Корпоратиыные финансы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2014 в 18:53, курс лекций

Краткое описание

Корпорациялар қаржысы мемлекеттің біртұтас қаржы жүйесінің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл ақша қатынастарының маңызды саласы және қаржының негізгі бөлігі. Ол материалдық өндіріс саласын қамтамасыз етеді. Мұнда жиынтық қоғамдық өнім, ұлттық табыс және ұлттық байлық жасалады. Сондықтан корпорация қаржысы өзінің мәні жағынан қаржы жүйесінің айрықша бөлігі. Корпоративтік қаржы өндіріспен тікелей байланысты және экономиканың даму заңдылығын бейнелейді, олар экономикалық негіздің құрамына кіретін категория болып табылады.

Вложенные файлы: 1 файл

Лекция4.doc

— 186.50 Кб (Скачать файл)

 

Банк  несиесі инвестициялық (ұзақ мерзімді) несие немесе қысқа мерзімді несие нысанында беріледі. Банк несиесі негізгі және ағымдағы активті сатып алумен байланысты шығында қаржыландыру, сондай-ақ кәсіпорынның маусым кезіндегі қажеттілігін, тауарлы-материалдық қорларды уақытша ұлғайту, дебиторлық қарыздарды, салық төлемдерін, күрделі шығынды қаржыландыру үшін қажет.

Қысқа мерзімді несиені үкіметтік мекеме, қаржы компаниясы, коммерциялық банктер, факторингтік компания беруі мүмкін.

Инвестициялық несиені үкіметтік мекеме, сақтандыру компаниясы, коммерциялық банктер, андеррайтер, жеке инвестор беруі мүмкін.

Айналым қаражатын қаржыландыру көзіне банк несиесі сияқты басқа кәсіпорын  мен ұйымның қарыз, вексель, тауарлық несие мен аванстық төлем түрінде  ресімделген коммерциялық несиесі  де жатады.

Инвестициялық салық несиесі кәсіпорынға мемлекеттік билік органы кәсіпорынның салық төлемінің уақытын уақытша ұзарту түрінде береді. Кәсіпорын инвестициялық салық несиесін алу үшін өзі тіркелген жердегі салық органдарымен несие келісімін жасасады.

Қызметкерлердің жарнасы (үлесі) – қызметкерлердің экономикалық субъектінің дамуына белгіленген пайызбен салатын ақша жарнасы. Тараптың мүддесі шартпен немесе инвестициялық салым туралы ережемен ресімделеді.

Кәсіпорынның  айналым қаражатына қажеттілігі  айналысқа борыштық бағалы қағаз  немсе облигация шығару есебінен де жабылуы мүмкін. Облигация ұстаушы мен құжатты айналысқа шығарушы тұлғаның арасындағы қатынастарды растайды. Қысқа мерзімі бойынша облигация қысқа мерзімдіге (1- 3 жыл), орташа мерзімдіге (3 - 7 жыл), ұзақ мерзімдіге (7 - 30 жыл) жүктеледі. Басқа бағалы қағазбен салыстырғанда кәсіпорын облигациясының, әдетте, сенімділігі төмен болса да ол жоғары табыс әкелетін бағалы қағаз болып табылады [3. 216 бет].

Айналым қаражатын қалыптастыру және пайдалану  механизмі өндіріс барысына, сондай – ақ ағымдағы өндірістік және қаржы жоспарын орындауға жан –жақты ықпал етеді.

Айналым қаражаты өндіріс көлемін және өнімді сатуды кеңейтуді, жаңа өткізу нарықтарын, яғни кәсіпорын капиталы айналатын  саланы басып алуды жоспарлы түрде  және барынша ұтымды, сондай-ақ үнемді, басқаша айтқанда, айналым қаражатының ең аз мөлшерімен қамтамасыз етуі тиіс.

Айналым қаражатын тиімді пайдалануды жоспарлау  және ұйымдастыру үшін жауапты менеджерлердің ең негізгі міндеті болып  табылады.

