Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Июля 2013 в 08:50, курсовая работа
Мен бұл тақырыпты орындаудағы міндеттеріме келесілерді жатқызамын:
Вексельдің қарыз міндеттемесі ретіндегі жалпы экономикалық сипатын ашу;
Төлем құралы ретінде вексельдің түрлері мен жіктелу құрылымын талдау;
Вексельдің банкте қолданылуын жан-жақты талдау;
Қазақстандағы вексель және векселб айналысына қатысты құқықтық заңдарға талдау жасау;
Сонымен қатар Қазақстандағы вексель айналысының және оның қатынастарының қазіргі жағдайы мен даму болашағын анықтау болып табылады.
КІРІСПЕ.................................................................................................................3
I. ВЕКСЕЛЬДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ, ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ВЕКСЕЛЬДІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ................................................................................................ ..5
1.1 Вексель туралы жалпы түсінік .....................................................................5
1.2 Төлем құралы ретінде вексельдің түрлері және жіктелуі...........................8
II. Қазақстан республикасының ВЕКСЕЛЬ АЙНАЛЫСЫ МЕН ЕСЕБІ.................................................................................................................. ..12
2.1. Вексельдің айналымда қолданылуы ......................................................... 12
2.2. Ұлттық банкпен коммерциялық банктердің векселді есепке алуы.......................................................................................................................18
2.3. Вексельдермен жүргізілетін операциялардың бухгалтерлік есебі.......................................................................................................................20
III. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ВЕКСЕЛЬ АЙНАЛЫСЫНЫҢ ДАМУБОЛАШАҒЫ............................................................................................21
3.1 Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы және оның даму болашағы...............................................................................................................21
ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................................34
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР......................................................................................................38
акцептемеген немесе төлем төлемеген
жағдайда талап қоюға делдалдық
тәртiбiмен төлем төлеуге
Жай вексельге сондай-ақ үшiншi тұлғада немесе төлеушiнiң тұрғылықты жерiнен өзге жерде төленуге жататын аударым векселiне (проценттер туралы шартқа төленуге тиiстi соманы жазудағы келiспеушiлiктерге көзделген шарттармен қол қоюдың қандайын болса да орналастырудың салдарына, өкiлетсiз iс-қимыл жасайтын немесе өз өкiлеттiгiн асыра пайдаланатын тұлғаның қойған қолының салдарына қатысты қаулылар қолданылады.
Дәл осылай жай вексельге
авальға қатысты қаулылар қолданылады
соңғы абзацында көзделген
Жай вексель бойынша вексель берушi де, аударым векселi бойынша акцептант сияқты мiндеттi.
Ұсынылғаннан кейiн белгiлi бiр уақыт мерзiмiндегi жай вексельдер көрсетiлген мерзiмде белгi қоюы үшiн вексель берушiге ұсынылуға тиiс. Ұсынылғаннан бастап есептелетiн мерзiм вексель берушi вексельге белгi қойған күннен басталады. Вексель берушiнiң күнi көрсетiлген белгiнi қоюдан бас тартуы наразылық бiлдiрумен куәландырылады, ол күн ұсынылғаннан бастап есептелетiн мерзiмнiң басталуы болады.
Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы Қазақстан Республикасының аумағында жай және аударым коммерциялық вексельдерiн шығаруды, вексельдер, оның iшiнде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде шығарылғандары бойынша талап ету құқығын берудi, осындай вексельдер жөнiндегi мiндеттемелер мен оларға байланысты операцияларды орындауды, оларды есеп кеңселерiнiң есепке алуын және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта есепке алуын қамтиды.
Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы жөнiндегi қатынастар «Женева вексель конвенциясынан», осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнен, сондай-ақ соларға сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұратын вексель құқығымен реттеледi.
2.2. Коммерциялық банктердің вексельді есепке алуы және Ұлттық Банкпен вексельді қайта есепке алуы.
Вексельді еспке алу және кепілге беру арқылы коммерциялық несие банктік несиеге түрлендіріледі, яғни коммерциялық несие базасында жанама банктік несие пайда болады. Осы жолмен вексельдермен операция арқылы өзара шарыушылық несие банктік несиеге түрлендіріледі. Бірақ коммерциялық несиені қалпына келтіру және ақша формадағы қарызды вексельмен безендіру, несиелік қарыздардың күрт өсуіне және тауармен жабылмаған ақша массасының көбеюіне әкелмейді. Себебі: коммерциялық және өзара шаруашылық несиелердің банктік несиеге түрленуі: бір формадағы несиені келесіге өзгеру болып табылады, ал бұл инфляциялық алғы шарты болып табылмайды, яғни коммерциялық несиені есепке алу және кепілге беру, банкте жаңа қарыз капиталдық пайда болуы деп есептелінбейді. Жоғарыда аталаған түрлендіру дисконттау арқылы жүргізіледі. Вексельді есепке алу - бұл банкпен ақшалы - қарызды міндеттемені, төлем жүргізу мерзімге дейін, сатып алу, бұл жағдайда банкке несиегер құқы өтеді.
