Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2014 в 15:02, курсовая работа
Мемлекеттің құқықтық жүйесінің пайда болуы мен даму тарихына барлық қоғамның рухани мәдениеті: дін, философия, мораль, бейнелеу мәдениеті, ғылым әсер етеді. Мұсылман құқығының қалыптасуында шешуші рөлді дін алды. Мұсылманға қажетті заңдар мен ережелер Мұхаммед пен оның жақтастарымен айтылып кеткен деп есептелінеді. Сондықтан, мемлекет жаңа заңдар шығармай, тек Алла жолын ғана ұстану керек.
Шығыстағы орта ғасырлық өркениеттің ең маңызды құбылысы – мұсылман құқығы (шариғат).
КІРІСПЕ.......................................................................................................................3
І МҰСЫЛМАН ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ..................................5
1.1 Мұсылман құқығының мәні және мазмұны........................................................5
1.2 Мұсылман құқығының бастаулары...................................................................13
1.3 Мұсылман құқығы жүйесінің ерекшеліктері....................................................15
2 МҰСЫЛМАН ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ
2.1 Мұсылман құқығы ғылымының тараулары......................................................18
2.2 Отбасылық және мұрагерлік құқық ерекшеліктері..........................................22
2.3 Меншік қатынастарын құқықтық реттеу.........................................................25
2.4 Қазіргі кезеңдегі мұсылман құқығы..................................................................27
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР............................................................................32
Ислам мемлекетi қалыптаспай тұрып-ақ, Мекке кезеңiнде Құран-Кәрiм әйел мен еркек теңдiгiн былайша паш еттi: "Шын мәнiнде мен сендерден еркек, әйел амал iстеушiлердiң амалын зая қылмаймын. Бiр бiрiңненсiңдер" (Әли-Ғымран-195). "Ер немесе әйелден кiм сенген бойда түзу iс iстесе, әлбетте, оны жақсы тiршiлiкте жаратамыз. Әрi оларға iстеген iстерiнен жақсырақ сыйлық беремiз" (Нахыл-97). Пайғамбарымыз (с.а.у) да әйел мен еркектiң теңдiгi хақында: "Әйелдерiңiздiң сiздерде, сiздердiң әйелдерiңiзде хақтарыңыз бар" деген болатын.
Сондай-ақ, арабтардың қыздарын
тiрiдей жерге көмуiн Құран-
Құранда әйелдi қадiрлеу туралы былай баяндалады: "Сендер үшiн Аллаһ өз нәсiлдерiңнен әйел затын жаратты. Әйелден бала, баладан немере көрдiңдер. Сендерге ризық етiп алуан түрлi шырынды жемiс өсiрдi. Сонда да болса олардың өтiрiкке бой ұрып, Аллаһ берген игiлiкке күпiрлiк ететiндерi қалай?" (Нахл сүресi).
Пайғамбарымыз (с.а.у) мұсылмандарға әйел затына ерекше көңiл бөлу керектiгi туралы көптеген хадис-шарифтер қалдырды. Солардың кейбiрiне тоқталар болсақ: "Мұсылмандардың ең жақсысы, әйелiне дұрыс қарағаны". "Әйелдерге жақсы мiнезде болыңыздар".
Жалпы Ислам әйелдi, өз
апа-қарындасыңдай құрметтеуге
Әйел дегенде ана еске түседi. Ал Құранда
әкеге құрмет көрсетудi анадан бөлiп-жарып
айтпайды: "Сендерге Аллаһ тек өзiне
ғана бойсұнуды бұйырды, ата-аналарыңа
жақсылық жасауды өсиет еттi. Олардың бiреуi
немесе екеуi бiрдей қартайып (қалжырап)
қалса "түһ" деушi болмаңдар, зекiп
ұрыспаңдар. Екеуiне де iзеттi болыңдар.
Екеуiне де зор мейiрiммен, кiшiпейiлмен
бас иiңдер. "Аллаһым, олар менi бала
кезiмде қалай мәпелеп өсiрсе, Сен де оларға
сондай рақымдылық ете гөр!" – деп айт"
(Исра сүресi, 23-24). Осы аяттың тәпсiрiн жасаған
Сәйид Кутуб әке-шешеге құрмет жайлы Хафыз
Әбу Бәкiр Бәззардың мына риуаятын мысал
ретiнде келтiредi: "Бiр адам хажылық
кезiнде анасын арқалап алып Қағбаны тауап
етедi. Бiр кезде Пайғамбарымыз (с.а.у)-нан
"Оның ақысын өтей алдым ба?" – деп
сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.у): "Жүктi
болған кезiнде алған бiр тынысының ақысын
әлi өтей алмадың", – деп жауап бередi".
