Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2013 в 19:33, реферат
Шопенгауэр, Ницше санасыздық (иррационализмді) мойындайды. Бәрін ырғаққа бағындырады. Ал Зигмунд Фрейд ақылсыздықты (нерационализм) дәлелдей отырып, оның аржағында сана тұрғанын айтады. Интуицияның өзі де толық санасыздық емес. Бірақта адамда, екі түрлі құбылыс бар дейді З. Фрейд. Бірі — «ол» (id) (моральдық қасиет), екіншісі «мен» (ego) (тәртіптілік). Ego-ті қыспақта ұстайд, оған ерік бермейді дей келіп, З. Фрейд өзі «id»-ті қолдайтынын айтады. Сондықтан З. Фрейдтің үлкен ғалымдығына қарамастан, оның дәл осы тұжырымын мойындауға болмайды.
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
Сананың шығу тегі мен мәні;
Сананы қалыптастыратын факторлар;
Сана – философиялық категория;
Қоғамдық сана және жеке сана;
Сананың қызметтері;
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Бірінші топ — шала сана (подсознание). Оған санадан тыс шығарылған автоматты қимыл дағдылары, ішкі ағзалардың қызметі мен реттелуі, эмоция реңкі мен олардың сыртқы көрінісі, мотивациялық келіспеушілік жатады. Шаласана адамды артық энергия шығынынан сақтайды, оны ышқынудан қорғайды. Шаласананың немесе санасыздықтың (бессознательное) бірінші деңгейі—адамның өз денесін, тіршілігін психикалық санасыздықпен бақылауы. Екінші деңгейі — адамның ұйықтамай жүрген кезеңіне ұқсайтын процестер. Оның үшінші деңгейі адам рухының жоғары сергектігінде жетілетін көркемдік, ғылыми және басқа сезімталдық психикалық процестерден көрініс табады.
Екінші топ — асқан сана (сверхсознание) немесе интуиция. Ол сана бақыламайтын шығармашылық нұрлану (озорение) , болжам, жорамал, аңғару, шамалау қасиеттерін қалыптастыратын механизмнен тұрады. Асқан сананың негізі — зерде іздерін өңдеп, жаңаша комбинациялар табу, жаңа уақытша байланыстар жасау, аналогтар құрастыру. Ол ғылыми жаңалықтар ашуға, көркем шығармалар жазуға, өнер туындыларын жасауға ықпалын тигізеді.
Көп жылдар бойы сана үлкен ми сыңарлары қыртысы, ал шала сана орталық жүйке жүйесінің төменгі бөліктері арқылы атқарылады деген пікір болды. Алайда олар мидың барлық құрылымдарының бірлестірілген іс-әрекеті. Яғни, үлкен ми сыңарларының қыртысы барлық рефлекстік әсерленістерге қатысады.
Сана — адам миы қызметінің жемісі, нәтижесі. Бірақ ми түрлері жанарларда да бар. Ал сана тек адам миының ғана жемісі. Бұл өте күрделі процесс, материалдық дүниененің ұзақ уақыт дамуының нәтижесі. Сананың миға бар екенін мойындамай, сана миға сырттан дайын күйінде интроекция арқылы келеді-міс деген жалған пікір таратқандар да болған ол махист Р. Авенариус.
