Мұсылман құқығы ғылымының тараулары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2014 в 15:02, курсовая работа

Краткое описание

Мемлекеттің құқықтық жүйесінің пайда болуы мен даму тарихына барлық қоғамның рухани мәдениеті: дін, философия, мораль, бейнелеу мәдениеті, ғылым әсер етеді. Мұсылман құқығының қалыптасуында шешуші рөлді дін алды. Мұсылманға қажетті заңдар мен ережелер Мұхаммед пен оның жақтастарымен айтылып кеткен деп есептелінеді. Сондықтан, мемлекет жаңа заңдар шығармай, тек Алла жолын ғана ұстану керек.
Шығыстағы орта ғасырлық өркениеттің ең маңызды құбылысы – мұсылман құқығы (шариғат).

Содержание

КІРІСПЕ.......................................................................................................................3
І МҰСЫЛМАН ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ..................................5
1.1 Мұсылман құқығының мәні және мазмұны........................................................5
1.2 Мұсылман құқығының бастаулары...................................................................13
1.3 Мұсылман құқығы жүйесінің ерекшеліктері....................................................15
2 МҰСЫЛМАН ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ
2.1 Мұсылман құқығы ғылымының тараулары......................................................18
2.2 Отбасылық және мұрагерлік құқық ерекшеліктері..........................................22
2.3 Меншік қатынастарын құқықтық реттеу.........................................................25
2.4 Қазіргі кезеңдегі мұсылман құқығы..................................................................27
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР............................................................................32

Вложенные файлы: 1 файл

Мусылмандык кукык.doc

— 253.00 Кб (Скачать файл)

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ.......................................................................................................................3

 

І МҰСЫЛМАН ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ..................................5

 

1.1 Мұсылман құқығының мәні және мазмұны........................................................5

1.2 Мұсылман құқығының бастаулары...................................................................13

1.3 Мұсылман құқығы жүйесінің ерекшеліктері....................................................15

 

2 МҰСЫЛМАН ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҚАЙНАР  КӨЗДЕРІ

 

2.1 Мұсылман құқығы ғылымының  тараулары......................................................18

2.2 Отбасылық және мұрагерлік құқық ерекшеліктері..........................................22

2.3 Меншік қатынастарын құқықтық  реттеу.........................................................25

2.4 Қазіргі кезеңдегі мұсылман құқығы..................................................................27

 

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................30

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР............................................................................32

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Мемлекеттің құқықтық жүйесінің  пайда болуы мен даму тарихына барлық қоғамның рухани мәдениеті: дін, философия, мораль, бейнелеу мәдениеті, ғылым әсер етеді. Мұсылман құқығының қалыптасуында шешуші рөлді дін алды. Мұсылманға қажетті заңдар мен ережелер Мұхаммед пен оның жақтастарымен айтылып кеткен деп есептелінеді. Сондықтан, мемлекет жаңа заңдар шығармай, тек Алла жолын ғана ұстану керек.

Шығыстағы орта ғасырлық өркениеттің ең маңызды құбылысы – мұсылман құқығы (шариғат). Бұл  құқықтық жүйе, ең алдымен Араб халифатында  пайда болып, кейіннен әлемдік сипат  алды. Оның даму  тарихы араб мемлекетінің эволюциясымен, VІІ ғ.патриархалдық  діни қоғамнан  VІІІ-Х ғ.ғ. Омеяд және Аббасид династиясының ірі империясына дейінгі дамуымен тығыз байланысты. Араб халифаты құлағаннан кейін мұсылман құқығы өз маңыздылығын жоғалтпай, ислам дінін қабылдаған Азия және Африка елдеріндегі негізгі құқықтық ережеге айналды.

Мұсылман құқығы –  мұсылман діні Исламның негізінде құрастырылған  ережелер жүйесі.

Ислам бойынша қалыптасқан  құқық адамға Мұхаммед арқылы Алладан  келген. Ол қоғамның барлық әлеуметтік өмірін қамтиды.

