Несиенің мән

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2014 в 17:20, курсовая работа

Краткое описание

Несиеде өзгермейтін, тұрақты болып қалатын жәй - құрылым. Өзге экономикалық категориялар сияқты несие де бір-бірімен өзара әрекетке түсетін бірнеше элементтен тұрады. Ондай элементтерге ең алдымен несиелік қатынастың барлық субъектілері, сондай-ақ жоғарыда анықтағанымыздай, бұл субъектілерге несие беруші мен қарызға алушылар жатады. Оларды бөлуге және бөлек қарастыруға болмайды. Оларды бірге қарастырған жағдайда ғана несиенің мәнін анықтауға болады.

Содержание

I Нарық жағдайындағы несие жүйесінің теориялық аспектілері...........3
1.1 Несиенің мәні, қажеттілігі және құрылымы......................................3-10
1.2 Несиелік жүйені құру принциптері, формалары және
Түрлері......................................................................................................11-15
1.3 Несие жүйесі дамуының әлемдік тәжірибесі.................................15-18
II ҚР - ғы 2010-2013 жылдардағы несие жүйесінің дамуының қазіргі тенденцияларына талдау ............................................................................19
2.1 ҚР-ның несие жүйесінің даму ерекшеліктері.................................19-25
2.2 ҚР-ның несие жүйесінің қазіргі жағдайын талдау.........................25-28
ІІІ ҚР-ның несие жүйесін және олардың негізгі элементтерін жетілдіру жолдары ......................................................................................................29-31
Қорытынды.......................................................................................................32
Пайдаланылған әдебиеттер.............................................................................33

Вложенные файлы: 1 файл

несие жуйеси (2).docx

— 80.29 Кб (Скачать файл)

 

 

   4-кестеде   көріп  отырғанымыздай  екінші  деңгейлі  банктердің  халыққа  тұтыну  несиесінің  барлық  несиелері  2010  жылдың  мамыр  айындағы  көлемі  999531 млн. теңге. Оның  ішінде  қысқа  мерзімді  65119 млн. теңге, ұзақ  мерзімді  934412 млн. теңге. Жеке  тұлғаларға  берілген  несиелер  954523 млн. теңге. Оның  ішінде  қысқа  мерзімді  65599 млн. теңге, ұзақ  мерзімді  891924 млн. теңге. Жеке  тұлғаларға шағын  кәсіпкерлік  субъектілеріне  берілген  несиелер  көлемі  45008 млн. теңге. Оның  ішінде қысқа  мерзімді  2520 млн. теңге, ұзақ  мерзімді  42488 млн. теңгені  құрады.

    Қорыта  айтқанда, банк  үшін  аталған  нұсқалардың  қайсысы  аз  шығын  жұмсай  отырып, ссудалық  қарызды  қайтаруға  мүмкіндік  жасайтындығын  ескеру   қажет.

2.2  ҚР-ның  несие  жүйесінің  қазіргі  жағдайын  талдау

     Несие  нарығындағы  ахуалға  мониторинг  жүргізу  мақсатында  Ұлттық  Банк  2008  жылғы  қаңтарда  « Несие  нарығының  жай – күйі  және  өлшемдерінің  болжамы »  зерттеуін  жүргізді.

     2010  жылдың  екінші  жартыжылдығында  зерттеу  нәтижелері  бойынша  банктердің  несие  саясаты  біршама  қатаңдатылды. Пікіртерім  жүргізілген  банктердің  ішінен  респонденттердің  жартысынан  көбі  қаржылық  емес  ұйымдарға  және  жеке  тұлғаларға  ( респонденттердің   68 % ипотекалық  несиелеуге, 63 % - тұтыну  несиесіне  қатысты ) қатысты  саясатты  қатаңдатуды  атап  өтті. Бұл  үрдіс  активтері  жөнінен  бірінші  бестікті  құрайтын  және  несиелеудің  осы  бөліктерінде  көш  бастайтын  банктерде  айтарлықтай  анық  байқалды. Банктердің  несие  саясатына  әсер  еткен  негізгі  факторлар:

    1. капиталдың  ішкі  нарықтарындағы  қаржы  ресурстарының  қолжетімділігінің  төмендеуі  және  құнының  өсуі;
    2. борыштық  ауырпалықтың  өсуіне  байланысты  салалық  тәуекелдердің  және  жеке  тұлғалардың  төлем  қабілеттілігі  тәуекелдерінің  ұлғаюы;
    3. жылжымайтын  нарықтағы  жағымсыз  үрдістер  жағдайында  кепілдік  қамтамасыз  ету  құнының  өзгеру  тәуекелдерінің  өсуі;
    4. тұтастай  алғанда  елдің  экономикалық  дамуы  қарқынының  баяулауын  күту.

