Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2014 в 14:19, дипломная работа
Қазіргі кезде көпукладты агроқұрылымдарға жеке меншіктегі еркін кәсіпкерлік негізінде өндірісті ұйымдастыру үшін бірқатар заңнамалық және нормативтік базалар жасалған. Бірақ қалыптасқан агроқұрылымдар бәсекеге қабілетті және Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда ұйымына толыққанды мүше болуы мен еліміздің дамуының жаңа кезеңінде әлем рыногындағы жаһандану құбылыстарына сәйкес ұйымдастыру- экономикалық тұрғыдан бірқатар қайта құруларды жүзеге асыруды қажет етеді. Осыған байланысты Елбасымыз Н.Ә.
Кіріспе ------------------------------------------------------------------------3
Мақта саласы және агроқұрылымдардың қазіргі жағдайын талдау---------4
1.1. Қазақстанның оңтүстігінде мақта саласына мамандандырылған агроқұрылымдардың қалыптасуы----------------4
1.2. «Мырзакент» корпорациясы ЖШС әріптестік қатынастағы шаруа (фермер) қожалықтарының параметрды зерттеу-------------------------------------9
2. Агроқұрылымдарды оңтайландыру (ірілендіруді) ұйымдастырудың –экономикалық негіздері.----------------11
2.1. Оңтайландырудың (ірілендірудің) ғылыми - теориялық негіздеріне шолу---------------------------11
2.2. Суармалы жердегі агроқұрылымдарды ірілендірудің қағидаттары мен тәжірибесі.------------
2.3. Ірі агроқұрылымдардың артықшылықтары: «Кетебай» ӨК және «Хает» қауымдастығының жетістіктері----------15
3. Оңтайландырылған (ірілендірілген) мақта өсіретін агроқұрылымдардың типтік моделі параметрлерінің жобасы----------------------------------------------24
3.1. Оңтайландырылған агроқұрылымдардың параметрлері мен егістік құрылым жобасы--------------------------------------------------------------------------24
3.2. Оңтайландырылған (ірілендірілген) агроқұрлымдарда мал шаруашылығын дамыту жобасы-------------------------------------------------------30
Қорытынды ---------------------------------------------------------------------------------33
Пайдаланылған әдебиеттер--------------------------------------------------------------37
Қазақстан Республикасы
Білім және Ғылым министрлігі
Б.Серіков
Мақта саласындағы агроқұрылымдарды оңтайландыру (ірілендіру) және типтік шаруашылық моделінің экономикалық негіздері
Жетісай 2007
Зерттеулер мен ұсыныстар «Сырдария» университеті «Экономика» кафедрасының меңгерушісі, экономика ғылымдарының кандидаты Серіков Б. басшылығында дайындалған.
Зерттеулер мен ұсыныстар мақта саласына мамандандырылған агроқұрылымдардың өндірістік - шаруашылық өңірлерге сәйкестендірілген оңтайлы (ірілендірілген) параметр мөлшерлерін және орта, ірі тауарлы өндірістік құрылымдардың типтік моделін экономикалық негіздеуге бағытталған.
Кітапша мақта саласындағы шаруа (фермер) қожалық басшыларына, мамандарына және орта және ЖОО оқытушы, магистрант және студенттеріне арналады.
Кіріспе
Елімізде ауылшаруашылық саласын реформалау мен оны нарықтық қатынастарға ендіру «Қазақстан-2030» стратегиясына және бірқатар заңнамалар негізінде Үкімет бекіткен стратегиялық бағдарламаға сәйкес жүзеге асырылып келеді. [1]
Қазіргі кезде көпукладты агроқұрылымдарға жеке меншіктегі еркін кәсіпкерлік негізінде өндірісті ұйымдастыру үшін бірқатар заңнамалық және нормативтік базалар жасалған. Бірақ қалыптасқан агроқұрылымдар бәсекеге қабілетті және Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда ұйымына толыққанды мүше болуы мен еліміздің дамуының жаңа кезеңінде әлем рыногындағы жаһандану құбылыстарына сәйкес ұйымдастыру- экономикалық тұрғыдан бірқатар қайта құруларды жүзеге асыруды қажет етеді. Осыған байланысты Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» айдарымен жарияланған Қазақстан халқына арналған Жолдауында еліміз дамуының жаңа кезеңіндегі ішкі және сыртқы саясатындағы аса маңызды отыз бағыты айқындалған. Осы бағыттардың төртіншісінде: «ҚазАгроның» негізгі міндеті – ауыл шаруашылығының өнімділік деңгейін көтеру, жердің тозуының алдын алу, еліміздің су және басқа табиғи ресурстарының пайдалану тиімділігін арттыру, сонымен қатар ескірген аграрлық технологиялардың қолдануына, аграрлық ғылымның кенжелеп дамуына тосқауыл қою, сондай-ақ ұсақ шаруа қожалықтарының бытыраңқылығын еңсеру мәселелерін жүйелі түрде шешу екендігін атап айтқан. [2] Президент атап өткен проблемалардың мақта саласында тікелей қатысы бар.
