Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Июля 2013 в 08:50, курсовая работа
Мен бұл тақырыпты орындаудағы міндеттеріме келесілерді жатқызамын:
Вексельдің қарыз міндеттемесі ретіндегі жалпы экономикалық сипатын ашу;
Төлем құралы ретінде вексельдің түрлері мен жіктелу құрылымын талдау;
Вексельдің банкте қолданылуын жан-жақты талдау;
Қазақстандағы вексель және векселб айналысына қатысты құқықтық заңдарға талдау жасау;
Сонымен қатар Қазақстандағы вексель айналысының және оның қатынастарының қазіргі жағдайы мен даму болашағын анықтау болып табылады.
КІРІСПЕ.................................................................................................................3
I. ВЕКСЕЛЬДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ, ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ВЕКСЕЛЬДІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ................................................................................................ ..5
1.1 Вексель туралы жалпы түсінік .....................................................................5
1.2 Төлем құралы ретінде вексельдің түрлері және жіктелуі...........................8
II. Қазақстан республикасының ВЕКСЕЛЬ АЙНАЛЫСЫ МЕН ЕСЕБІ.................................................................................................................. ..12
2.1. Вексельдің айналымда қолданылуы ......................................................... 12
2.2. Ұлттық банкпен коммерциялық банктердің векселді есепке алуы.......................................................................................................................18
2.3. Вексельдермен жүргізілетін операциялардың бухгалтерлік есебі.......................................................................................................................20
III. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ВЕКСЕЛЬ АЙНАЛЫСЫНЫҢ ДАМУБОЛАШАҒЫ............................................................................................21
3.1 Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы және оның даму болашағы...............................................................................................................21
ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................................34
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР......................................................................................................38
Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Курстық жұмыс
тақырыбы: Вексель және оның айналысы
астана, 2012
Мазмұны
КІРІСПЕ.......................
I. ВЕКСЕЛЬДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ, ТҮРЛЕРІ
ЖӘНЕ ВЕКСЕЛЬДІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ....................
1.1 Вексель туралы жалпы түсінік ..............................
1.2 Төлем құралы ретінде вексельдің түрлері
және жіктелуі......................
II. Қазақстан республикасының
ВЕКСЕЛЬ АЙНАЛЫСЫ МЕН ЕСЕБІ.........................
2.1. Вексельдің айналымда қолданылуы
..............................
2.2. Ұлттық банкпен коммерциялық банктердің
векселді есепке алуы..........................
2.3. Вексельдермен жүргізілетін операциялардың
бухгалтерлік есебі.........................
III. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ВЕКСЕЛЬ
АЙНАЛЫСЫНЫҢ ДАМУБОЛАШАҒЫ..................
3.1 Қазақстан Республикасындағы вексель
айналысы және оның даму болашағы......................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................
КІРІСПЕ
Еліміздің нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты экономикадағы ақша айналысын реттеп отырудың маңызы ерекше болып табылады. осы ақша айналысын реттеудегі шаралардың бірі қолма-қол ақшаларды несиелік ақшаларға ауыстыру саясаты екені белгілі. Бүгінгі таңда ұлттық ақшаайналысында несиелік ақшалардың келесі түрлері қолданылуда: вексель, банкнота және чектер. Осылардың ішінде вексельдік қатынастардың маңыздылығы ерекше болып табылады.
Өз кезегінде вексель – қарызды өтеудегі заңды түрде бекітілген төлем міндеттемесі. Ол – бағалы қағаз. Бірақ Қазақстан Республикасының «ҚР-дағы вексель айналысы туралы» (09.07.2003 ж.) ҚР-ның Заңына сәйкес вексель бағалы қағаз болып табылмайды, ол қарыз міндеттемесі деп көрсетілген. Вексельді борышқор, яғни вексель беруші тауарды несиеге алғанда тауар сатушыға, яғни вексель иемденушіге береді.
Вексельдің экономикалық мәні – несиеге алған белгілі бір соманы төлем уақыты жеткенде келісілген жерде өтеу үшін тауар сатып алушының (вексель берушінің) сатушыға (вексель иемденушіге) берген қарыз міндеттемесі болуында.
