Көне турки жазулары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2013 в 12:44, реферат

Краткое описание

Сібір және Монғолия далаларына таралған жұмбақ жазулардың бар екендігі туралы ғылыми орта ертеден-ақ білетін еді. Оларды «Руна жазулары», яғни скандинавия тілдерінен алғанда «құпия, сыры ашылмаған» таңбалар деп атайтын. Ол кезде әлем ғалымдары сондықтан, бұл жазуларды көне Угор тайпаларының (Орал халықтарының ата-бабалары) мұрасы деп есептеді.

Содержание

1. Көне Түркі жазуларыны зерттелуі
2. Дала жазуларының арихы
3. Көне Түркі жазуларының жалпы сипаттамасы
4. Көне Түркі жазуларының мазмұны
5. Қосымшалар
6. Әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

Көне Түркі жазулары.docx

— 132.13 Кб (Скачать файл)

Қолданылу мерзімі  жағынан Енисей ескерткіштері –  ескі түркі жазуының ең ескісі, ол шамамен  Ү-ҮІІ ғасырларға жатады деп есптеледі.

Ескі түркі жазуының Енисей өзенінің алқабында көптеп табылған жері – Улукем және Кемчик өзендерінің  жағасы. Бұл – жер жағдайы жақсы, шөбі шүйгін, тіршілікке аса қолайлы  жер көрінеді. Маңайдағы далалық өңірден биік таулар арқылы бөлініп тұратын жер. Тарихшы Клеменц ескерткіш көп табылған жердің осы ерекшелігін ескеріп, мұнда Енисей мәдениетінің өркендеуіне табиғи жағдай болған деп шамайлайды.

Ескі дәуірлерде Енисей бойын қырғыздар, солардың қоластына  қарайтын тайпалар мекендеген. Кейінгі  кездерде Енисей ескерткіштерін ескі қырғыз тілінің ескерткіші болу керек  дейтін жорамалға осы факт себеп болып жүрсе керек. Бұл пікірді қостаушылар ең алдымен қырғыздардың Тянь-Шань тауларына Енисей бойынан келгендігін еске алатын. Дегенмен, осы орайда мына бір жағдайды ұмытпаған жөн. Енисей ескерткіштерінің тілі бар жағынан бірдей осы заманғы қырғыз тілімен астаса бермейді. Ескертекіштер тілінде қырғыз тілімен қабыспайтын толып жатқан фактілер бар. Оның бер жағында Енисей ескерткіштерінің тілдік фактілері осы заманғы түркі тілдерінің көпшілігінде-ақ /әсіресе Орта Азиялық тілдерде/ кездеседі. Бұның өзі, бір жағынан кейбір зерттеушілер айтып жүргендей /мысалы, И.А.Батманов/ Енисей ескерткіштерінде бірнеше тайпаларға ортақ тіл болып қалатын диалектілік ерекшеліктер де  соның салдары болуы ықтимал.

Сөйтіп, Енисей ескерткіштері бір ғана ескі қырғыз тілінің көрінісі дегеннен гөрі, тарихтың ескі дәуіріндегі «жалпы түркілік» тілдің ескерткіші, олай болса осы күнгі тірі түркі тілдерінің көпшілігене ортақ деп қарау әлдеқайда ұтымды.

