Сананың шығу тегі мен мәні. Сананың қызметтері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2013 в 19:33, реферат

Краткое описание

Шопенгауэр, Ницше санасыздық (иррационализмді) мойындайды. Бәрін ырғаққа бағындырады. Ал Зигмунд Фрейд ақылсыздықты (нерационализм) дәлелдей отырып, оның аржағында сана тұрғанын айтады. Интуицияның өзі де толық санасыздық емес. Бірақта адамда, екі түрлі құбылыс бар дейді З. Фрейд. Бірі — «ол» (id) (моральдық қасиет), екіншісі «мен» (ego) (тәртіптілік). Ego-ті қыспақта ұстайд, оған ерік бермейді дей келіп, З. Фрейд өзі «id»-ті қолдайтынын айтады. Сондықтан З. Фрейдтің үлкен ғалымдығына қарамастан, оның дәл осы тұжырымын мойындауға болмайды.

Содержание

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
Сананың шығу тегі мен мәні;
Сананы қалыптастыратын факторлар;
Сана – философиялық категория;
Қоғамдық сана және жеке сана;
Сананың қызметтері;
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

sana.doc

— 132.50 Кб (Скачать файл)

«Саяси  сана» Саяси өмірдің субъективтік жағы саяси санада бейнеленеді. Саяси сана дегеніміз — саяси субъектілердің  (индивидтердің, топтардың, таптардың және т.б.) саясат саласын (саяси құбылыстарды, үдерістерді) ой-сана жүзінде бейнелеуі. Саяси сана, жалпы алғанда, қоғамдық сананың ерекше бір формасы ретінде оның басқа формаларымен (философиялық ілімдермен, адамгершілік тұғырнамалармен, құқықтық теориялармен, эстетикалык көзқарастармен және т.б.) тығыз өзара байланыста болады, олармен өзара әсерлесіп, түрленіп отырады. Саяси санаға, бір жағынан, рационалдық (әр түрлі нормалар, құндылықтар және т.б.) та, екінші жағынан, иррационалдық (эмоциялар, бейсаналық үдерістер және т.б.) та элементтер жиынтығы жатады, яғни ол саяси үдерістерді қабылдаудың, түсіну мен түсіндірмелеудің барлық деңгейлерін камтиды.

Саяси сананың атқаратын қызметтері. Саяси сананың коғам өмірінде атқаратын рөлі оның кызметтеріне байланысты сан килы болып келеді. Адамдардың, саяси топтардың өз мүдделерін түсінуі, басқалардың мүмкіндіктерімен салыстыра қарастыруы, мемлекеттік билік институттарымен қарым-қатынастарын сана-сезім елегінен өткізуі, саяси іс-әрекеттерге белсене қатысуға жұмылдырылуы осы саяси санаға тәуелді.

Саяси сананың  қызметтерін былай деп жіктеуге болады:

а) танымдық (когнитивтік): саясат саласының әр түрлі қыр-сырларын танып-білуге деген мұқтаждық;

ә) идеологиялық: мемлекетті, ұлтты, саяси партияны билікте қол жеткен шептерді берік ұстап, сақтап калуға топтастыру қажеттілігі;

б) коммуникативтік: саясат субъектілерін билік институттарымен  өзара байланыстыруды камтамасыз етуге деген кызметі;

в) болжамдық: саясат субъектілерінің саяси үдерістердің барысын бағдарлауға, соған орай саяси мақсаттар қоя білуге деген қабілеттілігі;

г) тәрбиелік: белгілі  мақсат-мұраттарға сай саяси мінез- құлықты қалыптастыруға ықпал етуге деген мүмкіндігі.

Саяси сана деңгейлері. Жүйелі құрылым ретіндегі саяси

сананың өз деңгейлері бар.

Ең төменгісі — оның қарапайым деңгейі, яғни адамдардың күнделікті өмірде туындайтын саяси көзқарастары, пікірлері, соларға байланысты сезімдері, жай-күйлері. Саяси ахуалға орай ол тез өзгеріп, құбылып отырады.

