.

Тұрғын үй-жайларда тінту  немесе алу оларда тұратын кәмелетке  толған адамның, ал ол келе алмайтын жағдайда - жергілікті атқару органы өкілінің қатысуымен жүргізіледі. Ұйымның үй-жайлары мен аумағында тінту немесе алу олардың әкімшіліктері өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі.

Дипломатиялық өкілдер  орналасқан, сондай-ақ дипломатиялық  өкілдікгердің мүшелері мен олардың  отбасылары тұрып жатқан үй-жайлада тінту мен алу дипломатиялық өкілдік басшысының немесе оның орнындағы адамның өтініші бойынша немесе олардың келісімімен және олардың көзінше жүргізіледі. Тінту мен алуға дипломатиялық өкілдің келісімі ҚР Сыртқы істер министрлігі арқылы сұралады. Тінту жөне алу кезінде прокурордың жөне ҚР Сыртқы істер министрлігі өкілінің қатысуы міндетті болып есептеледі.

Информация о работе Алдын ала тергеуде саусақ өрнектері бойынша сараптау