Орхон ескерткіштері  деп Орхон, Селенга, Толы өзендерінің аңғарынан, Минусинск ойпатынан табылған ескерткіштер тобы аталып жүр. Орхон ескерткіштері тілі, баяндайтын тарихи оқиғаларының мерзімі, жазу стилі жағынан ескі түркі жазуының соңғы жаңа кезеңін танытады. Орхон өзенінің бойына, сондай-ақ оған жалғас аймаққа ескі түркі жазуы Енисей өзені бойындағы түріктерден тараған болу керек. Енисей ескерткіштерінің таңбаларынан гөрі Орхон ескерткіштері таңбалырының әлдеқайда жетілгендігі, олардың жақсы сақтаулы сол жайды танытатын тәрізді. Оның бер жағында, Орхон жазуы, халық арасына кеңінен таралған болуы да мүмкін. Күлтегін ескерткішінде мынандай сөйлем кезедеседі: аңар көрү білін, түрк амты бідін белгілері /Мынаны оқып біліңдер, түріктің ендігі халқы мен бектері/. Сол сияқты Тоныкөк ескерткішінде де: Түрік білге қаған еліне бітідім деп білге Тоныкөк /Түріктің Білге ханының еліне арнап жаздырдым мен, данышпан /Тоныкөк/ деген сөйлем бар. Бұларға қарағанда ескерткіш қойғызып, өсиет айтып отырған авторлар басқа да түріктердің жазуды оқи алуыан еске алса керек. Орхон жазуының ескерткіштері сан жағынан көп, әрі көлемді болып келеді. Олардың ішіндегі ең көлемділерінің біразын әңгімелей кеткен дұрыс.

Орхон ескерткіштерінің ең көлемділерінің бірі – Онгин ескерткіші деп аталады. Ескерткіші Онгин өзенінің аңғарындағы сайын Ноян шіркеуінен 1891 жылы Н.Ядринцев тапқан. Оның айтуынша ескерткіш тегістелген әдемі, төрт бұрышты тасқа жазылған. Тас жалпақ плитаның үстіне орналытлған. Жазу оның алдыңғы жағы мен бір жақ беткейіне жазылған. Айнала басы жоқ арыстандар мен отырған адамдардың мүсіндері қойылған. Арасы 500 қадамдай тастан төселген аллеялар бар. Ескерткіш Илтерес /кейде Елтерес, Гудулу, Кутлуғ/ хан мен оның әйелі Илбилге хатунға, яғни Могилян мен оның інісі Күлтегіннің ата-аналарына қойылған. С.Е.Масловтың шамалауынша, жазылған мерзімі ҮІІ ғасырдың басы. Бір мәліметтер бойынша Илтерес 690 не 693 жылдары қайтыс болса керек.

Орыс географиялық қоғамының мүшесі Н.Ядринцев 1889 жылы Орхон өзенінің Моңғолия жеріндегі  Хошо-цайдам ойпатынан ағып өтетін жерінен кейін «Хошо-цайдам ескерткіштері» /немесе «Күлтегін ескерткіші», «Могилян ескерткіші»/ деп аталып кеткен ескерткіш тастарды табады. Бұл ескерткіштердің иелері – Н.Ядринцевтің айтуынша, Моңғолоиядан Тарбағатайға дейінгі жерлерді жайлаған, Қара-қорымнан Ыстық көлге дейінгі елдерді түгел жаулап алып, Қытай мен Үндістан арасындағы халықтармен қарым-қатынас жасаған түркі тайпалары.

1827 жылы Селенга  өзенінің бойындағы Налайха станциясынан  әкелі-балалы Д.А.Клеменц пен Е.Д.Клеменц кейін «Селенга ескерткіші» /немесе «Тоныкөк ескерткеші»/ деп аталып кеткен. Жазулы тасты табады. Ол Шығыс түркі тайпаларының әйгілі хандары Илтерес /693 жылы қайтыс болған/, Қапаған /716 жылы қайтыс болған/, Могилян /734 жылы қайтыс болған/ тәрізді үш билеушіге бірдей қызмет еткен, өз заманының білгір дипломаты болған Тоныкөк биге арналған ескерткіш болып шықты.

Орхон жазуының бұлардың басқа да нұсқалары мол екенін айттық. Қосымша ретінде айта кететін  бір жай – Орхон мен Толы, Селенга өзенінің аңғарларында ескі дәуір куәсі болатын молалар мен қорғандар, әр түрлі өрнек, таңба салынған тастар мен плиталар, әр түрлі хайуанаттардың суреттері өте көп. Тарихшылардың айтуынша, бұлардың барлығы да өзара жақын, ұялас тайпалардың бір кездегі өмір сүру куәсі, солардан қалған мұра.

