Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті: реттеу, жоспарлау және жобалау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2015 в 16:41, дипломная работа

Краткое описание

Өкіметтің таңдап алған экономикалық саясаты негізінде жасалынатын әрбір дамып жатқан қоғамның экономикалық құрылымның құрылуында және дамуында алдыңғы, аңықтаушы рөлді мемлекеттік реттеу алады. Соның ішінде мемлекетке өзінің экономикалық және әлеуметтік реттеуін іске асыруға беретін аса маңызды механизмдердің бірі – қоғамның қаржы жүйесі. Осы қаржы жүйесінің ең маңызды саласы – мемлекеттік бюджет. Осы қаржы жүйесі арқылы мемлекет мемлекеттік органдарға жүктелген қызметтерін орындауға мүмкіндік беріп, орталықтанған және орталықтанбаған қаржы қорларының құрылуына ықпал етеді.

Содержание

Кіріспе ………………………………………………………………………
1. Мемлекеттік бюджет – экономиканы мемлекеттік басқарудың құралы ретінде ………………………………………………………….
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық маңыздылығы және оны реттеу …………………………………………………...
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі …………………...
Мемлекеттік бюджетті жоспарлау мен жобалаудың теориялық және методологиялық аспектілері ……………………………….
2. Қазақстан Республикасының бюджеттік жоспарлаудың қазіргі жағдайын аналитикалық бағалау………………………………………
Қазіргі жағдайдағы бюджеттің орындалуына талдау…………...
2.2 2005 жылғы республикалық бюджет туралы…………………….
3. Қазақстан Республикасы бюджеттік үрдістің нарықтық
экономикадағы маңызы …………………………………………………
3.1 Қазақстан Республикасындағы бюджеттік үрдістің қазіргі
жағдайы ………………………………………………………………….
3.2 Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің жаңа қағидаларын
дамыту. …………………………………………………………………
Қорытынды …………………………………………………………………
Қолданылған әдебиеттер тізімі …………………………………………...

Вложенные файлы: 1 файл

Мемлекеттік бюджет.doc

— 491.50 Кб (Скачать файл)

 Мемлекеттiк мекемелердің  тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн  қызметтердi) сатудан түскен өздерiнiң  иелiгiнде қалатын ақша түсiмдерi мен шығыстарының тиiстi қаржы жылына арналған болжамы бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша жасалып, бюджеттiк өтiнiммен бiрге табыс етiледi.      

5. Бюджеттiк бағдарламалардың (iшкi бағдарламалардың) тiзбесi белгiленген нысанда өткен жылғы есептiлiк деректерiн, ағымдағы жылға арналған жоспарлы көрсеткiштердi және алдағы үш жылдық кезеңге арналған болжамды көрсеткiштердi көрсете отырып, алдағы үш жылдық кезеңге әкiмшi жоспарлайтын бюджеттiк бағдарламаларды айқындайды.      

6. Бюджеттiк бағдарламаға  түсiндiрме жазба жоспарланып  отырған бюджеттiк бадарламаның  қысқаша сипаттамасын айқындайды, оның мәнiн, республиканың немесе  аймақтың әлеуметтiк-экономикалық  дамуына қажеттiгi мен рөлiн ашып  көрсетедi, өткен жылғы бюджеттiк өтiнiмнен ауытқу себептерiн көрсетедi.     

7. Бюджеттiк бағдарлама (iшкi бағдарлама) паспортының жобасы  бюджеттiк бағдарламаның мақсаттарын, мiндеттерiн, нормативтiк-құқықтық негiздемесiн, күтiлетiн нәтижелерiн, iс-шараларын, жауапты орындаушыларын, орындау мерзiмдерiн, ұлттық валютамен көрсетiлген құнын, қаржыландыру көздерiн айқындайтын құжат болып табылады.      

  8. Бюджеттiк бағдарлама (iшкi бағдарлама) бойынша шығыстардың есебi бекiтiлген заттай нормалар ескерiле отырып айқындалатын бюджеттiк бағдарламалардың сандық және құндық көрсеткiштерiн ашып көрсетедi.      

