Корпоратиыные финансы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2014 в 18:53, курс лекций

Краткое описание

Корпорациялар қаржысы мемлекеттің біртұтас қаржы жүйесінің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл ақша қатынастарының маңызды саласы және қаржының негізгі бөлігі. Ол материалдық өндіріс саласын қамтамасыз етеді. Мұнда жиынтық қоғамдық өнім, ұлттық табыс және ұлттық байлық жасалады. Сондықтан корпорация қаржысы өзінің мәні жағынан қаржы жүйесінің айрықша бөлігі. Корпоративтік қаржы өндіріспен тікелей байланысты және экономиканың даму заңдылығын бейнелейді, олар экономикалық негіздің құрамына кіретін категория болып табылады.

Вложенные файлы: 1 файл

Лекция4.doc

— 186.50 Кб (Скачать файл)

Н = (10*37,2) + (2*9) + (6*53) / 18 = 39 күн

Мұндағы 18 саны, материалдардың жиынтығы.

Материалдардың  біркүндік шығыны мынаға тең болады:

18 млн теңге, яғни (А материал +Ә  материал +Б материалы)/ 90күн = 200 мың теңге

Меншікті  айналым қаржатының нормативі жоғарыда келтірілген 2 формула бойынша анықталады:

200 мың теңге * 39 күнге = 7,8 млн теңге

2. Аяқталмаған өндірісті нормалау. Аяқталмаған өндірістің меншікті айналым қаражатының нормативін есептеу үшін тауарлық өнім өндірісінің айналым қаражатының нормасын анықтау қажет. Айналым қаражатының нормасы кезеңнің ұзақтығы мен шығынның удеу коэффициенті негізге алынып анықталады.

Өндірістік  кезеңнің ұзақтығына:

а) тікелей өңдец проуесі (технологиялық  қорлар);

ә) өңделетін бұйым жұмыс орнында  жатуы;

б) жабдықтың және т.б. жұмыс серпінінің әр түрлі болуына байланысты өңделетін  бұйымның жекелеген операция мен  жекелеген цехтың арасында болуы;

в) бұйымның жаппай өндірісте кідіріс  жағдайына босалқы қорлар түрінде  болу уақыты кіреді.

Өндірістік  кезеңнің ұзақтығын есептеу үшін келесі деректерді қолданамыз (6 кесте).

 

 

 

 

  1. кесте- Өндірістік кезеңнің ұзақтығын есептеу

 

Бұйымның немесе бұйым топтарының атауы

Бұйым жасалатын кезең (күндерде(

Өнімнің жалпы мөлшеріндегі жоспарлық өзіндік  құн бойынша бұйымның өзіндік  салмағы

А бұйымы

30

0,40

Ә бұйымы 

6

0,45

Б бұйымы

14

0,15


Өндірістік  кезеңнің орташа ұзақтығы (tц) 30*0,40 + 6*0,45 + 14*0,15 = 12 +2,7 +2,1 = 16,8 күнді құрайды.

Аяқталмаған өндіріс бойынша айналым қаражатының  нормасын анықтау үшін өндірістік кезеңнің ұзақтығы жөніндегі деректен басқа  бұйымның даярлық дәрежесін білу қажет. Оны шығынды үдеу коэффициенті білдіреді. Өңдеу шығыны біркелкі жұмсалатын кәсіпорында шығынның үдеу коэффициенті мына формула арқылы анықталады:

Кн = α+0,5β / α + β

(3)


 

Мұндағы, Кн – шығынның үдеу коэффициенті;

α - өндіріс үдерісі басталған кездегі біруақыттағы шығын;

β – бұйым шығару аяқталғанға дейін шегілетін шығын

Мысалы, егер жоспар бойынша шығын 46 млн  теңгені, оның ішінде біржолғы шығын  – 24 млн теңге, ал кейінгі шығын  – 22 млн теңгені құраса, онда шығынның үдеу коэффициенті құрайды:

Кн = (24 млн теңге +0,5*22 млн теңге) / (24 млн теңге + 22 млн теңге) =

= 35 млн теңге / 46 млн теңге = 0.76

Егер  шығын біркелкі қабаттаспаса, онда шығынның үдеу коэффициенті шығынның негізгі бұйым бойынша үдеу тізбегі  кесте бойынша анықталады. Қарастырылатын мысалда аяқталмаған өндіріс  бойынша айналым қаражатының өндірістік кезеңінің күнмен есептелетін орташа ұзақтығының және шығынның үдеу коэффициентінің көбейтіндісі ретінде анықталатын нормасы 12,8 күнді  (16,8 (өндірістік кезеңнің орташа ұзақтығы) * 0,76 (шығынның үдеу коэффициентіне)) құрайды.