      Қазақстан  Республикасының  мемлекет  басшысының  халыққа  арнаған   «Қазақстан  азаматтарының  әл-ауқатын  көтеру  – мемлекеттік  саясаттың  басты  мақсаты  »  жолдауының  негізгі  ережелерін  жүзеге  асыру  мақсатында  үкімет  серпінді  жобалар  мен  « Қазақстанның  30  корпаративтік  көшбасшысы »  бағдарламасын    жүзеге  асыру  жұмыстарын  жалғастыруда. Бұл  шаралардың  жүзеге  асуы  шикізаттық  емес  және  « саудаға  қатыссыз » салаларын  дамытуды  қамтамасыз  етеді.

     1999  жылдың  16  тамызынан  бастап  Қазақстан  Республикасының Ұлттық  Банкінің  № 276  қаулысымен  бекітілген  екінші  деңгейдегі  банктерді  несилеу  бойынша  құжаттауды  жүргізу   Ережесіне  сәйкес  несиені  толық  өтеу  туралы  несие  бөлімінің  қызметкерлері  әрбір  қарыз  алушыға  несиелік  іс  жүргізеді.  Несиелік  шарт  әрекет  ету  мерзімі  бойынша  банк  қарыз  алушымен   тығыз  қатынасты  сақтап,  оның  қаржылық  жағдайын  бақылайды, несиенің  мақсатты  пайдаланылуын,  оның  қамтамасыз  етілуіне  кепілге  берілген  мүлкінің  сақталу  жағдайын  тексереді, яғни  несилік  мониторинг  жүргізіледі.

     Несиелік   мониторинг – несиені  берген  күннен  бастап, оны  толық  қайтарғанға  дейін  бақылауды  және  қарыз  алушының  несиелік  қабілетінің  өзгерісін  үнемі  талдап  отыруды, несие  сапасының  төмендеуі  немесе  несиелік  келісім – шарттың  бұзылуы  анықталған  жағдайларды  қамтитын  банктің  күнделікті  жұмысы.

     Несиелік  мониторингті  жүргізуге  арналған  ақпарат  көзіне  мыналар  жатады:

  • банкте  жинақталған  қарыз  алушы  туралы  ақпараттар;
  • қарыз  алушыдан  алатын  ақпараттар;
  • өзге  де  көздерден  алынатын  ақпараттар ( жабдықтаушылардан, сатып  алушылардан, өзге  банктерден, қаржы  ұйымдарынан, үшінші  тұлғалардан  және  т.б. ).

    Ақпараттың  толықтығына  қарай  несиелік  мониторинг  ағымдық  және  тереңдетілген  болып  бөлінеді.

    Ағымдық  мониторинг  – ай  сайын  ағымдық  мониторинг  есебін  түрінде  рәсімделетін, несиені  қайтару  кестесінің  орындалысы  шегінде  барлық  несиелер  бойынша  жоспарлы  түрде  қарыз  алушының  шаруашылық  және  қаржылық  жағдайы  туралы  жалпы  ақпараттарды  алу  негізінде  жүргізілетін  тексеру.

    Ағымдық  несиелік  мониторинг  әр  ай  сайын  несие  толық  қайтарылғанға  дейін  жасалады. Ағымдық  несиелік  мониторингтің  мақсаты – банктің  барлық  берген  несиелер  бойынша  төлемсіздіктің  алдын  алу. Мониторинг  жүргізуде  несиені  қайтару  кестесі  пайдаланылады  және  оның  көшірмесі  шот  менеджеріне  беріледі.

