Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2014 в 14:19, дипломная работа
Қазіргі кезде көпукладты агроқұрылымдарға жеке меншіктегі еркін кәсіпкерлік негізінде өндірісті ұйымдастыру үшін бірқатар заңнамалық және нормативтік базалар жасалған. Бірақ қалыптасқан агроқұрылымдар бәсекеге қабілетті және Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда ұйымына толыққанды мүше болуы мен еліміздің дамуының жаңа кезеңінде әлем рыногындағы жаһандану құбылыстарына сәйкес ұйымдастыру- экономикалық тұрғыдан бірқатар қайта құруларды жүзеге асыруды қажет етеді. Осыған байланысты Елбасымыз Н.Ә.
Кіріспе ------------------------------------------------------------------------3
Мақта саласы және агроқұрылымдардың қазіргі жағдайын талдау---------4
1.1. Қазақстанның оңтүстігінде мақта саласына мамандандырылған агроқұрылымдардың қалыптасуы----------------4
1.2. «Мырзакент» корпорациясы ЖШС әріптестік қатынастағы шаруа (фермер) қожалықтарының параметрды зерттеу-------------------------------------9
2. Агроқұрылымдарды оңтайландыру (ірілендіруді) ұйымдастырудың –экономикалық негіздері.----------------11
2.1. Оңтайландырудың (ірілендірудің) ғылыми - теориялық негіздеріне шолу---------------------------11
2.2. Суармалы жердегі агроқұрылымдарды ірілендірудің қағидаттары мен тәжірибесі.------------
2.3. Ірі агроқұрылымдардың артықшылықтары: «Кетебай» ӨК және «Хает» қауымдастығының жетістіктері----------15
3. Оңтайландырылған (ірілендірілген) мақта өсіретін агроқұрылымдардың типтік моделі параметрлерінің жобасы----------------------------------------------24
3.1. Оңтайландырылған агроқұрылымдардың параметрлері мен егістік құрылым жобасы--------------------------------------------------------------------------24
3.2. Оңтайландырылған (ірілендірілген) агроқұрлымдарда мал шаруашылығын дамыту жобасы-------------------------------------------------------30
Қорытынды ---------------------------------------------------------------------------------33
Пайдаланылған әдебиеттер--------------------------------------------------------------37
Негізі: ҚР статистика агентінің және ОҚО басқармасының Қазақстанның қысқаша статистикалық жылнамалығы, ауыл (село) дамуының мониторингінің негізінде автор құрастырған.
Жоғарыдағы 2- кестеде келтірілгендей, мақта шаруашылығымен айналысатын ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының егістік жер көлемінің кемею тенденциясы байқалады.
2001 жылы 19,6 мың га болса, 2006 жылы 16,6га –ға азайған, сөйтіп тиісінше 84,7% құраған. Яғни, ірі кәсіпорындардан шаруа (фермер) қожалықтарының бөлініп шығу үрдісі аяқталмаған. Ірі ауылшаруашылық кәсіпорындарында тұрақты шаруашылық экономикалық жағдайы қалыптаспаған. Сондықтан олардың экономикалық- қаржылық жағдайы айнымалы, жалпы өнімнің төмендеуі орын алған.
Жоғарыдағы үдеріске керісінше шаруа (фермер) қожалықтарының мақта алқабы 127,0 мың гектардан 182,0 мыңға дейін артқан яғни 143,3% га. Бірақ егістік көлемі ұсақталып қалыптасуда, 1 гектардан алынған өнім тұрлаулы және өсу тенденциясы байқалмайды, жылдар бойынша ауытқулар бар 2000 жылы орташа көрсеткіш гектарынан 24,1ц болса, 2003 жылы 20,9 центнерді құраған.
Жұртшылық шаруашылығында мақта алқабының егістік көлемі қысқарған, 2001 жылы 27,8 мың га болса, 2005 жылы 2,1 мың га –ны құраған, яғни 10 еседен астам қысқарған. Мұның себебі үй іргесіне басқа дақылдар (көкөніс, жеміс-жидек) егілген және шаруа (фермер) қожалықтарының құрамына қосылып біріккен.
Оңтүстік Қазақстан облысының мақта өсіретін агроқұрылымдардың егістік жерлерінің орташа көлемі туралы мәліметтер.
