Философия негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2013 в 08:45, контрольная работа

Краткое описание

Ерте заманнан-ақ адам өзін коршаған дүниенің заңдылықтарын және өзін-өзі, өзінің табиғатқа және басқа адамдарға қатынасын танып білуге тырысты. Адамнан тыс таным процесінің болуы мүмкін емес. Сондықтан адам танымы белгілі бір коғамда, коғамның практикалық қажеттіліктеріне сәйкес жүріп жатады. Дүние және ондағы адамның орны жайындағы түсініктердің жиынтығы дүниетаным деп аталады. Көп өлшемді бұл құбылыс адам өмірінің, практикалық іс-әрекеті мен мәдениетінің түрлі салаларында қалыптасады.

Вложенные файлы: 1 файл

filosofia_zhauap__zhanasy.docx

— 204.00 Кб (Скачать файл)

Абай-ұлы гуманист. Абстрактілі, утопиялық сарынды гуманист. Ол құдай  идеясын адамнан жоғары сырт күш  деп қабылдайды. Абай адам мәселесін  этикалық , қоғамдық саяси, т.б. аспектілерде ғана қарастырып қоймай , толық фил/лық  дәрежеде ұғынуға ұмтылғанын атап өтуіміз  қажет . Өз халқын шын пейілмен сүйген Абайға ұлтшылдық,шовинизм,діни төзімсіздік  жат. Ол өз халқын бір орында тұрып  қалмауға,тұйықталмауға,рухани байлықтарын  әр халықтың, соның ішінде орыс  халқының жетістіктерімен байытуға шақырады.Абайдың  өмірі, шығармалары терең адамгершілік мағынаға ие ж/е ағартушылық –тәрбиелік мәні жағынан баға жетпес құнды дүние.

 

 

 

 

 

33. ХIХ - ХХ ғасырлардағы  Батыс философиясының негізгі  бағыттарының ерекшеліктерін сипаттаңыз.

XIX ғасырдағы саяси, тарихи-әлеуметтік  шындық экономикадағы күрделі  өзгерістер және өнеркәсіп пен  ғылымның өркендеп дамуы, жаңа  философиялық ағымдардың қалыптасуына  алып келді. Бұл философиялық  ағымдардың бірқатары ақыл-ойға  сүйене отырып, табиғат пен қоғам  туралы өте келісімді идеяларды  тудырса, енді біреулері керітартпа  ойлармен тұжырымдарды алға қойды.  Ал XIX ғасыр филисофиясында позитивизм, неотомизм және персонализм секілді ағымдар дүниеге келді.

Позитивизм (Positivism - дұрыс пікір) – оның негізін қалаушы француз философы Огюст Конт (1798-1857). Позитивизм - ғылым негізіндегі білім, ғылыми ақиқат, позитивтік дүние көрінісіне сәйкес болу деп, философиялық зерттеудің танымдық маңызын теріске шығаратын бағыт. Позитивтік немесе дұрыс пікір барлық құбылысты ғылыми жолмен түсіндіреді. Конт эмпирикалық ғылымға, тәжірибеге  сүйенеді. Сондықтан философияның зерттеуге байланысты ақиқат өзіндік пәні жоқ. Оның мақсаты ─ арнаулы ғылымдардың нәтижесін қортындылау; әрбір ғылымның пайдалы әрі пайдасыз жағы бар, тек пайдалысын қабылдап, пайдасызынан арылу. Ол француз революциясының теориясы болған француз материализмінен бас тартып, идеализм жолына түседі.

