Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2014 в 15:02, курсовая работа
Мемлекеттің құқықтық жүйесінің пайда болуы мен даму тарихына барлық қоғамның рухани мәдениеті: дін, философия, мораль, бейнелеу мәдениеті, ғылым әсер етеді. Мұсылман құқығының қалыптасуында шешуші рөлді дін алды. Мұсылманға қажетті заңдар мен ережелер Мұхаммед пен оның жақтастарымен айтылып кеткен деп есептелінеді. Сондықтан, мемлекет жаңа заңдар шығармай, тек Алла жолын ғана ұстану керек.
Шығыстағы орта ғасырлық өркениеттің ең маңызды құбылысы – мұсылман құқығы (шариғат).
КІРІСПЕ.......................................................................................................................3
І МҰСЫЛМАН ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ..................................5
1.1 Мұсылман құқығының мәні және мазмұны........................................................5
1.2 Мұсылман құқығының бастаулары...................................................................13
1.3 Мұсылман құқығы жүйесінің ерекшеліктері....................................................15
2 МҰСЫЛМАН ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ
2.1 Мұсылман құқығы ғылымының тараулары......................................................18
2.2 Отбасылық және мұрагерлік құқық ерекшеліктері..........................................22
2.3 Меншік қатынастарын құқықтық реттеу.........................................................25
2.4 Қазіргі кезеңдегі мұсылман құқығы..................................................................27
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР............................................................................32
Баланы адам ету ата-ананың борышы. Балалардың мынадай екі түрі әкесінің қарауына жатпайды:
1) Нәресте заңды некеден кейін туылғанымен, әкесі оны өзімдікі емес деп жариялаған жағдайда (дәлелсіз кезде);
2) Некесіз бала (Әкесімін деп мойындаған адамның заңды балам деп айтуға құқы бар).
Әке отбасын асырауға міндетті. Әйелінен ажырасып, анасы асырай алса да, әкесі ұлын 9 жасқа дейін, қызын 11 жасқа дейін асырауы керек.
Мұрагерлік құқық.
Өсиет-васипа. Мүліктің 1/3 бөлігі кімге тиесілі болса, өсиетте соның атына қалады. Бірақ 2/3-і міндетгі түрде заң негізінде туысқандарына таратылады. Мұнымен мұрагерлік заттарға бөтен біреулердің көздеу мақсатына кедергі жасайды және оны отбасы үшін жүзеге асырады. Тек мұсылмандарға ғана емес, сол сияқты мұсылман еместерге де өсиет қалдыруға болады.
Заңды мұрагерлер. Бұл Құранның ең күрделі бөлімі. Әйелдердің үлесі еркектердің 1/2 үлесімен тең. Ирс-қайтыс болғандардан қалған мүлікке құқық пен міндеттіліктің жинағы.
Мұрагерлік келесі түрде таратылады:
1). Көмгендігі үшін ұстап қалу;
2). Қарыздарын төлеу;
3). Өсиеттің 1/3 өлшемде болуы;
4). Заңды мұрагерлердің
арасында бөлінетін қалған
Мұрагерлер мыналарға бөлінеді:
1). Фарди ер екіден бірі, егер әйелде мұрагер болмаса, егер бар болса, төрттен бірі.
Әйел немесе әйелдері, егер мұрагер болмаса 1/4, егер бар болса, сегізден бірі.
Әкесі-алтыдан бірі, егер әкесі болмаса, онда нақ осы үлес атасына тиесілі. Анасы-алтыдан бірі, әкелері бірге болса, алтыдан бірі.
Балалар барлығын алады.
