Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2014 в 18:53, курс лекций
Корпорациялар қаржысы мемлекеттің біртұтас қаржы жүйесінің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл ақша қатынастарының маңызды саласы және қаржының негізгі бөлігі. Ол материалдық өндіріс саласын қамтамасыз етеді. Мұнда жиынтық қоғамдық өнім, ұлттық табыс және ұлттық байлық жасалады. Сондықтан корпорация қаржысы өзінің мәні жағынан қаржы жүйесінің айрықша бөлігі. Корпоративтік қаржы өндіріспен тікелей байланысты және экономиканың даму заңдылығын бейнелейді, олар экономикалық негіздің құрамына кіретін категория болып табылады.
4- тақырып Корпорацияның айналым капиталы
4.1. Айналым
капиталының мәні мен
4.2. Айналым
капиталын ұйымдастыру
4.3.Айналым капиталын экономикалық тиімді пайдалану
4.1 Айналым капиталының мәні мен сыныптамасы
Кез келген шаруашылық жүргізуші субъектіге оның қалыпты жұмыс істеп, өнім өндіру және оны өткізу үшін негізгі қорлармен бірге өндірістік айналым капиталдары да қажет. Олар өндіріс сферасына қызмет етеді және өзінің бастапқы нысанын бір өндірістік циклда өзгерте отырып, өзінің құнын дайын өнімнің құнына көшіреді.
Сатып алу – Тауар (ресурстар) -- ....Өндіру... -- Тауар1 – Сату 1
А – Т -- ....Ө... -- Т1 – А 1
1
сурет- Айналым капиталының
Айналым капиталының ауыспалы айналымының сатылары сызбада көрсетілген (1 сурет). Өндіріс үдерісінде тұтынылған айналым қорлары өндіріс сферасына тауар нысанында (қоймадағы және жөнелтілген дайын өнім түрінде) енеді, онан кейін ол дайын өнімнің өткізілуіне қарай ақша нысанына (есеп-қисаптағы ақшалай қаражаттар, шаруашылық жүргізуші субъектінің кассасындағы және банктегі оның шоттарындағы ақшалай қаражаттар) ауысады.
Капиталдың шеңберлік айналымы үш кезеңнен тұрады: жабдықтау, өндіріс, өткізу.
Айналым капиталдары түрлі сфераларға өндіріс пен айналысқа қатыстылығымен ерекшеленетін айналым өндірістік капиталдары мен айналыс капиталын қамтиды. Айналым қаржылары кәсіпорын мүлкінің құраушы бөліктерінің бірі. Олардың жай күйі мен пайдалану тиімділігі – кәсіпорынның табысты қызметінің басты шарты.
Нарықтық қатынастардың дамуын оларды ұйымдастырудың жаңа шарттарын анықтайды. Жоғары инфляция, төленбеген төлем және т.б. дағдарыстық құбылыстар кәсіпорындардың айналым қаржыларына қатысты саясатын өзгертуге мәжбүр етеді. Сонымен қатар олар пайдалану тиімділігінің мәселесін шешуге де мәжбүр.
Айналым
өндірістік капиталдары деп заттық
мазмұны жағынан еңбек
Айналым
қаржылары кәсіпорын мүлкін құрушы
бөліктердің бірі. Олардың жай-күйі
мен пайдалану тимділігі - кәсіпорынның
табысты қызметінің басты шарты.
Жоғарғы инфляция, төлемеушіліктер
және тағы да басқа дағдарыстық құбылыстар
кәсіпорындардың айналым қаржыл
Өндіріс
үздіксіздігінің басты
Айналым өндірістік капиталдары мен айналыс капиталдары қозғалысының біркелкі сипаты олардың бірыңғай ұғымы - айналым қаражаттарына біріктіруге мүмкіндік береді.
