Философия негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2013 в 08:45, контрольная работа

Краткое описание

Ерте заманнан-ақ адам өзін коршаған дүниенің заңдылықтарын және өзін-өзі, өзінің табиғатқа және басқа адамдарға қатынасын танып білуге тырысты. Адамнан тыс таным процесінің болуы мүмкін емес. Сондықтан адам танымы белгілі бір коғамда, коғамның практикалық қажеттіліктеріне сәйкес жүріп жатады. Дүние және ондағы адамның орны жайындағы түсініктердің жиынтығы дүниетаным деп аталады. Көп өлшемді бұл құбылыс адам өмірінің, практикалық іс-әрекеті мен мәдениетінің түрлі салаларында қалыптасады.

Вложенные файлы: 1 файл

filosofia_zhauap__zhanasy.docx

— 204.00 Кб (Скачать файл)

Ғылым экономикалық, саяси, социологиялық, методологиялық, эстетикалық  және этикалық жағынан зерттеледі. Этика мен ғылым арасындағы байланысты қарастырайық. Ғылым этикасы –  жаңадан қалыптасып келе жатқан келешегі зор кешенді ғылыми бағыт. Ол ғылыми қызметтің әлеуметтік – этикалық және гуманистік проблемаларын зерттейді. Ғылым – адамның мәндік күшінің, қабілетінің көрінісі. Ол адам мақсатына  қызмет етеді, өйткені дүниені қоғамдық мақсатқа сай өзгерту үшін оның заңдарын білу керек. Ғылым бүкіл дүниежүзілік, экологиялық және басқа да проблемаларды  шешуде үлкен рөл атқарады. Ғылыми қызметтің нәтижелерін, жаңалықтарын, жетістіктерін қоғам мен адамның  игілігі үшін қолдануда және ғылыми – техникалық процесті әлеуметтік және моральдық жауапкершілігі артып  отыр. Ғылыми жетістіктерді іс жүзінде  қолдану этикалық нормалар мен принциптерді қамтиды. Оған бүкіл адамзатқа төнген термоядролық немесе экологиялық апат қаупі кепіл. Сондықтан ғалымдардың  әлеуметтік жауапкершілігінің маңызы зор. Осы өзекті мәселені де ғылым  этикасы зерттейді. Ғалым ғылымға  таза, адал, шыншыл, әділ пиғылмен еңбек  етуге тиіс. Бірақ өкінішке қарай, кейде басқа пиғылдағылар да кездеседі. Мәселен, ғылымда ұрлық жасап, басқалардың  еңбектерін иеленбек болудың бір  көрінісін XIX ғ Е.Дюрингтен көрген болсақ, кеңес дәуірінде опасыз, арам пиғылдылықты Т.Лысенко көрсетті. Украинада агроном болып жүрген Т.Лысенконы ғылымға тартып, академикке дейін көтерген Н.И.Вавиловқа кейін  ол опасыздық жасап, пәле жауып, орнын  тартып алып, ұстазының көзін жойғызды. Мұндай ғалымдар ғылымда өте қауіпті, ғалымдық этикаға жат. 

Ғылым этикасы ғылым дамуының заңдылықтарын, практиканы және ғылымның сапасын көтеруге бағытталған ғылымды  басқаруды қажеттіліктерінен туындайды. Моральдық -этикалық факторлар ғалымның ізденістік қызметінің маңызды жағы. Ғылымның өмір сүруінің өзі

 ғылыми тазалық, әділдік,  принципшілдік, ақиқат үшін күрес  секілді моральдік қасиеттерсіз  мүмкін емес. Ғылымдағы этикалық  аспектілер санқырлы және олар  әр түрлі деңгейлерде әр түрлі  көрінеді. Мысалға ғалымның өзіне  дейінгі ғалымдарға, олардың шығармашылығына,  өзінің әріптестеріне, өзініңі  жолын қуушы шәкірттеріне деген  этикалық-моральдық қатынасы. Тұлғааралық  қатынастардың этикалық аспектілері  ұжымдық