Аяқталмаған өндірістің айналым қаражатының нормативі тауарлық өнім шығару жұмсалатын шығын сметасы бойынша біркүндік шығын құнының және айналым қаражаты нормасының көбейтіндісі ретінде анықталады. Егер тоқсандық жоспар бойынша шығын сметасы 46 млн теңгені құраса, онда бір күндік шығын 511 мың теңге (46 млн теңгені / 90 күнге) болады. Бұл жағдайда аяқталмаған өндіріс нормативі тең болады:

Ннп = 511 мың теңге * 12,8 күн = 6541 мың теңге

Сонда, аяқталмаған өндірістің айналым  қаражаты төмендегі жалпы формуламен анықталды:

 

Ннп = С/Т* tц* Кн

(4)


 

Мұндағы,  С – жалпы өнім өндірісіне жұмсалатын шығын;

Т – кезеңнің (тоқсан, жарты жыл  және т.б.) ұзақтығы;

tц - өндірістік кезеңнің орташа ұзақтығы;

Кн – аяқталмаған өндіріске жұмсалатын шығынның үдеу коэффициенті.

       Ннп = 46 млн теңге /  90 күн * 16,8* 0,76 = 6524 мың теңге

 

Өнеркәсіптің  жекелеген саласында аяқталмаған  өндірістің айналым шығыны нормативі  өндіріс ерекшелігіне орай басқа  әдіспен есептелуі мүмкін.

3. Дайын өнім нормативі. Дайын  өнімнің айналым қаражатының  нормасы туарлық өнімнің өндірістік өзіндік құны бойынша бір күндік айналымның және айналым қаражаты нормасының көбейтіндісі ретінде анықталады. Айналым қаражатының нормасы бұйымның жекелеген түрі мен маркісін таңдауға, сондай-ақ тиелген өнімнің топтамасын жинақтауға, бұйымды орап салуға және жеткізуші кәсіпорынның қоймасынан жіберілетін станцияға тасымалдауға қажетті уақытқа және бұйым тиелетін уақытқа орай белгіленеді.

Егер  жоспар бойынша тоқсанда 54 млн теңгенің тауарлы өнімін шығару қажет, ал айналым  қаражатының нормасы 7,7 күн болса, онда дайын өнімнің меншікті айналым қаражатының нормасы:

 

       Нгп сос= 54 млн теңге/ 90 күн * 7,7 = 4620 мың теңгені құрайды.

 

Айналым қаражатын тұтастай сиапттау үшін айналым  қаражатының күнмен есептелетін  жалпы нормасы есептеледі. Ол айналым қаражатының жалпы нормативін (жекелеген элемент бойынша норматив сомасы) өндірістің шығын сметасы бойынша бір күндік шығынына бөлінген бөліндісіне тең болады.

Айналым капиталының айналымдылығын бағалау  үшін мына көрсеткіштер пайдаланылады:

1. айналым капиталының күнмен есептелетін  айналымдылығы;

2. тура айналымдылық коэффициенті (айналым саны);

3. кері айналымдылық коэффициенті (сатылған өнімнің 1 теңгесін айналым  қаражатымен қамтамасыз ету коэффициенті).

«Темір-ат-Локомотив» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жылдық есептері бойынша айналымдылығын бағалауға болады. Бұл үшін 2007-2009 жылдардың түсіндірме жазбалары мен бухгалтерлік баланстары және балансқа қосымшалар пайдаланылады.

Жоғарыда  аталған көрсеткіштерді серіктестіктің мәліметтерін пайдалана отырып есептейміз.

1. Айналым капиталының күнмен есептелген  айналымдылығы:

 

L= E*T/N

(5)


 

мұнда: L – айналым капиталының күнмен есептелген айналыс кезеңінің ұзақтығы;

E – айналым активі (капиталы);

T – есепті кезең (күн);

N - өнімнің сату мөлшері.

6 кестенің мәліметтерін пайдалана отырып мыналарды табамыз:

2008 жыл бойынша - L= 72828*360/700669 = 37,4 күн 

2009 жыл бойынша - L= 108074*360/627987 = 61,9 күн

2009 жылы серіктестіктің айналым  капиталының айналыс кезеңі 2008 жылмен  салыстырғанда 24,5 күнге ұзарған. Бұл дегеніміз қаражаттың келіп түсу мерзімінің кешеуілдеп қалғандығын байқатады.

6 кесте - «Темір-ат-Локомотив» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің

               айналым капиталының айналымдылығын  бағалау

Көрсетіштер

Шартты 

белгі

Жылдар

Ауытқуы

(+,-) 2008 жылдың 2007 жылға

2008

2009

сомасы

%

Өнім, көрсетілген қызмет және орындалған жұмысты өткізуден алынған табыс, мың теңге

N

700669

627987

-72682

-10,4

Айналым капиталы, мың теңге

Е

72828

108074

35264

48,4

Таза  табыс, мың теңге

Р

- 3853

28124

24271

6 есе


2. Тура айналымдылық коэффициенті (айналым саны):

 

Кпр = N/ Е

(6)


Төмендегілерді  табамыз:

2008 жыл бойынша - Кпр = 700669 / 72828 = 9,620 айналым болса,

2009 жыл бойынша - Кпр = 627987 / 108 074 = 5,810 айналымды құрады.

