Көне турки жазулары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2013 в 12:44, реферат

Краткое описание

Сібір және Монғолия далаларына таралған жұмбақ жазулардың бар екендігі туралы ғылыми орта ертеден-ақ білетін еді. Оларды «Руна жазулары», яғни скандинавия тілдерінен алғанда «құпия, сыры ашылмаған» таңбалар деп атайтын. Ол кезде әлем ғалымдары сондықтан, бұл жазуларды көне Угор тайпаларының (Орал халықтарының ата-бабалары) мұрасы деп есептеді.

Содержание

1. Көне Түркі жазуларыны зерттелуі
2. Дала жазуларының арихы
3. Көне Түркі жазуларының жалпы сипаттамасы
4. Көне Түркі жазуларының мазмұны
5. Қосымшалар
6. Әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

Көне Түркі жазулары.docx

— 132.13 Кб (Скачать файл)

Ұрпаққа өнеге болар  атақты Күлтегін, Тонына, Білге, Бумын  қағандар әрі тарихи, әрі әдеби дастан жыраулардың кейіпкерлеріне,  сомды тұлғаларына айналды. Ардақты есімдерді ел жадында сақтау үшін сол заманның данагой білімдарияры өркениеттің белгісі болып табылатын түркілік сына жазумен тас бетіне түсірді.

Түркі тайпаларынан қалған бұл ескерткіштер көне дәуірдің қоғамдық мәдени, әрі әдеби тұрмыс-салт өміріне хабар беретін жәдігерлер қазына ретінде бүгінгі күні барлық түркі тектес халықтарға ортақ мұраға айналды. Түркінің сары даласының ішкі сырын бойына сіңірген  таңбалы тастар қас батырдың ерлігіндей сан ғасырларды аттап, өз заманының шындығымен қайғы-қасіретін, амал-әрекетін бейнелеп еш өзгерместен күні бүгінге жетіп отыр. Болашақ ұрпаққа мұра етіп қалдырған көне түркілік жазба ескерткіштер кең байтақ Қазақстанның барлық аймақтарынан табылып ескерткіштер саны жыл санап өсіп жатыр.

Түріктану ғылымы көне түркі жазба ескерткіштерін географиялық, мазмұндық әрі дәуірлік мәніне қарап, Орхон, Енисей және Талас деп үш топқа бөледі. Соның ішінде Талас жазбалары Қазақстанның оңтүстік аймақтарынан табылған ескерткіштердің тікелей жалғасы болып табылатын орта ғасырлық мұралар мен тарихи орындар осмы таулы-қыратты, өзенді аймақтарда орналасқан. Сан жылдар бойы іздестірудің барысында Орталық Азия территориясында ағаш тақтайшаға ойылып жазылған көне жазу табылды.  Бұл жазу жүйесі өзінгің құрылымы және тақтайға ойылғанымен басқа тас жазулардан ерекшеленеді. Іле-шала Ертіс өзені бойынан қола айнадағы жазу, ал 70-ші жылдары Іле өзені бойынан (Есік қорғанынан) күміс тостағандағы жазу табылды. Мұндай тарихи мәні зор жазулардың бүгінде Қазақстанның кез-келген өңірінде өз сырын ішіне бүгіп жасырып жатқаны бізге беймәлім.

Қазіргі кезде ежелгі түркі тайпалық одақтары өмір сүрген аймақтардан руникалық жазумен ойылып жазылған үй-тұрмысына қажетті заттар, қой тастар табылып жатыр.

Орталық Азия мен  Қазақстан жерлерінен табылып жатқан руникалық түркі жазбалары Орхон  таңбаларынан өзіндік ерекшелігімен  дараланады. Мұнда Орхон немесе Енисей өзендері аңғарларынан табылған, жазулардағы  барлық таңбалардан бөлек өзгеше жазылған көне әріптер кездеседі. Мұның өзі түркі жазуы жүйесінің ертеден қалыптасқан, жүйелі әліппе, жазу мәдениетіміздің тереңде екенін аңғартады.