 шығармашылық жағдайында  айқындала түседі. Бұл қатынастар  шынайы, адал, әділетті, үлкенге құрмет, кішіге ізет принциптері негізінде  құрылған болса, көреалмаушылық, дөрекілік, мансапқорлық сияқты  жағымсыз қасиеттерге жол берілмесе  – ғылыми ұжымдағы хал-ахуал  да жақсы болып, ғылыми ізденісте  жаңа табыстарға қол жеткізу  мүмкіндіктері көбейе түспек. Ғалымға  қажетті моральдық қасиеттердің  негізгілері туралы айтатын болсақ, олар: ғылыми ақиқатты қорғау  жолында аянбау, азаматтық батылдық, адамгершіліктік тазалық, адалдық,  шыншылдық, жауапкершілік және  тағы басқалары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

29. Танымның ғылыми-эмпирикалық  және ғылыми-теориялық деңгейлерінің  айырмашылығын көрсет.Ғылым дегеніміз – заттардың, құбылыстар мен процестердің ішкі болмысын, табиғатын ашып көрсететін олардың даму заңдылықтарын тұжырымдайтын шынай ақиқат білім жүйесі. Ғылым – қоғамның өзі дүниеге келтірген, өркендеуіне жағдай туғызған құбылыс. Таным өте күрделі, қайшылыққа толы, ұзаққа созылатын процесс барысында түрлі әдістер мен тәсілдер қолданылатынын өзінен-өзі түсінікті. Ғылыми таным әдістерін қолданудың басты мақсаты – шынайы, ақиқат білімге қол жеткізу. Ғылыми танымның әдістері өте көп, әрі сан салалы, себебі танып білудің оюбъектісі болып табылатын материалдық және рухани дүниенің өзі көп түрлі, сан салалы. Дегенмен, ғылыми танымның барлық әдістерін шартты түрде 3 топқа бөліп қарастыруға болады: 1. Жалпылама диалектикалық-материалистік әдіс. 2. Жалпы әдістер. 3. Жекеше әдістер.Ғылыми танымның жалпы әдістері мен түрлерін қарастыру үшін танымның эмпирикалық эәне теориялық деңгейлерін ажыратқан әлбетте дұрыс, себебі әр деңгейдің өзіндік ерекшеліктері мен әдістері бар. Эмпирикалық деңгейде білімнің мазмұны тәжірибе негізінде жинақталады. Бұл деңгейде таным объектісінің қасиеттері мен қырлары сезімдік қабілет тұрғысынан қабылданады. Әрине, ғылым мен техниканың дамуына байланысты адамның сезімдік танымының көкжиегін әлдеқайда кеңейтетін аспаптар, құралдар, компьютерлер іске қосылып жатқанын айта кеткен артық емес. Теориялық деңгейде таным объектісінің маңызды байланыстары мен заңдылықтары тәжірибе негізінде алынған біліммен қоса абстрактілі ойлау нәтижесінде тұжырымдалады. Ғылыми танымның эмпирикалық деңгейінде кең қолданылатын ең қарапайым әдіс – бақылау деп аталады. Оның мәні – зерттеу объектісін белгілі бір мерзім аралығында нысаналы ұйымдасұан түрде жүйелі бақылай отырып, ондағы өзгерістерді жіті қадағалау. Келесі әдіс – эксперимент – ғылыми тәжірибе деп аталады. Оның ерекшелігі – зерттеліп жатқан объектіге адамның, зерттеушінің тікелей әсер етіп, ондағы процестерге араласуы. Зерттеуші объектіні әр түрлі кездейсоқ жағдайлардан оқшаулап алып, бөліп қарауы мүмкін. Қажет болған жағдайда экспериментті әлденеше рет қайталауға да болады. Осы заманғы ғылымда кең пайдаланылатын әдістердәі бірі – модельдеу. Модельдеу дегеніміз эксперименттердің бір түрі, бірақ мұнда объектінің өзі емес, оның орнын басатын модель зерттеледі. Модель(латын тілінен үлгі деген мағынада) – зерттелетін объектімен ұқсастық қатынаста болатын, таным процесінде оның орнына пайдаланылатын, нақты өмір сүретін немесе ойша алынатын жүйе, яки құбылыс. Ғылым жолы – қиын жол, инемен құдық қазғандай. Ғылыми танымның жеңісіне үлкен ізденіс, қажырлы еңбек, шыдамдылық, терең білім жеткізеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

30. ҒЫЛЫМИ ТАНЫМНЫҢ  ЭМПИРИКАЛЫҚ ДЕҢГЕЙІНІҢ ӘДІСТЕРІНІҢ (БАҚЫЛАУ, СИПАТТАУ, ӨЛШЕУ, САЛЫСТЫРУ, ЭКСПЕРИМЕНТ) МӘНІН АШЫП КӨРСЕТІҢІЗ.

