Философия негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2013 в 08:45, контрольная работа

Краткое описание

Ерте заманнан-ақ адам өзін коршаған дүниенің заңдылықтарын және өзін-өзі, өзінің табиғатқа және басқа адамдарға қатынасын танып білуге тырысты. Адамнан тыс таным процесінің болуы мүмкін емес. Сондықтан адам танымы белгілі бір коғамда, коғамның практикалық қажеттіліктеріне сәйкес жүріп жатады. Дүние және ондағы адамның орны жайындағы түсініктердің жиынтығы дүниетаным деп аталады. Көп өлшемді бұл құбылыс адам өмірінің, практикалық іс-әрекеті мен мәдениетінің түрлі салаларында қалыптасады.

Вложенные файлы: 1 файл

filosofia_zhauap__zhanasy.docx

— 204.00 Кб (Скачать файл)

Шығармашылық - пайда болған міндеттерді әлдеқашан белгілі болған тәсілдермен шешу үшін талап етілетіндердің тысына шығатын жоғары формадағы ойлау. Ойлау процесінде үстемдік еткенде, шығармашылық елес ретінде көрінеді. Мақсат пен іс-әрекет тәсілінің компоненті бола тура, ол шеберлік пен инициативаның міндетті шарты ретінде шығармашылық іс-әрекеті деңгейіне дейін көтереді. Шығармашылық – бұл адамның дүниеге қатынасының ерекшеліктерінің бірі және де тек қана адам баласына тән.

Тусіну – ойлау әрекетінің нәтижесінде белгілі бір оқиғаның немесе құбылыстың мағынасы жайлы ой-тұжырымға келу. Тусіну мүмкіндігімен сан алуан құбылыстардың себеп-салдарын, елеулі белгілерін, өзара байланысын, маңызы мен мағынасын ұғынуға болады. Басқа адамның амал-әрекетінің, ой-пікірінің мазмұнын ұғынуда, кез келген ақпаратты қабылдап, оған лайық ой түю түсіну арқылы жүзеге асады.Түсінудің арқасында адам қоғамдық және мәдени ортада, өзара қарым-қатынаста, ақпараттық кеңістікте өз орнын, өзіндік ой-пікірінің лайықты мүмкіндігін айқындайды. өзгенің ой-пікірін, көңіл-күйін, мақсатын түсінбей тұрып, өзіндік ой-пікір тұжырымдау, қарым-қатынасқа түсу мүмкін емес. Сондықтан түсінудің алғышарты өзгемен санасу, оны мұқият тыңдау. Ғылымдағы түсіну жүзеге асуы үшін арнаулы методол. ережелер, логик. қисындар, ғыл.-теор. нәтижелер пайдаланылады. Мәселені дұрыс түсіну үшін адамға тиянақты, саналы білім, ақыл-парасат, дағды қажет. Түсіну үшін мәселенің негізгі мәнін іздеу, түйінін шешетін сұрақ қоя білу, дәл тұжырымдау, жалпылау, топтастыру, т.б. шарттарды орындау керек.

Ақиқат пен  адасуға келер болсақ, акиқат өзінің даму кезеңдерінде тұрақты серігі болып келе жатқан қарама-карсылығы - адасумен тығыз байланысты. Бұл ақиқатқа жетудің күрделілігі мен қиындығьш керсетеді. Адасу—өзінің пәніне сәйкес келмейтін, оған сай емес білім. Мысалы, мәңгілік козғалтқыш жасауға тырысу энергияның айналу және сақталу заңының ашылуына мұрындык болды. Эфир, жылу тегі идеялары толкындык оптиканың және электродинамиканың, сонымен қоса жылу үдерістері туралы физикалык ілімнің шығуының алғышарты болды. Кейде бүлардан да катал акикатты іздеу оған альш келмейтін, адастырып әкететін ахуалдар болады. Нағыздықты тану үдерісінде адасудан аулак болу оңай емес. Адамның ақиқатка тырысуы әркашан адасусыз болмайды. Адасудан аулак болу онай емес, кейде киындап кетуі мүмкін. Адасу өзінін мәні жағынан танымның жеке жақтарыньщ нәтижелерін абсолюттендіру ретінде туындайтын нағыздықтың қате бейнеленуі. Әрине, адасу ақиқатқа жетуді қиындатады, бірақ одан күтылу мүмкін емес. Таным қозғалысының қиындығының да қажетті сөті бар .Танымдағы ақиқатқа қарсы адасуды ғана емес, жалғанды да айтуға болады. Жалған дегеніміз - алдау мақсатында нағыздығты сашлы бұрмалау. Адасудың қандайы болса да, ерте ме, кеш пе, әйтеуір анықталады, "сахнадан түсіп қалады" немесе ақиқатты білімге айналады. Ол жалған ақиқатка дейін өспейді, оның жетістігіне кызмет ете алмайды. Жоғарыда айтылғандай, адасу білімнің сипаты болып табылады, ал қате божа, адамның түрлі салалардағы дұрыс емес әрекетінің салдары ретінде көрініс береді. Адамдар айғактық, логикалық, саяси, сонымен коса күнделікті өңгірде түрлі қателерге ұшырап отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

48. Ақпараттық қоғамның ерекшеліктерін сипаттаңыз.

ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның  денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.

Қазіргі заман талабына сай  адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып  келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды  қалыптастыру қажетті шартқа айналып  отыр. Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері – жастардың бойында  ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет. Ақпараттық коммуникативтік технологияны пайдаланып, оқыту құралдарында жаңа иллюстрация түрлерінің пайда болуы, қағаз тасымалдауыштарда бастырылып шығарылған, дәстүрлі оқулықтарда қолданылған  алдынғы тәсілдерден мүлдем бас  тартуды білдірмейді. Дәстүрлі оқу  кітаптарын иллюстрациялау және полиграфиялық  безеңдендіру аймақтарында едәуір тәжірибе жинақталған. Осыған байланысты иллюстрацияның өзі, басылымның элементтерін кеңістікте топтастыру ерекшеліктері, жеке элементтердің  басым көрсетілуі (көзбен қарағанда), қабылдаудың физиологиялық жақтары (баспаның айқындығы, қаріп ерекшеліктері  т.б.) ерекшеленеді.

Т.Стоунвер ақпараттық қоғамның ерекшеліктері туралы былай деп  жазады: “Байлықты адамдар жасайды. Адамдық капитал—постиндустриалдық  қоғамның маңызды ресурсы”. Байлық техника құралдарының көмегімен  технологиялық білімді және ұйымдастырушылықты жетілдіру арқылы қалыптасады. Сондықтан  Т.Стоунвердің пікірінше “индустриалдық экономикадан постиндустриалдық экономикаға  өтудің ең тиімді стратегиясы—бұл  білімді, ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды кең ауқымды дамыту”. Сондықтан ақпараттық қоғамда ұлттық байлықтың өсуі ең алдымен білім  мен технологияның прогресіне бағынышты  болады. Осыған байланысты “постиндустриалдық қоғамда ұлттық ақпараттық ресурстар - негізгі экономикалық құндылық, байлықтың  ең үлкен потенциалды көзі” деген  Стоунвердің пікірімен келіспеуге болмайды. 

Д.Беллдің пікірінше:      “Келесі жүзжылдықта экономикалық және әлеуметтік өмір үшін, білім өндірісінің тәсілдері үшін, сонымен қатар адамның еңбек әрекетінің сипаты үшін телекоммуникацияларға негізделген жаңа әлеуметтік үрдістің қалыптасуы шешуші мәнге ие болады”

Сондықтан “...ақпараттық қоғам  адам болмысының мәнімен қатар құрылымын  өзгертетіндіктен мыңдаған жылдар бойы философияның жұмбақ құбылыстары болып  келген шығармашылықтың құпиялары  мен адамзат ақыл-ойының терең  тылсымдарына ену мүмкіншіліктері  мен оны адами игеру деңгейлерін, тұлға жүйесін түбегейлі өзгертетін болғандықтан философияның көкжиегіндегі  зерттеу аймағы болып қала береді”  Болашақта адамзат өркениетінің дамуы қандай болмасын, мейлі ол ғарыштық дәуір, компьютерлік немесе ақпараттық және т.б. болсын, мұның бәрі адам үшін, адамның игілігі үшін жасалып  жатқандығын ескеруіміз қажет. Бұл  мағынада техника философиясы ең алдымен адам философиясы деген  американ философы X.Сколимовскидiң  пікірімен келісуге болады.

 

 

 

 

 

 

49. К. Маркстің тарихты материалистік тұрғыда түсінуінің гносеологиялық мәнін ашып көрсетіңіз.

Маркстік  философия 40-шы жылдардың ортасында қалыптасты (ХІХ ғ). Оның авторлары: материалист Карл Маркс (1818-83) және Фридрих Энгельс (1820-95). Маркс Гегельді жоғары бағалай отырып, сынады. Энгельс болса, оның еңбектерін диалектикалық философияның поэмасы деп атады. Маркс пен Энгельс Гегель мен Фейербахты сынау нәтижесінде диалектиканы қайта, жаңадан, диалектикалық-материалистік ілім ретінде жасады.  ХІХ ғ Маркс пен Энгельс: «Идеяны тудыратын данышпандар, қозғаушы күш – халық», – деп түсіндірді.

