Беттік активті заттардың қолданылуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2013 в 15:15, реферат

Краткое описание

Қанықтыратын флюидтары бар тау жынысы фазаларының бөліну бетінің ауданы жетілген болып келеді. Қабатқа сулы ерітінділер түрінде берілетін беттік активті заттардың әрекеті БАЗ-дың сол берілген беттерде адсорбциалануына негізделген. Бұл тау жынысының, қабат суы мен мұнайдың молекулярлық-беттік қасиеттерінің анағұрлым өзгеруіне алып келеді.

Вложенные файлы: 1 файл

ПАВ.doc

— 677.50 Кб (Скачать файл)

Беттік активті заттардың қолданылуы

 

Қанықтыратын флюидтары  бар тау жынысы фазаларының бөліну бетінің ауданы жетілген болып келеді. Қабатқа сулы ерітінділер түрінде берілетін беттік активті заттардың әрекеті БАЗ-дың сол берілген беттерде адсорбциалануына негізделген. Бұл тау жынысының, қабат суы мен мұнайдың молекулярлық-беттік қасиеттерінің анағұрлым өзгеруіне алып келеді. БАЗ-ға қойылатын талаптар төмендегідей: ығыстырғыш судың майлағыштық қабілетін жоғарылату; мұнай-газ шекарасындағы фаза аралық керілуді төмендету; жыныс бетінен мұнайды ығыстыру; мұнайды сулы фазада диспергирлеу.

Жалпы, мұнайды БАЗ суларымен ығыстыру механизмінің белгілі түсініктемелеріне сәйкес, айдалатын су құрамындағы БАЗ су-мұнай қоспалар қозғалысының каппилярлы кедергісін төмендету қажет және байланысқан мұнайды еркін, қозғалатын қабатта таратылған ағында тасымалдау қажет.

Әдістің техникалық-экономикалық көрсеткіштері БАЗ-дың кеуекті  ортада сіңірілу (адсорбция) белсенділігімен анықталады. Адсорбцияның жоғарғы мәні әдістің тиімділігін төмендетеді. Өйткені ол  реагент концентрациясын айдау ұңғыларының түп аймағына алып келеді. Сонымен қатар, қабат көлемінің көп бөлігі реагент әсерінен тыс қалады. Төменде кейбір реагенттер (қабат үлгісі – меншікті беті 1м2/г кварц құмы) үшін зертханалық жағдайларда анықталған адсорбция мәндері келтірілген (мг/г тау жынысына).

ОП-4    .   .   .   .   .         0,8                     Неонол    В     1020-30...... 0,3


ОП-7    .   .   .   .   .         1,6                     Неонол    В     1020-40....... 0,4


ОП-10       .   .   .   .      0,4-06                  Аркополь     .   .   .   .   .      1,7


Превоцел FO      . .          2,3                    Саополь       .   .   .   .   .      1,4


Превоцел WOFP-100      0,25                   Дисолван 1738   .   .   .     0,34


Неонол  2В  1315-9          0,7                     Катапин       .   .   .   .   .        6


Неонол   В 1416-12          0,6                    Проксанол  18     .   .   .      1,5


 

 

Негізгі БАЗ қасиеттері және оларды қолдану жағдайлары

 

 Мұнай бергіштікті арттыру мақсатында негізінен ионогенсіз және кейде анион класты БАЗ қолданылады. Кей жағдайда синергетикалық нәтиже алу үшін, не болмаса дефицит (тапшы) жоғары тиімді реагенттерді үнемдеу үшін олардың қоспасын айдайды, ол үшін тұрақты ығыстыру көрсеткішін сақтап қалу мақсатында анағұрлым қол жетімді заттарды қосады.