Мұсылман құқығының  төрт бастауы бар:

1.Алланың соңғы елшісі  Мұхамедке айтқан ережелерінен  тұратын киелі кітап - Құран 

2.Мұхамедтің сөздері  мен істерін талдайтын дәстүрлі  ережелер жиынтығы - Сұнна. 

3.Құран ережелерін  талдаған ұлы мұсылман ғалымдарының пікірлері – Иджма

4.Мұсылмандардың алғашқы  бастауларында көрсетілмеген өмірлік  құбылыстарын  сәйкесінше талдау  – Қияс.

Мұсылман құқығына тән: институттардың ежелден бері келуі, кездейсоқтық  және жүйенің жоқтығы. Ол мешіт құқығы, дін жолындағы  қоғам құқығы. Салт-дәстүр мұсылман құқығына кірмейді және оның бастауы бола алмайды.

Құқықтық қызметте келісімдер жиі қолданылады, ол мұсылман құқығының  ережелеріне бірқатар өзгеріс әкелуі мүмкін, бірақ ол міндетті болып  есептелінбейді. Бұл жүйе оны талқылау болмаған кезде, б.з.д. Х ғ жойылып кетті.

Мұсылман құқығының  негізгі мазмұны – дін адамының іс -әрекеті мен ережелерді ұстанбаған кезде қолданылатын жазалар түрінде  болады. Алғашқы кезден-ақ ислам, тек  діни салттарды ғана емес, сонымен  қатар әлеуметтік институттарды, меншік түрлерін, құқық ерекшеліктерін, философия, саяси құрылыс, этика, мораль және әлеуметтік психология ерекшеліктерін де қарастырады, бірақ, бірінші орында рухани өмір болады.

Мұсылман құқығы (шариғат) – Құран және Сұнна негізінде  құрастырылған,  мемлекеттік, мұрагерлік, қылмыстық және  неке-отбасы құқығынан тұратын діни жинақ. Сонымен, шариғат – исламның діни –мистикалық ұғымдарымен тығыз байланысты құқықтық ереже.

Курстық жұмыстың мақсаты: Мұсылман құқығының қайнар көздерін анықтап зерттеу.

Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қойылды:

- мұсылман құқығының жалпы түсінігін беру;

-мұсылман құқығының бастауларын зерттеу;

-мұсылман құқығы жүйесінің ерекшеліктерін зерделеу;

-мұсылман құқығы ғылымының тарауларын анықтау;

-отбасылық және мұрагерлік құқық ерекшеліктерін талдау;

-меншік қатынастарын құқықтық  реттеу мәні;

-қылмыс, жаза, сот ісін анықтау;

-қазіргі кезеңдегі мұсылман құқығын

Осы күндері мұсылман елдерінің көпшілігінде мемлекеттік  ақсүйектер ұйымдары құрылған, бірақ  олар діни соттарды сақтайды. Шариғат сотының сақталуы дін иелерінің саясатқа, халықтың азаматтық құқығына араласуына кең жол ашты. Бұндай жағдай қоғамдық-философиялык ойдың дамуына, өмірге материалистік тұрғыдан қарауға кедергі жасады. Көзқарастары демократиялық тұрғыда қалыптасқан адамдар да дін иелерінің қудалауына түспес үшін өздерінің пікірлерін ислам діні қағидаларымен тиянақтап отыруларына тура келді. Ислам мен шариғат осы күнге дейін Азия мен Африка мемлекеттерінде өзінің үлкен ықпалын жүргізуі, кейбір жағдайларда елдердің дамуына кері әсерін де тигізді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І МҰСЫЛМАН ҚҰҚЫҒЫ

 

1.1 Мұсылман құқығының негізгі мазмұны

 

Мұсылман құқығының  негізгі мазмұны – дін адамының іс -әрекеті мен ережелерді ұстанбаған кезде қолданылатын жазалар түрінде  болады. Алғашқы кезден-ақ ислам, тек діни салттарды ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік институттарды, меншік түрлерін, құқық ерекшеліктерін, философия, саяси құрылыс, этика, мораль және әлеуметтік психология ерекшеліктерін де қарастырады, бірақ, бірінші орында рухани өмір болады.