Неотомизм – ХІХ ғ 70 жж пайда болған,  әсері үлкен діни – философиялық мектептердің бірі. Ф. Аквинский ілімінің негізінде сенім мен ақыл-ойдың үйлесімділігіне және сенім ақиқатының алғышарттылығына жүгінеді. Ватикан шіркеуінің  теориялық басты қаруы. Ол философияда христиан дінінің дәстүрін, догмалық идеялары мен теорияларын сипаттайды. Неотомизмнің көрнекті өкілдері: Жак Маритен, Этьен  Жильсон. Неотомизмнің орталық мәселесі ─ Құдай. Діни ілімде құдай мәңгі және шексіз,  діни философияның міндеті осы тұрақты ақиқатты ашу. Неотомизмнің басты мәселесі - адам, оның өзінің «Менін» іздеп, қайталанбайтын рухын өзгертуге, жаңартуға ұмтылуы. Олар адам мәселесін этикамен байланыстырады. Кейінгі кездерде діни философия адамдағы жақсылықтың мәнін түсіндіруге белсенді күресуде. Олар адамзаттық құндылықтарды қорғайды: ядролық қаруға қарсылық білдіреді, экологиялық мәселелерді шешу мәселесін көтереді. Неотомизм ғылымды жоққа шығармайды, бірақ ғылым өзінің даму барысында адамзатқа тигізіп отырған зияндығын сынайды.

Персонализм (лат. Persona - тұлға ) ─ діни философиясындағы маңызды ағымының бірі. Адамды құдайдың жаратуынан  пайда болған, жер бетіндегі рухани құндылықтың жоғарғы мәні деп санайды. Персонализм адамды «жеке дербес индивид» ретінде қарау тәжірбиесіне қарсылық барысында пайда болды. Олар адамды тұтастық құрамындағы құбылыс, жан - жақты жетілген жоғарғы құндылық деп санайды. Оның өмірінің мәні, құдаймен бірігуі болып есептелінеді. Персонализм бағытын Н. А. Бердяев, Л. Н. Шестов, Н. О. Лосский, Америкада Б. Боун және Дж. Мунье, Ж. Лакруа, П. Ландсберг, т. б. дамытып отырды.

ХХ ғ. Еуропа монополистік капитализм деңгейіне көтерілді. Ұлттық айырмашылықты жоққа шығаратын  әлемдік өнеркәсіп  және сауда-саттық  ерекше дами бастады. ХІХ ғ аяғы мен  ХХ ғ басында көптеген философиялық бағыттарда «Нео» деген қосымша  сөз жалғанады. Ол ілімдердің бір  философиялық жүйеден шыққанын, яғни тектес, екінші жағынан бір-біріне қарама-қарсы  екенін көрсетеді. ХХғ философиясында бір-біріне қарама-қарсы сипаттағы  негізгі екі бағытты байқауға болады.

1. Сциентизм таным теориясында ақыл-ойға, оның негізіндегі дәлелденген білімге сүйенеді. Рационализмнің қызметі екі сатыдан тұрады дейді:

- ойлау қызметі тәжірбиеге  сүйенеді, яғни ойлау дегеніміз–ақылға  салу, дәлелдеу;

- ойдың қызметі тәжірибеден  де жоғары.

2. Антисциентизм - иррационалдық (ақыл жетпейтін) құбылыстарды мойындап,  логикалық тәсілді жоққа шығарады. Ғылым адамды шынайы біліммен қамтамасыз ете алмайды, болмыстың бүтіндігі, үзіліссіздігі туралы ұғымды бөлшектеп жібереді дейді. Логиканың орнына интуициялық әдісті ұсынады, шындықты тікелей тәжірибенің көмегінсіз ашуға болады деп санайды. Ал ғылым, ғылыми-техникалық прогресс адамға зиян келтіреді, адамның ерекше қасиеттерін сөндіреді, адамның физиологиялық жағдайын нашарлатады, адам есептеуді, ойлауды тоқтатады, адам миының қызметі нашарлайды деген сылтаулар айтады. Иррационализм - мистикаға (түсініксіз, жұмбаққа) сенуге де, ғылыми ізденістерге де жеткізеді. Сондықтан оған сыңаржақты қарап, оны жақтауға не даттауға болмайды.

Неопозитивизм – қазіргі батыс философиясының негізгі ағымы, ХХ ғасырдың 30-60-шы жылдары пайда болды. Неопозитивизмнің негізгі принципі верификациялау (лат. Verus – ақиқат және fasio - істеп жатырмын)  -  ойды сезімдік тәжірбелермен салыстыру арқылы тексеру. Егер ой тексеру немесе логикалық сараптау арқылы верификацияланса (дәлелденсе  немесе терістелсе), онда ғылымға жатады да, қалғандары–жалған болып шығады.