Жылдар | ||||||
2001 |
2002 |
2003 |
2004 |
2005 |
2005 жыл, 2001 га, % | |
Барлық мақта алқабы, мың га |
183,9 |
167,8 |
196,4 |
219,3 |
201,2 |
109,4 |
Агроқұрылымдар саны |
23524 |
28327 |
34142 |
37210 |
37923 |
167,1 |
Орташа егістік көлемі, га |
7,8 |
5,9 |
5,8 |
5,6 |
5,1 |
65,4 |
Соның ішінде: |
||||||
1. Ауылшаруашылық кәсіпорындарының мақта алқабы, мың га |
19,6 |
22,8 |
24,0 |
20,5 |
16,6 |
84,7 |
Кәсіпорындар саны |
181 |
167 |
197 |
198 |
205 |
113,3 |
Орташа егістік көлемі, га |
108,2 |
136,5 |
121,8 |
103,5 |
81,0 |
74,9 |
2. Шаруа (фермер) қожалықтарының мақта алқабы, мың га |
139,1 |
116,3 |
162,3 |
198,0 |
182,0 |
130,8 |
Шаруа (фермер) қожалықтарының саны |
23343 |
28160 |
33945 |
36928 |
37923 |
167,1 |
Орташа егістік көлемі, га |
6,0 |
4,1 |
4,8 |
5,4 |
4,8 |
78,3 |
3. Жұртшылық шаруашылығы мақта алқабы, мың га |
25,2 |
28,3 |
13,1 |
4,4 |
2,1 |
8,3 |
Үй іргесі қожалықтарының саны |
60600 |
62308 |
31180 |
9709 |
6260 |
10,3 |
Орташа егістік көлемі, га |
0,42 |
0,45 |
0,42 |
0,45 |
0,34 |
81,0 |
Негізі: ҚР және ОҚО статистика агенттігі, басқармасы мониторингі негізінде автор құрастырған.
Жоғарыдағы 3- кестеде келтірілген мәліметтер бойынша мақта өсіретін агроқұрылымдар егістік көлемі бойынша ұсақ тауарлы шаруашылықтар болып қалыптасқан. 2001-2005 жылдары барлық санаттағы агроқұрылым-дардың жалпы мақта алқабы 183,9 мыңнан 201,2 мың га-ға артқан яғни 109,4 %, ал орташа мақта алқабы 7,8 га-дан 5,1 га-ға дейін азайған, яғни 34,6%. Соның ішінде ауылшаруашылық кәсіпорындардағы мақта алқабының жалпы көлемі 19,6 мың га –дан 16,6 мың ға қысқарған, яғни 15,3%, сонымен қатар орташа егістік көлемі 108,2 га –дан 81,0 га-ға, яғни 25,1%. Осы кезеңде шаруа (фермер) қожалықтарының саны 23343 -тен 37923- ке дейін артқан, яғни 167%, мұндай үдеріс негізінен шаруа (фермер) қожалықтарының ірі кәсіпорындардан дербес жер және мүлік үлестерімен бөлініп шығуынан қалыптасқан.
Шаруа (фермер) қожалықтарының мақта алқабы 139,1 мың га-дан 182,0 мың га-ға артқан, яғни 130,8%, орташа егістік көлемі 6,0 га-дан 4,8 га –ға кемейген немесе 21,7%, жұртшылық шаруашылығындағы жалпы мақта алқабы 2001 жылғы 25,2 га-дан 2005 жылы 2,1 га –ға яғни 12 есеге қысқарған, үй іргесінде мақта өсіретін қожалықтар саны 60600 ден 6260-қа яғни 10 есеге жуық, орташа егістік көлемі 81% қысқарған.
Жұртшылық шаруашылығындағы мақта алқабының қысқаруы негізінен басқа дақылдар (жүгері, көкөніс, т.б) егу және шаруа (фермер) қожалықтарының бірігуінің нәтижесінде қалыптасқан.
Оңтүстік Қазақстан облысының мақта саласына мамандандырылған аудандарының суармалы жерлерінде мақта монодақыл болып қалыптасқан. Мақтаарал ауданында басқа дақылдардың құрылымдық үлес салмағы 2004-2006 жылдары 11,8-14,4 % аралығында, Шардарада 14,0-15,6%, Түркістанда 18,0-19,2 % құрады. Мұндай жағдайға мақта өндірісінің жалпы өнімі және оның құны сәйкес келеді.
Жоғарыда келтірілген агроқұрылымдардың кейбір параметрлері бойынша көрсеткіштері олардың шаруашылық- өндірістік деңгейін толық сипаттай алмайды. Өндірістің шоғырлану деңгейі агроқұрылымдарды жалпылама сипаттайтын көрсеткіш болып табылады. Бұл көрсеткіш ресурстарды пайдалану нәтижелерін, өндірістік құрылымдар мен ұйымдастырудың тиімділік деңгейін көрсетеді.
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша мақта саласындағы бір агро-құрылымның орташа жалпы өнімі төмендегі № 4 кестеде келтірілген.
