Мұсылман құқығы ғылымының тараулары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2014 в 15:02, курсовая работа

Краткое описание

Мемлекеттің құқықтық жүйесінің пайда болуы мен даму тарихына барлық қоғамның рухани мәдениеті: дін, философия, мораль, бейнелеу мәдениеті, ғылым әсер етеді. Мұсылман құқығының қалыптасуында шешуші рөлді дін алды. Мұсылманға қажетті заңдар мен ережелер Мұхаммед пен оның жақтастарымен айтылып кеткен деп есептелінеді. Сондықтан, мемлекет жаңа заңдар шығармай, тек Алла жолын ғана ұстану керек.
Шығыстағы орта ғасырлық өркениеттің ең маңызды құбылысы – мұсылман құқығы (шариғат).

Содержание

КІРІСПЕ.......................................................................................................................3
І МҰСЫЛМАН ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ..................................5
1.1 Мұсылман құқығының мәні және мазмұны........................................................5
1.2 Мұсылман құқығының бастаулары...................................................................13
1.3 Мұсылман құқығы жүйесінің ерекшеліктері....................................................15
2 МҰСЫЛМАН ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ
2.1 Мұсылман құқығы ғылымының тараулары......................................................18
2.2 Отбасылық және мұрагерлік құқық ерекшеліктері..........................................22
2.3 Меншік қатынастарын құқықтық реттеу.........................................................25
2.4 Қазіргі кезеңдегі мұсылман құқығы..................................................................27
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР............................................................................32

Вложенные файлы: 1 файл

Мусылмандык кукык.doc

— 253.00 Кб (Скачать файл)

2. Бiрiншi әйелiнiң физиологиялық  тұрғыдан кемiстiгi (тумайтын бедеу  немесе әртүрлi ауруларға ұшыраса)  болса, келесi бiр әйелмен некеге  тұруға болады.

3. Туған жерiнен түрлi себептермен басқа елге өтiп  кеткен жағдайда, алты айдан кейiн басқа әйелмен некеге тұруға болады.

4. Соғыс жағдайында  ерi қайтыс болған жесiр әйелдердiң  ешқандай қараушысы болмаған  жағдайда немесе жоқшылықтан  зина жасауға баруы мүмкiн басы  бос әйелмен некеге тұруға  болады.

Осылайша Исламға дейiн  әйел затын құмарға қандырушы бiр сәттiк ләззатқа балаған араб қоғамына Ислам түбегейлi өзгерiстер әкелдi. Исламның келуiмен ескi тағылық, тұрпайы iс-әрекеттердiң бәрiне тыйым салынып, жеңiл жүрiс пен көңiл көтеру, зина секiлдi азғынданудан ада, пәк, белгiлi бiр тәртiпке бағынған абыройлы отбасылар пайда болды.

 

1.2 Мұсылман құқығының бастаулары

 

Орта ғасырлардағы шығыс  үшін Араб халифатында пайда болып, ең қолайлы бағытта дамыған құқықтық жүйе - Мұсылман құқығы - Шариғат болып  табылады. Шариғат жолы Орта Азияда, Закавказьеде, Шығыс, Батыс және Солтүстік Африкада, Оңтүстік және Оңтүстік-шығыс Азияда қолданыла бастады. Яғни, халифат жеткен жерге дейінгі аралықты қамтыды.

Мұсылман құқығы дін  ретінде феодалдық қатынастардың  дамуына және нығаюына мүмкіндік  туғызды. Мыңдаған жылдар бойғы құқық түрінің тұрақтылығы феодализм кезеңінде жаңа мазмұнмен толығып, феодалдардың мүддесін қорғады. Бұл діни тәртіп бодды, ірілі-уақты шарттарды қоғамдық өмірдің барлық жақтарында жүргізді.4

Мұсылман құқығының  әдебиеттегі бағасы әртүрлі сипатта, кейде тіпті қарама-қарсы мағынада қолданылады. Қазіргі замандағы мұсылман құқығының атқаратын маңызын көрсете отырып, француз ғалымы Давид Рене дүниежүзілік құқық жүйесіндегі мұсылман құқығының орнын анықтап берді. Давид Рене мыналарды бөліп көрсетеді: романдық-германиялық құқықтың отбасы, ортақ немесе роман-германиялық отбасы, социалистік құқықтық отбасы жүйесі, діни жүйелер. Діни жүйелер кезеңінде үшке белінеді: мұсылмандық, иудаизм және индуизм.