Неопозитивизм методологиясының орнына постпозитивизм ағымы 60-70 жылдары дамыды. Ол ғылыми білімді бірін-бірі алмастырған теориялар арқылы өсетін, жинақталып өзгеретін деп санап, логикалық позитивизмнің кей сұрақтарынан алшақтап кетті. Өкілдері: К. Поппер (1902-1994),Томас Кун Сэмюэл (1922), Лакатос Имре (1922-74). Постпозитивизмнің пайда болуы К. Поппердің «Ғылыми жаңалық ашу логикасы» және Т. Кунның «Структура научных революций» деген еңбектерімен байланысты. Бұл ағым өкілдерінің түсінігі бойынша, ғалымның мінез-құлқының ерекше қағидасы: олар өздерінің ғылыми болжам (гипотеза) қорытындысының жалған болуынан еш уақытта қорықпауы керек. Фальсификация - бекерге шығару арқылы дәлелдеу. Ол ойдың қисынды немесе қисынсыздығын байқау арқылы шешіледі. Бұл қағиданы Поппер ғылымды метафизикадан шектеудің белгісі (критерий) ретінде әрі неопозитивизмдегі верификация әдісіне балама ретінде ұсынды.

Постпозитивизмнің өкілі  Т. Кун ғылым тарихы ғылыми қауымдастықтардың  бәсекелестігі, алма-кезек күресінің  нәтижесі дейді. Негізгі рөлді логика мен методология нормалары емес, парадигмалар (сөздердің үлгісі), қауымдастықтың қабылдаған және ғылыми дәстүрдің өмір сүруін қамтамасыз ететін сенімдер, құндылықтар, техникалық құралдарының жиынтығын  білдіреді.

И. Лакатос теорияларды  емес, бірнеше жеке теорияларды қамтитын ғылыми-зерттеу жоспарларын салыстыруды  ұсынады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

34. Адам  санасы мен рухани дүниесі  туралы философиялық, діни және  ғылыми түсініктер қалай қалыптасты? Мәнін ашып көрсетіңіз.

Сананың  философиялық  концепциясы

Сана – болған жағдайдың бейнеленуінің  жоғарғы формасы. Адам санасы сыртқы ортамен мақсатты бағытталған қарым  – қатынас формасы ретінде  көрінеді. Оларда белгілі бір субьективті  шынайылық ретінде, сана болған жағдайдың  субьективті ренжу, айналасындағылардың  барлығына сананың қатынасы бар.

Жинақталған білімнің шынайы әрекеттермен қатынасы және адамның жеке тәжірибесін  қосу болған жағдайдың саналы түрде  шындықты ұғыну процесі болып  табылады. Тұлға санасы сыртқы объектілерді ұғыну емес, сонымен қатар өзін және өзінің психикалық әрекеттерін  түсіну болып табылады.

Сана айналадағы өмірдің барлық өзара байланысын бейнелейді, әлемнің  бейнесі бірдей жүйе ретінде. Сондықтан  сана — іс-әрекет бейнесінің жоғарғы  формасы болып табылады. Сана арқылы адам қоршаған әлеммен қарым-қатынас  формасы реттеледі. Сана іс-әрекеттің  субьективті жағдайларында көрініс  табады. Сана адам айналасындағы барлық жағдайларда тиісті болып келеді

Сана қасиеті

С.Л. Рубинштейн сана қасиетін төмендегідей бөлді: қатынасты құру; тану; әсерленушілік. Сананың әр актісі тек тану арқылы немесе тек әсерленушілік немесе тек қарым-қатынас арқылы болуы  сирек кездеседі; осы үш компонентті  жиі қолданады. Бірақ осы компоненттің әрқайсысының көріну дәрежесі әр түрлі. Сондықтан сананың әр актісі осы үш маңызды психологиялық категориясын координат жүйесінің нүктесі ретінде қарастыруға болады.

Сананың механизмін талдай келе, ми метафорын  жеңу маңызды. Сана жүйе іс-әрекетінің нәтижесі мен өнімі болып табылады, тек ми емес сонымен қатар оған индивид те қоғам да жатады. Сана «мүшенің функциялы суперпозициясы»  ретінде болуы тиіс.