Айналым қаражаты оның екі саласындағы ауыспалы айналымға: өндіріс саласы мен айналыс аясына қатысады. Сондықтан айналым қаражаты өндірістік айналым қоры мен айналыс аясындағы қорға бөлінеді.

Айналым қаражаты өндіріс үдерісінің үздіксіздігін қамтамасыз етуі тиіс. Сондықтан кәсіпорынның айналым қаражатына қажеттілігінің құрамы мен көлемі өндіріс қажеттілігіне де орай анықталады.

Кәсіпорынның  айналым қаражатына қажеттілігі  мына факторларға байланысты:

  • өндіріс пен сату мөлшеріне;
  • бизнестің түріне (кәсіпорын қызметінің сипатына);
  • қызмет ауқымына;
  • өндірістік кезеңнің ұзақтығына;
  • кәсіпорын капиталының құрылымына;
  • кәсіпорынның есептік саясатына және есеп айырсу жүйесіне;
  • кәсіпорынның шаруашылық қызметін несиелендіру шарттары мен практикасына;
  • материалдық- техникалық жабдықтау деңгейіне;
  • тұтынылатын шикізаттың түрі мен құрылымына;
  • өндірістің және кәсіпорын өнімінің сату мөлшерінің өсу қарқынына;
  • менеджерлер мен есепшілердің және т.б. шеберлігіне.

Кәсіпорынның  айналым қаражатына қажеттілігін дәл  есептеуді айналым қаражатының  жоғарыда атап өткен факторларға  байланысты өндіріс саласында және айналыс аясында болатын уақытын есептеуден бастау қажет.

Есеп  беру үшін берілген аванс сомасын  заңда белгіленген мөлшерге сәйкес жолақы, тәуліктік, пәтерлік ұндарды  алдын-ала есептеу бойынша анықтайды. Алынған ақшаны тек берілген мақсатқа жұмсауға  рұқсат етіледі. Есеп беретін адамдар белгіленген мерзімде ақтаушы құжаттарды тіркеп, іс жүзінде жұмсалған сома жайлы есеп тапсыруға міндетті. Іс сапарға шыққан шығындар жайлы есеп іс сапардан келген соң 3 күн ішінде ұсынады. Аванстың ұсталмаған сомасын есеп беруші адамдар кассаға қайтарады.

Бухгалтерия субъект басшысы бекіткен аванстық есептерді тексереді және шығындарды анықтайды.

 Айналым қаражатының  өндірісте болатын уақыты өндірістің  айналым қаражаты тікелей жұмыс  істеу үдерісінде болатын уақытты; өндіріс үдерісінде жұмыс күшінің шығынын қажет етпейтін үзілсіз уақытын; өндірістің айналым қаражаты қорларда болатын  уақытты қамтиды.

Айналым қаражаты айналыс  аясында болатын уақыт айналым  қаражатының сатылмаған өнім қалдығы, кәсіпорын кассасындағы, банктегі және шаруашылық жүргізуші субъектілермен есеп айырсуда шоттарда ақшалай қаражат түрінде болатын уақытты қамтиды.

Айналым қаражаты айналымының  жалпы уақыты (бір айналымның жылдамдығы немсе айналымның жылдамдығы) өндіріс  саласында және айналыс аясында болатын уақыттан құралады. Ол айналым қаражатын тиімді пайдалануға, кәсіорын қаржысының жай-күйіне ықпал ететін аса маңызды сипаттама болып табылады.

Айналым қаражаты айналымның жылдамдығы айналым қаражатын өндірісте  пайдалану деңгейін сипаттайды. Айналым жылдамдығы неғұрлым жоғары болса, кәсіпорынға айналым қаражаты аз қажет болады. Бұған өнім сату үдерісін жеделдету арқылы да, сондай-ақ өндіріс шығынын кеміту және өнімнің өзіндік құнын төмендету арқылы да қол жеткізуге болады. Сөйтіп, айналым қаражаты айналымның жылдамдығы кәсіпорынның жұмысының аса маңызды сапа көрсеткіштерінің қатарына жатқызылады.