Сана жеке адамның субъективтік әсерленушілігі. Жалпы сана сезіну және сана - сезімнен құралады. Сезіну дегенміз акиқат болмысты жинақталған біліммен салыстыру және адамның тәжірибесін молайту. Сана арқылы басқа адамға білім беріледі.Адам өзіндік сана (сана-сезім) арқылы өзін-өзі сезініп ұғынады. Сана-сезім дегеніміз — адамның өзін-өзі және өзінің психикалық күйін түсінетін арнайы кісілік ерекшелігі. Адамның сана-сезімі қашанда таптық, топтық қоғамдық сана-сезіммен тығыз байланысты. Сондықтан сана-сезім адам өзін - өзі түсінгеннен көрі кең ұғым. Өйткені өзін - өзі сезіну мен қоршаған болмысты сезінудің бірлігі арқылы тек адамның кісілік қасиетіне тән өздігінен реттелудің жоғары формасы жүзеге асады. Сөйтіп әрбір сана қоршаған әлемнің нәрселерін сезіну мен адамның өзін-өзі, өзінің ішкі дүниесін сезінуден тұрады. Адам санасы әлеуметтік түрткілердін, ықпалынаң — енбек іс-әрекеті мен қатынастан қалыпасады. Caна-сезім бір жағынан, танымдық екінші жағынан, әрекеттік рухани құбылыс. Өзін түсіну арқылы адам өзін - өзі жөнге салады, өз ісіне баға береді, мінез - құлқын реттейді, тәрбиелейді.
Сана мидың айналадағы объективтік шындықты бейнелеуінен туады, яғни ми қызметінің жемісі. Адамның психикалық өмірінде кездесетін негізгі психикалық процестерге таным процестері — түйсік, қабылдау, зейін, елес, ес, қиял, ойлау мен сөйлеу: эмоциялық, процестер адамның көңіл-күйлері сезімі; ерік процестері — адамның алдына қойған мақсатына ұмтылуы, талаптануы және соған байланысты әрекет жасауы жатады. Осы психикалық процестердің құрылымы деп сана құрылымын айтады.
Санасыз әрекет — адамның жан дүниесінде санадан тыс атқарылатын әрекет. Санасыз әрекетке адам мән бере қоймайды, қашан, қалай болғаны жөнінде есеп бере алмайды. Санасыз әрекеттің қарапайым мысалына адамның ой жүгіртпей істелетін дағдылы әрекеттері, түс көру, кейбір мәселенің шешімін кенеттен аян бергендей табуы, т.б. жатады. Санасыз әрекет туралы ойлар Г. Лейбниц, В. Вундт, З. Фревд. т.б. ғалымдардың еңбектерінде кездеседі. Санасыз әуестік — белгілі бір уақытта адамның өзі түсінбейтін, бірақ оның психологиясы мен қылығына әсер ететін адамның ішкі түрткілері, қажеттіліктері, қылық себептері (мотивтері).
Сананың бүлінуі — орталық жүйке жүйкесінің зақымдалуынан туындайтын психикалық ауру адамның миы әр түрлі жағдайларға байланысты ауруға шалдығуы мүмкін. Ми зақымдалған кезде оның жоғары жүйке қызметі өзгеріске ұшырайды. Адамның қабылдауы, ойлауы, көздеген әрекегі бұзылады. Балаларда сананың бүлінуі әр түрлі кезеңде орталық жүйке жүйесінің зақымдалуынан болады. Біреуінде зақымдану құрсақта жатқан кезде болса, енді біреуінде туғаннан кейін 3 жасқа дейін болады. Процестің өзін тікелей миға әсер еткен дәл осы кезеңде оның зақымдануын органикалық зақымдану, ал балалардың өздерін олигофренопедагогикада олигофрендер деп атайды. Санасына зақым келген, санасы бүлінген балалардың психикасын психологияның арнайы саласы — дефектология ғылымы қарастырады. Балалардың орталық жүйке жүйесінің бұзылуы әртүрлі себептерге (әйелдердің жүкті кезде жарақаттануы, анасының немесе баласының жұқпалы аурулармен ауыруы, анасының теріс резус-факторы, зат алмасудың бұзылуы және т.б.) байланысты болады. Ал мидың зақымдануынан жоғары жүйке жүйесінің қызметі қатты бүлінеді. Бұдан бүкіл психикалық процестердің дамуы бұзылады. Кейде 3 жастан кейін де баланың санасы бүлінуі мүмкін. Оған әр түрлі жарақаттар, мидың қабынуы, психикалық аурулар және т.б. себеп болады. Бұдан балалардың бүкіл психикалық процестері — ойлау, сөйлеу, есте сақтау, қабылдау және т.б. қабілеттерінің дамуы бұзылады. Ақыл-ойы кем мектеп оқушыларындағы басты белгі және психикалық ерекшелік — ойлау процестерінің жетілмеуі (атап айтқанда, ой қорытындылаудың, талдап жинақтаудың нашарлығы) болып табылады. Мұның бәрі сананың бүлінуінен болады.