Аумақта экономикалық реформаларды жүзеге асыруда кейбір объективті және субъективті себептерге байланысты мақта шаруашылығы-мен айналысатын өңірдің табиғи –климаттық жағдайы суармалы жердің ерекшеліктеріне мамандандырылуы, тағы басқалар ескерілмеген. Осындай себептердің нәтижесінде мақта кешенінде шаруашылықты ұйымдастырудың біртұтас экономикалық механизмін қалыптастыру баяу жүзеге асырылуда.
Қазақстанның Оңтүстігінде негізінен техникалық дақыл –мақта өсіріледі. Оның жер көлемі 200 мың гектардан артық суармалы жерді алып жатыр, жалпы ауылшаруашылық өнімі құрылымындағы құны бойынша оның үлес салмағы 40% тең. Ілгергі колхоз, совхоздарға тиісті жер және мүлік жекешелендіруден соң бөлінген пай үлестері өлшемлерінің негізінде құрылған шаруа (фермер) қожалықтары ұсақ тауарлы болып қалыптасты.
Егістік жер көлемінің ұсақтығы (2-3-5га) оның контурларының шектеулі болуы, негізгі құралдардың және қаржының , жалпы өнімнің одан алынатын табыс мөлшерінің аздығы қазіргі замандағы бәсекелестікті арттырудың негізгі болып тұрған инновациялық жаңалықтарды, техникалық жетістіктерді, жоғары өнімділікпен жұмыс атқаратын техниканы агроөндіріске кең түрде ендіру әлеуеті арасында қарама-қайшылықтар туындатып отыр. Сондай-ақ ұсақ тауарлы шаруа (фермер) қожалықтары қаржы тапшылығынан жаңа техниканы сатып алуға немесе лизингке алуға, озық технологияны қолдану мүмкіндіктерінеде ие емес. Ұсақ агроқұрылымдарға қымбат бағалы техниканы сатып алу мен оны пайдалану экономикалық жағынан тиімсіз. Себебі техниканы жылдық нормативтік жүктемемен қамтамасыз ету, тиімді пайдалану проблемалары туындайды. Бірқатар агротехникалық операциялар ескі қарапайым әдістермен көбінесе тозығы жеткен техника күшімен немесе қол еңбегімен орындалады. Осыған орай олар дер кезінде, толық көлемде және сапалы орындалмайды. Артық өндірістік шығындар жұмсалады, еңбек өнімділігі және өндірістің соңғы нәтижелері төмен көрсеткіштермен аяқталады.
Ұсақ тауар өндірушілер өзін-өзі қаржыландыру арқылы ұдайы дамыған өндірісті ұйымдастыруға және бәсекеге қабілетті болуға дәрменсіз болып қалыптасады.
Осындай өндірістік –экономикалық қарама-қайшылықты оңтайлы шешудің жолы: шаруа (фермер) қожалықтарын өз еріктерімен біріктіру арқылы ірілендіру, яғни орта және ірі параметрлі шаруашылық бірліктеріне айналдыра отырып жаңа техниканы, технологияны қолданудың өндірістік –экономикалық әлеуетін нығайту проблемаларын қарастыру.
Біздің зерттеулеріміз бен ізденістеріміздің мақсаты- суармалы жерге мамандандырылған мақта шаруашылығындағы ұсақ агроқұрылымдарды біріктіру арқылы оңтайландырудың (ірілендірудің) экономикалық негіздері мен мақта саласындағы типтік шаруашылықтар моделінің жобасын ұсыну.
1.1. Қазақстанның Оңтүстігіндегі
мақта саласына
Қазақстан Республикасының экономикасын диверсификациялаудың яғни әртараптандырудың маңызды саласы - агроөнеркәсіптік кешенді жаңа инновациялық технологиялар негізінде дамыту. Түрлі кластерлер ұйымдастыру арқылы ауылшаруашылық өнімдерін терең өңдей отырып бәсекеге қабілетті, сапалы да, арзан бағалы дайын азық-түлік, мата, киім-кешек тауарлар өндірісін жүйелі мамандандырудың және қалыптастырудың қажеттілігі артып барады.