Дисконт немесе вексельді есепке алу- бұл операция кезінде банк вексель ұсынушыдан вексельді ала отырып, төлем мерзімі жеткен мерзімге дейін оған осы вексельдің сомасын береді, бұл жағдайда, банк төлем мерзімге қалған мерзім үшін вексель сомасынан пайыздарды өз пайдасына аудара алады.
Заң жағымен қарастырсақ вексельді оның барлық кәдімгі салдарымен банк атына тапсыру болып табылады. Сол кезде вексель ұсынушы - есепті вексель бойынша қарызшы, ал банк - төлем алатын вексель ұстаушы-несиегер болып саналады,
Вексельді еспке алу үшін барлық заң және экономикалық талаптар вексельді кепілге ала отырып несие ұсыну талаптарына сай.
• Вексельді есепке алу банкпен қабылданған, векселді индоссаменттердің аттарынан үздіксіз шарты болып табылады. Банк жалған (қола), достық және қаржылық векселді , сол сияқты вексель төлеуші немесе ұстанушы тұлға әрекет етуге қабілетсіз болса есепке алудан бас тартуға міндетті.
• Егер клиент есепке алу үшін банке вексель көшірмесін берсе, банк вексельдің түпңұсқасын талап етуге құқылы. Клиент весельдің түпңұсқасын беруге бас тартса, банк вексельді есепке алмауға құқылы.
• Аудармалы вексельдің акцептельмеген экземпляры ұсынылса, банк акцептельген экземплярын талап етуге күдылы. Бұдан клиент бас тартса, банк акцептельмеген аудармалы вексельдің экземплярын есепке алудан бас тарта алады.
Құжаттарды қабылдау алдында банк, оған берілетін әр бір вексельдің дұрыс толтырылғандығын және вексельдегі индоссаменттердің қатарының үздіксіздігін тексеруге міндетті. Ол үшін, құжаттарды қабылдау кезде қызметкер вексель түпнұсқасын, егер бар болса аллонжпен және ұсынылған вексель көшірмесімен салыстырады, содан кейін вексель нұсқасы, оны есепке алу үшін ұсылыған тұлғаға қайтарады. Банк, вексель ұстаушыдан, вексель тауарларды сату-сатып алу мәмілесі негізінде берілгендігі туралы кез-келген мәліметтерді талап ете алады. Банк, вексель бойынша міндетті қатысушылардың бар-жоқтығын тексеруге міндетті. Тек қана индоссанттардың қолдары тексерілмейді. Егер вексель қатысушылары жалғандығы анықталса, банк заң қорғау органдарына хабар етуге міндетті.
Вексельде басқа тұлғалардың жалған қолдар бар болса да, бұл вексель күшінен айырылады.
Барлық тексерулерден кейін банк вексельді есепке алу шешімін қабылдайды. Бұл шешім вексельде көрсетілген сомаға несие ұсынуға кұқылы, банктің сәйкес органдарымен қабылданады.
Операцияларды жүргізу жалпы шарттар негізінде банк, вексельді есепке алу, алмау шешімін қабылдау үшін арнайы мерзім орнатады. Бұл мерзім банке барлық құжаттар түскен күннен бастап банктік 10 күннен аспау керек.
Шешім қабылданған соң банк клиентке шешімді жазбаша түрде, шешім қабылданған күннің келесі күнінен кешіктірмей жіберілуі керек.
Вексельді банк меншігіне аудару индоссаментті оның пайдасына рәсімдеу болып табылады.
Банкте есепке алынған вексель тіркелуі және сақталуы келесі тәртіпте жүргізіледі:
• әр бір есепке алынған вексельге «вексельдік құжаттама» ашылады және жүргізіледі;
• бұл құжаттамаға вексельге тиісті құжатар тігіледі;
• есепке алынғандар қатал есеп-қисап құжатына жатады.