Мұсылман құқығы (шариғат) – Құран және Сұнна негізінде  құрастырылған,  мемлекеттік, мұрагерлік, қылмыстық және  неке-отбасы құқығынан  тұратын діни жинақ. Сонымен, шариғат  – исламның діни –мистикалық ұғымдарымен  тығыз байланысты құқықтық ереже.

Ислам құқықтық ережені  Алланың заңдары мен тәртібінің бір бөлігі ретінде қарастырады. Осыған сәйкес, бұйрықтар мен тиымдарға  да ерекше қасиет беріледі.

Құқықтың Исламмен тығыз  байланысын мұсылманның шариғатта  көрсетілген 5 түрлі іс-әрекетінен көруге болады:1

1.Міндетті

2.Кеңес беру

3.Рұқсат етілген

4.Кінә қойылады, бірақ  жаза қолданылмайды

5.Тиым салынған және  жаза қолдану. 

Шариғаттың негізгі  бағыты - әр түрлі өмірлік жағдайды діни тұрғыдан бағалау. Сондықтан, шариғаттың негізгі ерекшелігі, ол тек мұсылмандарға және мұсылмандар қарым-қатынасына ғана байланысты. Шариғат қағидасы үшке бөлінеді: ғибадат (діни салтқа байланысты міндет), муамалят (тек қана заңдық ережелер) және укубат (жазалау жүйесі).

Шариғат ережелері көптүрлі және қатал. Ол адамның қоғаммен, отбасымен қарым-қатынасын, азаматтық қатынастары, мүліктік дауларды шешу ереже-лерін қамтиды. Шарғат ережелерін бұзғандарға қатал жаза қолданылады.

Шариғаттың Европа елдеріндегі  құқықтық ережелерден үлкен айырмашы-лығы бар. Ол қоғамдық өмір мен мешітті реттеп қана қоймайды, сонымен қатар Азия мен Африка елдерінің басым көпшілігінде орнап, Орталық Азия мен Кавказдың бір бөлігіне, Оңтүстік Шығыс Азия  елдерінің бір қатарына әсерін тигізген ережелер жүйесін құрайды. Бірақ, ислам мен шариғаттың бұлай кең таралуы, оның көп салаларын әр елде әртүрлі өзгеріске түсірді. Сонымен, исламда екі бағыттың, ортодоксальды бағыт – суннизммен қатар, оған қарсы бағыт шиизмнің пайда болуына байланысты шариғатта бөлініс пайда болады.

Ескі мәдениеттердің исламға ықпалы - Исламды дүниенің түкпір-түкпірне тарату саясаты төрт халифа дәуірінде ерекше қарқын алды. Ирак, Иран, Сирия, Палестина, Солтүстік Африка, Европаға  фатх жорықтары жасалды. Фатхтардың мақсаты Ислам дінін барлық адамзатқа жариялау, құлағдар ету, халықтарды исламға шақыру, сүйіспеншілік пен бейбітшілікке жеткізу болатын. Ислам діні жылдам таралып, адамдар жаңа дінге топтасқан  түрде өз еріктерімен кіріп жатты. Бірақ, жаңа дінге кіргендер бұрынғы сенімдерінен, әдет-ғұрыптары мен мәдениеттерінің көптеген элементтерін мұсылмандар арасына алып келді.2

