Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті: реттеу, жоспарлау және жобалау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2015 в 16:41, дипломная работа

Краткое описание

Өкіметтің таңдап алған экономикалық саясаты негізінде жасалынатын әрбір дамып жатқан қоғамның экономикалық құрылымның құрылуында және дамуында алдыңғы, аңықтаушы рөлді мемлекеттік реттеу алады. Соның ішінде мемлекетке өзінің экономикалық және әлеуметтік реттеуін іске асыруға беретін аса маңызды механизмдердің бірі – қоғамның қаржы жүйесі. Осы қаржы жүйесінің ең маңызды саласы – мемлекеттік бюджет. Осы қаржы жүйесі арқылы мемлекет мемлекеттік органдарға жүктелген қызметтерін орындауға мүмкіндік беріп, орталықтанған және орталықтанбаған қаржы қорларының құрылуына ықпал етеді.

Содержание

Кіріспе ………………………………………………………………………
1. Мемлекеттік бюджет – экономиканы мемлекеттік басқарудың құралы ретінде ………………………………………………………….
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық маңыздылығы және оны реттеу …………………………………………………...
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі …………………...
Мемлекеттік бюджетті жоспарлау мен жобалаудың теориялық және методологиялық аспектілері ……………………………….
2. Қазақстан Республикасының бюджеттік жоспарлаудың қазіргі жағдайын аналитикалық бағалау………………………………………
Қазіргі жағдайдағы бюджеттің орындалуына талдау…………...
2.2 2005 жылғы республикалық бюджет туралы…………………….
3. Қазақстан Республикасы бюджеттік үрдістің нарықтық
экономикадағы маңызы …………………………………………………
3.1 Қазақстан Республикасындағы бюджеттік үрдістің қазіргі
жағдайы ………………………………………………………………….
3.2 Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің жаңа қағидаларын
дамыту. …………………………………………………………………
Қорытынды …………………………………………………………………
Қолданылған әдебиеттер тізімі …………………………………………...

Вложенные файлы: 1 файл

Мемлекеттік бюджет.doc

— 491.50 Кб (Скачать файл)

      Қазақстан  Республикасында бюджеттің құрылуы  бюджеттік заявкалардың қосылуына  және бюджеттік ұйымдар арасында шектеулі қаражаттың  ары қарай нақты бөлінуіне келіп тоқталуда. Нәтижесінде өз кезегінде төлемсіздік тізбегін әкелетін, несиелік қарыз тудыратын,”нақты емес” бюджет құрылатын. Әсіресе, арнайы шоттар мәселесін айта кету керек. Олардың бар болуы тиімді жоспарлау сұрағын бұзатын:  тәжірибеде арнайы шоттар арқылы бір соманы қабылдау кезінде мемлекеттік органдар қосымша пайда алатын, сөйтіп, олар коммерциялық іс-әрекетке бағытталған және, көбінесе, өздерінің негізгі функцияларына «тиімсіз» жұмыс істеген.

       Сонымен, бюджетті құру процессі мемлекеттің  нақты мәселелерін шешуге көмектеспеді  және де ең бастысы қабылдау  керек болған шаралардың, және  іске асыруға жататын бағдарламалардың    қаржылық қамтамасыз ету сұрақтарын  шешпеді. Бюджетті құру және қабылдау кезінде бағдарламалық приоритеттер есептелмеген жағдайда, елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін шешу өте қиын.

      Мысалы, осы  жылдың бірінші кварталында мемлекеттік  бюджеттен әр түрлі бюджеттік  бағдарламаларды жүзеге асыру  үшін 264,9 млрд.теңге шығындалған. Бұл көрсеткіш  жылдың алғашқы үш айында әубастан жоспарланған шығынның сомасынан 80% аз шаманы құрайды. Айта кететін жайт, бұл жерде тек қана қажетті, бірақ жоспарланбаған нәрселерге бюджеттік қаражаттың шашылуы туралы айтылып тұрған жоқ,сонымен қатар облыстық өкілдердің республикалық бюджеттік комиссия алдында айқай-шумен қорғаған бағдарламаларының қаржыландырылусыз қалды деген сөз.Қаржы Министрлігігің есебі бойынша мұндай «қаржылық диетадан» зардап көргендер отынды-энергетикалық комплекс және жер қойнауын қолдану (мұнда бірінші кварталда жоспарланған істің тек жартысы ғана қаржыланд ырылған), ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау (60%-дан аз), мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік (70%-дан аз).