Әрі қарай әйелдің үлесі
2). Асаба-мұрагерлердің
екінші категориясы. Бұған
3). Зуль-ахрам-қайтыс болған адамның мұрагері болмайтын және мұрагерлікке құқы жоқ адамдар. Егер фарди (1) және асаба (2) жоқ болса, онда мыналар мұрагер бола алады (әкесі және анасының әкесі, ағасының қыздары, қарындастарының балалары, шешесінің ағасының балалары, немере қарындастары, әкесінің қарындастары, аналары, ағасының бауырлары)
Мұрагерлік құқын
2.3 Меншік қатынастарын құқықтық реттеу
Шариат бойынша құқық салалары бөлінбегенімен, азаматтық-құқықтық қатынастар, соның ішінде меншік құқығы, келісім шарт және деликт құқығы жақсы даму алаған.
«Жеке мәртебе құқығына» шариғат ерекше мән берді. Ортағасырлық Шығыс мемлекеттерінде, сонымен қатар Араб халифатында жекелеген сословиелік топтар иерархиясы қалыптаспадымұсылман құқығы бойынша жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі. Оның діни ұстамына қарай анықталды. Толыққұқылы жеке мәртебені тек мұсылмандар ғана иеленді. Христиандық немесе иудаизмді ұстайтындар төмендеу сатыда тұрды және өте ауыр мемлекеттік салық «джизьяны» төлеуге міндетті болды. Оларға қатысты шариғат нормалары мына жағдайларда қолданылды:
-мұсылмандармен шарттар жасалғанда;
-қылмыс жасалған жағдайда.
Әлеуметтік қатынастардың дамуы тек құлдар жағдайына әсер етті. Құлдар құқық субъектілері қатарына жатпады, бірақ қожайыны атынан сауда операцияларын және мүлікті сатып алуға байланысты әрекеттерді жүзеге асырды. Мұсылман дініндегі құлдардға бостандық беру құдайдың ниеті деп саналды. Жеке тұлғаға байланысты шариғат бойынша құқықтық мәртебеде әйел мен ер адам теңсіздігі өзіндік ерекшелікке ие болды.
Шариғаттың діни талаптары бойынша құқық субъектісі тек Алла болып табылады, ал мұсылмандар құдай бекіткен міндеттерді орындаушылар. Мұсылманның діни парыздарын қалай өтеуі оның құқықтық мәртебесі жоғарылай түсуіне ықпал етті. Сондықтан мұсылман құқықтанушылары құқыққабілеттігі мен әрекетқабілеттілігі мәселесіне көп көңіл бөлді. Азаматтық әрекетқабілеттілігі меншік құқығына ие болудың негізгі шарты болды. Толық көлемде әрекетқабілеттігі кәмелетке толғаннан және ақыл-есі дұрыс жағдайда берілді. Кәмелетке жету фактісін төрелер (судья) өз қалауынша бекітті. Жасөспірімдерге байланысты шектеулі әрекетқабілеттілігі түсінігі мастық, ақыл-есі кемдік т.б. жағдайларда қолданылғаны туралы мысалдар бар.
Мүліктік қатынастарын реттеуші мұсылман доктринасы маңызды орын алады. Заттық құқық объектісі ретінде мүлік құқығы анықталды. Ерекше заттар санатын құрайтындарға мыналар жатты: ауа, теңіз, шөл жерлер, мешіт, су жолдары және т.б. «Таза емес заттар», яғни шарап, шошқа еті, ислам талаптарына қайшы келетін кітаптар т.б. мұсылман меншігіне жатқызылмады. Осы заттар араб жаулап алулары кезінде көбінесе жойылып отырылды.
Мұсылман құқығы бойынша заттар мынадай негіздерде топталды:17
-жылжымалы және жылжымайтын;
-ауысатын және ауыспайтын;
-жеке белгілерімен сипатталатын немесе сипатталмайтын т.б.
Жер мүліктері мұсылман құқығы бойынша ерекше топтауға түсті. Ерекше топтарға мемлекеттік мүліктер, жерлер, бос жерлер, жеке меншік жерлері, т.б бөлінді.