Вексель нарықтық экономикалық қатынастарда тауар-ақша қатынастарын және коммерциялық несиені дамытудағы басты құрал болып табылады. сондықтан елдің экономикасының тиімді өсуін ынталандыру үшін вексельдік несие ақшаларды дамытудың Қазақстан үшін маңызы жоғары болып отыр. Сондай-ақ вексельмен операцияларды Ұлттық банктер де және коммерциялық банктерде іске асырады. Ол туралы жұмыс барысында тоқталамыз.
Вексель қолма-қолсыз есеп айырысудың бір формасына жатады. Себебі, вексельдің атқаратын басты қызметі – төлем құралы. Есеп айырысу барысында пайдаланатын вексельдің түрлеріне қатысты жай және аудармалы вексельдің өзара айырмашылықтары және олардың қызмет ету ерекшеліктерінің маңызы мен мәні талқылауды қажет етеді.
Сонымен мен курстық жұмысымның тақырыбын бүгінгі таңдағы экономикалық қатынастарда есеп айырысудың формаларының бірі болып табылатын «Вексель және оның түрлері, банкте қолданылуы» деп алдым. Өйткені вексель қолма-қолсыз төлем құралы ретінде айналыстағы қолма-қол ақшалардың артық өсіміне шектеулер қояды.
Мен бұл тақырыпты орындаудағы міндеттеріме келесілерді жатқызамын:
I. ВЕКСЕЛЬДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ, ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ВЕКСЕЛЬДІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
1.1 Вексель туралы жалпы түсінік
Өндірістегі жұмыстың айналымдылығы, яғни өнімді өндіру, оны сату және басқа да коммерциялық қызмет көрсету кезінде өндіруші-жабдықтаушы көбіне қаржы қорының жетіспеуі сияқты жағдайларға душар болады. Сол кезде өнімді сатып алушы жабдықтаушымен есеп айырысуды кейінге қалдырады. Демек өнім несиеге сатылады. Несиені қайтару кезінде несие ақшаларының бір түрі – вексель пайда болады.
Қолма-қолсыз төлем құралы – вексель болып табылады. А.А. Фелдманның айтуынша: «вексель – мерзімі өткеннен кейін вексельде көрсетілге нсоманы төлеудің талап етуге құқық беретін нақты қатаң формада құрастырылған қарыздық міндеттемелерінің бірі». Д.М. Мажитов, осы айтылған вексельге берген анықтамасын қолдай отырып «вексель – бұл белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін иесінің вексельде көрсетілген соманы қарыз алушыдан талап етуіне құқық беретін жазбаша түрдегі қарыздық міндеттеме» деп атады.
Вексель – қарызды өтеудегі заңды түрде бекітілген төлем міндеттемесі. Ол – бағалы қағаз. Вексельді борышқор, яғни вексель беруші тауарды несиеге алғанда тауар сатушыға, яғни вексель иемденушіге береді. Вексельдің мәні – несиеге алған белгілі бір соманы төлем уақыты жеткенде келісілген жерде өтеу үшін тауар сатып алушының (вексель берушінің) сатушыға (вексель иемденушіге) берген қарыз міндеттемесі.
Вексель шығарып және оны пайдалануды дамыту ертеден несие қаржы қызметін көрсету нарығының басты бағыттарының бірі болып келеді. Себебі, вексельдің мәні – тек қарызды қайтару кепілі ғана емес, сонымен бірге саудалық қарым-қатынастардың тиімділігін арттыру мақсатында осы төлем міндеттемесін белсенді пайдалану арқылы ресурстардың айналымын жеделдету. Сондықтан вексель иемденуші төлемнің түсуін күтпей ай вексель сатып алушына немесе оны тауар сатып алу үшін, не болмаса қызмет көрсету үшін төлем қаржысы ретінде қолданушыны іздестіреді. Бұл жадайларда вексельді банк сатып алады.
Вексель – тауар-ақша қатынастарын және коммерциялық несиені дамытуда ертеден келе жатқан ең бір бастылы қаржылық құрал. Қаржы жүйесі дамыған елдердің ақша айналымында вексель елеулі орын алады. Қазіргі кезде электронды несие жүйесінің кез-келген операцияның бар болғаны 1 сағатың ішінде орындайтын мүмкіндігі бар (мысалы, Германияда вексель ақша айналымының 20-25% құрайды).
Егер кәсіпорын өз ісін парасаттылықпен жүргізіп отырса, оған айналым қаржысының уақытша жетіспегендігін вексельмен толтыру онша қиын емес. Ол үшін саудадағы сенімді серігіне тауарды вексельге айырбастап берсе тауар ақша айналымын жеделдетеді.