Дүниеде ең ғажап, керемет құбылыс  – адамның рухани дүниесі, сана, ақыл, ой. Адамзат игілігіндегі барлық материалдық және рухани жетістіктер  зәулім құрылыстар, түрлі техникалық табыстар, өнер, дін, әдебиет, философия, ғылым – осылардың бәрі сол  сананың құдіреті. Объективтік дүниеде  сананың балмасы жоқ. Ол тек адамға ғана тән. Сондықтан қашан да сананы болмыстан жоғары қоятын ұғым туып, оны бастапқы деп санаған. Енді біреулер бұл пікірді мойындамаған.

Дін иелері сананы материалдан тыс, дербес және мәңгі өмір сүретін, ешөашан  өлмейтін құбылыс деп қарастырады. Ертеде сананы жанға, ал жаңды ұшып жүретін шыбынға балаған. Халқымыздың "шыбын – жан” деген сөзі осындай  ұғымнан туындаған.

Идеалистік философияның қайсысы  болсын сана, идея, рух материядан тыс, дербес өмір сүріп қана қоймайтынын, қайта сол материяны билейтін, оның қозғалысын, дамуын қарастыратын күш деп түсінеді. Бірақ сананың  пайда болуын материалистік тұрғыдан түсіну де оңайға түскен жоқ. Кейбір материалистер сана барлық материяда бар деп түсінген. Мәселен, орта ғасырда өмір сүрген. Д.Скоттың түсінігінше, тіпті тас та ойлай аладымыс. Мұндай бүкіл табиғатты жанды деп қараған ұғымды философияда гилозоизм деп атайды.

Сол органикалық және органикалық  емес дүние арасындағы дәнекер –  нуклеин қышқылдары бір жағынан  органикалық емес, екінші жағынан  органикалық дүниеге жатады. Олай болса, тіршілік қайдан пайда болды  деген сұрзу өзінен-өзі шешіледі.

Енді сол клетканың пайда  болуымен жоғары дамыған организм –  адам, оның санасы аралығында табиғатта  жүз миллиондаған, бәлкім миллиардтаған  жылдар жатқан болар. Ендігі мәселе –  сана деген не, ол қалай пайда  болды, мәні неде деген сияқты сұраулар.

Ғылыми мәліметтерге сүйене отырып, ғалымдар сана барлық материяның жемісі емес, тек ерекше ұйымдасқан материя  – адам миының функциясы екенін дәлелдеді. Адам миы – аса күрделі  әрі өте нәзік миллиардтаған  жүйке клеткалардан (нейрондардан) тұратын аппарат. Ол нейрондардың (клеткалардың) жалпы саны 14 – 15 миллиардтай.

Адамның миының құрылымы да аса күрделі. Кейбір анализ, синтез, сондай-ақ, сыртқы тіршіліктердің әсерлеріне байланысты түрлі іс-қимылдар жұлын, сопақша, орта және аралық ми арқылы жасалады. Ал күрделі  ойлау тәсілдері бас миының үлкен  жарты шары арқылы іске асады. Мидың  қабыршағы астындағы аппарат  шартсыз (инстинкті) қимылдарды басқарады. Жануарларда инстинкті қимылдар әрдайым ешбір шартты байланыссыз, бағынышсыз, емін-еркін сияқты көрінетін  болса, адамдарда ол әрекеттер қашанда  санаға тікелей бағынышты, оны сана билейді.

Адам миы түрлі түйсіктер  арқылы келетін мәліметтерді орталық  жүйке жүйесі арқылы қабылдап, оны  қорытады, белгілі ой тұжырымдарын жасайды. Сана қалай пайда болды  деген сұраққа жауап беру: ол түйсік мүшелері арқылы объективті ақиқатты бейнелендіріп, оларды қорыту арқылы пайда  болады, ал бұл үшін көп нәрседен хабардар болу қажет дейміз. Халықта: "Көп жасағаннан сұрама, көпті  көргеннен сұра” деген нақыл  сөз, шамасы, осы жағдайды аңғаратын  болса керек.