Мұсылмандық құқықтың дінмен байланысы, өзінің түбегейлі тұжырымдамасы және теориялық қайнар көзі арқылы басқа құқықтық, отбасылардан өте өзгешілігімен көзге түседі. Жеке құқық, отбасылық құқық, мұрагерлік құқық, мұсылмандық құқық нормаларымен қоғамдық қатынаста реттеледі.

Біз осы құқық жүйесінің  феодализм дәуіріндегі жағдайын, құрылу кезеңін әңгіме етеміз. Мұсылман құқық жүйесіндегі құқықтық діни этникалық нормалар, мазмұны жағынан әртүрлі болғанымен, бір-бірімен сабақтаса отырып, біртұтас біріккен кешен түзейді.

Мұсылман құқығы мен  мемлекеттің арақатынасының өзіндік ерекшелігі бар. Шариғаттың барлық нормалары Құран мен суннадан тұрады. Олардың құдайдың құдіретінен тыс болуы және принципті түрде  қолданылуы мүмкін емес. Алайда, мемлекет дін сенімінің негізі және діни міндеттердің орындалуы, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа нормалар енгізді. Соңғысы құқықтық норма болып қалыптасты.

Формальды құқықтың нұсқаларымен таныса отырып, оның мемлекетпен қатынасына көңіл бөлу керек. Мұсылман мемлекеттерінің  заң шығаратын формальды түпнұсқалары халифаттың алғашқы қалыптасу кезеңдерінде ғана қолданылған (ҮІІ-ҮІІІ ғғ.). Алайда бұл процесті тәмамдау мен мұсылман құқығының одан әрі дамуына тікелей мемлекеттік пәрмен бола қойған жоқ. Мемлекет құқықтың дамуы процесіне объективті түрде ықпал ете алмады.

Мұсылман құқығының  негізгі ерекшелігі - оның доктриналығы, құқықтанушы беделді оқымыстылардың еңбектері. Санкцияландырылған норма арқылы мемлекет өзінің рөлін жанамалай ғана орындап отырған. Бұл әрекет мұсылмандар құқығының доктриналығымен және өнегелілігімен тұжырымдалған. Мұсылман құқығында көпшілік және жеке құқық нормалары әрқашан тәуелсіз болып келді. "Мұсылман ойының бағыты, -деп жазды Р. Шарль, -қатаң тәртіп пен нақтылық жағдайында ешқашан тәуелді болмау".

Сол кезеңдерде түсініктілік және айқындылық принципі батыс үшін аса маңызды болып есептелді.

Мұсылман құқығы - дін  мен құқықтың сабақтасуының жарқын көрінісі. Мұсылман құқығы ғылымның жеке саласы емес, ол ислам ілімінің бір  ғана жағы. Бұл дін мыналардан тұрады: теологиялық догмалар жиынтығы, міне, мұсылмандар осы ұғымға сенуі керек: шариғат-адамгершілік жолы.

Шариғат адам баласы үшін жүзеге асуы міндетті идея ретінде  түзілген. Міндетін орындамаған жағдайда адам заң бұзушы болып табылады. Ислам әлемінде мемлекет жүргізіліп жатқан діннің қызметшісі ретінде маңызды  ірі теократиялық қоғамның тұжырымдамасына жетекшілік етеді. Таза құдай жолымен шектеліп қалмай, мұсылман заңгерлері мен теологтары жер жүзі исламға бағынатын құқықтар жүйесін жетілдірді. Ислам - заңның діні.

Мұсылман құқығы - мұсылман рухының шығу мазмұны, мұсылман идеологтарының ең түсінікті бағыты.

 

1.3 Мұсылман құқығының ерекшеліктері

 

45 афро-азиаттық мемлекеттердің  құқықтық жүйесі (Мароккодан Индонезияға  дейін) мұсылман құқығы жүйесіне  жатады. Ең негізгі мұсылман мемлекеттері болып 33 ел саналады( Иран, Ауғанстан, Турция, шығыс араб елдері, оңтүстік және оңтүстік шығыс Азия және Африка мемлекеттері және т.б.). Мұнда  80%-тен астам тұрғындар мұсылмандар болып саналады, ислам конституцияда мемлекеттік  дін ретінде жарияланған. 5

Мұсылман құқығы –  бұл  діни түрде көрсетілген және мұсылман діні – исламға негізделген  ережелер жүйесі. Исламның шығуы оны  өзінің пайғамбары Мұхамед арқылы Алланың  адамға тарихтың бір айқын кезінде  жеткізуінен шығады. Ол Омеяд кезінде біраз уақыт сасанидтік Иран, Византия құқығы және сонымен қатар кейде рим құқығы қолданылып тұрды. Бұл көздердің барлығы шариғаттың қалыптасуына аздаған сырттай және көзге түспейтіндей әсер етті, сонысымен шығыс және батыс мәдениетінің байланысын көрсетті. 