      Көптеген  аймақтарда бірінші кварталда  өздерінің «аймақтық» қаражаттарын  дұрыс қолдана алмаған. Бұл жерде  көзге түскендер, олар Батыс Қазақстан, Қарағанды және Жамбыл облыстары, сонымен қатар Астана және  Алматы қалалары. Бұнымен қатар  басқа барлық аймақтарда қазна табысы бюджетті құрған кезде жоспарланғаннан көп болып шықты. Нәтижесінде, алғашқы үш ай қортындысы бойынша барлық аймақтарды қоса алғандағы фактілі табыстары шығындарынан асып түсіп, 22 млрд.теңгені құрады.

      Бұл жоспарланбаған  миллиардтар ең бастысы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің  көп штаттарына және оның аймақтық бөлімшелеріне қарамастан, біздің елімізде сапалы бюджеттік жоспарлаудың жоқ екенін дәлелдейді.

      Жалпы елде 1999 жылдан бастап жоспарлаудың  жаңа жұмыстары жүргізіле басталған. Жаңа әдістер мен процедуралар бюджеттік  қаражатты тиімді және нәтижелі босатуға көңіл аударумен бюджеттік жоспарлау процесіне енгізілді. Бұл, ең бастысы, қойылған мемлекеттік мақсатқа жету үшін қажетті осы мақсаттардың табыс көлемімен есебін, жоспарланатын жүйе үшін басты мақсаттарды шешуге бағытталуын, ресурстардың бір қалыпты концентрациясын, салық төлеуші қаражаттарының мүмкіншіліктерін және басқа да мемлекеттік табысты жалпы мемлекеттік бағдарламамен өлшемдеуді талап етеді.

       Бюджеттік жоспарлаудың жақсаруына республикада бюджеттік бағдарламалау әдісінің енгізілуі ықпал етті. Бұл әдіс бағдарлама әкімшіліктері арасында ресурстарды бөлу, мемлекеттік приоритеттерді басқару мен құру үшін негіз болып табылады. Сонымен қатар бюджеттік бағдарламалаудың артықшылығы құрылатын бюджеттің негіздемелі болуын қамтамасыз ету, бағдарлама жасалуының нәтижесіне көңіл бөлу; транспарантты ақпаратты қоғамға көрсете алу мүмкіндігін ашу және есепберудің жоғары болуы болып табылады.

         Бюджетті жоспарлау процесіндегі позитивті өзгерістерге қарамастан, тәжірибеде жаңа нормалардың іске асуы нашар болып келеді. Оның ішінде негізгілері:

       ─ республикалық  бюджетті құру кезіндегі есептелетін  негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің  толық бағаланбауы;

       ─    жергілікті бюджеттердің қаржылық  міндеттерін жүзеге асыру кезінде  белгілі бір қиыншылықтарға әкелетін, республикалық бюджет пайдасына  келетін салықтық түсімдердің  орталықтандырылуы;

       ─    мақсаттар мен мәселелердің негізделуінің жеткіліксіздігі;

       ─ жыл  бойы республикалық бюджеттік  бағдарламаның  теңсіз орындалуы,  және керісінше қаржылық жылдың  соңында орындалуы;

       ─ бөлек  республикалық бюджеттік бағдарламалардың  орындалмауы немесе толық орындалмауы.

       Бюджетті жоспарлау негіздері. Бюджеттi жоспарлау туралы жалпы ережелер.     

1. Бюджеттi жоспарлау жоспарланып  отырған кезң¦ге арналған бюджет  түсiмдерiнiң көлемiн және басымдықты  ескере отырып, мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық  даму мiндеттерiне сәйкес оларды  пайдалану бағыттарын айқындау жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу процесi болып табылады.     

2. Бюджет бiр қаржы  жылына жоспарланады. Кезектi қаржы  жылына арналған бюджеттiң жобасымен  бiр мезгiлде алдағы үш жылдық  кезеңге арналған бюджеттiң болжамы  жасалады.     

3. Республикалық бюджеттiң  жобасын әзiрлеу тәртiбiн Қазақстан  Республикасының Президентi айқындайды. Жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын  әзiрлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының  Үкiметi айқындайды.