2.2 Күл-тегін мен  Білге-қаған ескерткіштері

Түркі халықтарының рулық таңбалары мен Орхон-Енисей жазуының арасындағы генетикалық жақындық  жайындағы өткен заман оқымыстыларының бұл жорамалын қазіргі уақытта совет тарихшылары да қостап отыр. Тарихшы С. В. Киселев бұл жазу (Орхон-Енисей) сырттан келген жазудың негізінде қалыптасуымен  бірге жергілікті халық арасында тыңнан туған қолтума үлгі деп қарау керек деп қорытындылайды. Өз ойын дәлелдеу үшін ол тағы да рулық таңбалар мен жазу үдгілерінің ұқсастығын айтады.

Орхон-Енисей жазбаларының дәуірі Ү-ҮІІ ғасыр аралықтары деп айттық. Бұл түркі халықтарының арасында ислам діні тарала қоймаған кез. Олар күнге т.б. табиғи құбылыстарға табынып, соларды құдай тұтты. Соған орай жазбалар тілінде ислам дініне байланысты айтылатын діні сөздер де, жалпы араб-парсы сөздері де кездеспейді. Сөздік қорлары түгелдей дерлік табиғи түркі сөздерінен құралады.

Орхон-Енисей жазуы  ескерткіштерінің зерттелеу. Орхон-Енисей жазуына байланысты ескерткіштердің  біздің еліміздегі зерттелу тарихын  негізінен алғанда, үлкен-үлкен үш дәуірге бөледі. Бірінші кезең  – Орхон-Енисей жазуының әрбір үлгілерін  жинау дәуірі, яғни ХІХ ғасырдың басына дейін.

Екінші кезең  – Орхон-Енисей жазуының материалдарын  оқып аудару және оларды бастырып шығару дәуірі /ХІХ-ХХ ғасырлар, қазан революциясына дейін/. Бұл дәуірде кейбір ескерткіштер туралы ішінара болса да ғылыми-зерттеу жұмыстары жазыла бастады. Үшінші кезең – осы саладағы жазба мұралардың ғылыми түрде жан-жақты /тарихи, лигвистикалық, этнографиялық, археолгиялық және т.б./ ғылыми талдау дәуірі болды.

Орхон-Енисей ескерткіштерінде аталған этникалық топтар мен  одақтар да қазіргі түркі халықтарының құрамында кездесетінін айтып өтпеске болмайды. Өйткені бұл – жай ғана, кездейсоқ, сәйкестік емес, сол тілде сөйлеген тайпалар мен рулардың қазіргі түркі халықтарының құрамына еніп, осылармен этникалық байланысқа түскендігін дәлелі. Ескерткіштер текстіндегі қырғыз, оғыз тайпаларының кейінгі дәуірде жеке-жеке түркі халықтарының негізін салғандығы белгілі. Бұлардан басқа тайпалар да қазіргі бірсыпыра түркі халықтарының құрамында бар екендігі айқындалып отыр. Мысалы, алтайлықтардың құрамында теле, токуз, төртаз, байлағаз, чигат тәрізді ру аттары кездеседі. Зерттеушілер осы ру аттары Орхон-Енисей жазбаларында кездесетін теле, тоғыз, оғұз, аз, чик тәрізді этникалық атаулардың қалдығы дегенді айтады. Бұл пікірге дәлел болатын тағы бір жағдай: алтайлықтардың /әлгі рулардың да/ мекені сол ескерткіштерде баяндалатын географиялық орынға сай келеді. Сондай-ақ қазіргі тува халқының құрамында ондар ұйғыр деп аталатын этникалық топ сақталса, тағы да алтайлықтардың ішінде сеока тиргес дейтін этникалық түргеш, ұйғыр атаулар жеке-жеке тайпаларды білдірмей тайпалар тобын, тайпа одақтарын білдіруге тиіс дейтін пікірді расқа шығарды.

Сонымен қатар қазақ  тілінің тарихын зерттеушілер де, тарихи деректерге сүйене отырып, ескерткіштерде кездесетін ашин, дулу тайпалары қазақ  құрамындағы алшын, дулат руларының  арғы негізі болуға тиіс дейтін пікір айтады.