Ислам мемлекетiнiң iшкi функциясындағы үлкен өзгерiстердiң бiрi, отбасылық қарым-қатынастың бiрiзге түсiп, әйел мен еркектiң, ата-ана мен балалардың құқықтар мен мiндеттерiнiң орынды белгiленуi едi. Отбасы – адамның өз бақытын тауып, ұрпақтың жалғасуы, әрi ислам дiнi бойынша күнә деп саналатын жаман әрекеттерден қорғайтын бiрден-бiр қорған. Ислам дiнi бойынша отбасы түрi – патриархаттық негiзде қалыптасты. Алайда, бұл қараңғылық дәуiрдегi ер адамның отбасыдағы үстемдiгiнен өзгеше едi. Бiрақ, отбасын басқаруда отағасы белгiлi құқықтарға ғана ие болды. Мысалы, әке өз баласын сатуы мен өлiмiне шешiм қабылдауына құқығы болмады. Осыған байланысты қараңғылық дәуiрде орын алған жас сәбидi өлтiру әдетiне тыйым салынды. Сондай-ақ, мұсылман құқығында әйел күйеуiнiң алдында кейбiр мәселелер бойынша тәуелсiз болды. Алайда, еркектiң қоғамдағы атқарар жұмысы ауыр болғандықтан, әйелден кейбiр мәселелерде үстемдiкке ие-тiн. Бұл жайында Құран былай дейдi: "Еркек – әйелге билiк жүргiзедi. Себебi, Аллаһ оларды бiр-бiрiнен артық етiп жаратқан және ерлер әйелдер үшiн мал-мүлiктерiн сарп етедi. Жақсы әйел ерiне бойсұнады, ерлерi жоқ кезде бiр Аллаһты пана тұтып, өздерiнiң абыройын сақтайды. Ал егер олардан жаман қылық көрсеңдер үгiт-насихат айтып, ескертiңдер, оған көнбесе төсекте бiрге жатпаңдар. Онда да болмаса (соңғы шара ретiнде) ұрыңдар. Егер бағынса, басқа жол iздеп оларды жәбiрлемеңдер. Аллаһ сендерден ұлы, әрi үстем. Ерлi-зайыпты екеудiң ынтымағы жараспай бара жатқанынан қауiптенсеңдер, онда ер жағынан бiр әдiл адамды, әйел жағынан бiр әдiл адамды жұмсаңдар. Аллаһ оларды татуластырар болса, онда араларының жарасып кетуiне дәнекер болыңдар. Аллаһ шынында да бәрiн бiлiп, барлығынан хабардар болып тұрады" (Ниса сүресi, 34-35).
Құранның бұл үкiмдерiнiң басты мұраты – отбасының татулығын сақтап, егер, әйел мен ердiң арасында келiспеушiлiк туындаған жағдайда, оны шешу үшiн, ортаға татуластырушыларды салып, отбасының айрылысуын тоқтатуды көздеген-дi. Ислам дiнi патриархаттық отбасыны белгiлi бiр өлшемде ғана қолдады. Өйткенi, отбасылық қатынаста ер адамның әйелдiң көңiлiне дұрыс қарау, азық-түлiкпен қамтамасыз ету, киiндiру секiлдi мiндеттерi және әйелдiң тәуелсiз жеке көзқарасының болуы, мұсылман құқығында әйел мен еркектiң белгiлi бiр деңгейде теңдiгi болғандығын көрсетедi.
Пайғамбарымыз (с.а.у) ер адам мен әйелдiң кәмелет жасына толғаннан кейiн мүмкiндiкке қарай тез үйленуiн уағыздады. Бұл туралы Ол (с.а.у) былай дейдi: "Неке менiң сүннетiм. Кiмде-кiм менiң сүннетiммен амал етпесе, менiмен бiрге емес. Үйленiңдер, себебi мен қиямет күнiнде басқа үмбеттердiң қасында сандарыңмен мақтанамын. Кiмнiң үйленуге шамасы жетсе, үйленсiн". Пайғамбарымыз (с.а.у) негiзiн салған мұсылман құқығы бойынша үйлену парыз, уәжiп, сүннет, харам, мәкруһ, мубах болып алтыға бөлiнедi.