Тарихи материализмнің гносеологиялық мәні:

  • қоғамдық дамудың әрбір кезеңінде адамдар өздерінің өмірлік мүдделерін қамтамасыз ету үшін ерекше, объективті, олардың еркінен тәуелсіз өндірістік қатынастарға түседі (еңбек өнімдерін сату, материалдық өндіріс, еңбек бөлінісі);
  • өндірістік қатынастар, өндірістік күштердің деңгейі экономикалық жүйені құрайды, ал бұлар қоғамдық қатынастардың, қоғамның мемлекеттік институттарының базисі болып табылады;
  • аталған мемлекеттік және қоғамдық институттар, қоғамдық қатынастар қоғамдық базистің қондырғылары болып есептеледі;
  • базис пен қондырма бір-біріне әсер етеді;
  • өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар деңгейіне және базис пен қондырманың типіне байланысты қоғамдық-экономикалық формациялар бөлініп шығады – алғашқы қауымдық құрылыс (өндіргіш күштер өндірістік қатынастар деңгейі төмен, қоғамның бастамасы); құл иеленушілік қоғам (экономика құлдыққа негізделген); өндірістің азаттық тәсілі – ерекше қоғамдық экономикалық формация экономика бұқаралық, ұжымдық мемлекет қаиаң бақылауға алған азат адамдардың, жер өңдеушілердің еңбегіне негізделген (Ежелгі Египет, Месопотамия, Қытай); феодолизм (экономика ірі жеке жерменшігіне және тәуелді шаруалар еңбегіне негізделген);  капитализм (өнеркәсіп өндірісі, жалдамалы жұмысшылар еңбегіне негізделген); социалистік (коммунистік) қоғам тең құқықты адамдардың ерікті еңбегіне негізделген. Бұл қоғамда жеке меншік жоқ, меншік мемлекеттік.
  1. Өндіргіш күштердің өсу деңгейі өндірістік қатынастардың өзгеруіне және қоғамдық-экономикалық формация мен қоғамдық-саяси құрылыстың ауысуына алып келеді;
  1. Экономикалық деңгейі, материалдық өндіріс, өндірістік қатынастар қоғам мен мемлекеттің тағдырын, тарихтың барысын анықтайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Гадамердің герменевтикалық тәсілінің мәнін ашып көрсетіңіз.

Ганс Гадамер философияны  таным позициясынан – түсіну позициясына  ауысуға, көшуге шақырды. Адам болмысы  оның өз болмысы туралы уайым –  толғауынсыз мүмкін емес. Адам өмір бойы, біріншіден, тәжірибе жинақтайды (ол тәжірибенің көп құрайды), екіншіден , әлемдік тәжірибеге өз үлесін қосады. «Әлемдік тәжірибені» өткен ұрпақтан қазіргіге және қазіргі ұрпақтан – келешекке берудің басты  жолы – кітап, ондағы мәтіндер «тіл». Демек, мәтін тілін талдау, оны  түсіну – ұрпақтар арасындағы жетекші  бағытқа айналуға тиіс.

Герменевтика - түсіндіру, өзінше   пайымдау  теориясымен  практикасын   зерттейтін  қазіргі  философияның   негізгі   бағыттарының  бірі. Осы  бағыттың  негізін  салушы  Г.Гадамердің   пікірі  бойынша,  герменевтика — гуманитарлық  ғылымдардың  методологиясы,  онтологиясы және  философиялық  ойлаудың  әмбебап   тәсілі. Герменевтиканың   басты  мәселелері — түсінуге  қалай  болады?»   «болмыс  қалай  құрылған?»  «түсінудің  мәні неде?».   Герменевтиканың   зерттеу   нәрсесі   әдетте   мәтін (текст), бұл  жерде  мәтін  кең  мағынада    қарастырылады:   тек   әртүрлі   философиялық   немесе  басқа шығармалардың  сөзбе-сөз  мәтіні  ғана  емес,  адам тәжірибесінің  барлық  жиынтығы,  адамның   барлық  тарихы.

Герменевтика (грек. Hermeneutikos - мағына беру) - Көне грек мифологиясындағы Гермес адамдарға құдайдың қалауын  жеткізуші, құдайға адамдар мұқтажын жеткізуші құдай ретінде белгілі.

Герменевтика терминінің әр түрлі мағынасы бар. Ол мәтіндерді ұғындыру, түсндіру өнері, аудару өнері, түсіну теориясы.

Герменевтиканың негізгі  сұрағы: Түсіну қалай мүмкін?