Идеалистер сананың екінші, материяның бейнесі екенін мойындағысы келмейді. Оны неге сүйіп айтады? Олардың  ойынша,адам санасында объективті дүниеде  кездеспейтін, қате, жалған ойлар, мәселен, түрлі жын-сайтан, диюу, су перісі, т.с.с. ұғымдар болады. Сонда объективті дүниеде кездеспейтін ол жын-шайтандардың бейнесі қайдан пайда болады, ол ненің бейнесі деп күдік айтады.

Сонымен қатар сана мисыз өмір сүре алмайды, ал біздің түйсіктерімізгеәсер  ететін – сыртқы дүние. Сол әсерлер  орталық жүйке жүйелері арқылы адам миына жетеді. Ми оларды қорытады, шешімжасайды. Әрейне адам ми арқылы ойлайды, бірақ  оның мәні сыртқы дүниеде, соны бейнелеуінде. Ми – ең алдымен объективті ақиқатты дәл, былайша айтқанда, сыртқы дүниені  дұрыс бейнелейтін орган. Бірақ  сана мен объективті ақиқат ешқашан  да мейлінше дәлме-дәл болмайды. Сана – оның идеалдық бейнесі. Мұны Гегель де мойындаған. Бұл – дәлдік пен  айырмашылық диалектикасы. Сананың  мәнінде білім жатыр. Ал оны туғызатын  танымдық ізденіс. Әр нірсені білуге, ұғынуға талпыныс, ізденіс сайып  келгенде сананы құрастырады. Сана –  материядан мүлде өзгеше.

Бейнелеу – жалпы материяның қасиеті. Бейнелеудің негізінде  бір құбылыстын екінші құбылысқа, бір  дененің екінші бір денеге жасайтын ықпалы жатыр. Мәселен, жүріп бара жатқан адамнан із қалады, із бейнелеуге жатады. Күннен, желден, ыстық пен суықтан, жаңбыр мен қардан жартас бұзылып, үгетіліп қиыршық құмға айналады. Теңіз жағасындығы тастар қашанда жылтыр, теп-тегіс болып келеді. Оны ысып, жылтырататын су толқыны. Сана да – дәл осындай әсердің нәтижесі. Дүние танымда адамдардың іздерісмүмкіндіктерінорасан зор дамытқанғылымкиберннетика. Ол күрделі информацияны қабылдап, оны сұрыптап, талдап белгілі жүйеге түсірпі, нақтылы шешімге келтіретін және ол процестерді баққаратын ғылым.

Сана белгілі бір дәрежеге –  сана – сезімге айналады. Сана –  сезім өзін - өзі сезініп, ұғыну  арқылы жететін сананың еі жоғарғы  сатысы.

Сана – сезім дегеніміз –  адамның өзін - өзі ойлай алатын, сезе білетін, әрекентенетін субъект  ретінде тұсіне бастауы. Адамның  сана сезімі қанша таптық, топтық, қоғамдық сана – сезімдерге тығыз байланысты.

Тағы адам өзін табиғаттан бөліп  қарай алмайды. Саналы адам бөлініп  алады. Сана өзінің шығу жағынан екігші. Бірақ сана енжар емес, белсенді перменді рөлі бар құбылыс. Оның белсенбілігі – бейнелеуді таңдай алады, келешекті  болжай біледі. Сана дұниені бейнелеп қана қоймайды, сонымен қатар оны  өзгертеді, қолдан жасайды. Құрылыстар мен машиналарды табиғат дайын  күінде бізге сыйламайды, адам жасайды. Сол арқылы сана затқа айналады, заттандырылыды.

Дін обективті ақиқатты адам ойында түбегейлі өзгертіп, қиалишылдық  түрде бейнелейді. Діни қағидаларға  қарағанда, дүниеге кез келген құбылыстың тікелей тірегі, қозғаушысы – ол өмірден тыс тұрған және оны жаратушы күш (құдірет).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

35. Платон философиясы:  “идея” теориясы кейін қай  философтардың ілімдерінде көрініс  тапты? Салыстырмалы талдау жасаңыз.

Информация о работе Философия негіздері