Шариғат бойынша меншік құқығына ие болу жолдары нақты анықталды. Арабтардың жаулап алу жорықтары кезінде түскен олжаларға меншік иесі болуы мәселесі көтерілді. Басып алынған жерлер мемлекет меншігі болып саналды және халифтар мен әмірлер қол астына өтті. Басқа заттардың құқықтық мәртебесі оның күштеп алуы немесе күш қолданбай алынуына байланысты болды. Күшпен тартып алынған мүліктер бірнеше бөлікке бөлінді. Оның бір бөлігі олжа иесіне, екіншісі мемлекетке, ал үшінші бөлігі мешітке және т.б. жағдайларға жұмсалды.
Шариғат бойынша меншік иесі болудың мынадай жолдары белгілі: мұрагерлік, шарт, затты тауып алу. Мысалы соңғы жағдайға байланысты басқа біреудің затын өз территориясында тауып алған адам оған меншік құқығына ие болды.
Меншік құқығына байланысты қасиетті шығу тегі бар заттар анықталды. Мекке және оның төңірегіндегі жерлер айрықша мәртебеге ие болды. Осы жерлерге тек мұсылмандар ғана қоныстана алды, онда ағаштарды кесуге, аң аулауға және т.б. тиым салынды. Жаулап алынған жерлердің тұрғындары өздерінің жеке құқықтарынан айырылды.
Араб халифатындағы феодалдық жеке меншік құқығы (мүлік) мемлекеттік меншікке қарағанда төменгі даму сатысында болды. Мемлекеттік жер қорының ұлғаюына байланысты және феодалдық қатынастардың дамуы жағдайында жер иеленудің шартты нысандары кең етек жайды. Басып алынған жерлердің бір бөлігі жоғарғы федалдық топқа немесе мемлекеттік қызметке (Иқта) берілді. Осындар жер үлесінің иесі сол территориядағы тұрғындардан алымдар жинай алды. Олар уақыт өте жерлерді мұраға қалдыра алды. Ауыз су ошақтары Құран бойынша бастапқыда жалпы игілікке жатты. Бірақ кейін құдықтар, ұсақ өзендер жер иелері меншігіне айналды.
Шариғаттағы зат құқығы ішінде вакуф ерекшеленеді. Ол әдетте діни мекемеге берілген жылжымайтын мүлік болды. Вакуф алып-сатуға жатпады, кепілге берілмеді. Бірақ арендаға берілді және оған тең жағдайда алмастырылатын болды. Вакуф мемлекеттік салымдардан босатылды.
Шариғат бойынша міндеттеме, түрлері: тегін және тегін емес, екі жақты және бір жақты, тез және ұзақ мерзімді.
Шарт жасау мұсылман құқығы бойынша формальді сипат алды. Шарт жағдайлары құжатта, ресми емес хатта және ауысша жасалынды. Шартты орындау Құран бойынша қасиетті міндет деп танылды. Шарт түрлеріне алып-сату, заем, сыйға тарту, жалдау, ссуда, сақтау, серіктестік, одақ т.б. сауданың жақсы дамуына байланысты алып-сату шарттары жиі қолданылды. Ол туралы Құранда «екі жақты келісім» туралы жазылған. Алып–сату шарты реалды жағдайларда ғана заңды болып табылды. Егер көрінбейтін жақтары анықталса (мысалы, құлдың, жануардың ауру екендігі) шарт бұзылуға жатты.
Шариатта өсімқорлық түрі шартты түрінде көрінді. Құранда саудаға жол берілгенімен өсімқорлыққа тиым салынған, бірақ бұл жағдай көп реттерде бұзылып отырды. Қарыздарды құлға айналдыруға тиым салынғанымен оның кредитор пайдасына жұмыс істеуіне жол берілді.
Жерді жалға алу мұсылман құқығында кең түрде таралды. Жер иесі мүддесіне қатысты аренда мөлшеріне көп көңіл бөлінді. Одақтар мен серіктестіктер шартары кең таралды. Осы құқықтық нысан жерді суландыруда және сауда керуендерін құруда кеңінен қолданылды.