Сана – философиялық категория
Сана түсінігі философия саласында негізінен адам болмысы тұрғысынан, яғни қоғамдық үдірістердің көрінісі, құбылыс және адамзаттық тарих пен мәдениетті жалғастыруды қамтамас етуші әдіс ретінде қарастырылады. Сана қоғамдық және жеке «өлшем» бірлігінен көрінеді. Шын мәнісінде, сана арқылы қоғамдағы байланысты жеке адам өзінде бекітеді.
Сана – образға сүйене қоғаммен қарым-қатынасқа түсе алатын адам қабілеттілігі, адамның заттармен байланыс іс-әрекеті, табиғи және мәдени қатынасы, қашықтағы, жақындағы адамдар өзара қатынасы мен қызметі, яғни осы образдарды өзінің мінез-құлық бағытында әдіс-тәсілі ретінде пайдалану. Сана түсінігі бұл психика түсінігі; психика тірі жанның қоршаған ортамен тікелей байланыс тәсілі (сондай-ақ жеке адам) деп түсіндіріледі, демек олардың өмірлік үрдістерінде әсерлендірушісі және көрінісі ретіндегі, психикалық қабілеттілік жыйынтық, табиғи және ғарыштық ритмдер байланыстарында адамның қоғамдық және мәдени іс-әрекеттерінде өз-өзіне бағыт-бағдар жасай алуы мен басқара алатын қабілеттілікпен қамтамасыз етуі.
Адам санасы, оның қоршаған ортамен байланыс ерекшелігіне қарай, «түзу сызықты» болып келмейді. Онда адамнан тыс және оған тәуелді адамның іс-әрекетінінің ерекшелігіне қарай, адамның адаммен, заттармен, табиғатпен қатынас байланыстары түйіскен және жекелеген әрекеттері бекітілген. Бұл қабілеттер әртүрлі үйлесімділікте – анық және жасырын - байланыстар байқалмайтын сана «орталығы»…... Бұл қабілеттіліктердің құрылуы сананың жетілгендігін, «жауапқа қабілеттілігін» ескертеді. Оның деградацияға ұшырауы сананың құлдырауына әкеледі. Әртүрлі уақыт кезеңдерінде адам санасы бір нәрсеге шоғырлана бекітілген. Оның белгілі бір затқа қатысты айқындалып көрінуін, «ашылуын», ол өзі анықтайды. Бұл – оның қалыпты жұмыс жағдайы. Сана жеке адамның затқа, формаға және кейінгісі адамның адаммен байланысы ретінде, әрекеттерде оларға тән қатынасты бекітеді. Жеке адамның басқа адамдармен, заттармен қарым –қатынас үдерісіндегі байланысы және оның арғы жағында жасырын жатқан құбылыстары сана арқылы енгізіледі.
Сана қарапайым жолмен зерттеуге және түсіндіруге келе бермейтін, ерекше объект. Ол адам өмірінің «мүшесі» ретінде қызмет атқарғанымен, бірақ оның өмірі, адам дене мүшесімен ғана шектеліп қалмайды, керісінше одан шығатын күштер оның сыртында, – адамзаттық қарым-қатынастар әлемінде, адамдар әрекеттерінің әдіс-тәсілдерінде, мәдени формалар мен әртүрлі табиғи күштерде көрініс табады.
Сана
мәселесі философиядағы басты және күрделі,
түсіндіруге қиын мәселелердің бірі, себебі
сананы керу, өлшеу, сезім мүшелері арқылы
қабылдау мүмкін емес, бірақ сана адамның
жануарлар дүниесінен ерек-шелігін көрсететін
факторлардың бірі, сана арқылы адам мен
оны қоршаған ортаның арасындағы байланыс
жүзеге асырылатыны күмәнсіз. Сондықтан
да философия тарихында «сана», «жан»,
«бейсаналық» ұғымдарының төңірегінде
үнемі пікірталастар жүріп отырды және
олар қазір де жалғасуда.
