Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2014 в 18:53, курс лекций
Корпорациялар қаржысы мемлекеттің біртұтас қаржы жүйесінің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл ақша қатынастарының маңызды саласы және қаржының негізгі бөлігі. Ол материалдық өндіріс саласын қамтамасыз етеді. Мұнда жиынтық қоғамдық өнім, ұлттық табыс және ұлттық байлық жасалады. Сондықтан корпорация қаржысы өзінің мәні жағынан қаржы жүйесінің айрықша бөлігі. Корпоративтік қаржы өндіріспен тікелей байланысты және экономиканың даму заңдылығын бейнелейді, олар экономикалық негіздің құрамына кіретін категория болып табылады.
Айналым қаражаттарының сыныптамасы оның өтімділік дәрежесі мен серіктестік қаражатының сапасын сипаттайтын қаржылық тәуекелділік дәрежесімен анықталады. Кәсіпорынның айналым капиталын басқарудың тиімділігін көтеру үшін қосымша қаржыландырудың көздерін іздестіру және серіктестік активтерінің тиімді орналасуын қалыптастыру.
Айналым қаражаттарының құрамы мен құрылымының көлемі төмендегі кестелерден көруге болады.
Айналым капиталы жоспарлау, есептеу және талдау практикасында келесі белгілер бойынша топтастырылады:
1) өндіріс үдерісіндегі функционалдық рөліне байланысты - өндірістік айналым қоры және айналыс қоры (1 кесте);
2) бақылау, жоспарлау
және басқару практикасына
3) айналым капитал қалыптасатын көзге байланысты – меншік айналым капиталы және қарыз айналым капиталы;
4) өтімділікке (ақшалай қаражатқа айналу жылдамдығы) байланысты (2-кесте) – абсолютті өтімді қаражат, жылдам сатылатын айналым қаражаты, баяу сатылатын айналым қаражаты;
5) капиталды салу тәуекелінің дәрежесіне байланысты – салу тәуекелі барынша аз айналым капиталы, салу тәуекелі шамалы айналым капиталы, салу тәуекекелі орташа айналым капиталы, салу тәуекелі жоғары айналым капиталы;
6) материалдық –мүліктік маңызына байланысты – еңбек құралы (шикізат, материал, отын, аяқталмаған өндіріс және т.б.) даяр өнім мен тауар, есептердегі ақшалай қаражат пен құрал –жабдық.
Айналым қаражатының өндіріс және айналым үдерісінде болатын уақытты жеке есептеп талдау үшін айналым капиталы функционалдық белгі бойынша айналым қорына және айналыс қорына бөлінеді.
Айналым қаражаты басқару дәрежесі бойынша нормалатын және нормаланбайтын болып бөлінеді. Нормаланатын қаражатқа, әдетте, барлық өндірістік айналым қоры, сондай-ақ айналыс қорының қоймасындағы сатылмаған дайын өнімнің қалдығы түріндегі бөлігі жатады.
Нормаланбайтын қаражатқа айнал
Нормаланатын айналым қаражаты кәсіпорынның қаржы жоспарында көрсетіледі, ал нормаланбайтын айналым қаражаты іс-жүзінде жоспарланбайтын объект болып табылады.
Айналым қаржысын нормалаудан келесі негізгі әдістерін қолданамыз: тікелей есеп, аналитикалық, коэффиценттік.
Тікелей есеп әдісі былай болады: әуелі айналым қаржысын әр элементке авнстаудың көлемі анықталып, сосын оларды сомалау арқылы нормативтік жалпы сомасы анықталады.
Аналитикалық әдіс алдынғымен салыстырғанды кәсіпорын жұмысы жағдайында едәуір өзгерістер қарастырылмаған кезде қолданылады. Бұл кезде айналым қаржылары нормативінің есебі ірілендірілген түрде өндіріс көлемі өсу ырғағы мен алдыңғы кезеңдегі нормаланған айналым қаржылары көлемі арасындағы қатысты ескере отырып жүзеге асырылады.