Вексель төлем дағдарысын реттеп, заттық қорлардың айналысқа түсуін жеделдетіп, кәсіпорындағы тауар-зат құндылықтарының қорын азайтып және халық шаруашылығындағы есепті тездетеді. Вексель айналымы экономикалық қатынастардың сан алуан жүйесін қамти алады.
Вексель нарығының қызметі – қысқа мерзімді несие беру арқылы ақша қаражатын бөлу. Вексель айалымының негізі серіктестердің бірін-бірі еркін таңдауымен және бірін-бірі бақылауы мен жасалатын несиелік келісім. Вексельді шығару мен оны айналымға түсіруге келісімнің мәні және оның маңызы зор.
Вексель несиені өтемеу қаупімен байланысты болғандықтан ол вексель берушіге шамалы болса да сенім болғасын төлем құралы ретінде қабылданады. Егер вексель беруші тауардың сапасын, құнын, уақытында жіберілуін және басқа да жағдайларын бақыласа, ол вексель иемденуші серіктестің тек вексель алған уақытындағы төлем қабілетін ғана емес, сонымен қатар ол өте маңызды, оның төлем уақыты жеткенге дейінгі болашақтағы қаржы мүмкіншілігінде бақылайды. Вексель келісіміне қатысушылардың бірін-бірі бақылауы және сонымен бірге біріне-бірі сенуі, олардың қабылданған міндеттемені нақты орындауға ұмтылуы нарықтық қарым-қатынастарды дамытуға жол ашады.
Басқа қарыз міндеттемелерінен вексельдің үш түрлі айырмашылығы бар:
1.2. Төлем құралы ретінде вексельдің түрлері және жіктелуі
Классикалық вексель
айналымының негізін
«ҚР-дағы вексель айналысы туралы» (28.04.97 ж.) ҚР-ның Заңына сәйкес жай және аудармалы вексельді қарастырайық.
Жай вексель (соло) – вексельді ұстаушыға вексельде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта немесе талап етуге байланысты төлеу туралы вексель берушінің еш нәрсемен негізделмеген міндеттемесін сипаттайтын вексель.
1
2
3
4
Сурет-1 – Жай вексельдің айналысы
Жай вексельді пайдаланғанда тек екі жақ (контрагенттер) өзара әрекет жасайды, яғни вексель беруші өзі делдалды қатыстырмай ақ белгіленген уақытта вексель иемденушіге қарызын өтейді. Егер аудармалы вексель (яғни тратта) пайдаланылса, онда вексель айналысында бірнеше заңды немесе жеке тұлғалар қатысады - әлбетте үш, төрт және одан да көп контрагенттер қатысуы мүмкін.
Аудармалы вексель (тратта) – вексельде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта алғашқы вексельді ұстаушыға (ремитентке) төлеу туралы үшінші бір тұлғаға (трассатқа) вексель берушінің (трассанттың) еш нәрсемен негізделмеген ұсынысын сипаттайтын вексель.
Аваль- вексель бойынша кепілдік.Аваль беруші банк вексель беруші немесе акцептант тарапынан төлем төленбеген жағдайда оны төлеу жауапкершілігін өзіне алады.Төлеу мерзімі келген кезде вексель төлеу үшін тікелей банкке жіберіледі.Вексельді өтеудің бұл түрі- аваль акцептке қарағанда сиректеу қолданылады.
Вексельдерді есептеу және оны кепілдікке ау операцияларының негізінде коммерциялық несие банктік несиеге айналады, яғни несиенің бір формасынан оның екінші формасы пайда болады.
Акцепт – есеп айырысуда төлеушінің (акцептанттың) өз қарызын төлеуге жазбаша берген келісімі, демек акцепт есеп айырысудың бір түрі.
Аудармалы вексельдің айналысын келесі суреттен көре көре аламыз:
6
5
3 4 8 7
2
1
Сурет-2 – Аударым вексельдің айналысы
2-ші суреттегі:
Вексель қолма-қолсыз есеп айырысудың бір формасына жатады. Себебі, вексельдің атқаратын басты қызметі – төлем құралы. Есеп айырысу барысында пайдаланатын вексельдің түрлеріне қатысты жай және аудармалы вексельдің өзара айырмашылықтары бар.
Бұл айырмашылықтарға келесілер жатады: