Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2014 в 17:20, курсовая работа
Несиеде өзгермейтін, тұрақты болып қалатын жәй - құрылым. Өзге экономикалық категориялар сияқты несие де бір-бірімен өзара әрекетке түсетін бірнеше элементтен тұрады. Ондай элементтерге ең алдымен несиелік қатынастың барлық субъектілері, сондай-ақ жоғарыда анықтағанымыздай, бұл субъектілерге несие беруші мен қарызға алушылар жатады. Оларды бөлуге және бөлек қарастыруға болмайды. Оларды бірге қарастырған жағдайда ғана несиенің мәнін анықтауға болады.
I Нарық жағдайындағы несие жүйесінің теориялық аспектілері...........3
1.1 Несиенің мәні, қажеттілігі және құрылымы......................................3-10
1.2 Несиелік жүйені құру принциптері, формалары және
Түрлері......................................................................................................11-15
1.3 Несие жүйесі дамуының әлемдік тәжірибесі.................................15-18
II ҚР - ғы 2010-2013 жылдардағы несие жүйесінің дамуының қазіргі тенденцияларына талдау ............................................................................19
2.1 ҚР-ның несие жүйесінің даму ерекшеліктері.................................19-25
2.2 ҚР-ның несие жүйесінің қазіргі жағдайын талдау.........................25-28
ІІІ ҚР-ның несие жүйесін және олардың негізгі элементтерін жетілдіру жолдары ......................................................................................................29-31
Қорытынды.......................................................................................................32
Пайдаланылған әдебиеттер.............................................................................33
Өткен 16 жыл ішінде экономиканы несиелеудің нарықтық нысандарына көшу, халықаралық ұстанымдар мен стандарттарға негізделген банктік қадағалаудың тиімді жүйесін құру, капиталдың жеткіліктілігі, активтердің сапасы, менеджмент, бухгалтерлік есеп, банктік жүйені автоматтандыру деңгейі жағынан банктердің халықаралық стандарттарға өту мәселелері шешілді. Ұлттық Банк пен екінші деңгейлі банктердің нығайтылған қаржылық есептілікті құрастыруға көшу де жүзеге асырылды. Банктік статистика жетілдірілді және Халықаралық Валюта Қорының (ХВҚ) стандарттары бойынша деректерді тарату стандарттарының жүйесі енгізілді. Енді Қазақстанның ақшалай-несиелік статистикасы, төлем балансы мен сыртқы қарыз статистикасы үнемі ХВҚ сайтында орналастырылып, ХВҚ және Дүниежүзілік Қайта құру және Даму Банкінің (ӘҚДБ) ресми басылымдарында жарияланады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 24 желтоқсанындағы № 146 қаулысымен Ақша-несие саясатының 2008-2009 жылдарға арналаған негізгі бағыттары қабылданды.
Ақша- несие саясатының негізгі бағыттары Ұлттық Банктің негізгі концептуалдық құжаты болып табылады, балжанған сценарийлер шеңберінде осы құжатта ақша-несие саясатының негізгі көрсеткіштерінің, оның ішінде инфляцияның болжамдық өлшемдері, сондай-ақ Ұлттық Банктің ақша-несие саясатының шаралары айқындалды.
Айқындалмаушылық жағдайында әлемдік қаржы нарығының және тиісінше ішкі экономиканың даму перспективаларына қатысты Ақша-несие саясатының негізгі бағыттарын алдағы үш жылға емес, екі жылға, яғни 2008-2009 жылдарға әзірленді. Айқындалмаушылықтың төмендеуіне қарай Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің үш жылдық кезеңге арналаған Ақша-несие саясатының негізгі бағыттарын әзірлеу практикасына қайтып оралуға ниеті бар.
Ұлттық Банктің баға тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша негізгі мақсатын іске асырумен қатар Ақша-несие саясатының негізгі бағыттарында банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешеніне ерекше назар аударылды.
Ұлттық Банк Қазақстан экономикасының дамуының екі сценарлық нұсқасын қарастырды: базалық және пессимистік. Бұл ретте базалық сценарийді жүзеге асыру неғұрлым шындыққа жанасады деп саналады, ал пессимистік сценарий көбіне гипотетикалық ретінде ұсынылды, оны жүзеге асыру мүмкіндігі аса жоғары емес болып бағаланады. Соған қарамастан құжатта Ұлттық Банктің екі сценарийді жүзеге асырылған жағдайдағы шаралары көрініс тапты.
Ұлттық Банктің 2008-2009 жылдарға арналаған ақша-несие саясатының негізгі мақсаты базалық және сол сияқты пессимистік сценарийді жүзеге асыру кезінде жылдық инфляцияны 2009 жылы 7,9-9,9% және 2010 жылы 7,5-9,5% деңгейінде ұстап тұру болады (өткен жылдың желтоқсанымен салыстырғанда желтоқсанда ). Бұл орташа жылдық инфляцияның 2008 жылғы 16-18 % және 2009 жылғы 8-10 % шегіндегі деңгейіне сәйкес келеді.
Екінші деңгейлі банктердің экономика саласына салған несиелік салымы, ұлттық банктің мәліметі бойынша 2009 жылы 924,3 млрд теңгені құрады, және олардың тұрақты өсуі байқалуда. Несиелік салымдардың жалпы көлемінде ұзақ мерзімдік несиелік салымдардың үлесі 62,2 %, шетел валютасы салымындағы үлес 54,9 % құрады.Банк жүйесіндегі депозиттер көлемі 759,2 млрд тегені құрады, бұл 2002 жылмен салыстырғанда 36,4 % -ке артық, 319,8 млрд теңге балы, бұл 2002 жылмен салыстырғанда 36,7 % -ке көп.
Қазақстанда орта және шағын бизнестің қалыптасуы мен дамуына үнемі баса назар аударылады. Қазіргі күнде шағын бизнес ел бюджетінің 11 % -қалыптастырады, және оның жалпы ішкі өнімдегі үлесі 17 % құрайды. Статистикалық агенттіктің мәліметі көрсетіп отырғандай, бірқатар салаларда шағын бизнестің үлесі айтарлықтай жоғары, мәселен саудада 94,6 % , қонақ үй мен ресторан бизнесінде 90,9 % .
Шағын бизнес,
әсіресе сауда, қызмет көрсету, ауыл
шаруашылығы сфераларында кең
таралған. Шағын кәсіпкерлік
Кесте 1
Облыстар бойынша шағын кәсіпорындардың үлесі, %-те
Оңтүстік Қазақстан облысы |
|
Алматы |
|
Алматы облысы |
|
Қызылорда облысы |
|
Маңғыстау облысы |
|
Атырау облысы |
|
Басқалар |
|
Барлығы: |
|
Шығыс көзі:ҚР Статискалық мәліметінің негізінде
Президенттің тапсырмасы бойынша үкімет дайындаған 2003-2004 жылғы бағдарламада белгіленген мемлекттік шара шағын және орта бизнес саласындағы қызмет атқаратын кәсіпорындар санын 500 мыңға дейін, ал ондағы жұмыс істейтіндер саны екі миллион адамға дейін көбейтуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде, бұл шағын және орта бизнес субъектілері өндіретін жалпы ішкі өнім көлемін 25 % жеткізуге мүмкіндік береді.
Қазақстан экономикасы соңғы жылдары өрлеу жолында. Мұны тұрақты даму деп атайды. Оның өзі экономикалық үлкен теория. Әлемде тұрақты даму жолына түскен мемлекеттер аз. 2005 жылдан бері қарай жеті жылдай уақыт ішіндегі елдің көрсеткіші тұрақты дамуды дәлелдейді.
Азаматтарға ипотекалық несиелерді беруді екінші деңгейдегі банктер 1998 жылдан бастап жүзеге асыруда. Ипотекалық несиелер бойынша сыйақының бастапқы ставкасы жылына 20 %, бастапқы жарна мөлшері 40-50 %-ға жуықты құрады, несие 5-10 жылдан аспайтын мерзімге берілді.
Ипотекалық несие беру жүйесінің осындай дамуы кезінің өзінде қызметтер көрсетудің бұл түрі ҚР азаматтарының аз санатына ғана қол жетімді болды.
Ипотекалық несие беру жүйесінің осындай дамуы кезінің өзінде қызметтер көрсетудің бұл түрі ҚР азаматтарының аз санатына ғана қол жетімді болды. Негізгі себептердің бірі халықта сыйақы төлеу мен бастапқы жарна үшін жеткілікті қаражаттың жоқтығы болып табылады. Осыған байланысты «Қазақстан Ипотекалық Компания » ЖАҚ бұдан әрі – ҚИК ) құрылды. Қазіргі кезде ҚИК –тің жарғылық капиталы 2,5 млрд. теңгені құрайды.