    Ағымдағы  мониторингтің  негізгі  қадамдарына  мыналар  жатады:

  • қарыз  алушының  шотындағы  ақша  қаражаттарының  қозғалысына  бақылау  жасау;
  • клиентке  ескертулер  жасау ( несиені  төлемеу  мерзімінен  екі  үш  күн  бұрын  телофон  арқылы  ескерту, телофон  болмаған  жағдайда  жазбаша  түрде );
  • клиенттің  орналасқан  жеріне  бару ( қарыз  алушы  кәсіпорынның  қаржылық  есебінің  материалдары  негізінде  оның  қаржылық  және  шаруашылық  жағдайымен  танысу  және  т.б. ).

    Қарызды  қайтару  күнінде  несиені  қайтару  кестесі  бойынша  қарыз  алушының  негізгі  қарыздың  және  пайыздың  төленгендігі  тексеріледі.

    Тереңдетілген  мониторинг – ай  сайын  тереңдетілген  мониторинг  есебін  түрінде  рәсімделетін, несиені  қайтару  кестесінің  орындалысының  бұзылуына  қарай, жоспардан  тыс (кенеттен)  немесе  қандай  да  бір  алаңдатарлық  белгілердің  туындауына  байланысты  қарыз  алушының  шаруашылық  және  қаржылық  жағдайы  туралы  барынша  толық  ақпараттарды  алу  мақсатында  жүргізілетін  тексеру.

    Тереңдетілген  мониторингтің  ұзақтылығы  мыналарға  тәуелді:

  • қарыз  алушының  несиелік  рейтингіне;
  • қарыз  алушының  саласының  жағдайына;

    Несиелік  рейтинг  – несиені  қайтару  ықтималдылығы, міндеттемені  орындау  тұрғысынан  қарыз  алушының  несиені  несиені  өтеу  қабілеттілігін  бағалауды  білдіреді. Мұндай  рейтингті  әдетте  банктер  немесе  мамандандырылған  консалтинг  агенттіктері  анықтайды.

  Тұтыну  мақсатына  несиелер  6 айдан  10  жылға   дейін  берілген, оның  негізгі  үлесі  98,6 %  немесе  158 593,0 мың  теңге  ұзақ  мерзімді  несиелер, қысқа  мерзімді  несиелер  1,4  немесе  2288,0  мың  теңгені  құраған.

   Зерттеу  нәтижелерін  қорытындылай  келе  банктің  қаржылық  жағдайларын  жақсарту  мақсатында  банк  мынадай  стратегиялық  бағыттағы  шараларды  атқару  қажет:

  • банк  өнімдерін  белсенді  түрде  жарнамалау;
  • белсенді  жарнаманың  негізінде  депозитік  базаны  артыру;
  • шағын  және  орта  бизнестер  бойынша  несиелерді  артыру;
  • клиенттерге  қызмет  көрсету  сапасын  арттыру;
  • жаңа  банк  өнімдерін  енгізу;
  • аймақтық  нарықтар  бойынша  маркетингтік  жұмыстар  жүргізу;
  • нарықтарды  зерттеу, АКБ ашу  мүмкіндіктерін  қарастыру.
  •     Екінші  деңгейлі  банктердің  есептелген  жарғылық  капиталдың  жиынтығының  көлемі  2008  жылы  613,2  млрд.  теңгеге  (52,5%)  ұлғайды  және  01.01.2009  жылдың  жағдайы  бойынша  1 781,8 млрд. теңгені  құрады. Осыған  байланысты, бірінші  деңгейдегі  капитал  57,2 %  өсіп, 1 283,7 млрд. теңгеге  жетті. Ал,  екінші  капиталдың  деңгейі  45,5 % немесе  560,9млрд. теңгені  құрады.

Кесте

                      Екінші  деңгейлі  банктердің  несиелік  көрсеткіштері

                                                                                                               млрд. теңге

                 Атауы

    01.01.09

     01.01.10

Өсімділігі %-бен

Бірінші деңгейдегі капитал

       816,5

       1 283,7

         57,2

Жарғылық  капитал

       593,6

          938,5

         58,1

Қосымша  капитал

          4,0

              3,8

         -5,0

Өткен жылдың  бөлінбеген таза

Табысы

       131,6

          204,7

         55,5

Екінші  деңгейдегі капитал

        385,4

          560,9

         45,5

Бөлінбеген таза табыс

        101,3

          221,6

       2,2 рет

Қарыздар

        368,0

          460,9

         25,2

Үшінші  деңгейдегі  капитал

           1,5

             1,5

            0

Барлық өзіндік капиталдың есебі

       1 168,6    

        1 981,8

         52,5


 