Ғылыми таным эмпириялық және теориялық деңгейлерге бөлінеді. Жалпы ғылыми әдістердің кейбірі тек эмпириялық деңгейде (бақылау, эксперимент, өлшеу), басқалары тек теориялық деңгейде (идеалдау, формалау), тағы бірқатары эмпириялық және теориялық деңгейде (модельдеу) қолданылады.

Ғылыми зерттеудің бастау алатын әдістерінің бірі – эмпирикалық  таным. Эмпирикалық деңгейде білімнің мазмұны тәжірибе негізінде жинақталады. Бұл деңгейде таным объектісінің қасиеттері мен қырлары сезімдік қабілет тұрғысынан қабылданады.Эмпириялық танымның бастау алатын әдісі — бақылау. Оның мәні – зерттеу объектісін белгілі бір мерзім аралығында нысаналы ұйымдасқан түрде жүйелі бақылай отырып, ондағы өзгерістерді жіті қадағалау. Мысалға, бидайдың бір сотртының өніп – өсу ерекшелігін зерттеу мақсатында көктеигі егістен күзгі жиым-терімге дейін бақылау.

Келесі әдіс – эксперимент  – ғылыми тәжірибе деп аталады. Оның ерекшелігі – зерттеліп жатқан объектіге  адамның, зерттеушінің тікелей әсер етіп, ондағы процестерге араласуы. Қажет болған жағдайда экспериментті  әлденеше қайталауға болады.

Қазіргі заманғы ғылымда  кең пайдаланылатын әдістердің бірі – модельдеу. Модельдеу дегеніміз  эксперименттің бір түрі, бірақ мұнда  объектінің өзі емес, оның орнын  басатын модель зерттеледі. Идеалдық модельдер ой шеңберінде құрылып, түрлі  белгілер арқылы белгіленеді. Мысалға, атомның планетарлық моделі, математикалық  белгілер мен формулалар, сызбалар мен кестелер.

Эмпирикалық әдістерге тағы төмендегілер жатқызылған:

  1. сипаттау – объектілер туралы мәліметті табиғи және жасанды тілдің көмегімен бекіту;
  2. өлшеу- объектілерді ұқсас қасиеттері немесе белгілері бойынша салыстыру;
  3. Салыстыру әдісі – танымның әмбебап логикалық тәсілі. Ол арқылы белгілі бір сипатты белгі бойынша зерттелетін нысанды‚ құбылыстарды салғастыру жолымен олардың теңдігі немесе айырмашылығы анықталады. Жекелеген ағымдағы көрсеткіштер жоспарлы көрсеткіштермен‚ жоспарлы және ағымдағы көрсеткіштер алдыңғы кезеңдердегі көрсеткіштермен салыстырылады‚ кәсіпорын бөлімшелері мен жекелеген фирмалар‚ кәсіпорындар‚ салалар арасында салыстырылады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

31.Абай мен Шәкәрімнің  философиялық көзқарастарын салыстырыңыз.

Қазақ халқының философиялық – қоғамдық ой пікірлерін зерттеу  ХХ ғасырдың басынан қолға алынды. Бірақ бұл зерттеулерде сыңаржақ көзқарас басым. Ол кезде қоғамдық ойдың  қалыптасуын таптық тұрғыдан қарастырды. Бұл бағыт, әрине, ғылымның объективті дамуына кері әсерін тигізді. Барлық даналықты батыс ойшылдарынан, басқадан іздеген кезде ұлттық философиялық ой - пікірлердің тарихына көз жіберуге үстемдік еткен тоталитарлық жүйе мүмкіндік  бермеді.