Агроқұрылымдар санына шаққанда жалпы өнімнің көлемі мен пайдалылық деңгейі.
Жылдар | ||||||
2001 |
2002 |
2003 |
2004 |
2005 |
2005 жыл, 2001 га, % | |
Жалпы өнім, млн. тенге (Нақты қолданыстағы бағаларда) |
12570 |
23740,5 |
27052,5 |
23822,1 |
17670 |
140,6 |
Агроқұрылымдар саны |
23524 |
28327 |
34142 |
39210 |
39314 |
109,4 |
1 агроқұрылымға келетін жалпы өнім, мың тенге |
534,9 |
838,9 |
793,3 |
607,7 |
441,8 |
82,6 |
өнім өткізудің пайдалық деңгейі, % |
11,6 |
28,7 |
40,5 |
5,4 |
- |
46,6 |
Негізі: ҚР және ОҚО статистика агенттігі, басқармасы мониторингі негізінде автор құрастырған. [12]
Облыс бойынша орташа 1 агроқұрылымға жалпы өнімнің көлемі және пайдалық деңгейінің төмендеу тенденциясы байқалады.
Бұл көрсеткіш 2001-2005 жылдары 838,9 мыңнан 441,8 мыңға дейін, яғни екі есе аралығында ауытқыған. Ең төменгі көрсеткіштер 2001, 2005 жылдары байқалған яғни тиісінше 534,8 млн, 441,8 млн.тенге болған. 2004 жылы 2001 жылмен салыстырғанда пайдалық деңгейі 2,2 есеге төмендеген.
Агроқұрылымдар жер көлемінің ұсақтылығы, жалпы өнім шығымының төмендегі агротехнология бойынша орындалуға тиісті агротехникалық шараларды үздіксіз, дер кезінде орындалуын қамтамасыз ете алмайды. Осының салдарынан өндірістің тиімділігі төмен, бәсекеге қабілетсіз болып қалыптасқан.
Мақта өсірудің экономикасынан белгілі болғандай, ірілендірілген шаруашылықтардың ұсақ агроқұрылымдардан артықшылығы сол, барлық өндіріс факторларын -жерді, капиталды және еңбекті пайдалануда озық және тиімді экономикалық, басқа да тәсілдерді қолдануға кең мүмкіндік береді.
Мақта саласының соңғы жылдардағы тиімділігі негізінен рынокта қалыптасқан шитті мақтаның орташа конъюктуралық сату бағасына тікелей байланысты: 2001 жылы- 43750 тенге/тонна, 2002-50400, 2003 -72600, 2005 жылы- 43300 және 2006 - 48000 тенге/тонна.
Осы көрсеткішке байланысты шитті мақтаның пайдалылық деңгейі 2003 жылы 40,5% тең болған болса, 2004 жылы 5,4% төмендеген.
1.2. «Мырзакент» корпорациясы ЖШС әріптестік қатынастағы шаруа (фермер) қожалықтарының параметрлерін зерттеу.
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданында орналасқан «Мырзакент корпорациясы» ЖШС – мен 345 шаруа (фермер) қожалықтары арасында фъючерстік келісім-шарт жасалып мүліктік кепілдікке ауылшаруашылық жер пайдалану құқығы қойылған. Жалпы егістік көлемі 1980,8га, шаруа (фермер) қожалықтарының мақта алқаптарына статистикалық топтау әдісімен зерттеулер мен сараптаулар жүргізгенімізде төмендегідей нәтижелер алдық. [14]
Шаруа (фермер) қожалықтары мақта алқаптарының орташа өлшемдері және үлесі туралы мәліметтер.
Топтардағы мақта алқабының мөлшері; га |
Шаруа (фермер) қожалықтары |
Жалпы мақта алқабының көлемі; |
Орташа мақта алқабының мөлшері, га | ||
Саны |
Үлесі, % |
Га |
Үлесі, % | ||
0-3,0 |
87 |
25,4 |
186,2 |
9,4 |
2,14 |
3,1-5,0 |
95 |
27,7 |
428,3 |
21,6 |
4,50 |
5,1-7,0 |
83 |
23,6 |
511,6 |
25,8 |
6,31 |
7,1-10,0 |
53 |
15,5 |
444,4 |
22,5 |
8,23 |
10,1-15,0 |
20 |
5,8 |
272,7 |
13,8 |
13,64 |
15,1-20,0 |
5 |
1,4 |
89,7 |
4,5 |
17,94 |
21 және артық |
2 |
0,6 |
47,7 |
2,4 |
23,83 |
Барлық |
345 |
100,0 |
1980,8 |
100,0 |
5,74 |
Негіздеу: Статистикалық топтастыруды автор орындаған.