1. Үйленбеген жағдайда жыныстық
қатынасқа баратыны анық
2. Үйленбеген жағдайда жыныстық қатынас жасауы мүмкiн қаупi бар адамға үйлену уәжiп (керек). Бұндай жағдайдағы еркекке қойылатын шарт әйелдiң мәһир (қалың мал) және материалдық жағдайын қамтамасыз етуi тиiс.
3. Үйленгеннен кейiн жұбайына жәбiр көрсетуi анық, белгiлi болған адамға үйлену харам (тыйым салынады).
4. Ауру болып, үйленгенде бұл ауру жұбайына жұғатын болса, немесе жұбайында да ауру болып, үйленгенде бұл ауру ерiне жұғатын болса, онда бұндай неке харам болып табылады.
5. Жұбайына жәбiр көрсетуi
6. Үйленбесе жыныстық қатынасқа
баратын қаупi жоқ, үйленсе жұбайына жәбiр
көрсету да қаупi жоқ адам үшiн үйлену сүннет.
Үйлену мәселесiндегi мұсылман құқығының
бұл үкiмдерi халықты зинадан қорғауға
негiзделгенi анық байқалады. Себебi зина
отбасының шаңырағын шайқалтатын бiрден-бiр
апат түрi. Сондықтан, Пайғамбарымыз (с.а.у)
бойдақ жiгiттерге: "Ей жiгiттер! Сiздердiң
араларыңыздан кiмнiң үйленуге шамасы
жетсе үйленсiн. Себебi үйлену көздi және
нәпсiнi харамнан қорғаушы" деп жастарға
зинаға бармастан бұрын үйленуге кеңес
берген.
Мұсылман құқығында үйленудiң соңы әйелге
зұлымдық жасаумен жалғасатын болса, мұндай
некенi макруһ (Алла сүймейдi) деп танып,
әйелдi зұлымдықтан қорғайды. Әйелдi зұлымдықтан
қорғаумен бүкiл жанұяның құрып кетуiнiң
алдын алады. Себебi зұлымдық көрген әйелде
күйеуiне деген өшпендiлiк сезiм күшейедi
де жұбайлардың бiрлiгiн қамтамасыз ететiн
сүйiспеншiлiкке деген жолдар жабылады.
Бұл отбасыда дүниеге келетiн баланың
педагогика тұрғысынан алғанда тәрбиесi
жетiлмейдi.
Мұсылман құқығында үйленудiң ең жақсы түрi – Пайғамбармыз (с.а.у)-ның сүннетiнiң негiзiнде үйлену екендiгiн анық байқауға болады. Пайғамбарымыз (с.а.у) мұсылмандарға үйленудiң келтiрер пайдасы туралы былай деген болатын: "Мұсылман Аллаһтан қорқып оған бойұсынғаннан кейiн жақсы бiр әйелден пайда көрген сияқты еш нәрседен пайда көрмейдi. Себебi әйелiне бұйырса, бұйрығын тыңдайды, жүзiне қараса сүйiспеншiлiгi оянады, сапарға шықса өзi болмаған уақыт бойы намысын және күйеуiнiң мал мүлкiн қорғайды". Бұл туралы Құранда: "Әйелдер сендердiң киiмдерiң, сендер әйелдерiңнiң киiмдерiсiңдер" (Бақара 187) – деп жұбайларды бiр-бiрiнiң денесiн суықтан, ыстықтан қорғайтын, рухты түрлi зиянды нәрселерден қорғайтын киiмге теңеген.
Мұсылман құқығында некеге тұрудың үш шарты бар. Бiрiншi шарты бойынша, үйленушi ер адам мен әйелдiң кәмелет жасына толуы, ақыл есiнiң дұрыс болуы және Құранда некелесуге тыйым салған негiздер сақталуы керек. Екiншi шарты бойынша, екi тараптың өзара келiсiмi болуы тиiс. Үшiншi шарт бойынша, некеге куәландырылып, жариялануы шарт.
