Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2014 в 17:20, курсовая работа
Несиеде өзгермейтін, тұрақты болып қалатын жәй - құрылым. Өзге экономикалық категориялар сияқты несие де бір-бірімен өзара әрекетке түсетін бірнеше элементтен тұрады. Ондай элементтерге ең алдымен несиелік қатынастың барлық субъектілері, сондай-ақ жоғарыда анықтағанымыздай, бұл субъектілерге несие беруші мен қарызға алушылар жатады. Оларды бөлуге және бөлек қарастыруға болмайды. Оларды бірге қарастырған жағдайда ғана несиенің мәнін анықтауға болады.
I Нарық жағдайындағы несие жүйесінің теориялық аспектілері...........3
1.1 Несиенің мәні, қажеттілігі және құрылымы......................................3-10
1.2 Несиелік жүйені құру принциптері, формалары және
Түрлері......................................................................................................11-15
1.3 Несие жүйесі дамуының әлемдік тәжірибесі.................................15-18
II ҚР - ғы 2010-2013 жылдардағы несие жүйесінің дамуының қазіргі тенденцияларына талдау ............................................................................19
2.1 ҚР-ның несие жүйесінің даму ерекшеліктері.................................19-25
2.2 ҚР-ның несие жүйесінің қазіргі жағдайын талдау.........................25-28
ІІІ ҚР-ның несие жүйесін және олардың негізгі элементтерін жетілдіру жолдары ......................................................................................................29-31
Қорытынды.......................................................................................................32
Пайдаланылған әдебиеттер.............................................................................33
Халықаралық несие-несие беруші ретінде мемлекет,банк, басқа елдердің жеке және заңды тұлғалары жататын халықаралық экономикалық қатынас саласындағы қарызлық капиталдың қозғалысын білдіреді. Халықаралық несие жаңа техника, технология, тауар мен қызмат көрсету импортын ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Шетелдік инвестарлар
үшін халықаралық несие басқа
елдерге , әсіресе, қосымша инвестицияға
мұқтаж дамушы елдерге капитал
салудың ең тартымды формасы
болып табылады. Бұл несие ең
сенімді несие ретінде
Бүгінгі таңда
Қазақстан, әсіресе, ірі компаниялар,
филиалдар және банктер
Халықаралық несие делдалдың көмегі арқылы немесе тікелей берілуі мүмкін. Делдал ретінде аса ірі ұлттық және транс-ұлттық банктер, халықаралық және аймақтық валюталық-несие әрі қаржы ұйымдары болады.
Қазақстанның
халықаралық жетекші ұйымға
Халықаралық влюта қорымен (ХВҚ) «стенд-бай » несие аясында 185,6 млн. қарыз алудың арнайы құқығы (СДР) сомасында келісімге қол қойылды.
Бүгінгі таңда
Қазақстан халықаралық және
Лизинг-бұл негізгі құрал жабдық мүлкін сатып алу және оны жеке заңды тұлғаларға белгілі бір төлем үшін нақты мерзімге әрі лизинг алушының мүлікті сатып алу құқығын қарастыратын келісімшарттың бекітілуіне себепкер болатын белгілі бір шарттармен лизингілік келісімшарттың негізінде ұсыну бойынша инвестициялық қызметтің түрі.
Лизингтің банк несиесінен артықшылықтары:
болмайды;
лады, бұл салық салынатын базаны кемітуге мүмкіндік береді;
Лизингілік
несиені Қазақстанда ауыл
1.3.Несие жүйесі дамуының әлемдік тәжірибесі.