Одан кейінгісі — субъектілердің саяси үдерістерге тікелей қатынасынан, саяси-тәжірибелік іс-әрекетінен туындайтын эмпириялық деңгей; бұған саяси құбылыстарды қабылдаудан туатын сезімдер, елестер, күйзелулермен қатар индуктивтік қорытындылар жатады.

 Саяси сананың жоғары деңгейі — саяси идеяларға, тұғырнамаларға негізделген көзқарастарды құрастыратын теориялық деңгей. Теориялық деңгейдегі саяси сана саяси мақсаттар мен міндеттерді,  оларға қол жеткізудің әдістері мен құралдарын анықтауға, саяси шешімдер мен бағдарламаларды қалыптастырып, олардың іске асуын бақылауға жол ашады.

Саяси сананың негізгі екі түрі бар:

Біріншісі — арнайыланған саяси сана, оның басты мақсаты белгілі бір бағдарлар мен қағидаларды қалыптастыру, дамыту және оларды қоғамдық таптың, әлеуметтік топтың немесе партиялар мен козғалыстардың қатардағы мүшелерінің санасына енгізу болып  табылады. Саяси партиялар, өзге де саяси ұйымдар мен бірлестіктер арнайыланған саяси сананың иегерлеріне жатады.

Екіншісі — бұқаралық саяси сана, ол қоғам мұқтаждықтарының мазмұны мен деңгейін айқындап, саяси шындық жөніндегі қоғамдық білімнің тұрпатына, нақтылы тарихи ахуалдың мазмұнына сай, үнемі өзгеріп отырады. Бұқаралық саяси сананың субъектілері — күнделікті өмірдің барлық қайталанбас оқиғаларына белсене араласып жүрген өз мінез-құлқы, қадір-қасиеті бар нақтылы адамдар, бұқара халықтың өкілдері. Әрине, біріншісіне қарағанда бұқаралық сана әлдеқайда тайыз, ол көбіне саяси құбылыстардың ішкі мәнінен гөрі сыртқы сипатына ғана тоқталады.

Арнайыланған  саяси сана саяси идеологияға  жетелейді, ал бұқаралық саяси сана саяси психологиямен шендес. Саяси  идеология шындықты саналы түрде  бейнелеп, ұғымдар мен принциптер негізінде жүйелі түрде құрылады. Саяси психология болса, ол саяси  нақтылықтың сезімдермен, әр түрлі көңіл-күй жағдайларымен (қуаныш, реніш, үрей және т.б.) байланысты бейнеленуін білдіреді. Саяси идеологиясыз ешқандай мемлекеттік билік болмайды, өйткені ол билікті қолдап, қорғап, оған дем беріп отыруға арналған.

Құқықтық сана – адамдардың мемлекет тағайындаған заң ережелері мен заң мекемелерінің жиынтығы болып табылатын нақты құқыққа деген қатынастарын білдіретін көзқарастарының, идеяларының, теориялары мен түсініктерінің жиынтығы. 
   Құқықтық сананың да екі деңгейі бар: 
1) практикалық құқықтық сана – адамдардың құқықты практикалық қолдануы, қоғамда қабылданған нормативтік актілерге қатысты қылықтары, сыртқы іс-әрекеттері. Ол мынадай компоненттерден тұрады: құқықтық сезімдер, құқықтық дағдылар және әдеттер, құқықтық білімдер.