Маһир, әйелдiң келiсiмiне қарай, ақшалай
немесе заттай болуы да мүмкiн. Мәһирдiң
маңызы туралы Құранда Ниса сүресiнiң 24
аятында баяндалады. Мәһiр қалыңдыққа
берiлетiн түрлi бағадағы құн ғана емес,
керiсiнше қоғамдағы әйелдiң беделiн бiлдiретiн
әйелдiң және ақысы саналатын сыйақы. Исламнан
бұрынғы дәуiрде Арабтарда "Ниһлә"
деп аталатын қыздың құны берiлетiн болған.
Оны тек қыздың өкiлдерi алатын болған.
Ал исламда әйел адам мәһiрдiң құнын да
өзi белгiлеп, жұмсауы да өз еркiнде болды.
Мәһiр үшiн белгiлi шек қойылмаған. Құран
"Олардың бiрiне (әйелдерге) жүк-жүк мәһiр
берсеңдер де одан бiрде-бiр нәрсенi керi
алмаңдар" (21-Ниса 20) деп үндейдi.
Мұсылман құқығы мына адамдардың бiр-бiрiмен
үйленуiне тыйым салды: "Әйелдерден
әкелерiң үйленгендердi үйленбеңдер. Бiрақ
өткен өттi. Бұл бiр арсыздық және жиренiштi
жаман жол. Сендерге аналарың, (әке-шешелерiңнiң
аналары) қыздарың, (ұл-қыздарыңның қыздары)
қыз туыстарың, (әке-шеше бiр немесе бөлек)
әкелерiңмен туысқан әйелдер, шешелерiңмен
туысқан әйелдер, еркек немесе қыз туыстарыңның
қыздары, (олардың қыздары) сүт емiзген
аналарың, жақындасқан әйелдерiңнiң (бұрынғы
ерiнен болған) қолдарындағы өгей қыздарын,
егер жақындаспаған болсаңдар, сендерге
бiр оқасы жоқ. Бел балаларыңның әйелдерi
және енкi қыз туысты бiрге үйленулерiң
арам қылынды...(Ниса 4/22-23). Құранның бұл
үкiмдерi сөз жоқ, қараңғы араб қоғамы үшiн
үлкен жаңалық болатын. Өйткенi, исламға
дейiн арабтар өгей шешемен және кейбiр
туыстарымен үйлене беретiн.
Мұсылман құқығының отбасылық
қатынастағы тағы бiр жаңалығы, бiр
мұсылманның бас-бостандығы жоқ, күңмен
некеге тұруына рұқсат беруi едi. Исламға
дейiн, арабтар күңдердi некелеспей нәпсiнi
қандыруға қалағанынша пайдаланатын.
Ал, ислам күңдермен некеге тұрмайынша
жақындасуға болмайтынын ескерттi: "Сендерден
бiреудiң, мүмiн азат әйел алуға шамасы
келмесе, онда қолдарыңдағы мүмiн күңдерден
алсын. Алла имандарыңды жақсы бiледi. Бiр-бiрiңненсiңдер.
Ендеше күңдерiңдi қожайындарыңның рұқсатымен
олардың мәһирлерiн дұрыс берiп, абыройлы
болулары, зинашы және астыртын көңiлдес
болмаулары шартымен алсын" (Ниса4/25).
Мұсылман құқығы бойынша әйел мен еркектiң
табиғи қасиеттерiне қарай өз мiндеттерi
болды. Ер адам отбасының материалдық
жауапкершiлiгiн өз мойнына алды (22-Талақ
6-7).
Отбасыдағы ер адамның материалдық жауапкершiлiгi мына негiздерден тұрды:
1.Азық-түлiк. 2. Киiм-кешек. 3.Тұрғын үй. 4. Дәрi-дәрмек және
емделу. 5. Үй жұмыстары көбейiп моральды
салмақ түсетiн болса үй қызметшiсiн жалдау.
Ал әйел мұсылман құқығы бойынша өз табиғатына
сай, үй тiршiлiгiн, яғни, ас пiсiру, киiм-кешектi
жуу, үйдi тазалау, сәндеу, бала-шағаға
тәрбие беру секiлдi нәзiк iстердi атқарды.