Бірақ ақыр аяғында дербес және өзіндік құқықтық жүйе ретіндегі  шариғаттың қайталанбастығын және өзіндік  бейнесін олар анықтамаған. Шариғаттың қалыптасуына Мұхамед пен оның төрт әділ халифтерінің қайраткерлігі ерекше маңызды рөл атқарды, пайғамбардың өсиет, пікірлері мен әрекеттерін түсіндіру жолымен мұсылмандардың қасиетті кітабы – Құран мен Сұнна құрастырылды. Құқықтық реттеу жағын ғана емес, әлеуметтік өмірдің барлық аумағын қамтиды. Алла құқығы адамға бір рет және мәңгілік берілген, бірақ діни жаңалықтар түсіндіру мен мәлімдеулерді қажет етеді. Ислам – үш әлемдік діннің ішіндегі ең жасы, бірақ кеңінен тараған. Бұл дін  мұсылман неге сенуі қажет; шар немесе шариғат, яғни діндарларға олар не істеп, не істемеуі қажет деген теологиядан тұрады.

Шариғат орыс тіліне аударғанда “қолдану жолы” дегенді білдіреді және мұсылман құқығы деп аталатынды құрайды. Бұл құқық мұсылман өзі міндеттемесін өзі сияқтыларға және құдайға қатысты бөлмей қалай ұстауы керектігін көрсетеді. Басқаша айтқанда, шариғат адамның иелігіндегі құқық емес, адамға жүктелген міндеттер идеясына негізделген. Міндеттерін орындамау күнә болып саналады, сондықтан мұсылман құқығы ереже бойынша бекітілген жазаларға көп көңіл бөле қоймайды. Ол мұсылмандар арасындағы қарым-қатынасты ғана реттейді. Исламда мемлекет діннің қызмет етушісі рөлін атқарады. Ислам өз мәні бойынша иудаизм секілді – заң діні болып табылады.

Мұсылман құқығының  төрт бастауы бар:

1. Алланың соңғы елшісі  Мұхамедке айтқан ережелерінен  тұратын киелі кітап - Құран 

2.Мұхамедтің сөздері мен істерін талдайтын дәстүрлі ережелер жиынтығы - Сұнна.

3. Құран ережелерін  талдаған ұлы мұсылман ғалымдарының  пікірлері – Иджма

4.Мұсылмандардың алғашқы  бастауларында көрсетілмеген өмірлік  құбылыстарын  сәйкесінше талдау  – Қияс.

Мұсылман құқығына тән: институттардың ежелден бері келуі, кездейсоқтық  және жүйенің жоқтығы. Ол мешіт құқығы, дін жолындағы қоғам құқығы. Салт-дәстүр мұсылман құқығына кірмейді және оның бастауы бола алмайды.

Құқықтық қызметте келісімдер жиі  қолданылады, ол мұсылман құқығының ережелеріне бірқатар өзгеріс әкелуі мүмкін, бірақ ол міндетті болып есептелінбейді. Бұл жүйе оны талқылау болмаған кезде, б.з.д. Х ғ жойылып кетті.

Қазіргі таңдағы Қазақстанның саясаты ұлтаралық, конфесcияаралық бейбітшілік пен келісімді орнатуға, қазіргі заманғы қазақстандық көпұлысты, көпмәдениетті қоғамдағы рухани-адамгершілік құндылықтардың жаңаша жүйесін құруға бағытталған. 

Дін кең мағынада алғанда адамзаттың көп ғасырлық тәжірибесінен көрінетін  мәдениеттің, оның ішінде рухани мәдениеттің  ажырамас бөлігі болып табылады

Қазақ халқының көрнекті ойшылдары  мен ағартушылары әл-Фараби, Қожа Ахмет Яссауи, Абай, Шәкәрім, Ы.Алтынсарин халықтардың тарихындағы дінге сенушіліктің рөлін және тұлғаның дүниетанымдылығын қалыптастыру кезіндегі діннің маңызын ашып көрсетті.

 «Дінтану негіздері» факультативтік  курсының мақсаты – оқушылардың  бойында рухани-адамгершілік құндылықтардың  негізінде сенімнің жүйесін және гуманистік дүниетанымды қалыптастыруға ықпал ету.

Міндеттері:6

1. білім алушылардың  діннің  тарихы және қазіргі замандағы оның рөлі туралы білімін жүйелендіру және тереңдету;

2.  діннің танымдық-дүниетанымдық  және гуманистік аспектілерін ашу;    

3. толеранттылыққа және  діни  білімнің қазіргі заманғы қайнар  көздерін сыни тұрғыда бағалай  білуге тәрбиелеу;

4. Қазақстандағы және әлемдегі  ұлтаралық, конфессияаралық келісімдерді  нығайтуға деген азаматтық міндеттерді  орындауға тәрбиелеуге ықпал  ету.

