Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті: реттеу, жоспарлау және жобалау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2015 в 16:41, дипломная работа

Краткое описание

Өкіметтің таңдап алған экономикалық саясаты негізінде жасалынатын әрбір дамып жатқан қоғамның экономикалық құрылымның құрылуында және дамуында алдыңғы, аңықтаушы рөлді мемлекеттік реттеу алады. Соның ішінде мемлекетке өзінің экономикалық және әлеуметтік реттеуін іске асыруға беретін аса маңызды механизмдердің бірі – қоғамның қаржы жүйесі. Осы қаржы жүйесінің ең маңызды саласы – мемлекеттік бюджет. Осы қаржы жүйесі арқылы мемлекет мемлекеттік органдарға жүктелген қызметтерін орындауға мүмкіндік беріп, орталықтанған және орталықтанбаған қаржы қорларының құрылуына ықпал етеді.

Содержание

Кіріспе ………………………………………………………………………
1. Мемлекеттік бюджет – экономиканы мемлекеттік басқарудың құралы ретінде ………………………………………………………….
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық маңыздылығы және оны реттеу …………………………………………………...
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі …………………...
Мемлекеттік бюджетті жоспарлау мен жобалаудың теориялық және методологиялық аспектілері ……………………………….
2. Қазақстан Республикасының бюджеттік жоспарлаудың қазіргі жағдайын аналитикалық бағалау………………………………………
Қазіргі жағдайдағы бюджеттің орындалуына талдау…………...
2.2 2005 жылғы республикалық бюджет туралы…………………….
3. Қазақстан Республикасы бюджеттік үрдістің нарықтық
экономикадағы маңызы …………………………………………………
3.1 Қазақстан Республикасындағы бюджеттік үрдістің қазіргі
жағдайы ………………………………………………………………….
3.2 Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің жаңа қағидаларын
дамыту. …………………………………………………………………
Қорытынды …………………………………………………………………
Қолданылған әдебиеттер тізімі …………………………………………...

Вложенные файлы: 1 файл

Мемлекеттік бюджет.doc

— 491.50 Кб (Скачать файл)

      Қосылған  құн салығы үшін салықтық база  болып қосылған құн мөлшері  табылады, табыс салығы үшін – салық салынуға жататын пайда сомасы, акциз үшін- акциз қойылған тауарлар сатылымының сомасы, және т.б.

      Салық сомасының  өсімшесі салық базасының және  де салық салудың да (мысалы,салық  қойылымдарының өсуі) өсуімен байланысты  болуы мүмкін. Өзгерудің бірінші  түрін автоматты әсер, ал екінші  түрін дискреционды деп атауға  болады.

       Автоматты  әсер икемділік коэффициенті көмегімен өлшенеді. Мысалы: салықтық табыс өсімшесінің қарқыны мен ЖІӨ өсімшесінің қарқыны арасында қарым-қатынас құрылсын. Және салықтық жүйе салыстыру мерзімі ішінде өзгермеді деген шарт қойылсын.

       Дискрециондық  әсерді есептеу үшін қай жылы салықтық жүйе өзгертілгені туралы ақпаратқа ие болу керек және осы өзгерістердің салықтық табыс сомасына әсер етуінің абсолютті шамасын анықтау қажет. Бұл мақсат үшін пропорционалды  корректировка әдісі қолданылады.Бұл  әдіс фактілі салықтық түсімдерге және дискрециондық шаралардың әсер етуінің есептелген деңгейіне негізделген. Салықтық емес түсімдерге  мүлікті қолданғанынан түскен табыс, баждар және жинақтар кіреді. Бұлардың мөлшерлерінің болжамы осындай әдіспен және де қаржыландыратын ұйымдардың ақпараттарына негізделу арқылы есептеледі.

      Мемлекет  табыстарына қарағанда өкіметтік  шығындарды болжамдауда олардың  деңгейін анықтау мүмкіндіктері  аз (тек жай ғана экономикалық  қатынасқа сүйене отырып). Бұл  мемлекеттік шығындар бойынша  шешім қабылдау процесінің саяси табиғатының салдары болып табылады. Бірақ та шығыстардың экономикалық классификациясының  шегінде  кейбір негізгі көрсеткіштердің эндогенді анықтамаларын қарастыруға болады.Мысалы: несие бойынша пайыз төлемдері олардың мөлшерімен және мемлекеттік қарыздың көлемімен анықталады. Қайтарымсыз төлемдер (трансферттер) экономикалық іс-әрекет деңгейімен қатынаста қарастырылуы мүмкін.

Мемлекеттiк бақсарудың бюджеттiк қатынастарды реттеу саласындағы құрылымын: Қазақстан Республикасының Президентi; Қазақстан Республикасының Парламентi; Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi; Қазақстан Республикасының Үкiметi; экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган; бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган; бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган; iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган; мәслихат; жергiлiктi атқарушы орган құрайды.