3. Кері айналымдылық коэффициенті (сатылған өнімнің 1 теңгесіне айналым қаражатымен қамтамасыз ету коэффициенті):

 

Кобр = Е / N

(7)


Осы формуланы пайдалан отырып, мыналарды  табамыз:

2008 жыл бойынша – Кjобр = 72828/ 700669 = 0,10 теңгені құраса,

2009 жыл бойынша – Кобр = 108074 / 627987 = 0,17 теңгені құрап отыр.

2009 жылы серіктестік қызметі бойынша  сатылған, көрсетілген және орындалған  жұмыстың 1 теңгесіне айналым қаражатымен  қамтамасыз етілуі 0,7 теңгеге қымбаттағанын  көруге болады.

Айналым капиталының Е орнына жекелеген құрамдас элемент пайдаланғанда айналымдылықтың жеке көрсеткіштерін анықтауға болады. Айналымдылықтың жекелеген көрсеткіші ерекше айналым бойынша есептелуі мүмкін. Материалдық қорлар үшін оның өндіріске жұмсалған шығыны, ал аяқталмаған өндіріс үшін –тауардың қоймаға түсуі, ал дайын өнім үшін – тиеу, тиелген өнім үшін –оны сату ерекше айналым болып табылады.

Босалқы қорлардың айналымдылығын бағалау  үшін де айналым капиталының осы  көрсеткіштері пайдаланылады. Бұдан  да дәл бағалау үшін формулаларды сату мөлшерінің көрсеткішінің орнына сатылған өнім өндірісінің шығын көрсеткішін пайдалануға болады.

Айналым капиталын пайдалану тиімділігінің  көрсеткіші. Капиталдың айналымдылығының өсуіне:

- осы капиталды үнемдеу (айналым  капиталына қажеттіліктің қысқаруы);

- өнім мөлшерінің өсуі;

- алынатын пайданың артуына ықпал  етеді.

Айналым капиталының салыстырмалы үнемінің (артық жұмсалған) мөлшерін анықтау  үшін мына екі тәсілдемені пайдалануға  болады.

Бірінші тәсілдемеде осы мөлшер айналым  капиталын есепті кезеңдегі мөлшері мен есепті кезеңдегі өндіріс мөлшеріне келтірілген есептінің алдындағы кезеңдегі, оны мөлшерінің арасындағы айырма ретінде болады, ол  мына формуламен анықталады:

∆Е = Ео – ЕбN

(8)


 

мұнда: Ео – кәсіпорынның базалық жыл соңындағы айналым қаражатының мөлшері;

Еб – кәсіпорынның есепті жыл соңындағы айналым қаражатының мөлшері;

КN - өнімнің өсу коэффициенті.

Осы формулада Еб  - айналым капиталы мөлшерінің мағынасы КN - өнімнің өсу коэффициентінің көмегімен қайта есептеледі. Нәтижесінде өндіріс мөлшері өзгермей сақталған жағдайда, серіктестікке қажет болатын айналым қаражатының мөлшерінің мағынасы алынады. Алынған мағына есепті кезеңдегі осы көрсеткіштің нақты мағынасымен салыстырылады.

«Темір-ат-Локомотив» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің көрсеткіштерінің белгілі мағыналарын пайдалана отырып, төмендегі формуланы есептейміз:

КN = Nо / Nб = 627 987/ 700669 = 0,89

КN - өнімнің өсу коэффициенті 0,89 құрады. Осы коэффициентті пайдалана отырып 8- формуланы бірінші тәсіл арқылы есептейміз:

Е = 108074 – 72828 *0,89 = 31 368,94 мың теңге

2009 жылы айналым қаражатының айналымдылығын  жеделдету негізінде артық 31 368,94 мың теңге қосымша қаржы жұмсалды.

Екінші  тәсілдеме айналым қаражатының  салыстырмалы үнем мөлшерін есептей  отырып айналым қаражатының әр түрлі кезеңдегі айналымдылығын салыстыруға негізделеді:

 

∆Е = N / 360 *( Lо – Lб)

(9)


 

мұнда: N / 360 – бір күндік сату;

Lо – айналым капиталының базистік кезеңдегі айналымдылығы;

Lб – айналым капиталының есепті кезеңдегі айналымдылығы.

Осы формулада ( Lо – Lб) айналым қаражаты айналымдылығыдағы айырма бір күндік сату коэффициенті - N / 360 көмегімен сатылған өнім мөлшеріне келтіріледі.

Белгіленген көрсеткіштердің мағынасын пайдалана  отырып «Темір –ат-Локомотив» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің  мына формуланы анықтаймыз:

∆Е = N / 360 *( Lо – Lб) = 627987 / 360*  (61,9-37,4) =1744,4*24,5 =42737,8  мың теңге

Екінші  тәсіл бойынша «Темір-ат-Локомотив» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің  айналым қаражатының айналымдылығын 42737,8 мың теңгеге артық қаржы жұмсалынды. Осы қарастырылған екі тәсілдің ішінде бірінші тәсіл тиімді болып саналады. Өйткені  бірінші тәсіл бойынша 11 368,86 мың теңге үнемдеуге болады.




Информация о работе Корпоратиыные финансы