Банк портфеліндегі вексельдермен келесі операциялар жүргізе алады: қайта есепке алу үшін Ұлттық Банке ұсынылады
D=N х t x R/360 x 100 = (N x t/100) x R/360 = q x R/360
Дисконттық сан формуласы:
q= N x t/100
Дисконттық санды қолдана отырып есеп жүргізу қолайлы, егер де өтеу мерзімге дейінгі мерзімдер мен сомалар әр түрлі болып ортақ есепке алу мөлшерлемесі қолданылса. Бұл формула жиынтық дисконт үшін келесідей болып өзгереді:
• 100 мың теңгеден кем емес номиналдық құны бар;
• өтеу мерзімі 6 айдан аспайтын
• Ұлттық Банк қайта есептеген күннен бастап бір жылдан аспайтын төлем мерзіммен;
• бірінші сыныпты элементтердің вексельдерін. Бұл вексельдердің төлеушісі Қазақстан Республиканың резиденттер және олардың қаржылық жағдайы тұрақты, сол сияқты жазбасы (индоссаменттердің) бар вексель дер. Вексель қатысушылардың қаржылық тұрақтылығын Ұлттық Банк өзі бағалайды.
• қолданбалы вексель. Егер вексельдің реквизиттері Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикадағы вексель айналымы туралы» заңындағы талаптарға сәйкес болса, вексель қолданбалы деп есептелінеді.
• төлеу орындары Қазақстан Республикасының территориясындағы вексельдер.
Ұлттық банк қайта есепке алынатын вексель, қаржылық жағдайы тұрақты коммерциялық банкпен берілген авальмен қамтамасыз етуін талап етуге құқылы. Аванстық қаржылық тұрақтылығы Ұлттық Банкпен дербес тексеріледі.
Ұлттық Банк вексельді қайта қаржыландырудан, келесі жағдайларда, бас тарт алады.
• егер вексель бойынша төлем жасау күніне дейін қалған мерзім 15 жұмыс күнінен кем болса және вексель бойынша төлем жасау күніне дейінгі қалған мерзім төлем орнына жіберуге (инкассациялау) қажетті мерзімнен аз болса;
• егер вексельді рәсімдеу «Қазақстан Республикасындағы вексель айналымы туралы» заңындағы талаптарға сай келмесе;
• егер вексель шығарылған вексель қағаз Ұлттық Банктің нормативтік құ-қықтық актілерінде белгіленген талаптарға сай келмесе;
• вексельде берілген мәліметерден: төлем орны, вексель бойынша міндетті түлғалардың төлем қабілетілігі біркелкі қорытынды жасауға болмайтын немесе вексель мәтінде басқада, вексель бойынша құқықты жүзеге асыртқызбайды жетіспеушіліктер болса.
Банк вексельді Ұлттық Банке қайта қаржыландыруға өткізгенде келесі құжаттарды өткізеді;
• вексельді қайта есепке алу туралы өтініш;
• вексельдердің түпнұсқаларын (егер бар болса, аллонжбен);
• нотариалды расталғанға вексель көшірмесін;
• вексель коммерцилық екенін куәландыратын, шарттың нотариалды расталған көшірмесі;
• жай вексельді берушінің, аудармалы вексель бойынша төлеушінің және вексельді қайта қаржыландыруға ұсынған банктің қаржылық жағдайларының тұрақтылығын растайтын кұжаттарды;
• вексельді қайта есепке алуға ұсынған тұлға атына сенімхат;
• берілген вексель бойынша герб алымын заңға сәйкес төлегенін растайтын құжат.
Ұлттық Банк вексельді қайта есепке алуға қабылдау алдында, банк пен төлеушінің төлем қабілетіне, көрсетілген түлғалардың вексель бойынша міндеттемелерді өтеу алмау факторларына талдау жүргізуге міндетті.
Вексельді қайта есепке алуға қабылдау тәртібі:
• егер банк Ұлттық Банкке қайта есепке алу үшін вексель көшірмесін берсе, онда көшірмемен бірге түпнүсқа да беріледі;
• егер Ұлттық Банкке қайта есепке алу үшін, бірнеше данадағы акцептельмеген вексель ұсынылса, акцептельмеген вексельді ұсынған банк, сол вексельдің акцептельген түрін ұсынуға міндетті;
• уәкілетті бөлімшенің жауапты қызметкері құжатарды қабылдау кезінде қайта есепке алынған әр вексельдің дұрыс жасалуын, вексельдегі индоссаменттердің рәсімделуін, вексель бланкісінде вексельдегі міндетті деректемелердің, тіпті біреуінің болмауына немесе бұл інуіне әкеліп соғатын физикалық білінунің бар жоқтығын тексереді, сондай ақ вексель бланкілерінің түпнүсқасы тексеріледі;
• вексельдерді қайта есепке алуға қабылдау немесе қабылдамау туралы шешімді Ұ лттық Банк тізбесі құжаттардың толық пакетін алған күннен бастап 5 жұмыс күн ішінде қабылдайды;