Ұлы Абайды өмір, қоршаған дүние, табиғат, болмыс сыры, олардың заңдылықтары көп ойландырған, ол дүние сырына бойлап, өзін мазалаған сауалдарға жауап табуға тырысқан. Кемелдену, жетілу – адам өмірінің мақсаты екенін айтады Абай. Абайдың айтуы бойынша  жан жүректе орын тепкен. Жан адамның  тыныс-тіршілігін, іс-әрекетін жүрек  арқылы басқарады. Егер жан жетілмеген болса, онда адамның іс-әрекетінде де кемшілік болады. Ішкі дүниесі тазарып, жетілген адам ғана қателікке ұрынбай, өмірде жаңсақ баспай, дұрыс өмір сүре алады. Адам баласының бақыты оның жүрегінің  тазалығымен тығыз байланысты деп  үйретеді Абай. Сонымен, жетілудің негізі – женді, жүректі жетілдіру екен. Бұл – адамның ішкі нәзік болмысын тазарту деген сөз.

Абай өз шығармаларында жетілу жолдарын, олардың түрлі белестерін көрсетеді. Әрбір адам осы жетілу жолдарынан өте отырып өзінің қай  деңгейде тұрғанын және өмірінің келесі белесін анықтай алады. Мәні терең  ашылып, келешегі айқындалғанда ғана адам өмірі маңызды болмақ. Абай ілімі осылай әркімнің өмірінің мәнін  ашып, оның келешектің жарқын жолына шығуына  мүмкіндік береді. 

 Алдымен, Абай өз  поэзиясында 1889 жылдан өмірінің  соңына дейін түп иені танып  білу жолында жүрек культін  көтере жырлау арқылы толық  адам ілімінің негізін салуға  батыл қадам жасауға ұмтылды.  Бұл ұмтылысты Шәкәрім дәстүрлі  жалғастыра дамыту арқылы XІX ғасыр  аяғы мен XX ғасыр басындағы  әдебиетте философиялық лириканы  классикалық биік деңгейге көтере  білді. Ұстазы хакім Абай мен  шәкірті Шәкәрім ақиқатты танып  білуге жантану ілімі арқылы  бару жолын ұстанды. Әсіресе,  бұл өте күрделі, шешуі қиын, салмағы зіл батпан мәселені  Шәкәрім XX ғасырдың басындағы  қазақ әдебиетінің ояну дәуірінде  мүлде тереңдей зерттеп, соны  таным, тың ойлар желісін тартты. Әрі оны философиялық лирика  табиғатына сай молынан қамтып, зерлеп, зерттеп терең мән бере  қарады.

 Анығына келсек, Абай  мен Шәкәрімдегі философиялық  лириканың өзекті тақырыбына  айналып отырған аса күрделі  де ұғынуы қиын ғарыштық танымдағы  жантану ілімі туралы мәселе  таза ақыл қуатымен танып жырланған  өзіндік қайталанбас терең сыры  бар тылсым құбылысқа айналды. XІX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың  басында ағайынды ой алыбы  Абай мен Шәкәрімнің ғарыштық  тылсым сырға толы жантану  ілімін философиялық лирика жанрының  өзекті тақырыбына айналдырып, соны  ой, тың таныммен жырлау деңгейіне  сол тұстағы батыс пен шығыс  ақындарының қолы жете бермеуі  де көп нәрсенің сырын аңғартса  керек-ті. Қазақ поэзиясындағы философиялық  лириканың сапалық деңгейі мен  идеялық өрісінің шарықтау шегін  танытатын осы бірегей рухани  құбылыстың тетігі жантану ілімімен  ұштасуында жатса керек-ті. Қазақ  философиялық ойының ең басты  ерекшелігі – оның шынайы патриотизмі,  халқына деген сүйіспеншілігі, оның  болашағы, бақыты үшін күресуге  дайын және оған жету жолдарын  өз мүмкіндігінше көрсете білуі.  Қазақ философиялық ойының тарихы  – халық тарихының ең маңызды  құрамдас бөліктерінің бірі. Онда  халықтық таным процесімен ұлттық  ойлау жүйесі көрініс тапқан. Халықтық сана – қоғамның өсуі, тоталитарлық жүйенің күйреуі,  тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы,  философиялық ойлаудың жаңа түрлері  адамзаттың тұтастығы мен ерекшеліктерін  бүгінгі заман талабына сай  қарастыра отырып, дамытуға мүмкіндік  туғызады.