Ежелгі түркі  туралы Орхон материалдарынан басқа да табылған археологиялық материалдар баршылық. Бұл материалдарды оқып білу  әлі күнге дейін кешуілдеп, нақты тарихи деректерді көрсететін мәліметтердің көбінен әлі басы ашылмай келеді. Оған мына жағдай да себеп болды. Х ғасырда исламды уағыздаушылар (арабтар мен түркілердің  өздері) өздерінің исламға дейінгі жазбаларына қарсы шығып, бұрын жасалған түркі мәдениетін ислам дініне құран етті-құбыжыққа айналдырды, ақыры ұмыт болды. Бұл саясат кеңес үкіметі, кезінде де  толастамады. «Пантюризим» деген желеумен Түркі мәдениеті қуғындалды. Ол саясат тіпті қазір де ұшырасады. Мысалы, Мәскеуден шығатын «Молодая гвардия» журналыныі (1990-№12№-256 бетінде)  жамбылдық А. Хмелов  Қазақстандағы тіл саясаты туралы сыңаржақ пікір айтты: «Мектеп, техникум, жоғары оқу орындарында бұл тілді (қазақ тілін) қалаңыз, қаламаңыз зорлап оқытады» деп жазды.  «Өзімнің сұлу орыс тілім тұрғанда, қазақ тілінің не керегі бар?» деп қана қоймай, жалған айтып, «қазақ, қырғыз тәрізді көшпелі халықта жазу,сызу атымен болмаған» — деп бұл халықтарды кемсітеді. «Қарап отырсам, өзбек, қырғыз, қазақтардың әрпінің бәрі орыстардан алынған. Ендеше ондай тілді үйретудің не мәнісі бар, — деп қорытады.

Көшпенділер өз тарихың VI ғасыр да Орхон-Енисей бойындағы  қабырға жаңа, ескі түркі әріптерімен ойып жазғанда[5] орыс халқы әлі тарих сахнасында жоқ еді. Орыс жерінде кириллицаның келіп тууына әлі 300 жылдай уақыт бар еді. Осыларды А. Хмелев мырза білсе «көшпенді халықта әріп деген қайдан болсам» деп ауа жойылмас еді.

ХІХ ғасырдың алғашқы  ширегінде біраз мағлұматтарды өзі шығарып тұрған «Сибирский вестник» журналында Григорий Спасский жариялайды. Оның мақаласы көп кешікпей латын тіліне аударылады да, Орхон ескерткіштері басқа елдердің ғалымдарына да белгілі бола бастайды. Бұл хабарды естіген фин археологиялық қоғамы 1875 жылы Минусинскіге екі рет экспедиция жіберіп, 1889 жылы «Енисей жазбалары» деген атпен 32 таблицалы, 8 фотосуретті атлас жариялайды. Ескерте кететін бір жай, жазбалардың әліппесі табылғанша бұл мұраларды фин ғалымдары өз халқының ескерткіші деп танып келген. Алайда бұл пікірдің негізсіз екендігін олар кейін мойындады.

1889 жылы орыс  зерттеушісі Н.М. Ядринцев Орхон  өзенінің бойынан, Енисей өзені  сағасынан табылған ескерткіштерден  әлдеқайда үлкен белгісіз таңбамен  жазылған зәулім, қолдан қашалған төрт қабырғалы биік тасты көреді.

Н. Ядринцев тасқа мынадай сыпаттама береді: биіктігі -3,5 метр, төменгі ені -1,32 метр, жоғарғы жағының ені –1,22 метр. Биіктеген сайын жіңішкере береді, жоғарғы бөлігі өрнектелген. Тастың төрт жағы бірдей жазылған. Батысқа қараған бетінде қытай жазуы да, қалған қабырғасы бірдей руналық жазумен толған.

Н. Ядринцевтің айтуына  қарағанда, ескерткіштен  25 метрге дейін созылған аласа дөңес жатыр. (кейінгі зерттеудің нәтижесінде бұл қытай кірпішінен жасалған қабырға екендігі анықталды).  Осы қабырғаның жанынан басы жоқ, мрамордан жасалған 7 түркі статуясы табылған. Ескерткіштің батыс жақ бетінде басы бір-біріне қараған, қираған екі хайуанның мүсіні бар (ғалымдар мұны мазарға кіретін есіктің белгісі болу керек деген болжам айтады).  Ал осы кіре берістен әрқайсысының арасы 10-12 метрден, беттері шығысқа қарағанадам мүсіндес сын тастар ұзындығы 4,5 шақырымға дейін созылып жатыр екен. Мұқият зерттеудің нәтижесінде әлгі мүсіндердің осында жерленген кісінің тіршілігінде өлтірген дұшпандарының келбеті екені және айқындалып отыр.