Жоғарыдағы 5- кестеде келтірілгендей, зерттелген 345 шаруа (фермер) қожалықтарының 3 гектарға дейін мақта егістігі бар шаруа (фермер) қожалықтарының саны 87 немесе олардың үлесі төрттен бірін құрайды, 5 га дейін -182 немесе 53,1 % (өсіммен жинақ қорытынды), 7 га дейін 263 немесе -76,4%, 10га дейін 316 немесе 91,9%. Жалпы шаруа (фермер) қожалықтарының жер көлемі 1980,8 га, орташа мақта алқабының мөлшері 5,74 га құрайды.
Төменде шаруа(фермер) қожалықтарының мақта алқабы және орташа мөлшері бойынша топтаудың нәтижесін келтірілген. 0-3 га-ға дейін мақта алқабы бар шаруа (фермер) қожалықтарының жалпы егістік алқабы 186,2 немесе үлесі -9,4%, орташа мөлшері -2,14 га құрайды.
0-5 га дейін -614,5 га, үлесі -31,0 %, орташа мөлшері - 3,37 га;
0-7 га дейін -1125,8 га, үлесі 56,8 %, орташа мөлшері - 4,28га;
0-10 га дейін дейін -1570,2 га, үлесі -79,3%, орташа мөлшері -4,97га;
Мақта алқабы жер көлемінің ұсақтығы (2,14; 3,37; 4,28; 4,97га) оның контурының шектеулі болуы, негізгі құралдар мен қаржының, жалпы өнімнің одан түсетін табыс мөлшерінің аздығы қазіргі заманғы бәсекелестік қабілетінің негізі болып тұрған инновациялық, техникалық жетістіктерді, жоғары өнімділікпен жұмыс істейтін техниканы агроөндіріске жүйелі, кең түрде ендіру әлеуеті арасында қарама-қайшылықтар туындатып фъючерстік келісім- шарт міндеттемелерін орындай алмаған.
2. Агроқұрылымдарды оңтайландыруды (ірілендіруді) ұйымдастырудың экономикалық негіздері.
2.1. Оңтайландырудың (ірілендірудің) ғылыми –теориялық негіздеріне шолу.
Мақта өсіретін агроқұрылымдардың шаруашылықты интенсивті жолмен және тиімді ұйымдастырудың маңызды шарты- өндірістік факторлардың шоғырлануы, ресурстарды тиімді пайдалану.
Капиталды шоғырландырудың мен өндірісті ірілендіру үдерісі, объективті экономикалық сипатқа ие болып, өндірістік күштерді дамыту және ғылыми-техникалық өркендеудің, шаруашылықтың тиімділігін арттырудың заңдылықтарына негізделеді.
Өндірісті ірілендіру (оңтайландыру) арқылы оның тиімділігін арттыру агроқұрылымдарға төмендегідей артықшылықтар береді:
Мақта саласында ірілендірілген агроқұрылымдардың өлшемдері барлық өңірде бірдей болмайды. Олар қалыптасқан шаруашылық құрылымы, су жүйлеріне, топырақ-табиғат жағдайына қарай алуан түрлі экономикалық -өндірістік көлемдерде, өлшемдерде құрылуы мүмкін.
Агроқұрылымдарды оңтайландыруда (ірілендіруде) шаруашылық –экономикалық негіздеулердің төмендегі шешуші қағидалары басшылыққа алынса тиімді болады:
Мақсат-техника қуатымен орындалатын агротехникалық шараларды бірлесіп, қолда бар техниканы және капиталды шоғырландыру, агротехнологиялық операцияларды дер кезінде жоғары сапада орындап, өнімді арттыру және шығындарды азайту.
Біздің пікірімізше шаруа қожалықтары ерікті түрде бірлесіп немесе өзара келісім-шарт негізінде қауымдасып, мақта өсіру мен жинаудың технология-лық картасына сәйкес мына төмендегіше операцияларды орындағаны жөн: [12]
Бірлескен агроқұрылымның жер, капитал және еңбек мөлшерлерінің параметрлері, олардың арақатынасы оптимальды, тиімді болулары қажет. Негізгі мақсат- шаруашылықты ұдайы ұлғайту, аз шығындармен және рынок конъюктурасындағы жағдайды есепке ала отырып дамыту.
Мақта өсіруде және жинау технологиясында 1 га егістіктің еңбек сиымдылығын анықтаудың, қолда бар техника мен технологияның мүмкіндіктерін есепке алудың маңызы ерекше. Көп жылдық зерттеулер мен озық тәжірибеге сүйенетін болсақ мақта өсіруде жүктеменің оптимальды мөлшері әрбір адамға 4-5 гектардан артық болмауы керек. [10]