Мұсылман құқығы ерлi-зайыптылардың бiр-бiрiн таңдауда қателесудiң және әртүрлi жағдайда келiспеушiлiктердiң болатынын ескерiп, отбасының бұдан ары қарай өмiр сүруi мүмкiн болмаған жағдайда, ерлi-зайыптылардың ажырасуына рұқсат бередi. Пайғамбарымыз (с.а.у) мұсылмандардың мүмкiн болса: "Аллаһтың жақсы көрмейтiн iсi ажырасу" деп ажыраспауын үндеген. Ажырасу мұсылман құқығы терминi бойынша "талақ" деп аталады. Мұсылман құқығындағы "талақ" етудiң мынандай ерекше негiздерi бар:
1. Құран мен Сүннет тәртiбiне қайшы негiздегi талақ ету харам (тыйым салынған).
2. Тәртiбi мен iс-әрекетiнде
кiнәрат болмаса да
3. Iшкiлiк, құмар сияқты харам iстермен шұғылданудан бас тартпаған әйелмен ажырасу сүннет.
4. Отбасылық өмiрде
харам iстердi жасап, дiн
5. Араларында махаббаттары болмаған жанұялардың ажырасуы тұрғысында әр түрлi көзқарастар айтылады. Бұл ерлi- зайыптылардың өздерiне қалған шешiм.
Мұсылман құқығы талақ үкiмiн жанұяны бұзу үшiн емес, қайта жанұяның берiктiгi үшiн қолданады. Яғни, жұбайлардың үйленбестен бұрын жiберген қателiгiн немесе жанұя болғаннан кейiнгi қателiктi түзету үшiн талақ үкiмi жүзеге асырылады. Сонымен бiрге, "талақ" үкiмi арқылы тараптар кеште болса өздерiнiң қателiктерiн түзетiп, яғни ажырасып, психологиялық немесе материалдық тұрғыда өзiне тең жар табуға мүмкiндiк алады. Мұсылман құқығында "талақ" ету құқығы ер адамға берiлуiнiң себебi, ер кiсi әйел психологиясынан ерекше салмақтылығы және шешiм қабылдауда байсалдылығы негiзге алынған.
Мұсылман құқығы некенiң маңызды екенiн бiлдiру мақсатында "талақ" сөзiнiң қалжың болса да айтылмауына аса мән бередi. Талақ үкiмiнiң мақсаты жұбайлардың арасын жарастыру. Себебi еркектiң талақ айтуы үшiн қойылған ең жақсы тәртiп бойынша талақ үш рет, айтылуы керек. Яғни, талақ еткеннен кейiн, ерлi-зайыптыларға қайта қосылуға үш рет мүмкiндiк бередi. Қайта қосылуға мүмкiндiк беретiн мұндай талақ етудi ража талақ деп атайды. Соңғы талақ айтылғанан кейiн 3 ай мерзiм өтедi. Бұл ұзақ мерзiм олардың өкiнуi мен ойлануларына уақыт бередi. (21-Талақ 1) Ал, үш рет талақ еткеннен кейiн рұқсат бермейтiн талақ түрiн вайн талақ деп атайды.
Мұсылман құқығы бойынша мұсылман ер адамға бiр мезгiлде төрт әйелге дейiн үйленуге рұқсат бердi. Бұл туралы Құранда былай баяндалады: "...Өздерiңе жаққан басқа әйелдерден екi, үш және төртке дейiн үйленiңдер..."(Ниса 4/3) Бiрақ, мұсылман құқығында ер адам әйелдерiне тең қарай алмаса, көп әйел алу харам (тыйым салынады) саналады. Бұл туралы Құранда былай айтылады: "..Сонда егер тең ұстай алмаудан қорықсаңдар, онда бiреу алыңдар..." (Ниса 4/3). Яғни, көп әйел алуға ер адамның психологиялық, материалдық тұрғыдан дайындығы болып, әйелдерiн бiр-бiрiнен алаламайтын теңдiк қағидасы негiзiнде қарауы тиiс. Мұсылман құқығы көп әйел алуға мынандай себептердiң болуы керектiгiн алға тартады:
1. Физиологиялық тұрғыдан күштi болып, бiрiншi әйелiнiң келiсiмiмен әйел алуға болады.