Сөйтіп, ескерткіштер тілінде кездесетін этникалық топтардың біразы қазіргі түркі халықтарының құрамынан кездесіп отырады.

Түркі халықтары  мен тілдерінің өте ескі мұрасы, тарихи ескерткіші болып саналатын  «Орхон-Енисей жазбаларының» шығу тарихы, зерттелу жайы, тіл ерекшелігі және оның қазіргі қазақ тіліне қатысы жайындағы қысқаша мәлімет осындай.

Орхон ескерткіштеріндегі «Күлтегін жырының Білге қаған  атынан жазған жазулардың авторы Иоллығтегін. Біздің сүйенетіндеріміз «Күлтегін /бірінші жыр/ сонында бұл жазуды жаздырғанның аты – Иоллығтегін», — деген анықтама.

Түркі мәдениетін зерттеуші  ғалымдардың пікірінше Иоллығтегін 739 жылы өз ажалынан қайтыс болған, ал жырды 732 жылы жазған. Бұл түркі қағанатының күшті кезі болғанымен, империя ішіне алауыздық кіре бастағаны белгілі еді. Мүмкін осы жай саясаткер Иоллығтегіне Күлтегін батыр қазасына арнап сөз жазуға ой салған болуы мүмкін. Күлтегін батыр 684 жылы туып, 731 жылы 47 жасында дүниеден өткен. Осы қаза әсіресе Білге қағанға қатты әсер еткен, жырдың Білге қаған атынан жазылуы да содан болар.

Данышпан сол  бабамыздың бізге қалдырған мына сөздерін оқып, ойланайық: «Көк тәңірі жаратқан, көк тәңірге ұқсас мен түрік қағаны, міне патшалық таққа отырдым. Менің халқым, руластарым, аталастарым, туыстарым, бауырластарым, менің соңыма ерген барлықтарың менің бір сөзімді де қалт жібермей тыңдаңыздар.

Жоғарыда көк аспан жаратылғанда, жер төменде қарайып жатты. Екеуінің арасында адамның баласы жаратылды. Барлық адам баласының үстінен менің бабаларым Бұлқын қаған мен Естемі қаған қарады. Патшалық таққа отырып, олар әр тайпа өзінің одағын құрды.  Солардың бірі түркі халқы болды. Дүниенің төрт бұрышы олардың жауы болды. Әскер алып шығып, дүниенің төрт бұрышындағы барлық халықты бағындырып алды. Сөйтіп оларды бейбіт өмір сүруге мәжбүр етті. Басы барлардың басын игізді, тізесі барлардың тізесін бүктірді. Менің інім Күлтегін өмірден өтті, мен қайғырдым. Өткір көзім өшкендей болды. Өткір ойым сөнгендей болды.

Уақытты білмейтін  көк тәңірі. Адам баласы туғанда өмірден өту үшін туады»,- деп жазылған. Зираттың басына қойылған көк тасындағы жазу, міне, осындай. Жазудағы терең ой сөзінің қарапайымдылығында.

Біздің бүгінгі  ұрпақтарымыздың өз тілін, өзінің арғы тегінің тарихын, кім екендігін  ұмытқан кезде данышпан бабаларымыздың қалдырған сөздері бірден-бір ем, дауа болуы сөзсіз.

Данышпан Тоныкөк  қаған: «Мен қартайдым, дәрежем көкке  жетті. Егер жер бетіндегі қаған  бар бір халықтың ішінде жұмысқа  құлқы жоқ, жұмыс істегісі келмейтін  бір бейшара болса, ол сол халық  үшін қандай қасірет болған болар  еді. Мен данышпан Төныкөк: Білге қағанның түркі халқы үшін осының бәрін жазуға бұйырдым»,- деген сөзін тасқа қашатқан.