Көп кешікпей Н. Ядринцев Россия археологтарының VІІІ конгресінде ғалымдардың назарын сло Орхон бойындағы көне мұраларға аударады. Осыдан бастап бұрын тек Енисей ескерткіштері деп қана аталып келген жазбалар енді Орхон, яки Орхон-Енисей жазулары деген атқа ие болады

Шамамен VІ ғасырдың орта кезінде Жетісу, Алтай, Орталық  Азияны мекен еткен түрлі ру-тайпалар бірігіп, Түрік қағанаты деп аталатын мемлекет құрғаны тарихтан жақсы мәлім.

Міне, сол ежелгі түркі дәуірінің қоғамдық, әдеби мәдени өмірін жыр еткен ғажайып дастандар бар. Бұлар – «Күлтегін», «Білге қаған», және «Тоныкөк» жырлары деп аталады. Бұдан 1250 жыл бұрын үлкен құлпытастарға қашап жазылған осы әдеби ескерткіштер идеялық мазмұны жағынан да, көркемдік шеберлігі тұрғысынан да күні бүгінге дейін оқушысын таңдандырып, тамсандырып келеді.

Руна жазуындағы жәдігерліктер жанры туралы соңғы  кезге дейін әртүрлі пікірлер айтылып жүр. Бұларды біресе прозалық шығарма десе, екінші жолы поэзиялық туынды деп

келеді. Ал кейінгі  кезде, әсірее, көрнекті совет ғалымы И. В. Стеблеваның «VІ – VІІІ ғасырлардағы түркі поэзиясы» деген еңбегі басылып шыққаннан кейін руна жазуындағы әдеби мұралар поэзиялық  туынды деп танылады.

«Сонымен қатар  дәл Стеблеваның ұғымындағыдай, ескерткіштегі сөз біткеннің  бәрін бірдей ағыл-тегіл өлең деуге болмайды. Қазақтың «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Алпамыс», «Қобыланды» тәрізді әйгілі жырларында кездесетін өлең арасындағы әлқисса-түсіндірме көркем қара сөздер мұнда да кездесіп, араласып отырады. Көне түркі авторлары, өзімізге әбден қанық қазақтың батырлар жырларындағыдай, болашақ жорықтарды немесе өткен оқиғаны ақындық тәсілмен, үлкен пафоспен баяндай отырып, өздеріне елеусіз деп есептеген сәттерді жыр арасында қара сөзбен жеткізіп те отырған. Әдетте мұндай прозалық жолдардың көркем болуы шарт емес, керісінше тусінікті болу жағына баса мән берілген. Осы заңдылықты Күлтегін, Білге Қаған, Тоныкөктерге арналған үш шығарманыңүшеуінде де кездестіреміз. Өз кейіпкерін дәріптеуде, оның жойқын соғыстарда көрсеткен есепсіз ерліктерін сүреттеуде сан түрлі бояуды, бейнелеу тәсілдерін мол пайдалана отырып шабытпен жырлаған автор бір сәт прозалық баяндауды да қолданады. Мұны біз көне түркі ғұламаларының эпикалық мұра жасаудағы қалыпты, дәстүрлі әдісі ме деп ойлаймыз.»1

«Күлтегін» жырындағы  мынадай өлең жолдарына назар  аударайықшы:

Қаның  судай  ақты,

Сүйегің  тау  боп  жатты…

Бек  ұлдарың  құл  болды…

Пәк  қыздарың күң болды…

Тізеліні  бүктірдік,

Бастыны  еңкейттік…

Еліміз  қайта  ел  болды,

Халқымыз  қайта халық  болды.