Айналым капиталы (қаражаттары) – кәсіпорын капиталының өзінің ағымдағы активіне салынған бөлігі. Айналым капиталы - бұл өндірістік және өнімді өткізудің үздіксіз үдерісін қамтамасыз ету мақсатымен айналым өндірістік капиталдары мен айналыс капиталдарын жасау және пайдалануға авансыланған ақша жиынтығы. Шаруашылық жүргізуші субъектінің айналым қаражаттарын қалыптастырудың көздері мыналар болып табылады: табыс, тұрақты ең аз кредиторлық қарыздар, банк және коммерциялық несие.
Кез
келген бизнесті бастау үшін қолма
– қол ақшаның біраз сомасы
қажет, осы сома өндіріске арналған
белгіленген ресурстың
Ақшалай қаражаттың айналымы жасалатын уақыт кезеңі өндірістік – коммерциялық циклдің ұзақтығы деп аталады. Аталмыш цикл шикізат пен материалға ақша төлеу және даяр өнім сатудан ақша түсу арасындағы уақыттың бір бөлігінен құралады. Осы циклдің ұзақтығына жеткізушінің кәсіпорынды несиелеу кезеңі, кәсіпорынның сатып алушыны несиелеу кезеңі, шикізат пен материал запаста болатын кезең, даяр өнім шығару және оны қоймада сақтау кезеңі ықпал етеді.
Өндірістің
үздіксіздігінің басты
Айналым қаржыларының жалпы сомасы тауарлы материалдық қорлар, дебиторлық қарыз және ақша қаражаттарының қосындысына тең болады.
Е = Ед + Екфи + Екдз+ Ез+ Етна+ Етдса+ Епта |
(1) |
Мұндағы, Е – айналым капиталының жалпы сомасы
Ед –ақша қаражаты
Екфи – қысқа мерзімді қаржы инвестициясы
Екдз- қысқа мерзімді дебиторлық берешек
Ез- қорлар
Етна- ағымдағы салықтық активтер
Етдса – сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер
Епта - өзге қысқа мерзімді активтер
Айналым қаражатының айналым кезеңі кәсіпорын балансындағы ақпарат пен кіріс және шығыс жөніндегі есептегі ақпарат бойынша есептеуге болады. Бұл үшін келесі көрсеткіштер есептеледі:
1) шикізат пен материал қорының айналымдылығы;
2)
кредиторлық қарыздардың
3)
даяр өнім қорларының
4) дебиторлық қарыздардың айналымдылығы;
5)
ақшалай қаражаттың айналым
Айналым қаражаты өзіне тән ерекшелікпен жоғары жылдамдықпен айналады. Өндіріс үдерісіндегі айналым қаражатының атқаратын функционалдық рөлі негізгі капиталдың рөлінен өте ерекшеленеді. Айналым қаражаты өндіріс үдерісінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді.
Айналым
капиталының элементтері
Шаруашылық қызметтің сан алуан түрлерімен айналысатын өндіріс саласы мен айналыс саласы, тіпті бір саланың жекелеген кәсіпорны айналым капиталын әр түрлі қажет етеді. Аталмыш қажеттілік айналым қаражатының мүліктік мазмұнына және айналымның жылдамдығына, сонымен қатар өндірістің мөлшеріне, өндіріс технологиясы мен оны ұйымдастыруға, сондай – ақ өнімді сату және шикізат пен материал сатып алуға және басқа да факторларға байланысты болады. Сондықтан кәсіпорынның айналым активтерін қаржыландырудағы стратегияларды зерттеудің маңызы орасан зор.
Кәсіпорынның айналымдық қаржылары екі қызметте атқарылады: өндірістік және есептік. Өндірістік қызметті атқара отырып, өндірістік қорларға аванстала отырып, айналым қаржылары, өндіріс үдерісінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді және өз құндарын өндірілген өнімге көшіреді. Өндіріс аяқталысымен айналым қаржылары ретінде қорлары ретінде айналыс саласына өтеді, онда айналым қаржыларын тауарлы нысаннан ақшалай нысанға айналдырып, шеңберлік айналымды аяқтаушы қызметін атқарады.