 

Синтезделген  БАЗ

ОП-10 р е а г е  н т і  - полимердистиллят негізіндегі полиэтиленгликольдің моноалкилфенилді эфирі, мұнай бергіштікті арттыру үшін қабатқа айдауға арналған. БАЗ-дың ионогенсіз класына, оксилэтилденген алкилфенол (полиэтиленгликольдің моноалкилфенилді эфирі) тобына жатады. Заттардың бұл тобын катализатор қатысында, мысалы сілті, этилен тотығының алкилфенолдармен конденсациясы нәтижесінде алады:

 

      

 

Химиялық формуласы  , мұндағы m=10-12, n=8-10.

Өнеркәсіптік БАЗ құрамындағы  негізгі заттың мөлшері шамамен 99%, ылғал – 0,5%.

1-кестеде ОП-10 реагентінің  сулы ерітіндісінің температура мен құрамына тәуелді тұтқырлық (мПа·с) мәндері келтірілген.

 

Кесте  1

 

ОП-10 мөлшері, %

Температура, 0С

15

20

30

50

20

40

60

80

100

5

127

6500

1940

Паста

5,1

128

3700

1070

3100

4

124

1320

505

242

4

121

216

133

86,5


 

Кестеден мынаны көруге болады: реагент мөлшері 40-60% болған кезде тұтқырлық күрт жоғарылайды, бұл өндірісте концентрлі ерітінділерді қыздыру қажеттілігін туғызады.

ОП-7 р е а г е  н т і – ОП-10 реагенті жататын топтың ионогенсіз БАЗ. Бұл олардың физикалық қасиеттерінің сапалық ұқсастығын көрсетеді. Сандық айырмашылықтар этилен тотығы тобының санында болып табылады. 2-кестеде ОП-7 мен ОП-10 салыстырмалы көрсеткіштері келтірілген.

 

Кесте 2

Көрсеткіштер

Реагент

ОП-7

ОП-10

Этилен тотығы топтарының саны

6-7

10-12

Мицелл түзілудің критикалық концентрациясы (МКК), г/л

0,1

0,15

МКК кезіндегі газ-сұйық жүйесіндегі  беттік керіліс, мДж/м2

29

31

БАЗ 1%-тік сулы ерітіндісінің лайлану  температурасы, 0С

55-65

80-90


 

ОП-4 р е а г е н т і - ОП-10 реагенті жататын топтың ионогенсіз БАЗ. Этилен тотығы тобының саны  m=3-4.  Ол тығыздығы 1,03 г/см3 қоңыр түсті май тәрізді сұйықтық болып табылады. Минералды майларда, этанолда, бензолда жақсы ериді; диэтилді эфирде, уайт-спиртте, төртхлорлы көміртегінде еруі төмен; 200С температурадағы суда ерігіштігі 0,01% құрайды.

Уфа мұнай институтының мәліметтері бойынша ОП-4 және ОП-10 реагенттерін мұнайда еріткен кезде, олар мұнайдың реологиялық қасиеттеріне елеулі әсер етеді – жылжудың шекті динамикалық кернеуін төмендетеді, құмтастарда сүзілу кезінде мұнайдың қозғалғыштық параметрін арттырады.

ОП-4 және ОП-10 сулы ерітінділерімен  байланысқан кездегі мұнай қасиеттерінің  өзгеруі, осы БАЗ-дың ерітіндіден  мұнай фазасына диффузиялануымен түсіндіріледі.

Превоцел W-ON, превоцел W-OF, конокс  J-109, тержитол реагенттері – ионогенсіз классты БАЗ-ы – мұнай бергіштікті арттыру мақсатында сулы ерітінді түрінде қабатқа айдау мүмкіндігіне сыналған. 3–кестеде осы реагенттер мен керосин ерітінділері шекарасындағы фаза аралық керіліс (мДж/м2) мәндері келтірілген.

 

Кесте 3

 

Реагент

Реагент құрамы, %

0

0,025

0,05

0,07

0,1

0,25

0,5

 

Превоцел W-ON

Превоцел W-OF

Конокс  J-109

Тержитол

 

48

48

48

48

 

7,2

9,5

7,4

5,7

 

4,7

8,6

4,6

3,8

 

4,5

8,6

4,6

3,8

 

3,5

7,5

3,4

3,2

 

2,0

6,3

2,1

2,9

 

1,2

-

-

1,3


 

Аз ғана концентрация аймағында тержитол және превоцел W-OF реагенттері ең жоғарғы беттік активтілікке ие.