Біз қарастырып отырған мәселе - жеңіл өнеркәсіп өндірісінің және сол саланың шикізат базасын құрайтын мақта кешенінің проблемалары мен оларды шешудің жолдары.
Республикалық статистика агенттігінің мәліметтері бойынша жеңіл өнеркәсіп саласы тұрақты тоқырау жағдайынан шыға алған жоқ. Өнеркәсіп өнімнің жалпы көлеміндегі сала өнімнің үлесі 1-2% құрайды, персонал саны азайған, негізгі қызметтен алынған пайдалылық теріс мәнге ие, мата өндіріс-інің қуатын пайдаланудың деңгейі 22,6% құрайды. 2000-2005 жылдары жеңіл және тігін өнеркәсіптерінде өндіріс көлемі 37,8 млрд –тан 30,7 млрд. теңгеге дейін төмендеген. [12]
Бүгінде жеңіл және тігін өнеркәсібі салалары ішкі рынок сұранысының 7-8% ғана қаматамасыз етеді. Мұның басым бөлігі мемлекеттік бұйыртпа есебінен қорғаныс, ішкі істер тағы басқа құқық қорғау органдарының арнайы үлгідегі киімдері құрайды. Еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мақта- мата тауарларымен рыноктың ең кемінде 30% қамтамасыз ету қажет. Сонымен қатар мамандардың әртүрлі болжамдары бойынша мемлекетімізде азық-түліктен басқа тауарлар тобы рыногының бір жылдық сыйымдылығы 1,5-3,0 млрд АҚШ долларына тең. Бұл көрсеткіштің жылдан-жылға жоғарылау тенденциясы байқалады. Осы көрсеткіштің жартысы киім –кешек рыногын құрайды.
Ағымдағы уақытта кәсіпкерлердің шеттен алып келінетін жеңіл өнеркәсіп тауарларына жұмсайтын қаржысының мөлшері 1 млрд АҚШ долларынан артық. Жоғарыда келтірілген сандар елімізде мата, киім-кешекке сұраныстың, рынок сыйымдылығының едәуір екендігінің айқындайды. Осы рынокты игеру үшін мақсатты бағдарламаны жүзеге асыру қажет.
Тарихтан белгілі болғанындай, ХVІІІ ғасырда Ресей мемлекеті өнеркәсібінің дамуы манафактурадан - жіп иіру және мата тоқудан басталған. Тарихшы Л.Миловтың жазулары бойынша «Ресейдің капиталистік қорын жинаудың болашағын қалау жеңіл өнеркәсіптен басталған, бұл сала капиталдың бастапқы қорын жинауға айрықша кезеңге мұқтаж болмастан жедел түрде ішкі рынокты иеленген». [5]
Қытай, Туркия, сондай-ақ Пәкістанда соңғы он жылдағы экономиканың табысты өрлеуіне және халықтың экономикалық реформаларға әлеуметтік тұрғыдан тез икемделуіне жеңіл өнеркәсіптің даму әлеуеті негіз болған, әсіресе өңірлерде жаңа жұмыс орындарын ашудың маңызды рөлі бар.
Қазақстанның Оңтүстік өңірінде осы проблемаларды шешу мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысының мақта өндірісіне мамандандырылған агроқұрылымдардың өндірістік-экономикалық көрсеткіштеріне талдау жасалды.Төмендегі мәліметтер мен ақпараттар аймақтағы қазіргі қалыптасқан жағдайды сараптауға мүмкіндік береді. [13]
Оңтүстік Қазақстан облысындағы жалпы шаруа (фермер) қожалықтары, соның ішінде мақта шаруашылығындағылар саны туралы мәліметтер.