Қазақстан Республикасының Президентi бюджеттiк қатынастарды реттеу саласында:

1) республикалық бюджеттi әзiрлеу және оның атқарылуы туралы есеп беру тәртiбiн айқындайды;

2) Республикалық бюджет  комиссиясын құрады, ол туралы  ереженi бекiтедi, оның құрамын айқындайды;

3) Қазақстан Республикасының аумағында  төтенше мемлекеттiк бюджет енгiзу  туралы шешiм қабылдайды және  оны әзiрлеу тәртiбiн айқындайды; 
          4) мемлекеттегi жағдай мен республиканың iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттары туралы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауда алдағы жылға арналған Қазақстан Республикасының бюджет саясатының негiзгi бағыттарын айқындайды;      

     5) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөнiндегi кеңес құрады және ол туралы ереженi бекiтедi;     

  6) Қазақстан Республикасының  Ұлттық қорын қалыптастыру және  пайдалану тиiмдiлiгiн арттыру  жөнiнде, сондай-ақ оны пайдаланудың көлемi мен бағыттары жөнiнде шешiмдер қабылдайды;     

  7) Қазақстан Республикасының  Ұлттық қорын қалыптастыру және  пайдалану туралы есептердi бекiтедi;      

    8) Бюджеттік Кодексте  көзделген жағдайларда тиiстi қаржы  жылының бiрiншi тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспарын бекiтедi; 
       9) Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.        

 Қазақстан Республикасының  Парламентi бюджеттiк қатынастарды  реттеу саласында:     

1) республикалық бюджеттi, сондай-ақ республикалық бюджетке өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi бекiтедi;     

   2) Қазақстан Республикасының  Үкiметi мен Республикалық бюджеттiң  атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп  комитетiнiң республикалық бюджеттiң  атқарылуы туралы есептерiн бекiтедi;      

3) Қазақстан Республикасының Конституциясында  Парламентке жүктелген өзге де  өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi бюджеттiк қатынастарды peттeу саласында:     

1) республикалық бюджеттiң атқарылуына  сыртқы бақылауды жүргiзу тәртiбiн  белгiлейдi;     

2) iшкi бақылау жөнiндегi орталық  уәкiлеттi органмен бiрлесiп емлекеттiк  қаржы бақылауының стандарттарын  әзiрлейдi, сондай-ақ оларды бекiтедi және олардың сақталуына бақылауды жүзеге асырады;      

3) республикалық бюджеттiң  атқарылуына сыртқы бақылауды  жүзеге асырады;     

4) төтенше мемлекеттiк  бюджеттiң атқарылуына бақылауды  жүзеге асырады;     

5) бақылау iс-шараларының  қорытындылары бойынша қабылданған  шешiмдердiң орындалуын бақылауды жүзеге асырады;     

6) Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.      

Қазақстан Республикасының Үкiметi бюджеттiк қатынастарды реттеу саласында:     

   1) Қазақстан Республикасының Парламентiне республикалық бюджеттi және оның атқарылуы туралы жылдық есептi табыс етедi;     

  2) Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiне республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есептi табыс етедi;     

     3) жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу тәртiбiн айқындайды;      

4) республикалық бюджеттiң атқарылуын  қамтамасыз етедi, республикалық  және жергiлiктi бюджеттердi атқару  тәртiбiн айқындайды;     

     5) тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды iске асыру туралы қаулы қабылдайды;     

      6) қарыз алуды жүзеге асырады;     

      7) шикiзат секторы ұйымдарының тiзбесiн бекiтедi;     

  8) орта мерзiмдi фискалдық саясат жобасын әзiрлеу тәртiбiн айқындайды;     

  9) бюджеттiк инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) қарау тәртiбiн айқындайды;      

  10) салықтық емес түсiмдердi алуға жауапты және олардың түсуiне бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың тiзбесiн, оларды бюджетке аудару тәртiбiн айқындайды;     

   11) мемлекеттiк емес қарыздар бойынша мемлекеттiк кепiлдiктер беру қажеттiгi туралы шешiмдер қабылдайды;     

  12) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк емес қарыздар бойынша мемлекеттiк кепiлдiктер беру тәртiбiн, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, жергiлiктi атқарушы органдардың қарыздарын және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды алу, пайдалану, өтеу және оларға қызмет көрсету, оларды тiркеу мен есепке алу, мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген борыштың мониторингi мен оны басқару тәртiбiн айқындайды;     

13) мемлекеттiк мекемелердiң өз  иелiгiнде қалған тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуден  түсетiн ақшаны пайдалану тәртiбiн  айқындайды;     

14) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң  және жергiлiктi атқарушы органдардың  резервiн пайдалану тәртiбiн айқындайды;      

15) Қазақстан Республикасының Ұлттық  қорына активтердi есептеу, Қазақстан  Республикасының Ұлттық қорын  пайдалану тәртiбiн айқындайды;     

16) Қазақстан Республикасының Ұлттық  Банкiмен бiрлесiп Қазақстан Республикасының  Ұлттық қорын орналастыру үшiн рұқсат етiлген қаржылық активтердiң және, материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге мүліктің тiзбесiн айқындайды;     

17) Қазақстан Республикасы Ұлттық  қорының жыл сайынғы аудитiнiң  өткiзiлуiн қамтамасыз етедi;     

18) төмен тұрған бюджеттерден жоғары тұрған бюджетке - бюджеттiк алып қоюлардың және жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджеттерге бюджеттiк субвенцияларды аударудың тәртiбi мен кезеңдiлiгiн айқындайды;      

19) жалпы сипаттағы ресми трансферттер  көлемдерi есептерiнiң әдiстемесiн айқындайды;      

20) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң  орта мерзiмдi фискалды саясатын  бекiтедi; 
      21) заттай нормаларды бекiтедi;     

22) бiрыңғай бюджеттiк сыныптаманы  бекiтедi және оны жасау тәртiбiн  айқындайды;     

23) бюджеттiк бағдарламалардың тиiмдiлiгiн бағалауды жүргiзу тәртiбiн айқындайды;      

  24) iшкi бақылау жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi;      

25) орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ олардың аумақтық органдарының  және оларға ведомстволық бағынысты  мемлекеттiк мекемелердiң штат санының лимитiн бекiтедi;     

26) жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың  үлгiлiк құрылымын және жергiлiктi атқарушы органдардың штат саны  лимитiн бекiтедi;     

  27) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесiп Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есептi жасайды;     

  28) Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiмен өзiне жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган:

  1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң орта мерзiмдi фискалдық саясатының жобасын әзiрлейдi;
  2. тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы, бюджетке өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы заңдардың жобаларын әзiрлейдi және оларды қарауға Қазақстан Республикасының Үкiметiне табыс етедi;
  3. тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды iске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулысының жобасын әзiрлейдi;
  4. бюджеттiк өтiнiм жасаудың және табыс етудiң тәртiбiн айқындайды;
  5. мемлекеттiк мекемелердiң өз иелiгiнде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуден түсетiн түсiмдер мен ақша шығыстарының болжамын жасау нысанын белгiлейдi;
    1. бюджет түсiмдерiн болжау әдiстемесiн айқындайды;
    1. бiрыңғай бюджет сыныптамасының жобасын әзiрлейдi;
    2. жылдық қаржыландыру жоспарын әзiрлейдi және бекiтедi;
  1. республикалық бюджетті нақтылау (түзету) жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
  1. бюджеттiк бағдарламалардың тиiмдiлiгiн бағалауды жүзеге асырады;
  2. мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алуды және борышты жоспарлау мен талдауды жүзеге асырады;
    1. бюджеттiк кредиттеудi жоспарлау мен талдауды жүзеге асырады;
  1. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Экономикалыє жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган бюджеттiк қатынастарды реттеу саласында:

  1. республиканың әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарының жобасын әзiрлейдi;
  2. басым бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесiн қалыптастырады;
  3. байланысты гранттарды тартуға басымдығы бар өтiнiмдердiң тiзбесiн қалыптастырады және оны Қазақстан Республикасының Yкiметiне бекiтуге енгiзедi;
  4. бюджеттiк инвестициялар мен байланысты гранттардың тиiмдiлiгiн бағалауды жүргiзедi;
  5. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган:

  1. республикалық бюджеттi атқарады және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуына қызмет көрсетудi жүзеге асырады;
  2. тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы, бюджетке өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы заңдардың жобаларын әзiрлеуге қатысады;
  3. тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды iске асыру туралы  Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулысының жобасын әзiрлеуге қатысады;
  4. бюджетке түсетiн түсiмдердi болжауға және мемлекеттiк бюджетке кiрiстердiң түсуi саласындағы мемлекеттiк саясаттың мақсаттары мен басымдықтарын айқындауға қатысады;
  5. республикалық бюджеттiң түсiмдерi мен оны қаржыландырудың жиынтық жоспарларын бекiтедi және оларға өзгерiстер енгiзедi;
  6. республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне рұқсаттар бередi;
  7. мемлекеттiк мекемелердiң азаматтық-құқықтық мәмiлелерiн тiркеудi жүзеге асырады;
  8. мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттемелерi бойынша төлемдердi жүзеге асырады;
  9. уақытша бос бюджеттiк ақшаны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi салымдарға (депозиттерге) орналастырады;
  10. банктiк шоттардан шетел валютасын єайта айырбастау тәртiбiн айқындайды;
  11. осы Кодексте белгіленген жағдайларда қаржыландыруды тоқтата тұрады;
  12. бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органда мемлекеттiк мекемелердiң шоттарын ашу, жабу және жүргiзу тәртiбiн айқындайды;
    1. бюджеттiк есепке алуды жүргiзу тәртiбiн айқындайды;
    1. есептiлiк жасаудың және табыс етудiң тәртiбiн айқындайды;

Информация о работе Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті: реттеу, жоспарлау және жобалау