2.4 Қазіргі кезеңдегі мұсылман құқығы
Мұсылман құқығы осы күнге дейін әлемдегі ықпалды жүйелердің бірі болып отыр және ол миллиардқа жақын мұсылманның өзара қатынастарын реттейді. Мұсылман халқы қоныстанған көптеген мемлекеттер ислам дінінің принциптеріне адал екендігін жариялайды. Бұл жариялылық Марокко, Египет, Индонезия мемлекеттерінің конституцияларында бекітілген.
Мұсылман құқығы өзгеріссіз. Бірақ оның қолданылу мүмкіндігі өте кең. Себебі, ол өмір талаптарына байланысты икемделе алады. Құқықты өзгертпей, қарама-қарсы жақтардың келісуі арқылы, әдет-ғұрыптың жаңғыруына, қоғамның дамуына әсер ететін жағдайларды кіргізуге мүмкіндіктер табылады.
Қазіргі кезде діни факторлардың әсер етуі едәуір күшейіп, ол ислам дінінің ер елдерінде қоғамдық дамудың дәстүрлі кезеңі ретінде қалай таралса, әлемдік саясатта да сондай жағдайда. Ислам факторы Иран төңкерісінің бірінші кезеңінде шахқа қарсы және империализмге қарсы бағыттың күшеюіне мүмкіндік туғызды.
1979 жылдың басында
Зия-уль-Хактың жар салуымен
Бүгінгі таңда мұсылмандар жер жүзі бойынша бір миллиардқа жақын адамға жуық деп есептеледі. 35 елдің негізгі тұрғындары мұсылмандар, ал 18 елде олардың ықпалы аз. Ислам бірсыпыра елде мемлекеттік дін ретінде жарияланған.
Ислам төңірегіне он үш ғасыр бойы белсенді түрде үздіксіз әсер етіп келе жатыр. Ислам жай діни жүйе ғана емес, ол "өмірдің бейнесі".
Араб мәдениеті философия ғылымына, әдебиет пен көркем өнерге зор үлес қосты. Буржуазиялық оқымыстылар ІХ-Х ғасырларда мұсылман дәуірінің өркендегенін айтады. Араб медицинасы, астрономиясы, математикасы, музыкасы, сәулет өнері жан-жақты дамыды. (Ибн-Сина, Хорезми, Бируни, Ферғани, әл-Фараби).
Қазақстанның мұсылман әлемімен қарым-қатынасы елдің сыртқы саяси бағытын жүзеге асыру үдерісіндегі негізгі буындардың бірі болып табылады. Бұл факті, ең алдымен, ұқсас және өзара байланысты рухани және діни ұстанымдарға негізделген мәдениеттердің жақындығы мен ортақтығынан көрінеді. Ислам әлемімен ынтымақтасу, халқының басым бөлігі мұсылман болып табылатын мемлекет ретінде Қазақстанға әлемдік сахнада өзін қазіргіден де нақтырақ теңестіруге мүмкіндік беруде. Тәуелсіздік алған кезеңнен бері республика басшылығы ислам әлемінің толыққанды құрамдас бөлігі атанып, мұсылмандар қоғамдастығымен кең және ауқымды байланыстар орнатуға бағыт алды. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, мұсылман мемлекеттерімен арадағы қарым-қатынастар жедел дамып, ынтымақтастықтың барлық саласы бойынша беки түсуде. Бұл жайттар өзара ынтымақтастықтың мол әлеуеттілігі туралы айтуға мүмкіндік береді. Әсіресе, ынтымақтастықтың экономикалық және мәдени салаларындағы үдеріс айрықша белсенді. Қазақстан қазіргі кезеңде ислам мемлекеттерінің маңызды бірлестіктері аясында, бірінші кезекте, Ислам Конференциясы ұйымы, Ислам Даму банкі және т.б. ұйымдар аясында толыққанды және тиімді әрекет етуде.