Сапаны түсінудегі әр түрлі
көзқарастарды біріктіріп, екі үлкен топқа
бөлуге болады:
1) материалистік – сананы материяның
дамуында пайда болатын табиғаи қасиеті
деп түсіну;
2) идеалистік – сананы материяға жат,
одан алғашқы, жаратылстан тыс пайда болатын
рухани субстанция деп ұғыну.
Жаратылыстану ғылымдарының дамуының
нақты жетістіктері саңаның мәні, генезисі
туралы сауалдарға жауап берді деп айтуға
болады. Түйіндеп айтсақ, сана туралы ғылыми
көзқарас мынадай: сана ерекше түрде ұйымдасқан
материяға – адам миына ғана тән қасиет.
Оның дәледі ретінде адамның миы зақымданғанда
оның ойлау, психикалық қызметі бұзылатынын
айтсақ жеткілікті.
Сананың табиғаты қоғамдық, яғни
ол тарихи эволюция нәтижесінде қоғамда
қалыптасты және сананың дамуы қоғамдық
ортада ғана мүмкін болмақ. Сананың қалыптасуының
алғышарты ретінде еңбекті атауға болады.
Еңбектің арқасында адам өзінің күнделікті
өмір сүруіне және табиғаттың дүлей күштерінен
қорғануға қажетті нәрселерді жасады,
табиғат заттарының жаңа қасиеттерін
ашты, ой-өрісін кеңейтті, еңбек құралдарын
бірте-бірте жетілдіре түсті. Еңбектің
дамуы қоғамда өмір сүріп отырған адамдарды
жақындатты, олардың бір-біріне бірдеңе
айту қажеттілігі туды, араласу құралы
ретінде тіл пайда болды. Еңбек пен тіл
адамның миын, сезім органдарын дамытты,
есту, көру. сезу, қабілетін күшейтті, санасын
қалыптастырды.
Абстракциялауға, тұжырым жасауға құштарлық
еңбек пен тілге қайта әсер етті, оларды
дамытуға жаңа күш берді.Сана, сонымен
қатар, бейнелеудің жоғарғы формасы. Бейнелеу
барлық материяға тән қасиет. Объективті
өмір сүретін заттар, құбылыстар, процесстер
бір-біріне үнемі әсер етіп отырады және
белгілі бір дәрежеде өзгерістерге ұшырайды.
әрбір зат, құбылыс өзі әсер еткен нәрседе
өзінің «ізін», бейнесін қалдырады. Бейнелеудің
сатылары:
1) қарапайым бейнелеу – бейнелеудің бұл
түрінде субъект объектінің белсенділігін
туғызбайды (мысалы, заттың судың немесе
айнаның бетінде бейнеленуі).
2) информациялық бейнелеу – бейнеленуші
бейнелеушінің бойында белсенді әрекет,
өзгерістер жасайды. Мұндай бейнелеу тірі
табиғатта да, қоғамда да кездеседі.
3) әлеуметтік бейнелеу – қоғамдық болмыстың
жеке және қоғамдық санада, ой-пікір, көзқарас,
идея, теорияларда бейнеленуі...
Саналылық – адамның өз қылықтарының
қоғамдық салдарларын, қоғам алдындағы
парызын түсінуі. Саналылық тұлғаныңіс-әрекеттерінің
адамгершіліктік-психологиялық сипаттамасы
болып табылады, адамның өзінің мүмкіндіктері
мен мақсаттарын көре білу қабілетіне
негізделеді және ол жаны сау тұлғаның
қасиеті.
Бейсаналылық (бессознательное)
– адам түсінбейтін психикалық құбылыстардың
жиынтығы. Оларғабиологиялық түрде тұқым
қуалау ар-қылы берілетін инстинктілер,
автоматты түрде жасалатын іс-қимылдар
стереотиптері, сезімдік және интеллектуальдік
интуиция, түс көрулер, гип-нотикалық күйлер
және т.б жатады.