 

 

32. Абай философиясындағы негізгі идеяларының мәнін ашып көрсетіңіз.

Қазақ ағартушылығанда, қазақ  халқының бүкіл ұлағатты мәдениеті  тарихында үлкен орын алған ұлы  ақын, ойшыл-демократ,  сазгер Абай Құнанбайұлы (1845-1904) болды. Оның шығармашылық мұрасы өлең , дастан, философиялық проза, аудармалар мен әндерден тұрады. Абай- қазақ  әдебиетінде сыншыл реализмнің негізін  салушы. Ол «ақынның азаматтық парызы шындықты бейнелеуде, қоғамдық кесірді  әділет пен ақылдың билігіне жүгіндіруде» деп білді. Құдай- өз заңдары б/ша дамып жататын өлшемнің алғашқы  себепшісі деп түсінді. Дінбасылары  насихаттап жүрген соқыр сеніміне Абай ақыл мен танымды қарсы қойды. А. Қ. Өзінің аса дарындылығы, ой-өрісінің тереңдігі ,халқына деген қамқорлығымен  әлемге танылды. Абайдың дүниеге  көзқарасы ойы мен қыры мол , күрделі .Оны біржақты бағалау , бір бояумен  көрсету мүмкін емес. Біріншіден, сыртқы дүниенің санадан тыс өмір сүретіндігін қуаттайды. Мысалы, 43-қара сөзінде адам «... көзбен көріп,құлақпен естіп,қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп тыстағы  дүниеден хабар алады»-дейді.Көптеген өлеңдері мен қара сөздерінен диалектикалық  тұжырымдар бейнесін көруге болады. Фил/яның негізгі мәселесі Абай шығармаларында кеңінен талқыланады деуге болады.Ақынның  эстетикалық ж/е этикалық мәселелер  жөніндегі ой-пікірлері сол кездегі  қоғамдық ойдың үлкен белгісі  болып табылады. Абай шығармашылығындағы негізгі тақырып моральдық проблемалар  десек қателеспейміз. Қоғам өмірін түсінуде Абайдың көзқарасы , әрине, идеалистік тұрғыда болды. Ол кезде  қазақ халқының әлеум. даму деңгейі  төмен болуы себебінен қоғамның обьективтік заңдылықтарын дәл  анықтау өте қиын еді. Орыстың  алдыңғы қатарлы демократтарымен  таныс болып, пікірлескен Абай реформалық талпыныстарының жүзеге аспайтынына  бірте-бірте көзі жетеді.Қазақ елінде бай,кедей болып бөлінген таптардың  арасындағы тартысты Абай айқын көреді. Аянбай еңбек ету арқасында ғана адам дұрыс тұрмыс құра алады, ағайын-туысқа шапағаты тиіп,құрметке бөленеді деп  тұжырымдайды.Абайша, сену үшін алдымен  түсіну қажет. Абай адам мәселесінің  оның қайшылыққа толы қоғамдық болмысы  аясында қарастырады.Осыдан келіп, адамның әлеуметтік белсенділігі, шығармашылық мүмкіндігінің шексіздігі туралы идея туады. Ал адам – өз тағдырының қожасы ж/е құрушысы . Адам тіршілігінің бірегейлігі ,жердегі тіршілігінің құндылығы, әр адам жанының қайталанбас сонылығы идеялары- Абай тұжырымдамасындағы негізгі  идеялар. Өз шығармаларында ол адамға мейірбандық көрсету,сұлулыққа ұмтылу-жоғары имандылық қасиетінің белгісі , көрінісі деп айтудан жалықпайды.Адамдардың әртүрлілігі жайлы айта келіп, Абай әр адамның өмірінде өз орнын табуының маңыздылығын атап көрсетеді.Адамның  өз орнын, өзін  табуына жол сілтеу, бағыт беру- ағартушының , бұхараны тәрбиелеушінің бірінші міндеті  осы деп біледі.Осыдан келіп «Адам  бол!» деген Абай этикасының негізгі  принципінің мағынасы мен мәні ашыла  түседі.Әр адам өзінің шығармашылық мүмкінділігін  іске асырып, өзін жетілдіре алады  ж/е жетілдіруі тиіс.

Информация о работе Философия негіздері