Кәсіпорын жұмысының ырғақтылығы, бірқалыптылығы және жоғарғы нәтижелілігі көбіне оның айналым қаржысымен қамтамасыз етілгендігіне байланысты. Материалдық қорлар алуға авансталған қаржылардың жетіспеушілігі өндірістің қысқарып, өндірістік бағдарламаның орындалмауына әкеп соқтыруы мүмкін. Шын қажеттіліктен асып түсетін қорларға қаржыны артық жинақтау ресурстардың екіленіп, олардың тиімсіздігіне әкеп соқтырады.
Айналым қаржысына материалдықпен
қатар ақшалай ресурстар да жатанындықтан,
олардың ұйымдастырылуы мен пайдалану
тиімділігіне тек материалдық өндіріс үдеріс
Айналымдық қаржыларды
ұйымдастыру олардың
Айналым қаржыларының құрамына айналыс қорлары мен айналым өндірістік қорларды құраушы элементтердің жиынтығы жатады, яғни олардың жеке элементтер бойынша берілуі.
Айналым қаржыларының құрамына айналымдық өндірістік қорлардың арақатынасы жатады, яғни айналымдық қаржылардың жалпы сомасындағы әр элементтің үлесін көрсетеді.
Экономиканың әртүрлі салалары мен кішігірім салаларындағы айналымдық қорлардың құрамы мен құрылымы бірдей емес. Ол өндірістік, экономикалық және ұйымдастырушылық факторларымен анықталады.
Құрамы жөнінен бөлінуден басқа айналым қаржыларын келесідей белгілер бойынша классификациялауға болады:
1. Өндіру үдерісіндегі орны мен ролі бойынша айналым қаржылары өндіріс саласындағы болып бөлінеді. Айналым қаржыларының құрамы мен құрылымын қалыптастыру айналым қаржысын ұйымдастырудың оларды өндіріс пен айналыс салалары арасында рационалды болу тәрізді маңызды мәселені қорғауға мүмкіндік береді. Өндіріс пен айналымда айналым қаржыларының тиімді арақатынасын орнату өндірістік бағдарламаны орындауды ақшалай қаржымен қамтамасыз ету үшін маңызды сонымен бірге айналым қаржыларын пайдалану тиімділігін арттырудың басты факторларының бірі болып табылады.
2. Жоспарлау деңгейі
жөнінде айналым қаржылары
3. Қалыптастыру көздері жөнінен айналым қаржылары меншікті, қарыздық және қосымша тартылған болып бөлінеді.
Кәсіпорындардың айналым
қаржыларын ұйымдастыруға олардың
сақталу мен пайдалану
Коммерциялық есеп
қағидасымен жұмыс істейтін
Кәсіпорынның меншікті айналым қаржыларын қажет етуін анықтау нормалау үдерісі, яғни айналым қаржыларын нормативтік анықтау кезінде жүзеге асырылады. Нормалау мақсаты айналыс саласы мен өндіріс саласына белгілі бір мерзімге дұмсалатын айналым қаржысының оңтайлы көлемін анықтау болып табылады.
Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы айналым қаржыларын нормалаудың отандық тәжірибесі бірқатар қағидаларға негізделеді.
Әр елдегі меншікті және қарыздық капиталдардың пайдалануына әр түрлі қатынастар мен нормативтер пайдаланылады. Ресейде – 50/50; АҚШ – 60/40; Жапонияда – 30/70 қатынасы қолданылады [2. 103 б.]
1 кесте - Айналым қаражатының өндіріс үдерісіндегі функционалдық рөлі бойынша құрамы
мен құрылымы
Айналым қаражаттарының тобы |
Енгізілетін қаражаттың құрамы |
1. Өндірістік айналым қорлары. |
1.1. Өндірістік босалқы қорлар:
|
2. Айналыс қорлары
(айналыс қаражаттарының |
2.2. Ақшалай қаражат: - кассадағы ақша қаражаты -жолдағы ақша қаражаты -ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты -карт-шоттардағы ақша қаражаты -жинақ шоттарындағы ақша қаражаты -өзге ақша қаражаты |
3. Айналым қаражаттарының жалпы сомасы. |
өндірістік айналым
қорларына айналыс қорларын |