Міне, осы ерлік  пен ездік, соғыс пен бейбітшілік, құлдық пен тәуелсіздік жайында  тебірене толғайтын ғажайып жыр  жолдарын ақын бұдан бір мың екі жүз елу жылдай бұрын жазыпты. Демек,  әрбір шумағы әсем айшық-өрнектерге, сезім толғаныстарына, жанды бейнелерге толы бүгінгі өресі биік поэзияның қайнар-бастауы, түп тамыры көне тарихтың тұңғиық тереңінде жатқаны ғой.

Көне түрік қағанаты дәуірінде, дәлірек айтсақ VІІІ – ғасырда әрбір әрпі құлпытасқа қашап жазылған, әрбір сөзі адамның жан жүйесін еріксіз тебірентетін, әрбір шумағы астарлап айтылған ой-толғаныстарына толы, қадым замандардан сақталып, бізге жеткен сөз патшасы бүгінгі оқырманына да әмірін жүргізеді – оған эстетикалық ләззат беріп, ой мен сезім әлеміне жетелейді. Қиыннан қиыстырып, айтар сөзін айшықтап, ажарлап, сан түрлі бояумен құбылтып жеткізген ежелгі заман ақынының шеберлігіне таңырқап, талантына тәнті боласыз.

Адамзаттың көркемдік талғамы ерте замандардан бастап дамығанын дәлелдейтін ғажайып көркем сөз ескерткіштері тек көне түркілерде ғана емес, өзге халықтарда да жиі ұшырайды. Мәселен, ежелгі вавилон елінің «Көрмегені жоқ кісі» деп аталатын батырлық поэмасы біздің заманымыздан бұрынғы екі мыңыншы жылдар шамасында жазылыпты. Бұл адамның сұлулығы мен ұлылығы, батырлығы мен асылдығы жайындағы гимн деуге болады. Ал, енді үнді жұртының бұдан да ертерек жазылған «Махабхарата» деген көркем туындысы адам бойындағы асыл қасиеттерді жырлауға арналған. Бұл дастан он тоғыз кітаптан тұрады, жалпы көлемі екі жүз он төрт мың жол өлең болып келеді.

Пайдаланылған әдебиеттер.

1. Бартольд В.В.  Соч.,5.-М.,1968.-С.45

2. Бейсенбайұлы  Ж. Бітігтастағы Білге танушы  «Егемен Қазақстан» 2002, 28 сәуір.

3. Ертедегі қазақ  әдебиеті, Хрестоматия, Күлтегін. (кіші  жазу) Алматы, 1967, 29 б.

4. Есенқұлов Е.  Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі  қосымшалар. Алматы, 1976. 10б.

5. Келімбетов Н.  Ежелгі дәуір әдебиеті. Алматы, Ана тілі 1991.

6. Жолдасбеков М.  Асыл арналар. Алматы, Жазушы 1990.

Орхон бітіктастары мен ескерткіштері455

«…Культурный вес, цена этих каменных памятников дороже любого

золота, любой драгоценности, они бесценны… Наш долг сохранить эти каменные

книги, они принадлежат  всему человечеству, не только тюркам. Это наша родная

история и в то же время — общечеловеческое достояние»

Олжас СҮЛЕЙМЕНОВ

Моңғолия, 1975 ж.»

Түріктануда бүгiнгi Моңғолия жеріндегі көне түрiк бiтiктастар мен ескерткіштерді «Орхон ескерткiштерi» деп атау қалыптасқан. Оның өзіндік себебі бар. Өйткені Орхон өзенiнiң бойы Еуразиялық кеңiстiктегi далалық көшпелi өркениеттiң ұлы Хұн (қыт: Шиюнну) этносаяси бірлестігінің (б.з.б. 209 ж-б.з.II ғ.) орталығы-астанасы болды, одан кейінгі кезеңде Сянби (II-IV ғ.), Тоба, Жужан (IV-V ғ.), Түрiк Елі империясының (VI-IX ғ.), «ұйғыр» (IX ғ.) , «қырғыз» ( IX-X ғ.) этносаяси мемлекеттері мен Моңғол ( 1189-XIV ғ.) империясының негізгі ордасы, киелi қара шаңырағы, жер ұйығы – «Өтүкен» болып келген. Демек осы өңiр мыңдаған жылдар бойы далалық көшпелi төл табиғатының кiндiгi, сарқылмас бастау бұлағы болды. Сонымен қатар Орхон алқабы сан мыңдаған тарихи ескерткiштерге аса бай өлке.»