Бюджеттi жоспарлау принциптерi:      

1) сабақтастық принципi - бюджеттi алдыңғы кезеңде негiзге алынған орта мерзiмдi фискалдық саясат бағыттарын сақтап, өткен және ағымдағы қаржы жылдары бюджетiнiң атқарылу нәтижелерiн ескере отырып жоспарлау;     

2) басымдық принципi - бюджеттi алдағы орта мерзiмдi кезеңге арналған әлеуметтiк-экономикалық дамудың басым бағыттарын сақтай отырып жоспарлау;     

3) негiздiлiк принципi - бюджеттi нормативтiк құқықтық актiлер  және бюджет жобасына белгiлi бiр  түсiмдердi немесе шығыстарды енгiзу  қажеттiгiн айқындайтын басқа  да құжаттар негiзiнде жоспарлау және олардың көлемдерiнiң негiздiлiгi бюджеттi жоспарлаудың негiзгi принциптерi болып табылады.      

 Алдағы үш жылдық  кезеңге арналған орта мерзiмдi фискалдық саясатты айқындау.

1. Орта мерзiмдi фискалдық  саясат алдағы үш жылдық кезеңге арналған салық-бюджет саясатын, соның iшiнде:

- мемлекеттiк, республикалық  және жергiлiктi бюджеттердiң болжамдық  көрсеткiштерiн;

- бюджеттiк бағдарламалардың  өткен кезеңнiң iшiнде iске асырылу  тиiмдiлiгiн бағалау нәтижелерiн;

- бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттарын;

- республиканың немесе  аймақтың әлеуметтiк-экономикалық  дамуының негiзгi бағыттарын iске  асырудың тәсiлдерiн;

- бюджетаралық қатынастардың  даму бағыттарын;

- мемлекеттiк және мемлекет  кепiлдiк берген қарыз алу мен  борыш саласындағы саясатты;

- ықтимал фискалдық тәуекелдердi айқындайтын құжат болып табылады.      

2. Орта мерзiмдi фискалдық  саясат республиканың немесе  аймақтың орта мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық  даму жоспары негiзiнде, өткен  қаржы жылы бекiтiлген орта  мерзiмдi фискалдық саясат, мемлекеттiк, салалық (секторлық), аймақтық бағдарламалар, өткен қаржы жылы iшiнде бюджеттiң атқарылуын талдау мен бағалау ескерiле отырып, оның негiзгi бағыттары жыл сайын түзетiлiп үш жылдық кезеңге әзiрленедi.     

3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзiмдi фискалдық саясатын Қазақстан Республикасының Yкiмeтi ағымдағы жылдың 1 маусымына дейiн бекiтедi және ол мiндеттi түрде жариялануға жатады.     

 Жергiлiктi атқарушы органның  алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзiмдi фискалдық саясатын жергiлiктi атқарушы органдар ағымдағы жылдың 1 шiлдесiне дейiн бекiтедi және ол мiндеттi түрде жариялануға жатады.     

4. Орта мерзiмдi фискалдық  саясатты әзiрлеу тәртiбiн Қазақстан  Республикасының Үкiметi белгiлейдi.      

 Заттай нормалар     

1. Заттай нормалар - қажеттi материалдық немесе материалдық  емес игiлiктердi тұтынудың немесе  пайдаланудың заттай көрсеткiштерi. Заттай нормаларды қолдану бюджеттi жоспарлау мен атқару кезiнде  мiндеттi болып табылады.     

2. Заттай нормаларды орталық  мемлекеттiк органдар әзiрлейдi және  Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.     

3. Орталық мемлекеттiк  органдар мемлекеттiк бюджеттiң  және республиканың, әлеуметтiк-экономикалық  дамуының болжамды көрсеткiштерiн ескере отырып, Республикалық бюджет комиссиясының қарауына заттай нормаларды өзгерту немесе олардың күшiн жою туралы ұсыныстар енгiзуге құқылы.       

 Бюджет түсiмдерiн болжау      

1. Бюджет түсiмдерiн болжауды  республиканың немесе аймақтың  орта мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық даму жоспары және алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзiмдi фискалдық саясат негiзiнде бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.     

2. Тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) құны түрiндегi бюджетке түсiмдердi көрсетуге өтеусiз техникалық көмек түрiндегi байланысты гранттар алған кезде ғана, сондай-ақ тек Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта көзделген жағдайларда жол берiледi.      

 Бұл ретте шығыстарда  бюджеттiк бағдарлама алынған тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) құнына тең көлемде көзделуге тиiс.     

3. Бюджет түсiмдерiн болжау  әдiстемесiн бюджеттiк жоспарлау  жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган  әзiрлейдi және бекiтедi.     

4. Бюджет түсiмдерiнiң  алдағы қаржы жылына арналған болжамды көрсеткiштерiн бюджет комиссиясы қарап, мақұлдайды.      

 Бюджет шығыстарының  лимиттерiн айқындау.     

1. Бюджеттiк жоспарлау  жөнiндегi уәкiлеттi орган орта мерзiмдi фискалдық саясат негiзiнде ағымдағы  бюджеттiк бағдарламалар мен бюджеттiк  даму бағдарламалары үшiн бюджет  шығыстарының лимиттерiн қалыптастырады.     

2. Бюджет шығыстарының  лимиттерiн бюджет комиссиясы  қарап, мақұлдайды.     

3. Бюджет шығыстары лимиттерiн  бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне  және бюджеттiк даму бағдарламаларына  арналған шығыстар лимиттерiн  бюджеттiк инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iрiктеу үшiн экономикалық жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға жеткiзудi бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк өтiнiмдер жасауы:     

1. Бюджеттiк өтiнiм бюджетті әзiрлеу кезiнде бюджеттiк бағдарламалардың қажеттiгiн негiздеу және оларды қаржыландыру сомаларын айқындау үшiн алдағы қаржы жылына және үш жылдық кезеңге арнап бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi жыл сайын жасап, табыс ететiн құжаттар жиынтығы болып табылады.     

2. Бюджеттiк өтiнiм:     

- бiрыңғай бюджет сыныптамасы;      

- бюджет шығыстарының  лимиттерi;     

- өткен қаржы жылы  бюджеттiк комиссия мақұлдаған  үш жылдық кезеңге арналған  бюджеттiк өтiнiм;     

- республиканың немесе  аймақтың орта мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық даму жоспары және орта мерзiмдi фискалдық саясат;     

- басым бюджеттiк инвестициялық  жобалар (бағдарламалар) тiзбесi негiзiнде  жасалады.     

3. Осы Кодексте көзделген  бюджеттi нақтылау жағдайларын қоспағанда, бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi жыл сайын бiр ғана бюджеттiк өтiнiм жасайды.     

4. Бюджеттiк бағдарламалар  әкiмшiсiнiң бюджеттiк өтiнiмi:     

1) бюджеттiк бағдарламалардың (iшкi бағдарламалардың) тiзбесiн және  олар бойынша шығыстар сомасын;      

2) бюджеттiк бағдарламаға түсiндiрме жазбаны;      

3) бюджеттiк өтiнiмге енгiзiлген  бюджеттiк бағдарлама (iшкi бағдарлама) паспортының жобасын;     

4) кредиторлық берешектiң  жалпы сомасын оның пайда болуының  негiзгi себептерiн көрсетiп, жылдар  бойынша мiндеттi түрде бөле отырып, ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша кредиторлық берешек туралы ақпаратты;      

5) дебиторлық берешектiң  жалпы сомасын оның пайда болуының  негiзгi себептерiн көрсетiп, жылдар  бойынша мiндеттi түрде бөле отырып, ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша дебиторлық берешек туралы ақпаратты;      

6) байланысты гранттар  сомасын жұмсалу бағыттары бойынша  мiндеттi түрде бөле отырып, ағымдағы  қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай  бойынша алынған және пайдаланылған  байланысты гранттар туралы ақпаратты;      

6-1) бюджеттiк жоспарлау  жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган  айқындаған тәртiппен, ағымдағы қаржы  жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша  алынған және пайдаланылған байланысты  емес гранттар туралы ақпаратты;      

7) бюджеттiк өтiнiмге енгiзiлген бюджеттiк бағдарлама (iшкi бағдарлама) бойынша шығыстар есептерiн;     

8) басқа да ақпаратты  қамтиды.     

Информация о работе Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті: реттеу, жоспарлау және жобалау