  9. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi бюджеттік бағдарламаларды бюджеттiк кредит беру арқылы iске асыруды ұсынған жағдайда, осы бюджеттiк бағдарламалар бойынша бюджеттiк өтiнiм мынадай құжаттарды, соның iшiнде инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) дайындау мен iрiктеу кезiнде қалыптастырылған құжаттарды:     

  1) бюджеттiк кредит  берудiң мақсатына, принциптерiне, өлшемдерiне, бағыттарына бюджеттiк бағдарламаның  сәйкестiгi негiздемесiн қоса алғанда, бюджеттiк бағдарламаны бюджеттiк кредит беру арқылы iске асырудың мақсатқа сай екендiгiнiң негiздемесiн;     

  2) бюджеттiк кредит  беру объектiлерiне және (немесе) бағыттарына қажеттiлiк негiздемесiн;      

   3) бюджеттiк кредиттер шарттарының негiздемесiн;      

   4) бюджеттiк кредит  беру өтелiмдiлiгiнiң есебiн;     

   5) жұмысқа тартылған  жағдайда, сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң (агенттердiң) көрсеткен қызметiне  ақы төлеу мөлшерiнiң негiздемесiн  қосымша қамтуға тиiс.     

  10. Бюджеттiк өтiнiмдi жасау мен ұсыну тәртiбiн бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындайды. Бюджеттiк өтiнiмдердi қарау

1. Бюджеттiк өтiнiмдердi бюджеттiк  жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган  қарап, оларға бағалау жүргiзедi және  солар бойынша тиiстi қорытынды дайындайды.      

 Бюджеттiк бағдарлама  әкiмшiсi бюджеттiк өтiнiмдi шығыстар  лимитi шегiнде енгізуге мiндеттi.      

2. Бюджеттiк комиссия  бюджеттiк өтiнiмдер мен бюджеттiк  жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органның  қорытындысын қарап, олар бойынша шешiм қабылдайды.     

3. Бюджеттiк бағдарламалар  әкiмшiлерi мен бюджеттiк жоспарлау  жөнiндегi уәкiлеттi органның арасындағы  келiспеушiлiктердi бюджеттiк комиссия  қарайды.     

4. Бюджеттiк комиссия  бюджеттiк бағдарламалар бойынша  түпкiлiктi шешiм қабылдағаннан кейiн бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi қосымша өтiнiмдердi ұсынуға құқылы емес.     

 Тиiстi қаржы жылына  арналған республикалық бюджет  туралы заңның жобасын әзiрлеу.      

1. Бюджеттiк жоспарлау  жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган  Республикалық бюджеттiк комиссия қабылдаған шешiмдердiң негiзiнде алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының түпкiлiктi нұсқасын жасап, оны Республикалық бюджеттiк комиссияның қарауына енгiзедi.      

     2. Алдағы қаржы  жылына арналған республикалық бюджет жобасының түпкiлiктi нұсқасын қарау және айқындау жоспарланып отырған қаржы жылының алдындағы жылдың 1 тамызынан кешiктiрiлмей аяқталады.     

    3. Тиiстi қаржы  жылына арналған республикалық  бюджет туралы заң жобасының  мәтiнiнде:     

  1) алдағы қаржы жылындағы республикалық бюджет кiрiстерiнiң, шығындарының, операциялық сальдосының, таза бюджеттiк кредит беруiнiң, қаржы активтерiмен жүргiзiлетiн операциялар бойынша сальдосының, тапшылығының (профицитiнiң), тапшылығын қаржыландырудың (профициттi пайдаланудың) көлемдерi;     

    2) жалақының, зейнетақының, айлық есептiк көрсеткiштiң ең  төменгi мөлшерi; 
         3) жергiлiктi бюджеттерден республикалық бюджетке бюджеттiк алып қоюлар көлемi;      

  4) республикалық бюджеттен  жергiлiктi бюджеттерге берiлетiн бюджеттiк субвенциялар көлемi;     

      5) Қазақстан  Республикасы Yкiметiнiң резервi мөлшерi;      

   6) Қазақстан Республикасының  мемлекеттiк кепiлдiктерi бойынша  мiндеттемелердi орындау сомасы;     

      7) Қазақстан  Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктер беру лимитi;     

      8) Үкiметтiк  борыш лимитi;     

            9) басқа да ережелер болуға  тиiс.     