Бағдарламада материалды зерделеудегі сабақтастық, тарих, қоғамтану негіздері, әдебиет, өнер пәндерімен пән аралық байланыс көзделген.

Дінтану негіздерінің тәрбиелік мүмкіндігін  күшейтуге  ұйымдастырылған формаларды (жаппай, топтық, жеке) және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды (жобалық, пікір-сайыстық, ақпараттық-коммуникациялық және т.б.) қолдану арқылы қол жеткізуге болады.

Дәстүрлі сабақтармен қоса басқа: мәдени пікір алмасу, баспасөз конференциясы, пікір-сайыс сабақ, зерттеу сабақ, театрландырылған сабақ және т.б  стандартты емес сабақтарды  өткізу ұсынылады.

Бағдарламаны іске асыру  негізгі дидактикалық принциптерді сақтауды, пәнаралық және пәндік байланыстардың сақталуын, тарихпен, қоғамтанумен, құқықтанумен, өнермен, географиямен кіріктірілуін  талап етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 МҰСЫЛМАН ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ

 

2.1 Мұсылман  құқығы ғылымының тараулары

 

Мұсылман құқығы ғылымының  екі тарауы бар: шариғатты құрайтын тұтас бір кешенді түсініктер ережесі, шығу тектері, материалдық  мұсылман құқығының нормасына жататын  шешімдер.

Мұсылман құқығының  қайнар көздері:

1). Құран-ислам дінінің  бас кітабы.

2). Сунна-құдайға байланысты  дәстүрлер.

3). Иджма-мұсылман қоғамының  біртұтас келісімі.

4). Қияс-аналогиялық пікірлер.

Құран - Алланың соңғы  Пайғамбары Мұхаммедке жіберген қасиетті кітабы. Бірақ ол құқық кітабы немесе кодекс емес.

Сунна - Пайғамбардың тұрмыс-тіршілігі  жөнінде діни нанымдағылардың қалай  басқару керектігі туралы әңгімелейді. Мұсылмандық дәстүр, адаттың жинағы. Бұл Мұхаммедтің қағидаларының  бір тармағы. Бұл салттардың жинағы мұсылман құқығының теориясы болып есептеледі.

Иджма - докторлардың өзара  келісімінен құралған. Құран да, сунна да барлық сұраққа толық  жауап бере алмайды.

Мұндай күрделі жағдайда (қандай да бір сұраққа жауап жоқ  кезде), жауап орнына қатып қалған дайын догмалар мен мұсылман қоғамының тұтастығы мысал ретінде ұсынылады.7

1). Адат менің қоғамым  қате шешімді ешқашан қабылдамайды;

2). 115 қатар 4 өлеңнен  тұрады "кімде-кім наным жолына  жатпайтын басқа жол іздесе, ол  тозаққа тап болады"8. Иджма Еуропа салтына жатпайды. Ол жалпы мойындауды да талап етпейді. Талап ететіндер барша ілімді жетік білетін адамдар тобы. Олардың рөлі құқық белгілеуден тұрады. Оқымыстылар-пайғамбардың мұрагерлері. Құқық докторларының бір қалыппен ойлауы - исламның қағидаларының кең қанат жаюымен түсіндіріледі. Құранның практикалық мағынасы - сунна мен иджма. Мұсылман құқығының үш қайнар көзі, міне, осылар. Құран мен сунна негізгісі. Бірақ бүгінде бұл тек құқық ілімінің тарихи қайнар көздері, оларды қалай болса солай пайдаланбауы керек. Тек құқық кітаптары ғана иджманы мақұлдаған. Біздің жағдайымызда мұсылман құқығын оқу үшін пайдалану керек.

Мұсылман құқығы догма  негізінде біздің дәуіріміздің X ғасырында  өзгермейтіндей болып белгіленген. Ислам діні өкімет құқығының өзгерістерін мойындамайды. Мұсылман мемлекеттеріндегі үкімет басындағылар құқық қызметін заңды жолмен құра алмайды. Олар тек заң актілерін мұсылман құқығы рұқсат еткен мөлшерге дейін бере алады. Қияс - аналогияны құқық қолдану ретінде талқылауға болады. Құқық сенімдегілері діни істерге байланысты жүргізуі керек. Ол ақиқаттың айнасы деңгейіне көтерілуі шарт емес.

Информация о работе Мұсылман құқығы ғылымының тараулары