Ұққан адамға еңбек  сүйгіш бол, «сенің халқынды, елінді көрсетеді, еңбек етпеген жалқау адам елін, халқын кері тартады, қырсығы тиеді», — деп кейінгі ұрпақтарға өсиеті, ақыл, нақыл, ой тұжырымын қалдырған.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

 

  1. Абылхожин Ж.Б., Бурханов К.Н., Кадырбаев А.Ш., Султанов Т.И. Страна в сердце Евразии.-Алматы: 1998г.
  2. Айдаров Ғ. Орхон ескерткіштерінің тексті. –Алма-Ата: 1990.
  3. Арон Атабек. Руны и годы или Слово об Учителе. //Отан. 2002.№3, с.40
  4. Байбатша Әділхан. Қазақ даласының ежелгі тархы.-Алматы: 1998.
  5. Баласағұн Жүсіп. Құтты білік. –Алма-Ата, 1986 ж.
  6. Есімов Ғ. Абай хакім. –Алматы, 1994.
  7. Келімбетов Н. Ежелгі дәуір мәдениеті. -Алматы, 1991.
  8. Қоңыратбаев Ә., Қоңыратбаев Т. Көне мәдениет жазбалары. –Алматы, 1998.
  9. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан летопись трех тысячелетий.-Алма-Ата, 1992.

10. Марғұлан Ә.Х.  Еделгі мәдениет куәлары.-Алматы, 1996.

11. Садықова К.  Түркі дәуіріндегі мәдениет /Жазба мұралары/.-Павлодар.2005 ж.

Ернур мугалим

Орхон-Енисей жазуы  туралы 1962 ж. ең алғаш хабар берген адам Амстердам қаласының бургомистрі Н.Бидзен.

С.Ремезовтың 1969 ж. бастап, 1967 ж. жазып бітірген «сібір қалаларының, жерлерінің, шөл жалалар мен асуы қиын таулы өлкелерінің чертежі» деген еңбегінде «Орхон тасы» деп көрсетілген жер бар. Ол 1896-1897 ж. әйгілі Талас ескерткіші табылатын рунктке сай келеді. С.ремезов көрсеткен материалдар петр Алексеевич патшаның нұсқауымен 1701ж. «Сібірдің, қалалардың және өлкелердің атласы» деген еңбекті жасау үшін пайдаланылған. 1721-1722 жылдары Сібір өлкесін аралаған Д.Е.Мессершмидттің экспедициясы да рун жазуының кейбір элементтері жөнінде қысқаша мәліметер жазып қалдырған болса, айдауда /13 жыл/ жүріп, Сібірде қызмет істеген швед офицері Ф.И.Табберт Страленберг, тіл біліміндегі жаңа ағым Орал-Алтай теориясының авторы, 1730 ж. Орхон-Енисей жазуының бірнеше үлгілерін тапқан. 1793 ж. П.С.Паллас Орхон-Енисей жазуының бірсыпыра материалдарын жариялады.

Алдын ала берілген осындай азын-аулақ хабарлардан  кейін Орхон-Енисей жазуының ескерткіштерін іздеуге баса назар аударыла бастады. 1818 жылы бірқатар жазу нұсқаларын Г.Спасский «сібір естеліктерінің жазбасы» деген еңбегінде жариялап шығарды. Оны Ф.И.Круг 1828 ж. латын тіліне аударып басты. Еңбекті сол уақыттың көрнекті ғалымдары А.Гумбольд пен Р.Ремюза өте жақсы бағалады. 1847 жылы М.А. Кастрен Енисей губерниясының Минусинск округіндегі Шушинск болысынан рунакалық құпия жазу ескерткіштерінің жаңа түрін тапты да оны Г.Спасский 1857 жылы басып шығарды. Бұл ескерткіштің мәтіні 1859 жылы тағы да жарияланды. 1887-1888 жылдары фин ғалымы Ж.Аспелин арнаулы экспедициямен барып, Енисей өзенінің бойындағы жазуларды зерттеп қайтты. Оның материалдар 1889 жылы жарияланды. Ж.Аспелин 1884 жылы Одесса қаласында өткізілген археологиялық сьезде жасаған баяндамасында Орхон-Енисей жазуының сырын ашу үшін оны оңнан солға қарай оқу керек деп шешкен болатын.

Информация о работе Көне турки жазулары