  4. Тиiстi қаржы жылына  арналған республикалық бюджет  туралы заңның жобасына:     

  1) осы Кодексте белгiленген  құрылым бойынша тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiң жобасы қоса тiркеледi. Бұл ретте түсiмдер - санаттар, сыныптар және iшкi сыныптар бойынша баяндалады, ал шығыстар функционалдық топтар, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi және бюджеттiк бағдарламалар бойынша баяндалады. "Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профициттi пайдалану)" бөлiмi жалпы сомамен ұсынылады; 
         2) республикалық бюджетке шикiзат секторы ұйымдарынан түсетiн түсiмдер көлемi;     

  3) республикалық меншiкте  тұрған және кен өндiрушi және өңдеуші салаларға жататын мүлiктi жекешелендiруден түсетiн түсiмдер көлемi;     

  4) бюджеттiк инвестициялық  жобаларды (бағдарламаларды) iске асыруға  және заңды тұлғалардың жарғылық  капиталын қалыптастыруға немесе  ұлғайтуға бағытталған бюджеттiк  бағдарламаларға бөлiнген, республикалық бюджеттiң бюджеттiк даму бағдарламаларының тiзбесi;     

   5) республикалық және  жергiлiктi бюджеттердi атқару процесiнде  секвестрлеуге жатпайтын республикалық  және жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар  тiзбесi;     

  6) басқа да деректер қоса тiркеледi.     

  5. Тиiстi қаржы жылына  арналған республикалық бюджеттiң  бекiтiлетiн тапшылығының (профицитiнiң) мөлшерi жалпы iшкi өнiмге ақшалай  түрде және процентпен көрсетiледi.     

   6. Алдағы қаржы  жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган ағымдағы жылдың 15 тамызынан кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Үкiметiне қарауға табыс етедi.     

    7. Орталық мемлекеттiк  органдар жаңа қаржы жылы басталғанға  дейiн алдағы үш жылдық кезеңге арналған мемлекеттiк және республикалық бюджеттердiң болжамды көрсеткiштерiн ескере отырып, орындалуы бюджет қаражатының қосымша жұмсалуына әкеп соғатын қолданыстағы нормативтiк құқықтық актiлерге талдау жүргiзедi және олардың күшiн жою, тоқтата тұру немесе оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы ұсыныстар әзiрлейдi.      

 Республикалық бюджет жобасын қарау мен бекiту   туралы жалпы ережелер:      

1. Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын Қазақстан Республикасының Үкiметi жоспарланып отырған жыл алдындағы жылдың 1 қыркүйегiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Парламентiне енгiзедi.      Қазақстан Республикасының Үкiметi алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасымен бiр мезгiлде мынадай құжаттарды және материалдарды:     

1) әлеуметтiк-экономикалық дамудың орта мерзiмді жоспарын;     

2) алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзiмдi фискалдық саясатты;     

3) республикалық бюджеттiк бағдарламалар паспорттарының жобаларын;     

  4) республикалық бюджеттiң түсiмдерi бойынша негiздемелер мен болжамдық есептердi;     

  5) соңғы есептiлiк күнгi жағдай бойынша мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген борыштың жайы туралы деректердi;     

   6) алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасында негiзге алынған шешiмдердi ашып көрсететiн түсiндiрме жазбаны табыс етедi.     

   2. Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасы Парламентi Палаталарының бiрлескен отырысында кемiнде екi оқылымда және ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан кешiктiрiлмей бекiтiледi.     