ҚИК-тің қатысуымен ипотекалық несие беру жүйесінде 8 банк және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын 2 ұйым жұмыс істейді. ҚИК –тің бағдарламасы бойынша ипотекалық несие беру жөніндегі өз қызметін жүзеге асыратын «Каспий», «Астана-Қаржы» банкі, «Центр-Кредит» банкі, « АСҚ », « БТА – Ипотека » банкі, « Нұрбанк », « Қазақстанның Халық банкі», « Техака банк», « Альянс банкі», « Цесна банк » сияқты екінші деңгейдегі банктер мен қаржы ұйымдары ҚИК-тің серіктестері болып табылады. Бұдан басқа , екінші деңгейдегі банктердің бірқатары тұрғын үй құрылысына ипотекалық несие беруді дербес жүзеге асырады.
Кесте 3
Банктердің халыққа ипотекалық несие беруі
млн.теңге
Барлық несиелер |
2005 |
2006 |
2007 |
2008 |
2009 |
2010 |
2011 |
2624 |
7632 |
29509 |
220504 |
472369 |
487121 |
520897 | |
Оның ішінде ұлттық валютада |
1095 |
1517 |
6728 |
11439 |
45181 |
120820 |
174340 |
Қысқа мерзімді |
35 |
39 |
347 |
105 |
305 |
819 |
1348 |
Ұзақ мерзімді |
1059 |
1479 |
6381 |
11135 |
45076 |
120000 |
172993 |
Шетел валютасында |
1530 |
6114 |
22782 |
87927 |
175323 |
275300 |
298029 |
Қысқа мерзімді |
121 |
142 |
91 |
290 |
198 |
335 |
394 |
Ұзақ мерзімді |
1409 |
5972 |
22691 |
87637 |
175125 |
274964 |
297635 |
3-кестеде берілген мәліметтер бойынша банктердің халыққа ипотекалық несие беруінің жыл сайынғы көрсеткіштері көрсетілген.Және де біз ипотекалық несиенің жыл сайын өскендігін және халықтың ипотекалық несиені көптеп алғандығын көреміз.
Тұтыну несиесі – бұл тұрғындарға тұтыну тауарларын сатып алу және тұрмыстық қызметтерді төлеу үшін коммерциялық және банктік формада берілетін несие.
Несиенің бұл түрін әр түрлі елдерде салыстыру, оның дамуының әр түрлі деңгейін көрсетеді. Италия мен Жапонияда тұрғындардың жалпы қарыз сомасының қатынасы осы елдердің ЖІӨ - не 10 % деңгейінде, ГФР және Францияда 30 %, ал Ұлыбритания мен АҚШ - та 60 % астам.Тұтыну несиесі негізінен, қымбат тұратын тауарларды сатып алу кезінде: автомобильдерді, электр тұрмыстық құралдары, жиһаздарды және т.б. пайдаланылады. Капиталистік елдерде несие көлемінің жартысынан көбі автомобильдерді сатудың үлесіне тиеді. Қалған тауарлар көбінесе қолма – қол төлеу шартымен сатылады.
Кесте 4
Банктердің халыққа берген тұтыну несиелері
млн.теңге
12.04 |
12.05 |
12.06 |
01.07 |
02.07 |
03.07 |
04.07 |
05.07 | |
Барлық несиелер: |
144422 |
320501 |
777027 |
784186 |
811880 |
857586 |
999531 |
930023 |
Оның ішінде |
||||||||
Қысқа мерзімді |
784186 |
60578 |
86849 |
83749 |
77456 |
74380 |
70840 |
65119 |
Ұзақ мерзімді |
109398 |
259923 |
690178 |
700437 |
734423 |
783206 |
859183 |
934412 |
Несиелердің жалпы сомасы,соның ішінде |
||||||||
Жеке тұлғаларға берілген несиелер |
139965 |
309519 |
747790 |
753554 |
777081 |
817832 |
887846 |
954523 |
Оның ішінде |
||||||||
Қысқа мерзімді |
34459 |
59808 |
85309 |
82207 |
75715 |
71140 |
67719 |
62599 |
Ұзақ мерзімді |
105507 |
249710 |
662481 |
671346 |
701366 |
746392 |
820127 |
891924 |
Жеке тұлға-шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген несиелер |
4456 |
10983 |
29237 |
30632 |
34798 |
39754 |
42177 |
45008 |
Оның ішінде |
||||||||
Қысқа мерзімді |
565 |
769 |
1539 |
1542 |
1741 |
2940 |
3121 |
2520 |
Ұзақ мерзімді |
3891 |
10213 |
27698 |
29091 |
33057 |
36814 |
39056 |
42488 |