  Құқықтық сезімдер субъективті, оларды заң ережелеріне адамның реакциясы деуге болады. Мысалы, әділеттілік сезімі, еркіндік сезімі, немесе ашуыза 
Құқықтық дағдылар – адамның заң талап ететін сыртқы әрекеттер 
жасай білуі, бұл әрекеттердің оның бойында тұрақты қалыптасуы (Мысалы, шығынды етеу, келісім-шарт жасау, тиесілі нәрсені ала білу және т.б.). Мұндай дағдылар индивидтің өмірін, қызметін жеңілдетеді. 
   Құқықтық дағдылар – құқықтық нормаларды сақтауға деген индивидтің ішкі қажеттілігі. 
   Құқықтық білімдер – құқық саласы бойынша субъектіні түсініктерінің, пікірлерінің, бағдары мен ұстанымдарының жиынтығы. 
Осы аталған компоненттер адамның құқықтық мәдениетін қалыптастырады. 
2) Теориялық құқықтық сана – құқықты, оның шекаралары мен нор-мативтерінің шекараларын түсінуге, құқыққа қатынас тәсілдері мен құрал-дарын анықтауға және құқықтық білімді жетілдірдіруге арналған ой қызметі процесі мен оның жемісі. 
Мұндай ой қызметінің міндеті – құқықтық сананы өзгерту, оның құқықтық нормативтерге мүмкіндігінше көбірек сәйкес болуына жету. Бұл қызметті арнайы құқықтық білімі бар адамдар атқарады, олар заң ғылымын кәсіби дамытып, заңдар дайындайды, ғылым-практикалық ұсыныстар жасайды. 
   Құқықтық сана әр түрлі қызметтерді атқарады: 
1) танымдық – құқықты практикалық түрде қолдану және құқықтық қатынастарға тікелей қатысу арқылы адамдар құқықты танып-біледі. 
2) бағалау функциясы – өзі өмір сүріп отырған қоғамдағы құқық өзінің көзқарастарына сәйкес келе ме, әлде жоқ па – субъект осыған байланысты құқықты жағымды немесе жағымсыз бағалайды. Әрине мұндай бағалау жасай білу үшін құқықтық білім қажет. 
3) реттеу функциясы -құқықтық информацияның субъект қызметінің бағдарламасына айналуы және бұл білімнің нақты істерде көрініс табуы. 
   Адамгершіліктік сана  немесе Мораль– адамдар өздерінің мінез-құлықтарында басшылыққа алатын, олардың бір-біріне, қоғамдастықтың әр түрлі формаларына қатынасын білдіретін принциптердің, ерелердің, нормалардың жиынтығы. 
Мораль қоғамдық сананың ең коне формаларының бірі. Өзін сақт қалу үшін қоғам адамдардың бәрі үстануға тиіс ережелер қалыптасты рып, олар арқылы жалпы адамдардың, жыныстардың және ұрпақтардь арасындағы қатынастарды реттеп отырды. 
   Моральдың пайда болуы туралы бірнеше концепциялар бар: 
1) Діни түсінік бойынша, адамгершіліктік заң адамға сырттан, құдай дан беріледі. 
2) Эмпирикалық концепция мораль адамның, оның тәжірибесінің, тарихының дамуының, әдеп-ғұрыптары мен дәстүрлерінің қалыптасуының жемісі деп түсіндіреді. 
3) Автономдық концепция бойынша мораль адамға әуелден, генети калық деңгейде берілген, сондықтан ол салыстырмалы түрде өзгеріске көп ұшырамайды және адамдардың индивидуальдік сапаларына байланысты әрбір адамда әр түрлі. 
   Моральдің ұлттық, таптық және жалпы адамзаттық сипаты бар. Кезінде таптық моральға шектен тыс назар аудару, оны әсірелеу қоғамға белгілі бір деңгейде зиян әкелгені белгілі. Қазіргі уақытта ұлттық моральдық құндылықтарды жаңғырту – ұлтты сақтап қалу, мысалы, қазақ ұлтын сақтап қалу факторы ретінде қарастырылып отыр. Бұл дұрыс қадам деп мақұлдай отырып, моральдың жалпы адамзаттық сипатын да естен шығармауымыз керек. Қоғамдық сананың басқа формаларымен салыстырғанда мораль ең басты десек, артық емес, себебі адамның адами сипаты оның бойындағы адамшылығы арқылы, қоғамның даму деңгейі оның адамгершіліктік келбеті арқылы анықталатыны сөзсіз. 
        Эстетикалық сана – адам өзі өмір сүріп отырған шындықтың құбылыстарын әсемдік пен ұсқынсыздық, трагикалық және комикалық тұрғы-сынан бейнелейтін эстетикалық түсініктер жиынтығы. 
         Эстетикалық сананың құрылымына заттар мен құбылыстардың эстетикалық құндылығын, сонымен қатар, адамның эстетикалық практикасын: адам жасаған заттардың, табиғат құбылыстарының, адамдардың арасындағы қатынастардың әдемілігін ұсқынсыздық және әсемдік, аскақтық және төмендік, трагикалық және комикалық тұрғысынан бейнелейтін көзқарастар, сезімдер, талғамдар, пікірілер. түсініктер. теориялар және идеалдар кіреді. Эстетикалық сана психологиялық (сезімдер, талғамдар) және теориялық-идеологиялық (идеялар, теориялар) деңгейден тұрады. Екінші деңгей біріншісінен жоғары және оны эстетика ғылымы зерттейді. Қоршаған шындыққа эстетикалық қатынас немесе эстетикалық сана практикалық қызметте ғана емес, ерекше сала – өнерде көрініс табады. Өнердің қоршаған дүниені бейнелеу екені сезсіз. Бірақ онер туындыларында елестетудің жасампаз күші ерекше байқалады. Осы ерекшелік туралы Кант: «Біз материалды табиғаттан алғанымызбен, бұл материал мүлдем басқа нәрсеге, атап айтқанда, табиғаттан асып кететін нәрсеге өңделуі мүмкін», – деген болатын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Сана мәселесі философияның классикалық мәселелері болып табылады. Оларды зерттеу көне заманнан бастап, қазіргі күнге дейін жалгасып келеді және бұл багыттагы ізденістердің өзектілігі зор деуге болады.