   3. Қазақстан Республикасының Парламентi ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейiн алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды қабылдамаған жағдайда, Қазастан Республикасының Президентi алдағы қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған республикалық қаржылық жоспар туралы жарлық шығаруға құқылы, ол республикалық бюджеттi Қазақстан Республикасының Парламентi бекiткенге дейiн қолданылады.      Алдағы қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары ағымдағы жылдың 30 желтоқсанынан кешiктiрiлмей алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының төрттен бiр бөлiгі көлемiнде бекiтiледi.      Республикалық қаржы жоспарының атқарылуы осы Кодексте белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.     

     4. Кезектi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған республикалық қаржылық жоспар бекiтiлген жағдайда, осы қаржы жылына арналған республикалық бюджет сол жылғы 1 наурыздан кешiктiрiлмей  тиiс.      Бұл ретте аталған қаржы жылына арналған республикалық бюджет сол жылдың бiрiншi тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары ескерiле отырып бекiтiледi.     

     5. Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң қосымшаларымен, Қазақстан Республикасы Президентiнiң алдағы қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары туралы Жарлығы қосымшаларымен бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.        

   Өкiлдi органдардың бюджет жобасын қарауының негізгі принциптерi.     

1. Өкiлдi органдар бюджет жобасын қараған кезде мынадай принциптердi:      1) негiздiлiк принципiн;      2) бюджеттiң теңдестiрiмдiлігін сақтау принципiн ұстанады.     

2. Негіздiлiк принципi депутаттардың бюджет жобасына өзгерiстер немесе толықтырулар енгiзу туралы кез келген ұсыныстары,  тиiстi есептердi оларға қоса тiркей отырып, осы түзетулердi енгiзудiң қажеттiгiн, олардың әлеуметтiк-экономикалық даму басымдықтарына сәйкестiгiн жазбаша баяндаумен қатар жүруге тиiс екендiгiн бiлдiредi.     

3. Бюджеттiң теңдестiрiмдiлiгiн сақтау принципi депутаттар бюджет жобасына кез келген өзгерiс пен толықтыру енгiзген кезде бюджет тапшылығының мөлшерiн бюджет жобасында белгiленген деңгейден асырмай сақтау үшiн түсiмдердiң қосымша көздерi не қысқартылатын шығыстар айқындалуға тиiс екендiгін бiлдiредi.       

 Республикалық бюджет жобасын Қазақстан Республикасының Парламентiнде қарау.     

    1. Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсi мен Сенатының жалпы отырыстарында талқылау Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген адамның (адамдардың) Қазақстан Республикасының орта мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық даму жоспары, орта мерзiмдi фискалдық саясат және тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасы бойынша, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Төрағасының ақша-кредит саясаты бойынша баяндамаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентiнiң палаталары уәкiлеттiк берген адамдардың заң жобасы бойынша қорытындыларымен қоса баяндамаларын қамтиды. 
        2. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң палаталары жалпы отырыстарда алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасы бойынша республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi басшыларының сөздерiн тыңдауға құқылы.     

                3. Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасы Қазақстан Республикасы Парламентi палаталарының бiрлескен отырысында кемiнде екi оқылымда қаралады.      Талқылау Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген адамның (адамдардың) Қазаєстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспары, орта мерзiмдi фискалдық саясат және тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасы жөнiндегi, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Төрағасының ақша-кредит саясаты жөнiндегi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Палаталары уәкiлеттiк берген адамдардың заң жобасы бойынша қорытындыларымен қоса баяндамаларын қамтиды.      

Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық 
бюджеттi бекiту.

Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттi бекiту Қазақстан Республикасы Парламентi палаталарының бiрлескен отырысында заң қабылдау арқылы жүзеге асырылады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Қазақстан Республикасының бюджеттік жоспарлаудың қазіргі жағдайдайын аналитикалық бағалау

 

2.1 Қазіргі жағдайдағы  бюджеттің орындалуына талдау

 

Республикалық және жергілікті бюджеттердің орындалуын 2004 жылдың мәліметтерімен талдайық.

Информация о работе Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті: реттеу, жоспарлау және жобалау