Қазіргі кездегі несие жүйесі соңғы жылдары едәуір өзгерістерге ұшырады. Әлемдік экономикадағы құрылымдық қайта құрулар нәтижесіндегі өзгерістерге байланысты банк жүйесінің барлық компоненттері жаңғыртылуда. Ғылыми-техникалық революцияның (ҒТР) дамуы әсерінен өңдірістің шоғырлануы капиталдың шоғырланумен орталықтануын талап етті, сәйкесінше банктер өз операцияларын несиелік ресурстарды ұлғайтуға қарай модификациялайды, яғни қазіргі кездегі банк жүйесінің экономика дамуының өзгермелі жағдайларына бейімделуі жүзеге асады; банктік жүйенің құрылымдық қайта құрылуы айқын; белгіленген мамандануды сақтай отырып, банктер қызметінің шоғырлануы және әмбебаптануы орын алады;банктік емес несиелік мекемелердің динамизмі байқалады. Банктердің жекелеген типтері, банктер және банктік емес мекемелер арасындағы айырмашылықтардың жедел жойылуы немесе кедергілердің жойылуы – соңғы жылдардағы несие жүйесінің құрылымдық қайта құрылуының маңызды тенденцияларының бірі.
Ірі әмбебап банк өз клиенттері үшін депозиттік шоттарды жүргізу, қолма-қолсыз есеп айырысу, жинақтарды қабылдау, әр алуан несиелерді беру,құнды қағаздарды сатып алу, сенімхат бойынша мүлікті басқару және басқа көптеген банктік және «банк мамандығы» қызметтерді көрсету бойынша операциялардың көптеген түрлерін (кейбір бағалаулар бойынша 200-ге жуық) жүзеге асады. Несиелік мекемелер қызметінің көп жақты сипаты қазіргі кездегі қаржылық капиталға толық жауап береді.
Несиелік мекемелердің әмбебаптануы екі бағыт бойынша жүргізіледі. Біріншісі-дәстүрлі емес банктік операциялардың кеңеюі арқылы. Коммерциялық банктер сақтандыру бизнесіне, факторингке, ақпараттық-кеңестік бизнеске және т.б. енуге тырысады. Олар қаржылық қызмет көрсету, атап айтқанда жылжымайтын мәмілелер, бухгалтерлік және компьютерлік қызмет көрсету,лизингтік іс салаларына қатыса отырып, несиелік мекемелердің басқа топтарымен тікелей тайталасқа (конфронтацияға) шығады.
Екіншісі–банктік мекемелердің (сақтандыру, брокерлік, жинақ, сенімгерлік компаниялар, зейнетақы қорлары және т.б.) банктік нарықтарға енуі арқылы.Банктік емес мекемелер қазіргі таңда банктермен инвестициялық салада, ақпараттық-кеңестік қызметтерді көрсетуде, сонымен бірге банктік салада- депозиттік-ссудалық операцияларда барынша бәсекелесіп келеді.
Соңғы жылдары банктік және басқа арнайыланған қаржы-несие мекемелері арасында халықтың жинақ ақшалары және фирмалар мен компаниялардың жинақтары үшін күрес өткір сипат алды.
Бұрын коммерциялық банктер депозиттер бойынша пайыздың мөлшерлемесін көтеру сияқты халықтың жинақ ақшаларын тартудың тиімді құралын еркін қолдана алмады. Оларға пайыздық мөлшерлемесінің максималды шегін белгіледі, оны жедел және сақтандыру салымдарын салушыларға төлеу рұқсат етілді, ал басқа арнайыланған несиелік мекемелерде шектеулер болмады. Әрине, бұл жағдайда соңғылары бәсекелік күресте артықшылыққа ие болды. Банктер ақша нарығы сертификатынтарын шығаруға рұқсат алды, олар бойынша пайыздар конъюктураның жағдайына байланысты белгіленді. Сонымен қатар, АҚШ-та 1980 жылы депозиттік мекемелерді реттеу және ақша айналымын қадағалау жөніндегі заң салымдар бойынша пайыздарды төлеудің барлық шектеулерін алып тастады.