Герменевтиканың зерттеу  нысанасы (пәні) – мәтін (текст)

Герменевтиканың негізгі  ұғымдары: мәтін, түсіну, диалог;

“Герменевтикалық үш бұрыш”- мәтіннің авторымен, мәтінмен, және оқырман  арасындағы өзара қатынас;

“Герменевтикалық шеңбер”- таным процесінің оралымдық(цикл) сипаты.

 Ертеде діни, тарихи, көркем  шығармаларды түсіну, түсіндіру  оңайға түспеген. Орта ғасырда  теолог-схолостар қасиетті кітаптардағы ( Ескі Өсиет, Жаңа Өсиет. Інжіл  (Библия)) діни идеяларды түсіндірумен  айналысқан. Герменевтиканың қалыптасуына  үлкен үлес қосқан Ф. Шлеиермахер.  Ол мәтіндерді ұғындырудың –грамматикалық  және психологиялық екі әдісін  атайды. Бірінші әдісі арқылы  “тілдің рухы”, екіншісінің көмегімен-  “автордың рухы ” ашылады.  Мәтінді түсіндіру автормен оқырманның  арасы жақын болғанда нәтижелі  болады. Егер автор оқырманнан  алыс болған жағдайда, мәтіннің  мазмұны ешқашанда оқылмайды.

Түсіну, ұғыну екі жолмен іске асады: дивинация- шығарма авторының  жанына бойлап ену, сезіну, не айтқысы  келгенін аңғару:; салыстыру- мәтіннің жасырын мағынасын ашу.

 Ғалымдар тарихи деректерге  герменевтика әдісін қолданғанда  бірнеше факторларды есепке алуы  керек. Автор тарихи құжаттың  мәтінін жасағанда оның мәдени  ортасы, білімі, әлеуметтік жағдайы  т.б. факторлар әсер етеді. Сол  заманда билік басында кім тұрса, оныңда автордың тарихи құжатына әсері тиуі мүмкін. Соғыс немесе саяси күрес кезінде автор екі оттың арасында қалады, яғни тарихи оқиғаны ештене қоспай жазып шығуға мүдделі және басына қауіп-қатер төнсе тарихи шындық өзгеріп кетуі мүмкін. Сондықтан, мәтіннің авторының ішкі дүниесіне терең бойлап, оның образына кіру қажет.

Герменевтикаға философиялық бағыт берген неміс ойшылы Гадамер. Негізгі идеяларын “Ақиқат және әдіс” атаулы еңбегінде мазмұндайды. Философияны Гадамер мәтінді  түсінудің амалы деп біледі. Философия  обьективті дүниемен айналыспайды, тіпті  оны білмейді.

Герменевтикалық әдіс әртүрлі  мәтіндерді, ескерткіштерді, мәдени өмірдегі оқиғаларды түсіндірумен шектелмейді, олардың мағынасын ашуға көмектеседі. Біздер, өз заманымыздың мәдениетін білеміз, түсінікті деп ойлаймыз. Шындығында, қазіргі мәдениет мыңдаған жылдардағы адамзат тарихының нәтижесі. Оның түп-тамыры көне тарихта, аңыздарда. Адам өмірінің барысында тәжірибе жинақтайды. Ол тәжірибенің көбі өткен ұрпақтардың  еншісі. Өткен ұрпақтың тәжірибесін  бүгінгіге, бүгіннен келешекке  жеткізу  кітаптар-мәтіндер, «тіл» арқылы іске асады. Болмыс – дейді Гадамер  адамнан тәуелсіз субстанция – тіл. Адамдар тіл арқылы көмкерілген  дүниемен, яғни тілге түсірілген дүниемен істес болады. Біздер тілдің «ішінде  өмір сүреміз» және саналы өмірімізде одан бір минутқа шыға алмаймыз –  дейді Гадамер.

Тілдің көмегімен заттарды атаймыз, онсыз зат жоқ . Осыдан, философияның лингвистикалық  табиғаты диалог (сұхбат) арқылы ашылады.

Сұхбат адамдардың бір  бірімен пікір алысуымен шектелмейді, ол мәтінмен интерпретатордың арасына  «орналасқан».

Зертеуші, интерпретатор  тарихи және әдеби мәтіндерге сұрақ  қоя білуі керек, сонда ғана өткен  мен бүгінгінің арасындағы сұхбат «сұрақ-жауап» формасында іске асады.

Герменевтер сұхбатты әлеуметтік қатынастың тәжірибесі ретінде бағалайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

51. Қоғамдық сананың  түрлері. моральдік, этикалық, саяси,  құқықтық және діни сананың  мәнін ашып көрсетіңіз.

Информация о работе Философия негіздері