Сана адамның  дүниені танушы және өзін-өзі танушы субъект ретінде қалыптасуының негізі, тірегі, тек адамға ғана тән айналадағы бар нәрсені психикалық бейнелеудің көрінісі. Адамның бойындағы танымдық үдерістермен тығыз байланысты. Сана түйсіну, ұғу, зейін, ее және ойлау қасиеттерін қамти отырып, өзінің үғымдық ауқымын кеңейте түседі. Сана адамның білім дәрежесін, шығармашылык қабілетін, ой-өрісін байқататын көрсеткіш. Сана - адам миының ең жоғары деңгейдегі қызметі. Тек ған адамзатқа тән сана мәселесінің адам үшін маңызы зор.

               Өзіндік санасы арқылы адам өзінің коллективтегі орнын тауып алады, өзінің іс-әрекетін ұйымдастыра алады. Өзіндік сана дегеніміз - адамның өзін-өзі танып, білуінің деңгейі. Сана, өзіндік сана туралы айта отырып, қоғамдық сана ұғымын да анықтауымыз қажет. Өйткені‚ қоғамда олар бір-бірімен біте қайнасқан. Өзіндік сананың қалыптасып, дамып жетілуінде қоғамдық сананың да ықпалы өте зор.

          Қоғамдық сана дегеніміз - бұл адамдардың өзінің материалдық болмысы мен өмір сүру жағдайы туралы сезімдері мен көзқарастарының, дағдылары мен идеалдарының, ілімдері мен теорияларының күрделі жүйесі.

Ойлау, одан кейін  ырық — мақсат көздеу, талап-тілек, сол сияқты сезім — әсер алу, ренжу, қайғыру енеді. Ақырында, өзіңнің  дүниедегі орныңды түсіну, өзіңнің  және өзгенің іс-әрекетін бағалай  білу, яғни, кысқасын айтқанда, сезім сананың міндетті элементтері болып табылады.

Сананың өмір сүру тәсілі және сана үшін өмір сүретін нәрсе — білім. Сондықтан сананың құрылымында адамның дүниеге қатынасының танымдық байланыстары ерекше қарастырылады.

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. «Ғажайып құбылыстар энциклопедиясы» кітабы, АЛМАТЫ, 1986 ж.
  2. Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006ж.
  3. Қоғамдық білім негіздері:Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған окулык / Ә.Нысанбаев, Ғ.Есім, М.Изотов, К.Жүкешев, т.б. - Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006ж.
  4. http://kk.wikipedia.org/wiki/
  5. http://google.kz/

Информация о работе Сананың шығу тегі мен мәні. Сананың қызметтері