Ірі банктік мекемелерге арналған әмбебаптануға қатысты жалпы тенденция олардың мамандануының сақталуымен сәйкес келеді. Әмбебаптанудың өзі мекемелердің жекелеген түрлерінде бірдей емес және нрекше дамиды. Мұнда әмбебап типтегі мекемелердің қайта мамандануы жөнінде сөз болады. Сол сәтте бұл тенденция қызмет сапасының жоғарылауына ықпал етеді және ең алдымен ұсақ және орташа банктерді қамтиды, олар «нарықтық нишаларды», яғни әмбабап немесе ірі банктердің көңілін тарта алмаған қызметтердің бұл түрлерін іздестіруге тырысады. Қайта мамандануға қатысты тенденцияны банктік бизнестегі бәсекеде қолдайды.
Экономиканың өзгермелі жағдайларына сәйкес банктік қызметтің өзінде, дәстүрлі банктік операцияларды қайта құру жүзеге асты. Оған банктік қызметті реттеуші әкімшілік ережелерді алып тастауға, яғни қайта реттеуге ықпал етті. Қайта реттеудің мақсаты – бәсекенің өте кең құралдарын қолдануға, банктік қызметтердің нарығын жандандыруға банктерді итермелеу.
Банкті қызметті қайта реттеу активтік операцияларды да, пассивті операцияларды да қамтыды. Коммерциялық банктердің активті операциялары едәуір өзгерістерге ұшырады. Қазіргі таңда олар фирмаларды және корпарацияларды жанама несиелеуден (вексельдерді кепілге беру және есепке алу) тікелей несиелеуге толығымен көшті. Бағалы қағаздарды қолдана отырып ресімделетін несиелік мәмілелер кең тараған ,солардың арқасында несиелік міндеттемелері нарықта сатылады, ал несиелік мекемелер тәуекелдіктерді белсенді орналастыру мүмкіндігін алды.Бұл тенденция нақты түрде банктердің өз несиелерін нарықтық бағалы қағаздарға айырбастау ұмтылысынан байқалады.
Несиелеу объектілерін ірілендіру жүзеге асып жатыр. Коммерциялық банктер өз активтерінің сапасына мұқият көңіл аудара бастады, өйткені активтердің сапасын дәл және дер кезінде бағалау – банктердің өркендеуінің кепілі.
Банк жетекшілері өз активтерінің сапасын, жаңа несиелерді ұсынуды, несиелеу технологиясын (құжаттарды жүргізу,контрактар, қамтамасыз ету),қарыз алушының несие шарттарын сақтауын қадағалайды.
Ұзақ мерзімдік несиелеу кең өріс жоюда. Коммерциялық банктердің қаржыларды тарту жөніндегі пассивті операциялары өзгерістерге ұшырады. Оларды үкімет белсенді түрде қолдайды. Бұны 80-жылдары АҚШ-тағы қайта реттеу процесі дәлелдейді, яғни 1933 жылы енгізілген әр түрлі салымдар бойынша банктік пайызға арналған «шектер» алынып тасталды. Бұл жағдай банктердің депозиттік базасының нығаюына ықпал етті, олар енді талап етілгенге дейінгі салымдар бойынша да пайыздарды ұсына алды, оның өзі жаңа клиенттерді тартуға мүмкіндік берді.
Нәтижесінде тартылған қаржылардың құрылымы күрт өзгерді: егер де 1950 жылы АҚШ-тың коммерциялық банктердің балансындағы пассивтің құрылымында банктік шоттардағы қалдықтар 70 пайыздан астам болса,ал жедел және жинақ салымдар – бар-жоғы 24-26 пайызды құрады, бұл көрсеткіш 80-жылдары 60 пайыздан астам болған еді.
Банктердің пассивті операцияларының инновациясы қосымша ақша көздерін тартудың жаңа құралдарын құрудан көрініс тапты. Салымдардың жаңа типтері ашылды., олар бойынша пайыз мөлшері нарықтық мөлшерге жетті. Мұндай шоттарға ақша нарығындағы депозиттік шоттар жатады. Көптеген коммерциялық банктер депозиттік сертификатты (бағалы қағаз тектес) шығара бастады, ол ақша нарығында еркін айналды.