Орхон бітіктастары мен ескерткіштерінің кеңiстiк аймағы – Алтай, Хаңғай, Соен, Кентай тау  жоталары, Гоби (қазақша-«қобы») шөл  даласы және осы тау-жота, дала алқабындағы  Орхон, Селеңгi, Туыл, Онгин, Керулен, Онон, Ханұй, Хүнүй, Тэс, Қобда өзендерiнiң  бойы мен Көпсукөл, Қырғыс, Қарасу, Ұбсы көлдерiнiң жағалауы. Демек көне түрік бітіктастар мен ескерткіштері Моңғолияның шығысынан батысына, солтүстiгiнен оңтүстүгiне дейiнгi төрт тарабында кездеседi.»

Жалпы, Моңғолиядағы түрiк бiтiктастарының өзіндік  ерекшелiгi олардың iрi ескерткіш кешендерде орнатылуы деуге болады. Ондай ескерткіш кешен құрамында кесене, бітіктас, тасбақа немес тұғыртас, бәдіздер, балбалдар ( саны 10 — 400 данадан астам), қорған, сандықтас және т.б.»

Түрік бітік мәтіндерін «бітікші» арнайы өңделген тастарда, зат бұйымдарда, тиын ақшаларда, жартастарда қашап түсірген. Кейбір жартастарда жоса бояумен жазылғандары да кездеседі. Ағашқа немесе қағазға жазылған көне түрік мәтін (Тұрпан ескерткіштері секілді) Моңғолияда әзірге табылмай отыр456 . Көк Түріктер дәуіріне байланысты Ордубалық, Байбалық, Тоғұбалық және т.б.жүздеген қала, ордалық қоныс мекендерінің орны айқындалғанымен бұл қалаларға қатысты археологиялық кешенді зерттеулер жоқ дерлік.

Орхон бітіктастары мен ескерткіштерінің көпшілігі  далалық көшпелі этносаяси бірлестіктердің  қаған, йабғұ, чұр, тархан және т.б.билік иелерінің, түрік бекзаттарының құрметіне арналып жасалынған. Қарапайым халықтарға арналғандары да баршылық. Бұлар алғаш табылған жер-су атауларымен аталып, ғылыми айналымға енген еді. Ғылыми зерттеулердің нәтижесінде аталмыш бітіктастар мен ескерткіштер белгiлi бiр тарихи тұлғаға арналғаны анықталып, қазір оны сол тұлғаның атымен атау үрдісі қалыптасып келеді. Мысалы, Татпар қаған («Бугут ескерткіші» ), Бiлге қаған, Күлтегiн («Хөшөө цайдам ескерткіштері») , Тұңықұқ («Баян-цогт ескерткіші»), Ел етміш қаған («Могойн шинэ ус ескерткіші»), Күлі-чұр («Их хөшөөт» ескерткіші), Алтын тамған тархан ( «Их Асгат» ескерткіші), Күл тархан (« Ар ханан» ескерткіші) және және т.б.»

Негiзiнде Моңғолиядағы Орхон түрiк бiтiктастары мен ескерткіштері ғылыми айналымда толық анықталмауына орай негізінен оның табылған жер-су атымен аталып келедi.»

Орхон бітіктастары мен ескерткіштері тарихи мазмұны  мен деректанулық тұрғыдан аса құнды. Онда Түрік Елінің саяси тарихы толықтай қамтылмаса да, едәуір дәрежеде хатталынып қашалған. Сондықтан орхон бітіктастары мен ескерткіштері ішінде ең ірісі Білге қаған бітіктасы мен Күлтегін бітіктасында көне түріктердің этносаяси тарихы, этномәдениеті және және т.б. жақтарына қатысты мол деректер бар. Одан кейін Тұңықұқ, Ел етміш қаған, Онгин (Ел етміш йабғұ) және т.б.бітіктастарда сол дәуірдегі этнотарихы және этносаяси жағдайлардан нақты мәліметтер кездестіруге болады.»

Информация о работе Көне турки жазулары