Коэффиценттік әдіс кезінде жаңа норматив ескі базада оағн өндіріс, жабдықтау, өнімді (тауар, қызмет) өткізу, есептеу жағдайларын ескере отырып, өзгерістер енгізу арқылы анықталады.
Айналым қаражатын меншікті және қарыз қаражатқа бөлу кәсіпорынға тұрақты немсе уақытша пайдалануға берілген айналым қаражатының шыққан тегі мен оның нысандарын көрсетеді.
Меншікті айналым қаражаты кәсіпорынның меншік капиталы (жарғылық капитал, резервтік капитал, жинақталған пайда және т.б.) есебінен қалыптастырылады. Әдетте меншікті айналым капиталының мөлшері баланс пассивінің ІІІ – бөлімінің қорытындысы мен баланс активтінің ІІ- бөлімінің қорытындысы арасындағы айырма (меншікті капиталдан айналымнан тыс активтерді шегеру) ретінде анықталады. Шаруашылық қызметті айналым қаражатымен қалыпты қамтамасыз ету үшін оның мөлшері меншікті капиталдың мөлшерінің 1/3 шегінде белгіленеді. Меншікті айналым қаражаты тұрақты режимде пайдаланылады.
Кәсіпорынның меншікті айналым капиталына қажеттілігі жоспарланады және оның қаржы жоспарында көрсетіледі.
Айналым қаражатының топтары |
Енгізілетін қаражаттың құрамы |
1 |
2 |
1. Ең өтімді актив |
1.1. Ақшалай қаражат: - кассадағы ақша қаражаты -жолдағы ақша қаражаты -ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты -карт-шоттардағы ақша қаражаты -жинақ шоттарындағы ақша қаражаты -өзге ақша қаражаты 1.2. Қысқа мерзімді қаржы инвестициялары: - қысқа мерзімді ұсынылған қарыздар (ұйымдардың мерзімі бір жылға дейін берген қарыздары есеке аланады); - саудаға арналған қысқа мерзімді қаржы активтері; - өтеуге дейін ұсталынатын қысқа мерзімді инвестициялар; - сату үшін қолда
бар қысқа мерзімді қаржы - өзге қысқа мерзімді қаржы инвестициялары |
2. Жылдам өткізілетін актив |
2.1. Қысқа мерзімді дебиторлық берешек: - сатып алушылар мен
тапсырысшылардың қысқа - еншілес ұйымдардың
қысқа мерзімді дебиторлық -қауымдастырылған және
бірлескен ұйымдардың қысқа -филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі; - қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі; - жалдау бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек; - алуға қысқа мерзімді сыйақылар; -өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек; - күмәнді талаптар бойынша резервтер. 2.3. Өзге де айналым капиталы: -берілген қысқа мерзімді аванстар; -алдағы кезеңдердің
шығыстары (есепті жылдың - өзге қысқа мерзімді активтер |
3. Баяу өткізілетін актив |
3.1. Алдағы кезеңде
шығысы шегерілген босалқы |
Қарыз айналым қаражаты банк және банк емес кредит, облигация қарыз, кредиторлық қарыздар және өзге де көз нысандарында қалыптастырылады. Ол кәсіпорынға уақытша пайдалануға беріледі. Қарыз айналым қаражатының бір бөлігі ақылы, ал екінші бөлігі –тегін болады. Кәсіпорынның қарыз айналым қаражатына қажеттілігі де жоспарланады және бизнес - жоспарда (қаржыландыру стратегиясы) көрсетіледі.