Банктік операциялардың дамуында ақпарат пен коммуникацияның қазіргі кездегі техникалық құралдары айрықша рольді атқарады. Банк ісі ақпаратты дер кезінде беру, оны жедел өңдеу және мәліметтердің ақиқаттылығы, экономикалық жағдайды талдау және ақша нарығының даму болашағын дұрыс бағалау сияқты жағдайларға тәуелді болды. Қаржы нарықтарының қатысушылары өз істерін жүргізу үшін ақпараттың өте үлкен көлемін талап етеді. Сондықтан да банк ісіне ғылыми-техникалық революцияны (ҒТР) соңғы жетістіктерін енгізбей, компьтерлік техниканы игермей банк қызметін жаңарту мүмкін емес.
Банк жүйесінің
дамуындағы елеулі құбылыс ретінде
мынаны атап өтуге болады, яғни
несиелік мекемелердің «көтерме»
операциялардан «бөлшек»
Соғыстан кейінгі жылдар дамыған нарықтық қатынастары бар елдер экономикасындағы өндірістің шоғырлануының жоғары деңгейімен сипатталады,ол банк капиталының шоғырлануы мен орталықтануына, осы процестердің жаңа формаларының туындауына әкеледі, сонымен бірге ел ішінде де, әлемдік қаржы нарықтарында да күшті позицияларды алатын алып банктер тобының жедел өсуін туындатты. Мұндай алып банктер ең алдымен Жапония, Германия, Канада, АҚШ және араб әлемі елдерінде пайда болды, олардың активтері 100 млрд доллардан астам болды.
Біз дамыған нарықтық экономикасы бар елдердің қазіргі кездегі несие жүйесін сипаттаушы кейбір маңызды мәселелерге ғана тоқталдық. Өз экономикасын нарықтық жолға қайта құрушы Қазақстан үшін әлемдік банк жүйесінің қазіргі кездегі даму тенденциялары үлкен қызығушылық туғызады,өйткені нарықтық экономикаға өту өзіндік нарықтық несие жүйесін құруды талап етеді. Республикамыз үшін шет ел тәжірибесін толығымен меңгерген тиімді болады, өйткені экономика нарыққа өтудің ең басында тұр, ал Батыс болса мұнда бұрыннан қызмет етуде, бірақ осы тәжірибеден барлық жағымды жайттарды алған дұрыс болады, өйткені ол өтпелі кезең жағдайында өз қолданысын табары сөзсіз
II ҚР - ғы 2010-2013 жылдардағы несие жүйесінің дамуының қазіргі тенденцияларына талдау
2.1 ҚР-ның несие жүйесінің даму ерекшеліктері
Өркениетті мемлекеттердің тәжірибесінде несие жүйесі туралы екі ұғым қалыптасқан: біріншісі – несие – есеп қатынастары, оның түрлері мен несиелеу әдістерінің жиынтығы. Екіншісі, несие – қаржы институттық мекемелердің жиынтығы. Несие жүйесі несие – қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде жеке және заңды шоғырландырылып, оларды кәсіпорындарға, үкіметке және халықтың әр түрлі топтарына қарызға береді.
Несие жүйесінің маңызы мен ел экономикасындағы рөлі біраз көрсеткіштермен: атап айтқанда, ақша салымдарының жалпы көлемімен, кәсіпорындар жалпы көлемімен, кәсіпорындар мен мекемелердің негізгі және айналым қапиталын қалыптастырудағы банктік қарыздың үлесімен, жиынтық төлем айналымымен және т.б. сипатталады.
Өз қызметінің тиімділігін арттыру үшін Ұлттық Банк халықаралық стандарттарға Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан және өз бетінше ақшалай-несиелік саясат жүргізе бастағаннан бастап, яғни ұлттық валютаны – теңгені енгізген сәттен басталды.