№ |
Қала, аудандар |
Ауылшаруа-шылық құрылымдары-ның саны |
Соның ішінде | |||
Белсенді шаруа қожалықтарының |
Жұмыспен қамтылған адам саны |
Мақташы-лықтағы шаруа қожалықтарының саны |
Мақта шаруашы-лығында қамтылған адам саны | |||
Шымкент |
60 |
32 |
87 |
- |
- | |
Арыс |
576 |
529 |
1627 |
529 |
1580 | |
Кентау |
123 |
110 |
351 |
110 |
351 | |
Түркістан |
5563 |
5535 |
11903 |
3568 |
10740 | |
Бәйдібек |
1435 |
1321 |
2688 |
350 |
1040 | |
Қазығұрт |
3150 |
3150 |
4500 |
105 |
312 | |
Мақтаарал |
22547 |
21527 |
79406 |
21527 |
79406 | |
Ордабасы |
3806 |
3650 |
7041 |
2107 |
6321 | |
Отырар |
1928 |
1827 |
7474 |
1604 |
4346 | |
Сайрам |
3886 |
3650 |
8219 |
- |
- | |
Сарыағаш |
7644 |
7573 |
11844 |
3548 |
10644 | |
Созақ |
446 |
449 |
611 |
- |
- | |
Төлеби |
2609 |
2552 |
5470 |
- |
- | |
Түлкібас |
3465 |
3340 |
6492 |
- |
- | |
Шардара |
4775 |
4742 |
14924 |
4475 |
13425 | |
Облыс бойынша |
60916 |
60157 |
159837 |
37923 |
128161 |
Негіз: ОҚО статистика басқармасының мәліметтері негізінде автор құрастырған.
Облыстық статистика басқармасының шаруа (фермер) қожалықтар-ының қызметі туралы мәліметтерінде, облыс бойынша 2005 жыл қаңтар айының 1 жұлдызына 67,1 мың шаруа (фермер) қожалығы тіркелген, оның 60,1 (мыңды), яғни 89,6% белсенді шаруашылықтар қатарына жатады. [13]
Шаруа (фермер) қожалықтарының басым бөлігі Мақтаарал (барлық шаруашылықтың 33,0%), Сарыағаш (11,4%) аудандарында және Түркістан қаласында (10,6%) тіркелген.
2005 жылдың 1 қаңтарында белсенді шаруа (фермер) қожалықтарында 159,8 мың адам жұмыс істеді, оның 49,7% Мақтаарал, 9,3% Шардара аудандарының шаруашылықтарына тиесілі. Облыс бойынша орта есеппен бір шаруа (фермер) қожалығында үш адам жұмыс істейді.
Төмендегі мәліметтер мен ақпараттар мақта шаруашылығында қалыптасқан қазіргі өндірістік жағдайды сипаттайды.
Агроқұрылымдар санаты бойынша егістік көлемі, жалпы өнім және өнім шығымы туралы мәліметтер.
№ |
Барлығы: |
2001 |
2002 |
2003 |
2004 |
2005 |
% өсімі |
1. |
Мақта алқабы мың, га |
183,9 |
167,8 |
196,4 |
219,3 |
201,2 |
109,4 |
2. |
Жалпы өнім, мың тонна |
417,4 |
360,7 |
402,7 |
467,1 |
465,0 |
111,4 |
3. |
Өнім шығымы, 1 га-дан центнер |
22,7 |
21,5 |
20,5 |
21,3 |
23,1 |
101,3 |
Соның ішінде: | |||||||
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары | |||||||
1. |
Мақта алқабы мың, га |
28,8 |
22,8 |
24,0 |
20,5 |
16,6 |
57,6 |
2. |
Жалпы өнім, мың тонна |
44,3 |
31,7 |
29,6 |
27,1 |
22,4 |
50,6 |
3. |
Өнім шығымы, 1 га-дан центнер |
15,4 |
13,9 |
12,3 |
13,2 |
13,5 |
87,7 |
Шаруа (фермер) қожалықтары | |||||||
1. |
Мақта алқабы мың, га |
127,3 |
116,7 |
162,3 |
198 |
182 |
143,3 |
2. |
Жалпы өнім, мың тонна |
315,9 |
261,5 |
338,0 |
428,0 |
440,2 |
139,3 |
3. |
Өнім шығымы, 1 га-дан центнер |
24,1 |
22,5 |
20,9 |
21,6 |
24,2 |
100,4 |
Жұртшылық шаруашылығы | |||||||
1. |
Мақта алқабы мың, га |
27,8 |
28,3 |
13,1 |
4,4 |
2,1 |
7,6 |
2. |
Жалпы өнім, мың тонна |
57,1 |
67,4 |
35,1 |
11,6 |
2,4 |
4,2 |
3. |
Өнім шығымы, 1 га-дан центнер |
20,4 |
23,8 |
26,8 |
26,4 |
11,4 |
55,9 |