Қоғамдық сана. Қоғамдық сана – қоғамның
өзін-өзі, өзінің қоғамдық болмысын және
қоршаған ортаны түйсінуінің (осознание)
нәтижесінде пайда болатын қогамдағы
әр түрлі пікірлердің, теориялардың, идеялардың,
діни сенімдердің жиынтыгы. Ол қоғамдық
болмысты бейнелейді, бірақ салыстырмалы
түрде белсеңді, яғни, қоғамдық болмысты
пассивті бейнелеп қана Қоймай, өзі де
қоғамдық болмыстың дамуына белсенді
әсер етіп отырады.
Сананың негізгі қасиеттері
Сана психика дамуының жоғарғы сатысы ретінде, ең алдымен, жалпыны және болмыстағы елеуліні тану қабілеті сияқты қасиетімен ерекшеленеді. Жалпыны білу адамның болмыста мейлінше дұрыс бағдар ұстауын қамтамасыз етеді, істі біліп әрекет жасауына, өзін дұрыс алып жүруге мүмкіндік береді. Жалпыны біле отырып адам әрбір жеке міндетті практикалық тұрғыдан шеше алады. Заңдылықтарды біле отырып, белгілі бір оқиғаның болатынын алдын ала болжай да аласыз. Жалпы мен елеулі жайындағы білімдерді жинақтау ғылымды И. П. Павловтың сөзімен айтқанда, «болмысты және өз басымызды дұрыс алып жүруде жоғары бағдарлылықты» қалыптастырады. Ғылым, өнер, мәдениет (сөздің кең мағынасында) қоғамдық сананы құрайды.
Жеке адам санасы мен қоғамдық сана диалектикалық, бірлікте болады. Жеке адам санасы оның болмысын ғана бейнелеп қоймайды, сонымен қатар адамзат жинақтаған білімді меңгеру нәтижесі де болып табылады. Екінші жағынан, қоғамдық сана жеке адамдар мен бұқара көпшіліктің творчестволық іс-әрекетінің нәтижесінде қалыптасады.
Сана адамның творчестволық қабілеттілігінен көрінеді. «Адамның санасы объективті дүниені бейнелеп қана қоймайды, сонымен қатар оны жасайды»Хайуан еш нәрсені де орната алмайды. Егер ол езі мекендеген жердің жағдайын өзгертсе оны саналы түрде түсініп істемейді, оның тіршілік етуі соған жеткізеді. Мәселен, ешкілер грек тауларындағы бұталарды жеп қойып, соның нәтижесінде елдің климатын өзгертті дейді Ф. Энгельс.
Адам дүниені саналы түрде өзгертуге талаптанады, оны өз қажетіне бейімдегісі келеді, тіпті ол табиғаттың жеке элементтерінен табиғатта кездеспейтін жаңа заттар жасайды. Творчество адамның бүкіл Жерді мекендеуіне және космосқа да жол табуына мүмкіндік береді.
Сананың аса маңызды қасиеті оның есеп беруі болып табылады. Адам өзінің ниеті мен күйзелісі, ойы мен түйсігі туралы өзіне-өзі есеп береді, демек, сана тек қана сыртқы білімді емес, өзің білуді де қамтамасыз етеді, яғни сана өзіндік сана-сезім түрінде де көрініс табады. Адам есеп беруінің арқасында өз күшін реттей алады, өзін түзетіп және дамытып отырады. Білім негізінде жеке адамның іс-әрекетіндегі және мінез-құлқындағы саналылық мөлшерін анықтауға болады.
Қоғамдық сана және жеке сана
Сананың қызметтері
Жеке сана мен
қоғамдық сананың арақатынасын
жекемен тұтастың арақатынасы ретінде
қарастыруға болады. Жеке сана қоғамдық
сананың бөлігі, оның құрамында қоғамдык
сананың элементтері ылғи да болады. Адам
өмірге келгенде қоғамда өзіне дейін қалыптасқан
өндірістік қатынастарға, қоғамның экономикалық
негізіне ғана емес, рухани мәдениет пен
мәдени құндылықтар дүниесіне қадам жасайды.