Ықпалдасудың нәтижесінде  жаңа өзгерістер пайда болды. Ал, бұл  өзгерістер жаңа мазхаптардың пайда  болуына әкеп соқтырды. Жабарие, Кадирие, Мутазалие, Мушаббихе, Шииттік және сол секілді мазхаптар осындай ықпалдастықтың нәтижесінде тарих сахнасына шықты. Ибн Хазм «ал-Фасл» атты еңбегінде ескі мәдениеттердің ықпалымен пайда болған ағымдар туралы былай дейді: «Бұл топтардың көбінің ислам дінінен шығуының себебі, парсылар ұлан-ғайыр аймақта өмір сүретін. Өздерін жоғары санып, өзге ұлттарға үстемдік ететін. Өздерін азат санап, өзгелерді құл-құтанға балайтын. Парсыларға өздері шекеден қарайтын арабтардың Сасаниттер патшалығын құлатуы оларға өте ауыр тиді. Осы себептен олар ұдайы Исламға түрлі  айла-шарғымен қарсы шығуын тоқтатпады. Алайда, барлық соғыстарда Алла-Тағала хақ жолын ұстанғандардың мерейін үстем етті. Олардың кейбіреулері тек сыртқы пішінмен ғана Исламды қабылдады. Парсылар Хз. Алиге жасалған зұлымдықтан кейін Шииттік ағымды қатты қолдады. Бірақ, олар Исламнан шыққан еді...»

Философияның ықпалы - Исламның атын жамылған кейбір бұзылған мазхаптардың пайда болуына көне Грек, Үнді, Месопатамия философиясының ықпалы болды. Өйткені, ескі философиялық теориялар Исламдық сенімдегі болмыс пен табиғат ұғымымен үйлесе бермейтін. Мұсылман ғалымдарының кейбірі ескі философиялық түсініктердің ығынан шыға алмады. Ислам тарихында алғашғы расатхана (обсервотория) Омаяттар халифасы Абдулмәліктің кезінде 707 жылы Шамда салынды. Ибн Кәсир Ислам сенімдеріне қайшы келетін Антика философиясының Исламның алғашқы жүз жылында мұсылмандарға танымал болғандығын айтады. Садреддин Ширази (Молла Садра) Сухравердиенің еңбектеріне сүйене отырып, Омаяттар дәуіріндегі ислам ғалымдарының ескі Грек философиясынан хабардар болғандығын айтып өтеді. Мысалы, Мутазалие ағымының өкілдері сенімдік мәселелердегі қолданған логикалық әдіс-тәсілдерді философтардан алды. Ал, Мутазалие мазхабы Омаяттар дәуірінде пайда болып, Аббаситтер дәуірінде өзінің шарықтау шегіне жетті. Антика философиясының шығармаларын жүйелі түрде араб тіліне аудару Аббаситтер халифы Мамун, Мутасым кезінде қолға алынды. Алғашқы мұсылман философы әл-Кинди, әл-Фараби, Ибн-Синалардың дүниетанымына көне грек философиясының әсері мол болды. Бұлай исламнан бұрынғы дүниені танып білу турасындағы философтардың көзқарастарының  мұсылмандарға әсер етуі өз кезегінде ойшылдар арасында талас-тартыс тудырды. Әл-Фарабилер мен Имам Ғазалилердің арасындағы талас-тартыстар осыған дәлел бола алады.

Тылсымды танудағы талас-тартыстар  - Ислам сеніміне дәлел келтірудегі рационалистік түсінік мұсылман ғалымдарын әртүрлі ойларға жетелеп, соның нәтижесінде түрлі ағымдар пайда болды. Алла-Тағаланың сыпаттарына дәлел келтіру мен құдыретін танып-білу және басқа да мәселелер жөнінде ғалымдар түрлі әдіс-тәсілдер қолданды. Бұндай мұсылмандық сенімге қатысты түрлі көзқарастардың болуы, мұсылмандардың жіктелуінен әкеп соқтырды.

Құран-Кәрімнің аяттарына  қатысты тартыстар - Құран-Кәрімнің кейбір аяттар қысқа, кейбіреулері ұзын, көптеген аяттар өте анық және түсінікті, ал кейбір аяттар күрделі және көп мағыналы болы келеді. Бір ғана әріп пен сөзден тұратын аяттармен қатар жарты беттен тұратын аяттар да бар. Аяттардың көп бөлігін оңай түсінуге болады, бірақ кейбір аяттар түрлі мағыналар береді. Бұндай аяттарды түсіну аса қиын. Бұл жағдай мұсылмандардың аяттарды түсініп, білуде әртүрлі түсінікке итермеледі.