• вексельді қайта есепке алуға қабылдау немесе қабылдамау туралы Ұлттық Банк шешім қабылдағаннан кейін уәкілетті бөлімшенің жауапты қызметкері есеп кеңесіне вексельдерге сараптама жүргізу және вексельді қайта есепке алуға қабылдау немесе қабылдамау туралы шешімді хабар етеді;
• вексельді қайта есепке алу қабылдау туралы мәселе оң шешілген жағдайда есеп кеңес Ұлттық Банктің пайдасына индоссамент рәсімдейді және вексельді уәкілетті бөлімшенің жауапты қызметкеріне береді. Ұлттық Банктің пайдасына вексель бойынша төлем жасау жауапкершлігінен индоссантты босататын шарттарды индоссаментке енгізуге жол берілмейді;
• Ұлттық Банктің пайдасына индосаментпен вексель түпнұсқасы алғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей Ұлттық Банк есеп кеңесінен, банктік шотына дисконтты алып тастағандағы вексель сомасын аударады;
• Ұлттық Банктің ресми қаржыландыру мөлшерлемесін есепке ала отырып Ұлттық Банк дисконт ұстап қалады. Өтеу мерзім 1 жылға дейінгі қабылданатын вексельдер бойынша дисконт есептеу үшін мынадай формула пайдаланы л ады:
D= HxTxP 360 х100
мұнда:
D - дисконт сомасы (теңгемен); Н - вексель сомасы (теңгемен);
T - вексельді қайта есепке алу күніне бастап вексель бойынша төлем мерзімі (күнмен, бұл ретте қайта есепке алу күн мен вексель бойынша төлем жасау күні бір күн болып есептеледі;
Р- ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі (пайызбен).
Мысалы: Ұлттық Банк екінші деңгейлі банктен сомасы 100 мың тенге болатын және төлем мерзімге дейін 60 күн қалған вексельді қайта есепке алсын,қайта қаржыландыру мөлшерлемесі - 7% тең болсын.дисконт соманы табайық:
Р=100 000*60*7% =1166.7тенгеге тең. 100*360
Шетел валютасымен көрсетілген вексел
Вексельдерді қайта есепке алу үшін Ұлттық Банкте құжаттарды қабылдау үшін тіркеу журналы ашылады. Ұлттық банк вексельді қайта есепке алғанда бақылау кітапқа тіркелініп, реттік тіркеу көшірме береді. Тіркеу кітапты қайта есепке қабылданған вексельдердің сомалары мен валюталары, олар бойынша төлеушілер, вексельдер саны, төлеушімен төленген вексель саны қатал есептегі құжаттар ретінде тіркеледі.
Ұлттық Банктің портфеліндегі барлық вексельдер келесі критериялар бойынша сыныпталады:
• Индоссамент (атауы мен керекті реквизиттер);
• Вексель бойынша төлеуші;
• Ұлттық Банк (Ұлттық Банктің орталық аппаратының орналасу орны бойынша, Ұлттық Банктің филиалдарының орналасу орны бойынша);
• Басқа да керекті параметрлер бойынша.
Бүл жағдайда Ұлттық Банк портфеліндегі вексельдермен келесі операцияларды жүзеге асыруға қүқылы;
• Вексельді индоссамент бойынша тапсыруға, соның ішінде оны қарызды өтеу үшін қолдануға;
• Төлем мерзімі келгенде вексель бойынша төлемді алуға.
2.3 Вексельдермен операциялар есебi қабылдау тәртібі
Вексельдермен операциялар – бұл банк қызметiндегi маңызды бағыттардың бiрi. Бiздiң елiмiзде сонғы кезге дейiн аталған операциялар басқа банктiк операциялармен салыстырғанда, оларды шектеп қолданумен және оларды жүзеге асырудың бiрінғай механизімiнiң болмауымен байланысты төмен дамыды. Бiрақ 1997 жылғы 28 сәуiрден Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы вексель айналымы туралы» заңының қабылдануымен жай және аудармалы коммерциялық вексельдермен операциялар өткiзу тәртiбi анықталды. Вексельдер нарығының басты мiндетi қысқа мерзiмдi ақша қаржыларын кайта бөлу, бұл кезде коммерциялық және қаржылық вексельдер нарық объектiсi болып табылады. Оның резиденттерi бiрiншi деңгейде несиелiк мекемелер және оның клиенттерi, ал оның негiзiне есептiк, комиссиялық және коммерциялық банктер мен басқа да әр түрлi несиелiк операциялар жатады. Екiншi деңгейлі субъектiлерiне тек несиелiк мекемелер жатады: бiр жақтан Ұлттық банк, екiншi жақтан – банктiк жүйенiң екiншi деңгейлi мекемелерi, соның iшiнде коммерциялық банктер. Нарықтың аталған деңгейi операцияларының үлкен бөлiгiн бiрiншi кластық вексельдердi қайта есептеу және кайта кепiлдеу кұрайды.