Айналым қаражаты нормативін есептеудің талдамалы, тура шот әдісі, коэффициенттік деген үш әдіс қолданылады. Қабылданатын шешімдерге жауапкершілікпен қарап, істі тиімді жүргізу үшін белгілі бір мүліктік және оперативтік тәуелсіздікке ие болуы тиіс. Бұл кезде кәсіпорындардың қалыпты жұмыс істеуінде басты роль атқарушы меншікті айналым қаржыларына деген кәсіпорындардың  қажеттілігн анықтау керек болады [1. 98 бет].

Кәсіпорынның меншікті айналым қаржыларын қажет етуін  анықтау нормалау прцесі, яғни айналым  қаржыларын нормативтік анықтау  кезінде жүзеге асырылады.

Нормалау мақсаты айналыс  саласы  мен өндіріс саласына белгілі бір мерзімге дұмсалатын айналым қаржысының рационалды көлемін анықтау болып табылады.

Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы айналым қаржыларын нормалаудың  отандық тәжірибесі бірқатар принциптерге негізделеді.

Әр кәсіпорынның меншікті айналым қаржыларына қажеттілігі  қаржылық жоспарды құрастыру барысында анықталады. Сөйтіп, норматив көлемі тұрақты төлем болып табылмайды. Меншікті айналым қаржыларының көлемі өндіріс көлеміне, өткізілетін өнімді қамтамасыз ету мен өткізу шарттарына, ассортиментіне, есептесудің қолданылатын нысандарына байланысты болады.

 Кәсіпорынның меншікті  айналым қаржысы қажеттіліктерін  есептеу барысында келесі жағдайларды  есепке алу керек. Меншікті  айналым қаржылары өндірістік  бағдарламаны орындауда ғана  қажеттіліктерін жауып қоймай, сонымен  қатар өз күшімен орындалатын  капиталдың жөндеу, өз бетінше баланста тұрмайтын және кәсіпорынның негізгі қызметіне қатысты емес басқа да шаруашылықтар мен тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, қосалқы өндірістің қажеттіліктерін жауып отыруы тиіс. Іс жүзінде меншіктік айналым қорлар қажеттілігін кәсіпорынның басты қызметі үшін ғана жиі ескеріп, сол арқылы осы қажеттілікті төмендетеді.

 Айналым қаржыларын  нормалау ақша түрінде жүзеге  асырылады. Оларға деген қажеттілікті  анықтау негізінде жоспарланатын  кезеңге өндірілетін өнімге (жұмыс,  қызмет) кететін шығын сметасы алынады. Бұған қоса мерзімдік емес сипаттағы өндірісі бар кәсіпорындар үшін есептеу негізі ретінде жылдық бағдарламадағы өндіріс көлемі үлкен төрт тоқсанның мәліметтерін алған жөн. Мерзімдік сипаттағы өндірісі бар кәсіпорындар үшін - өндірістің аз көлемі болған тоқсан мәліметтерін алған жөн, өйткені айналым қаржыларына деген мерзімдік қажеттілікті банктің қысқа мерзімді есептесуді қажет етеді.

Нормативті анықтау  үшін нормалаушы элементтердің орта тәуліктік шығынның ақшалай мөлшері  алынады. Өндірістік қорлар бойынша орташа тәуліктік шығын өндіріске жететін шығын сметасының сәйкес бабы бойынша есептеледі: аяқталмаған өндіріс бойынша – жалпы және тауарлы өнімнің өндірістік өзіндік құнына қарай; дайын өнім бойынша – тауарлы өнімнің өзіндік құны негізінде.

Нормалау прцесінде  жеке және жиынтық нормативтер орнатылады. Нормалау үдерісі бірнеше біркелкі кезеңдерден тұрады. Норма – бұл айналым қаржысының әр элементінің қорын көлеміне сәйкес келетін қатысты көлем әдеттегідей, нормалар қор күндерінде белгіленеді және материалдық құндардың берілген түрі мен қамтамасыз етілетін кезең ұзақтығын білдіреді. Мысалы: норма қоры 24 күннен тұрады, яғни өндіріс 24 күн ішінде қанша қормен қамтамасыз етсе сонша болуы тиіс.