 

 

ІІІ. ҚР-ның   несие  жүйесін және олардың негізгі элементтерін  жетілдіру жолдары

 

    Несие  жүйесін  қарастырған  кезде  мынаны  ескеру  керек: ол  ұзақ  тарихи  даму  жолынан  өткен  және  консалидациялау  рөлінде  ойнайтын  барлық  экономикалық  байланыс  құрамындағы  қиын  экономикалық  қарым – қатынаста  негізделіп  жүзеге  асады.

    Несие  жүйесінің  екі  ұғымы  қарастырылады:

  • несие  байланыс  жиынтығы, несиенің  түрлері  мен  әдістері 

     ( функционалды  түрі ).

  • еркін  ақшалай  қаржыны  жинап, оларды  несиеге  беруге  ұсынатын  несие – қаржы  мекемелерінің  жиынтығы ( институционалды  түрі ) .

     Бірінші  аспектте  несие  жүйесі  банктік,  тұтынушылық ,  коммерциялық, мемлекеттік,  халықаралық  несиемен  көрсетілген. Барлық  осы  несие  түрлеріне  арнайы  байланыс  түрлері мен  несиелеу  әдістері  тән.  Бұл  байланыстарды  ұйымдастыратын  жүзеге асыратын екінші ұғымдағы (институционалды) несие  жүйесін  құрастырушы  арнайы  мекемелер.  Банктер  несие  жүйесінің  институционалды  құрамының  бастаушы  тобы  болып  келеді. Алайда,  несие  жүйесі  банктік  жүйеге  қарағанда  аса  кең  және  сыйымды  ұғым.

    Несие  жүйесі  несие  механизмі  арқылы  жұмыс  істейді.

  •     Ол, біріншіден, несие  институттарымен  әр  түрлі  экономикалық  секторлар  арасында  қаржыны  жинайтын  және  аударатын  жүйе  болып  табылады.
  •     Екіншіден, қаржыны  өз   несие  институттары  арасында  орналастыру.
  •     Үшіншіден, несие  институттарымен  шетел  клиенттері  арасындағы  байланыс.

    Сонымен  қатар,  несие  механизміне  барлық  несие  аспекетілері  кіреді: инвестициялық, ұйымдастырушылық, топтастырушылық, делдалдық.

      Қазақстанда  қазіргі  таңда  үш  деңгейлі  несие  жүйесі  құрылып   жатыр:

  •     1  деңгей – коммерциялық  банктер;
  •     2  деңгей -  мамандандырылған  қаржы – несие  мекемелері;
  •     3  деңгей -  шағын -  несие   мекемелер.

  Мамандандырылған  қаржы  – несие  институттары  немесе  банктік  емес  мекемелер  банктік  операциялардың  жеке  түрлерін  Ұлттық  Банк  берген  лицензияға  сәйкес  жүзеге  асырады. Бұларға  несие  кеңестері, кооперативтер, жинақ  кассалары, ломбард  жатады. Жүргізілген  операциялардың  көлемі  жағынан  аталған  институттардың  коммерциялық  банктерден  айырмашылығы  үлкен. Соған  қарамастан  берілген  сегмент  жүйесі  экономиканың  дамуына  әсерін  тигізеді. Банктік  емес  мекемелер  коммерциялық  банктерге  қарағанда  қаржыны  несиелеуі  аса  жұмсақ  түрде  өтеді. Негізінде  берілген  сегменттің  клиенттері  ақшадан  уақытша  қысылып  жүргендер  болады. Кепілдікке  автокөлігін , айлық  жалақысын, қымбат  затын  қойып, клиент ( тұтынушы )  аз  ғана  қаржыны  қысқа  мерзімге  ( 2-3 ай )  төмен  пайызбен  несиеге  ала  алады. Ал  коммерциялық  банктер  несиені  ұзақ  мерзімге  ( 1 жыл  және  жоғары )  жоғары  пайызбен  бере  алады.

Информация о работе Несиенің мән