Капиталдың ауыспалы айналым үдерісінде айналым қаражатын қалыптастыру көзі бірінен –бірі ажыратылмайды. Алайда айналым қаражатын қалыптастыру жүйесі айналымды баяулатып немесе жеделдете отырып оның жылдамдығына ықпал етеді. Сонымен бірге меншікті және қарыз айналым қаражатын қалыптастыру көзі мен оны әр түрлі пайдалану режимдері айналым капиталын және бүкіл капиталды тиімді пайдалануға ықпал ететін негізгі фактор болып табылады. Айналым қаражатын ұтымды қалыптастыру және пайдалану өндіріс барысына, кәсіпорын қаржысының нәтижелері мен оның қаржысының жай-күіне жан –жақты әсер етеді, сонымен бірге осы жағдайда ең аз мөлшердегі айналым капиталының табысқа жетуге мүмкіндік берді.
Кәсіпорынның айналымдылығы қаражатының сапасы айналым капиталының өтімділігі мен қаржы тәуекелінің дәрежесі бойынша жіктеледі (2 -3 кестелер).
құрамы мен құрылымы
Айналым қаражатының топтары |
Енгізілетін қаражаттың құрамы |
1 |
2 |
1. Салу тәуекелі барынша аз айналым қаражаты |
1.1. Ақшалай қаражат және олардың баламалары -касса, - есеп айырсу шоты; - валюталық шот; - өзге де ақшалай қаражат. 1.2. Қысқа мерзімді қаржы салымдары. |
2. Салу тәуекелі шамалы айналым қаражаты |
2.1. Дебиторлық қарыздар (күмәндіні шегергенде) 2.2. Өндірістік босалқы қорлар 2.3. Дайын өнім мен
тауардың қалдығы (сұранысқа |
3. Салу тәуекелі орташа айналым қаражаты |
3.1. Арзан бағалы тез тозатын заттар 3.2. Аяқталмаған құрылыс
(нормативтіктен тысты 3.3. Алдағы кезеңнің шығысы |
4. Салу тәуекелі жоғары айналым қаражаты |
4.1 Күмәнді дебиторлық қарыздар 4.2. Өндірістік босалқы қорлар 4.3. Нормативтіктен тыс аяқталмаған құрылыс 4.4. Сұранысқа ие емес дайын өнім мен тауар 4.5. Айналым қаражатының
айтылған топтарына |
Жіктеуде қойылатын мақсат – сатылуы екіталай ағымдағы активті анықтау. Кәсіпорынның айналым капиталын тиімді басқару үшін қосымша қаржыландыру көзін іздестіріп қана қоймай, оны кәсіпорын активінде, әсіресе ағымдағы активте ұтымды орналастыру қаже.
Айналым активтері кәсіпорынның мүлкінің бір бөлігі ретінде қаралады. Олардың жағдайы және тиімді пайдалану – кәсіпорын әрекетінің басты жағдайы болып есептелінеді. Нарықтың дамуы кәсіпорындарға жаңа жағдайларды талап етуде. Жоғарғы инфляция, төлем қабілеттігінің нашарлауы және басқадай дағдарыстық құбылыстар кәсіпорындардың айналым активтеріне деген саясатын өзгертуге ықпал етті, оны толықтырудың жаңа көздерін іздестіру мәселелері қарастыруда.
Кәсіпорынның айналым
активтерін ұйымдастыру кәсіпорынның
жалпы тиімділігін арттыру
Кәсіпорынның айналымдық қаржылары екі қызметте атқарылады: өндірістік және есептік. Өндірістік қызметті атқара отырып, өндірістік қорларға аванстала отырып, айналым қаржылары, өндіріс үдерісінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді және өз құндарын өндірілген өнімге көшіреді. Өндіріс аяқталысымен айналым қаржылары ретінде қорлары ретінде айналыс саласына өтеді, онда айналым қаржыларын тауарлы нысаннан ақшалай нысанға айналдырып, шеңберлік айналымды аяқтаушы функцияны атқарады. Американдық FASB-пен сәйкес, дебиторлық қарыздардың активі маңызды үш сипаттамаға ие:
Ағымдағы активтерді өзін өтімділігіне қарай жоғары өтімділікті және баяу өтімділікті активтер деп екі топқа бөледі. Өтімділігі жоғары активтер өздерінің тез арада қысқа мерзімді міндеттемелерді өтей алатындығымен ерекшеленеді.