Қор нормасы белгілі  бір базада проценттен, ақшалай түрде белгіленуі мүмкін.

Айналым қаржыларының нормалары  кәсіпорындарда өндірістік және қамтамасыз етуші өткізуші қызметпен байланысты мекемелердің қатысуымен қаржы қызметімен жүзеге асырылады.

    1. Айналым капиталын экономикалық тиімді пайдалану

Әрбір кәсіпорынның меншікті айналым қаражатының  нормативі мына негізгі көрсеткішпен анықталады:

1. өндіріс және өнім сату көлемімен;

2. өндіріске, өнім сақтауға және  сатуға жұмсалған шығынмен;

3. тауарлы-материалдық құндылықтың  жекелеген түрі бойынша айналым қаражатының қорларының (айналым қаражатының нормасымен) және күнге белгіленген шығынның нормасымен.

Айналым қаражатының жекелеген элементінің  нормативін есептейтін жалпы формула:

 

Норматив эл. сос = Оэлд * Нэл

(2)


 

мұнда:  Норматив эл. сос – элемент бойынша меншікті айналым қаражатының нормативі;

Оэл – осы элемент бойынша кезеңдегі айналым (шығын, шығарылым);

Нэл - осы элемент бойынша айналым қаражатының нормасы;

Тд  - кезеңнің күнмен есептелген ұзақтығы (Оэлд  осы элементтің біркүндік шығыны).

Өндірістің тиісті бабы бойынша тоқсан ішіндегі шығынның сомасы 90-ға бөлсе өндірістік қорлардың жекелеген элементінің біркүндік шығыны шығады.

Айналым құрад-л-жабдығының шикізат, негізгі  материал, аяқталмаған өндіріс, дайын  өнім сияқты үш ең маңызды элементін нормалаудың негізгі қағидаларын қарастырайық.

1. Материалды нормалау. Материалға  арналған меншікті айналым қаражатының  нормативі біркүндік шығын құнының  және айналым қаражатының күнмен  есептелетін нормасының көбейтіндісі  ретінде анықталады. Материалға  арналған айналым қаражатының күнде есептелген орташа нормасы жалпы материалдың жекелеген түрі бойынша айналым қаражаты қорларының нормасынан орташа өлшенген ретінде есептеледі.

Айналым қаражатының күнмен есептелетін  нормасына:

а) материал шот төлеуден бастап келгенге дейін жолда болуы;

ә) қабылдау, түсіру, сұрыптау, қоймаға  орналастыру және зертханада талдау;

б) өндіріске дайындау;

в) ағымдағы қойма қорларының түрінде  болуы;

г) кепілді (сақтандыру) қорлары түрінде  болатын уақыт кіреді.

Уақыт осы кәсіпорынның нақты жағдайы ескеріліп салалық нұсаулықтарға сәйкес есептеледі. Маериталдың жекелеген түрі үшін айналым қаражатының күнмен есептелетін нормасы мына нысан бойынша есептеледі (5 кесте):

5 кесте - Материалдың жекелеген  түрі үшін айналым қаражатының  күнмен

       есептелетін нормасы

Материалдардың  атауы

Шоттың  белгіленген мерзімде төлеуден бастап  сатып алушыға келгенге дейін  жолда болуы

Қабылдау, түсіру, сұрыптау, қоймаға орналастыру

Өндіріске дайындау

Ағымдағы  қойманың босалқы қорлары

Ағымдағы  босалқы қорлардың кепілді қорлары (50 пайыз)

Айналым қаражатының нормасының барлығы

 

А- материалы

3,2

1

3

20

10

37,2

Ә -материалы

1

1

-

7

-

9

Б- материалы

4

2

2

30

15

53


Тиісті  тоқсанда А материалдың жоспарлы шығыны – 10 млн теңгені, Ә материалы  бойынша – 2 млн теңгені, Б материалы бойынша - 6 млн теңгені құрады, Сонда жалпы барлық материал бойынша айналым қаражатының орташа өлшенген нормасы төмендегіні құрайды:

Информация о работе Корпоратиыные финансы