4-кестеде осы реагенттердің  физикалық-химиялық көрсеткіштері  келтірілген.

 

Кесте  4

 

Көрсеткіштер

Реагенттер

Превоцел W-ON

Превоцел W-OF

Конокс  J-109

Тержитол

200С-та  және реагент мөлшері 0-ден 0,02% болғандағы сұйықтық-газ жүйесіндегі БАЗ ерітінділерінің беттік активтілігі, мДж/(м2·%)

-

1500

2075

2050

Кварц құмдағы адсорбция, мг/м2

2,7

1,6

-

2,3

200С температурада 0,25%-тік сулы ерітіндінің көбік түзу қабілеті, мл

 

225

 

235

 

265

 

310


 

 

Қарастырылып отырған реагенттер ОП-10 қарағанда анағұрлым жоғары адсорбция көрсеткішіне ие. 5-кестеде осы БАЗ ерітінділерінің тұтқырлық мәндері (мПа·с) келтірілген.

 

Кесте  5

Реагент

Температура, 0С

Су құрамындағы БАЗ мөлшері, %

20

40

60

80

100

Превоцел W-ON

15

-

1140

1820

-

561

20

221

857

1100

26000

405

30

158

318

430

262

154

50

325

58

79

71,5

64

Превоцел W-OF

15

7,1

153

-

553

-

20

5,9

101

-

342

250

30

4,8

94

-

169

78,4

50

4,2

85

132

58,2

32

Конокс J-109

15

14

-

-

3700

562

20

16

-

21200

670

377

30

20,2

5100

657

288

186

50

21

91

131

76,5

64,7


ДС-РАС  реагенті – детергент рафинирленген алкиларилсульфонат – анион класты БАЗ, алкан- және алкилароматты сульфоқышқылдар тобының тұздары. Ол алкилароматты сульфоқышқылдардың натрий тұздарының ерітіндісі болып табылады.

С у л ь ф а н о л  НП-1 – пропилен тетрамерлеріне негізделген натрийалкилбензолсульфонат – анион класының БАЗ болып табылады және ДС-РАС реагенті жататын түрге жатады. Негізгі сипаттамалары төменде келтірілген.

 

Химиялық формуласы

n

12

Құрамы, %

 

      -негізгі зат

50

-

  мен
  қосындысы

40

-сульфирленбеген қосындылар

3

Тауарлық реагент күйі

Ұнтақ

Түсі

Крем түсті немесе ашық-сары

Су мен этанолда ерігіштігі

Жақсы


 

Сульфанол НП-3 – парафиндердің  термиялық крекингісінің α-олефиндері негізіндегі натрий алкилбензолсульфонат – анион класының БАЗ және ДС-РАС  реагенті жататын түрге жатады. Химиялық формуласы НП-1 формуласына ұқсас.

 

Құрамы, %

 

      -негізгі зат

30

-

  мен
  қосындысы

5

-сульфирленбеген қосындылар

5

Тауарлық реагент күйі

Суда жақсы еритін паста  тәрізді зат


 

ДС-РАС және НП-1 мен  НП-3 сульфанолдарының көрсеткіштері 6-кестеде  келтірілген

 

Кесте  6

 

 

Көрсеткіштер 

Реагент

ДС-РАС

Сульфанол НП-1

Сульфанол НП-3

200С температурада және реагент мөлшері өзгеруі 0-ден 0,02% болғандағы сұйықтық-газ жүйесіндегі БАЗ ерітінділерінің беттік активтілігі, мДж/(м2·%)

75

-

1025

Кварц құмдағы адсорбция, мг/м2

2,5

2,2

-

200С температурада 0,25%-тік сулы ерітіндінің көбік түзу қабілеті, мл

225

-

280

Информация о работе Беттік активті заттардың қолданылуы