Осыған орай Құран  аяттары құрылымы мен мағыналарына қарай екіге бөлінеді:3

1. Мүхкам аяттар; нақты  және анық мағыналы, түсіндірілген  кезде мағынасы айқын болған  аяттар. Мұндай аяттарды оқып, тыңдаған кезде мағыналарын оңай түсінуге болады. Бұл анық мағынадан басқа түсінікке бару мүмкін емес. Құрандағы иман, ғибадат, ахлаққа қатысты аяттар мүхкам аяттар болып табылады.

2. Мүташабих аяттар; мағыналары  анық емес және әртүрлі түсінуге болатын аяттар. Бұл аяттарды «тәуил» (гипотеза) арқылы түсінуге болады. Аллаһтың сыпаттарына (қол, бет, ғарыш) байланысты аяттар мен жұмақ, тозақ, мизан, есепке тартылу, махшар және мухатта (бір немесе екі үш әріптерден тұратын аяттар) әріптерінен тұратын аяттар осы түрге жатады. Бұл аяттардың шын мағынасын Алла ғана біледі. Ғалымдар болжам жасап, оларды түсініп, анықтауға тырысады.

Алғашқыда, мүташабих  аяттарға болжам жасаушылық адасқандық саналды. Салафие деп аталған  алғашқы мұсылмандар мен мұсылмандық сенімнен ауытқымаған кейінгі ғалымдар мүташабих аяттарға болжам жасауға тырыспаған. Бұл мәселеде әлсіз екендіктерін мойындап, олардың мағыналарын Алла ғана біледі деп тұжырымдаған. Әйтседе, кейбір мұсылман ғалымдары өздерінің мүташабих аяттарды түсіне алатынын айтып, оларға тәуил жасап, анықтау жолына түскен. Халафие деп аталған бұл топ Құранның дінді түсіндіру үшін келгенін, сондықтан да оның барлық аяттарын білу керек екенін айтып, мүхкам аяттармен бірге ақыл арқылы мүташабих аяттарды анықтауға тырысқан. Бұндай болжамдар мұсылман қоғамында түрлі діни түсініктер мен мазхаптардың пайда болуына себеп болды. Мүжессиме, Мүшеббихе, Муаттыла, Хуруфие секілді діни ағымдар мүтешабих аяттарға тәуил жасау нәтижесінде пайда болды. Құран аяттарының захири және батыни мағыналарын зерттеп, осының нәтижесінде Захирилік және Батынилік секілді ағымдар да ортаға шықты.

Исламға дейiнгi кезеңде  арабтарда әйелдiң құқығы тым  төмен едi. Әсiресе, арабтар қыз балаларды тiрiдей жерге көметiн. Өлтiруге қимағандары қыздарын ұл балдарша киiндiрiп, жұрттан жасырып ұстайтын. Бұлай әйелдiң мәртебесiн тым төмендететiн себебi, қыздар өскенде жезөкшелiк жасап, абыройымызға дақ түсiредi деп ойлайтын. Шынында да Исламға дейiнгi жабайы араб қоғамында жезөкшелiк ерекше асқынып тұрды. Кейбiр арабтар ұлдарын тектi ету үшiн әйелдерiн өз қолымен ақсүйек адамның төсегiне апарып жатқызатын. Жезөкше әйелдер жүктi болып қалған жағдайда, Кайф деген сәуегей келiп, еркектердiң бiрiне мына баланың әкесi сенсiң деп, оны зинадан туған балаға әке қылатын. Арабтардың "шиғар" деген некесi бойынша, қыздары бар арабтар бiр-бiрiне қыздарын қалың малсыз берiп үйленетiн. "Бәдел" деген неке бойынша, арабтар әйелдерiн бiр-бiрiне берiп айырбас жасайтын. Күйеуi өлген жесiрдi туыстарының бiрi зорлықпен өзiне әйел ететiн. Исламнан бұрынғы арабтардың азғынданғаны соншалықты, тiптi олар өгей шешелерiне дейiн үйлене беретiн едi.

Информация о работе Мұсылман құқығы ғылымының тараулары