Қай салададағы кәсіпорындар
болмасын өз қызметі барысында басқа
заңды және жеке тұлғалармен қарым
қатынас жасайтындығы белгілі. Сол
уақыттардағы операциялардың барлығы
дерлік ақшамен есеп айырсу арқылы
жүргізіледі десек
4.2 Айналым капиталын ұйымдастыру қағидалары
Айналым активтерінің ауыспалы айналымы үдерісінде олар қалыптастырлған көздер, әдетте, ажыратылмайды. Алайда айналым активтерін қалыптастыру жүйесі айналымды баяулатып немесе оны жеделтете отырып оның жылдамдығына ықпал етеді. Артық айналым қаражаты кәсіпорын капиталының бөлігі әрекетсіз және табыс әкелмейтініні білдіреді. Сонымен бірге айналым капиталының жетіспеуі кәсіпорын қаражатының шаруашылық айналымының жылдамдығын баяулатып, өндірістік үдерістің жылдамдығын тежейді.
Айналым қаражатын қалыптастыру көзі жөніндегі мәселені екінші маңызды жағынан алып қарастырайық. Нарық жағдайында үнемі өзгереді, сондықтан кәсіпорынның айналым қаражатына сұранысы да тұрақсыз болады. Іс жүзінде осы қажеттілікті тек меншік көздің есебінен жұмыс істеуі тартымды екені назарға алынбайды. Ал көп жағдайда тәжірибе меншікті қаражатты пайдаланғаннан гөрі қарыз қаражатты пайдалану тиімді екенін растайды.
Сондықтан қарыз қаражат тартудың тиімділігін қамтамасыз ету айналым қаражатын қалыптастыру үдерісін басқарудағы негізгі міндет болып табылады.
Сондықтан қарыз қаражат тартудың тиімділігін қамтамасыз ету айналым қаражатын қалыптастыру үдерісін басқарудағы негізгі міндет болып табылады.
Айналым қаражатын қалыптастыру көзінің құрылымы (4 кесте):
- меншікті көзді;
- қарыздық көзді;
-
қосымша тартылған көзді
Әдетте, кәсіпорынның айналым қаражатына барынша аз қажеттілігі келесі меншікті көздің: пайданың, жарғылық капиталдың, резервтегі капиталдың, жинақтау және мақсатты қаржыландыру қорының есебінен жабылады. Алайда бірқатар объективті себептерден (инфляция, өндіріс мөлшерінің ұлғаюы, клиенттердің шоттарын төлеуді кешіктіру және т.б.) кәсіпорынға уақытша қосымша айналым қаражаты қажет болады. Бұл жағдайда шаруашылық қызметті қаржымен қамтамасыз ету үшін қарыз көзі: банк және коммерциялық несие, қарыз, инвестициялық салық несиесі, кәсіпорын қызметкерлерінің инвестициялық жарнасы, облигациялық қарыз тартылады.
Меншікті |
Қарыздық |
Қосымша тартылған |
-Жарғылық капитал -Үстеме капитал -Резервтік капитал - Бөлінбеген табыс - Жинақтау қоры - Мақсатты қаржыландыру, сондай –ақ бюджеттен және бюджеттен тыс қордан түсетін түсім |
-Банктердің несиелері -Ұзақ мерзімді қарыз -Қысқа мерзімдік банктік несиелер -Банктен тыс мекемелердің несиелері -Қысқа мерзімдік қарыздар -Коммерциялық несиелер -Инвестициялық салық несиесі -Қызметкерлердің |
1. Кредиторлық қарыздар: - жеткізушілер мен мердігерлерге - еңбекақы төлеу бойынша - сақтандыру бойынша - бюджетпен - өзге де кредиторлық 2. Тұтыну қоры 3. Алдағы шығыс пен төлемнің резерві 4. Күмәнді борыш бойынша резерв 5. Қысқа мерзімді өзге де міндеттемелер 6. Қайырымдылық және өзге де түсімдер |