Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2015 в 16:41, дипломная работа
Өкіметтің таңдап алған экономикалық саясаты негізінде жасалынатын әрбір дамып жатқан қоғамның экономикалық құрылымның құрылуында және дамуында алдыңғы, аңықтаушы рөлді мемлекеттік реттеу алады. Соның ішінде мемлекетке өзінің экономикалық және әлеуметтік реттеуін іске асыруға беретін аса маңызды механизмдердің бірі – қоғамның қаржы жүйесі. Осы қаржы жүйесінің ең маңызды саласы – мемлекеттік бюджет. Осы қаржы жүйесі арқылы мемлекет мемлекеттік органдарға жүктелген қызметтерін орындауға мүмкіндік беріп, орталықтанған және орталықтанбаған қаржы қорларының құрылуына ықпал етеді.
Кіріспе ………………………………………………………………………
1. Мемлекеттік бюджет – экономиканы мемлекеттік басқарудың құралы ретінде ………………………………………………………….
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық маңыздылығы және оны реттеу …………………………………………………...
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі …………………...
Мемлекеттік бюджетті жоспарлау мен жобалаудың теориялық және методологиялық аспектілері ……………………………….
2. Қазақстан Республикасының бюджеттік жоспарлаудың қазіргі жағдайын аналитикалық бағалау………………………………………
Қазіргі жағдайдағы бюджеттің орындалуына талдау…………...
2.2 2005 жылғы республикалық бюджет туралы…………………….
3. Қазақстан Республикасы бюджеттік үрдістің нарықтық
экономикадағы маңызы …………………………………………………
3.1 Қазақстан Республикасындағы бюджеттік үрдістің қазіргі
жағдайы ………………………………………………………………….
3.2 Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің жаңа қағидаларын
дамыту. …………………………………………………………………
Қорытынды …………………………………………………………………
Қолданылған әдебиеттер тізімі …………………………………………...
Iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган:
1) мемлекеттiк єаржылық бақылау
объектiлерi қызметiнiң Қазақстан
Республикасының заңдарына
2) республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы, ол бойынша есеп және есептiлiк жүргiзу, байланысты гранттардың, мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың, мемлекет активтерiнiң, мемлекеттiк мекемелердiң тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) сатуынан түскен өз иелiктерiнде қалатын ақшаның пайдаланылуы бөлiгiнде Қазақстан Республикасының заңдары талаптарының бұзылу себептерiне баға бередi;
3) бақылау iс-шараларының
қорытындылары бойынша
4) Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес өзге де
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихаты:
1) жергiлiктi бюджеттi және оның атқарылуы туралы жылдық есептi бекiтедi;
2) жергiлiктi бюджеттiң атқарылуын
сыртқы бақылауды жүзеге
3) жергiлiктi бюджеттiң атқарылуына сыртқы бақылау жүргiзу туралы есептердi қарайды;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiгi:
1) жергiлiктi бюджет жобасын әзiрлейдi және оны мәслихатқа табыс етедi;
2) жергiлiктi бюджеттiң атқарылуын қамтамасыз етедi және мәслихатқа оның атқарылуы туралы жылдық есептi табыс етедi;
3) тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы жергiлiктi өкiлдi органның шешiмiн iске асыру туралы қаулы қабылдайды;
4) жергiлiктi атқарушы органның орта мерзiмдi фискалдық саясатын бекiтедi;
5) экономикалық, бюджеттiк жоспарлау, бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдарды құрады;
6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясын құрады, ол туралы ереженi бекiтедi, оның құрамын айқындайды;
7) Бюджеттік Кодексте көзделген жағдайларда тиiстi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған жергiлiктi қаржы жоспарын бекiтедi;
8) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
1. Бюджеттiк комиссия - бюджет
жобасын уақтылы және сапалы
әзiрлеу мен бюджеттi нақтылау
және атқару жөнiнде ұсыныстар
жасауды қамтамасыз ету
2. Республикалық бюджеттiк
Бюджеттiк комиссиялардың құзыретiне:
1. Бюджеттiк комиссиялардың құрамына:
- бюджеттiк комиссияның төрағасы;
- бюджеттiк комиссия төрағасының орынбасарлары;
- бюджеттiк комиссияның хатшысы;
- бюджеттiк комиссияның мүшелерi кiредi.
2. Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi органдар тиiсiнше бюджеттiк комиссиялардың жұмыс органы болып табылады.
3. Бюджеттiк комиссияның төрағасы оның қызметiне басшылыұ жасайды, бюджеттiк комиссияның отырыстарын өткiзедi, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерiнiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және комиссия жүзеге асыратын қызметке жауапты болады.
Бюджеттiк комиссияның
төрағасы болмаған кезде оның
функцияларын бюджеттiк
4. Бюджеттiк комиссияның хатшысы бюджеттiк комиссияның қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi жұмысты үйлестiредi, бюджеттiк комиссия отырыстарының хаттамаларын дайындайды.
5. Жұмыс органы
бюджеттiк комиссия
1.2 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі
Бюджет жүйесі ең алдымен, мемлекеттің құрылымымен анықталады. Унитарлық мемлекеттердің бюджет жүйесі екі буынды қамтиды: республикалық және көптеген жергілікті бюджеттер. Ал федеративті мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан – федеральды бюджет немесе орталық үкіметтің бюджетінен, федерация мүшелерінің бюджетінен (АҚШ-тағы штаттардың, Германиядағы жерлердің, Канададағы провинциялардың, Ресейдегі Федерация субъектілерінің), жергілікті бюджеттерден құралады.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі экономикалық қатынастар мен сәйкес құқықтық нормаларға негізделген әр түрлі деңгейдегі бюджеттерді қамтиды. Бюджеттің әр түрлі деңгейлері жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын республикалық және жергілікті бюджеттердің болуын көздейді.