Аталған халықаралық институттардың жұмысына қатысу Қазақстанға мұсылман қоғамдастығында орын алып жатқан үдерістерге тікелей қатысуға мүмкіндік береді және өзге ислам мемлекеттерімен ынтымақтастықты жандандыруға көмектеседі. Ислам қоғамдастығы өз тарапынан біздің мемлекетімізді мұсылман әлемінің ажырамас бөлігі ретінде қарастырып отыр. Мұны Қазақстанның жоғарыда аталған ислам мемлекеттерінің бірқатар маңызды бірлестіктерге мүшелігі қуаттайды. 1995 жылдан бері басталған Қазақстанның Ислам Конференциясы Ұйымына мүшелігі Таяу Шығыстағы ахуал, Ирактағы жағдай, соғыстан кейінгі Ауғанстанды қалпына келтіру, лаңкестікке, экстремизмге және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресу сияқты халықаралық өмірдің түйінді мәселелері бойынша өз ұстанымын салыстыра тексеруге мүмкіндік береді. Ислам мемлекеттерімен ауқымды байланыстар орнатудан тек саяси және экономикалық дивидендтер ғана емес, рухани саладағы ынтымақтастықты дамытудың және нығайтудың шексіз мүмкіндіктерін де алуға болады. Бұл сала Ислам дінін ұстанатын өркениеттердің халықтарын жақындатуға және рухани байытуға мүмкіндік береді.
Қазақстан ұзақ жылдар бойы Исламның өзге орталықтарымен байланыссыз қалды, осы жайт сәйкес рухани ахуал жасау ісіндегі мұсылман елдерінің қарым-қатынастарының маңыздылығын күшейте түседі. Мұсылман елдері, өз тараптарынан, Қазақстанға діни ұстанымдардың қалыптасуы мен даму ісінде айтулы мәдени-рухани қолдау көрсетуде. Әлемде діндер арасындағы тұрақты диалогтың жоқтығы - жаһандық деңгейде орын алып отырған қақтығыстардың негізгі факторларының бірі. Н.Ә.Назарбаев «Дағдарысты онжылдық» кітабында атап көрсеткендей, соңғы кезде «ислам қатері» деген ұғымның тым жеңіл қолданыла бастағаны соншалық, исламның өзін қорғайтын кез келді. Адамдардың санасында қалыптасқан ұғымдар жаппай ауысып кетті. Қауіпті діни фанатиктердің жекелеген топтарынан немесе экстремистерден емес, осы дінді насихаттайтын миллиардтаған адамдардан көретіндер көбейді.
Мұсылман әлеміндегі Қазақстанның танылу үдерісінде іргелі рөлді Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевқа беру керек. Көшбасшылық және дипломатиялық қасиетінің арқасында ол Қазақстанды мұсылман қоғамындағы жетекші елдердің бірі ретінде көрсете алды. Және зиялы әрі көпконфессиялы мемлекеттің басшысы бола отырып, Президент Н.Назарбаев діни қоғамдастықта үлкен беделге ие болып отыр. Н.Назарбаев бастаған ел басшылығының сарабдал саясатының арқасында, Қазақстан, көпконфессиялы мемлекет болғанына қарамастан, өзге елдердің басына түскен сілкіністерден алыс отыр. Полиэтникалық және поликонфессиялық жағдайына қарамастан, Қазақстан бұрынғы кеңестік кеңістіктегі ең орнықты мемлекет. Және мұны әлемдік қоғамдастық та атап көрсетуде. Осының барлығына мемлекеттік жоғары саяси басшылығының салмақты және көреген саясаты негіз болғанын айта кету керек. Поликонфессиялы Қазақстан Ислам мен басқа діндердің арасындағы конфессияаралық диалогтың орталығына айналып отыр. Осы жағдай біздің мемлекетімізге өзін жаһандық деңгейдегі конфессияаралық өзара түсіністіктің генераторы ретінде санауға мүмкіндік беруде.