Сондықтан да жеке адам қоғамдық сананың
принциптерімен және шектеулерімен санасуға
мәжбүр.
1) Осы тұрғыдан қарастырғанда қогамдық
сана біршама өзінділікке ие, жеке санадан
тәуелсіз, одан жоғары тұрды.
2) Сонымен қатар, қоғамдық сана белгісіз
бірдеңе емес. Әрбір нақты дәуірдің, әрбір
халықтың қоғамдық санасының біршама
«тұлғалық», жекелік сипаты бар. Мысалы,
әлемдік философия ғылымының дамуына
Сократтың, Аристотельдің, Канттың, Гегельдің,
Абайдың қосқан үлестері зор. Яғни, қогамдық
сана мен жеке сана өзара диалектикалық
байланыста. Жеке сана қоғамдық сананы
байытады, ал жеке сана қоғамдық сананың
жетістіктері арқылы жетіліп, дамып отырады.
3) Мұндай байланыстың диалектикалық болатын
себебі – ол қайшы-лықты. Жеке сана идеялар
өндірісінің маңызды құрылымы бола отырып,
кейде оған қарсы да тұрады, дәстүрлерге,
үстемдік етіп отырған қоғамдық сананың
ережелері мен қағидаларына қарсы әрекет
жасайды және дамиды. Осылай болмаса, қоғамдық
сананың прогрессивті болуы мүмкін емес,
ол тоқырауға ұшырайды.
4) Қоғамдық сана мен жеке сананың бірлігі
екеуінің де бір объектіні -қоғамдық болмысты
бейнелейтіндігінен де көрінеді. Бірақ,
мұндай
бейнелеу мазмұны жағынан әр түрлі. Әрбір
индивид қоғамдық сананы жалпының жекелік,
өзіндік ерекшеліктер призмасы арқылы
бейнелейді.
5) Жеке сана қоғамдық санаға толыгымен
кірмейді.
6) Қоғамдық сана мен жеке сананың арасындағы
сәйкестік, үйлесімділік қоғам дамуының
анықтаушы факторы болып табылады.
Қоғамдық сананың құрылымы. Зерттеушілер қоғамдық сананың
құрылымында қарапайым және теориялық,
қогамдық психология және қоғамдық идеология
деңгейлерін, сонымен қатар, мынадай түрлерін:
саяси сана, құқықтық сана, адамгершіліктік
сана, эстетикалық сана.
Қарапайым сана – адамның қоршаған ортаны
бейнелеуінің тарихи жағынан алғанда
алғашқы тәсілі, қоғамның рухани өмірінің
ажырамас бөлігі. Кейбір ойшылдар қарапайым
сананы тоғышарлық сана, жаңаға қабілетсіз
деп, төмен бағалайды. Мысалы, осындай
менсінбеушілік Гегельде кездеседі, бірақ
ол қарапайым сана жалпы адамзаттық мәдениеттің
байлығын игеруге талпынса, ғылыми деңгейге
дейін көтеріле алады деп сенеді. Ал Кант
қарапайым санаға құрметпен қарады. Шынында
да, қарапайым сана нақты өмір сүріп отырган
адамдардың, қогамның құрамдас элементтерінің
санасы, бір тұлганың екінші тұлғадан
айырмашылығын көрсететін және оларды
бір қогамдыц тұтастыққа біріктіретін
рухани микрокосм, адамдардың күнделікті
өмірлерінің қара-пайым уаиым-қуаныштарының,
үміттерімен түңілулерінің жиынтыгы.
Қарапайым сананы зерттеу арқылы қоғамның
жалпы көңіл-күйі, тыныс-тіршілігі туралы
мол мәлімет алуға болады.
Информация о работе Сананың шығу тегі мен мәні. Сананың қызметтері