1-сурет
Республикада келесі деңгейлердің бюджеті бекітіледі, орындалады және дербес болып табылады:
Республикалық бюджет салықтық және басқа да түсімдерден құралатын, орталық мемлекеттік органдардың, оларға бағынышты мекемелердің міндеттері мен функцияларын орындауды және мемлекеттік саясаттың жалпыреспубликалық бағыттарын жүзеге асыруды қаржылық жағынан қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры. Облыстық бюджет, республикалық маңыздағы қала, астана бюджеті салықтық және басқа да түсімдерден құралатын, облыстық, республикалық маңыздағы қала, астана деңгейіндегі жергілікті мемлекеттік органдардың, оларға бағынышты мекемелердің міндеттері мен функцияларын орындауды және сәйкес әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды қаржылық жағынан қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры. Ол сәйкес әкімшілік-аумақтық бірліктегі маслихат шешімімен бекітіледі.
Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi
1. Осы Кодекспен айқындалған
салықтық және басқа да
2. Тиiстi қаржы жылына арналған аудан (облыстық
маңызы бар қала) бюджетi аудан (облыстық
маңызы бар қала) мәслихатының шешiмiмен
бекiтiледi.
Төтенше мемлекеттiк бюджет.
1. Төтенше мемлекеттiк бюджет республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң негiзiнде қалыптастырылады және Қазақстан Республикасындағы төтенше немесе соғыс жағдайларында енгiзiледi.
2. Төтенше мемлекеттiк бюджеттi бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган әзiрлейдi және ол Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен бекiтiледi.
3. Қазақстан Республикасының
бүкiл аумағында төтенше
4. Төтенше мемлекеттiк
бюджеттiң қабылданғаны туралы
Қазақстан Республикасының
5. Төтенше мемлекеттiк бюджеттiң қолданылу уақытына тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның және тиiстi қаржы жылына арналған барлық деңгейлердегi жергiлiктi бюджеттер туралы мәслихаттар шешiмдерiнiң қолданылуы тоқтатыла тұрады.
6. Төтенше мемлекеттiк бюджет төтенше немесе соғыс жағдайы енгiзiлген мерзiм iшiнде қолданыста болады.
Төтенше мемлекеттiк
бюджеттiң қолданылуы
7. Қазақстан Республикасының
жекелеген жерлерiнде төтенше
жағдай енгiзiлген ретте төтенш
8. Қазақстан Республикасының
бiрнеше аймақтарының
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры
1. Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң Қазақстан
2. Қазақстан Республикасының
Ұлттық қоры мемлекеттiң
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры жинақтау және тұрақтандыру функцияларын жүзеге асырады. Жинақтау функциясы қаржылық активтердiң және, материалдық емес активтердi қоспағанда, өзге де мүлiктердiң қорлануын қамтамасыз етедi. Тұрақтандыру функциясы шикiзат ресурстарына әлемдiк бағаның конъюнктурасына республикалық бюджеттiң тәуелдiлiгін төмендетуге арналған.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдалану дүниежүзiлiк және iшкi тауар мен қаржы рыноктарының конъюнктурасы, мемлекеттегi және шет елдердегi экономикалық жағдай, республиканың әлеуметтiк-экономикалық дамуының басымдықтары ескерiле отырып, бұл ретте макроэкономикалық және фискалды тұрақтылық және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi сақтала отырып айқындалады.
5. Қазақстан Республикасы
Ұлттық қорының түсiмi мен жұмсалуы
ұлттық және шетелдiк
6. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiк басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi арасында жасалатын сенiмгерлiк басқару туралы шарттың негiзiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. Мемлекеттік бюджет республикалық және жергілікті бюджеттердің арасындағы өзаратөлем операцияларын ескермегендегі олардың жиынтығы болып табылады. Сонымен, бюджет жүйесінің жұмыс істеуі әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің өзара байланысына негізделген және оларды жасақтау, қарау, бекіту, орындау, бақылау тәртібімен, сондай-ақ, республикалық және жергілікті бюджеттердің орындалуы туралы есеппен қамтамасыз етіледі.
Бюджет жүйесін ұйымдастыру келесідей негізгі қағидаларға сүйенуі тиіс: біртұтастық қағидасы ұйымдық-экономикалық орталықтандырылған бюджет жүйесін көрсетеді; толықтылық қағидасы бойынша үкіметтің барлық қаржылық операцияларының бюджетте жинақталған және барлық түсетін табыстар мен жұмсалған шығындарды білдіреді; нақтылық қағидасы қаржылық операциялардың бюджеттегі нақты көрінісін, бюджеттік бұрмалаушылықты болдырмау қажеттілігін қарастырады; жариялылық қағидасы бойынша бюджеттердің шығындары мен табыстары туралы мәліметтер баспасөз беттерінде жарияланады. Дегенмен, қазіргі кезеңде Қазақстанның бюджет жүйесінде осы қағидалар толық орындалып отыр деп тұжырым жасауға болмайды. Бүгінгі күні бюджет жүйесіндегі бюджетаралық қатынастардың реттелмегендігі күрделі мәселелердің біріне айналды. Сондықтан бюджетарлық қатынастарды жетілдіру мәселелеріне жеке бөлім арналып отыр.
Информация о работе Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті: реттеу, жоспарлау және жобалау