Мақта саласындағы агроқұрылымдарды оңтайландыру (ірілендіру) және типтік шаруашылық моделінің экономикалық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2014 в 14:19, дипломная работа

Краткое описание

Қазіргі кезде көпукладты агроқұрылымдарға жеке меншіктегі еркін кәсіпкерлік негізінде өндірісті ұйымдастыру үшін бірқатар заңнамалық және нормативтік базалар жасалған. Бірақ қалыптасқан агроқұрылымдар бәсекеге қабілетті және Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда ұйымына толыққанды мүше болуы мен еліміздің дамуының жаңа кезеңінде әлем рыногындағы жаһандану құбылыстарына сәйкес ұйымдастыру- экономикалық тұрғыдан бірқатар қайта құруларды жүзеге асыруды қажет етеді. Осыған байланысты Елбасымыз Н.Ә.

Содержание

Кіріспе ------------------------------------------------------------------------3
Мақта саласы және агроқұрылымдардың қазіргі жағдайын талдау---------4
1.1. Қазақстанның оңтүстігінде мақта саласына мамандандырылған агроқұрылымдардың қалыптасуы----------------4
1.2. «Мырзакент» корпорациясы ЖШС әріптестік қатынастағы шаруа (фермер) қожалықтарының параметрды зерттеу-------------------------------------9
2. Агроқұрылымдарды оңтайландыру (ірілендіруді) ұйымдастырудың –экономикалық негіздері.----------------11
2.1. Оңтайландырудың (ірілендірудің) ғылыми - теориялық негіздеріне шолу---------------------------11
2.2. Суармалы жердегі агроқұрылымдарды ірілендірудің қағидаттары мен тәжірибесі.------------
2.3. Ірі агроқұрылымдардың артықшылықтары: «Кетебай» ӨК және «Хает» қауымдастығының жетістіктері----------15
3. Оңтайландырылған (ірілендірілген) мақта өсіретін агроқұрылымдардың типтік моделі параметрлерінің жобасы----------------------------------------------24
3.1. Оңтайландырылған агроқұрылымдардың параметрлері мен егістік құрылым жобасы--------------------------------------------------------------------------24
3.2. Оңтайландырылған (ірілендірілген) агроқұрлымдарда мал шаруашылығын дамыту жобасы-------------------------------------------------------30

Қорытынды ---------------------------------------------------------------------------------33

Пайдаланылған әдебиеттер--------------------------------------------------------------37

Вложенные файлы: 1 файл

Дип. Макта.doc

— 521.00 Кб (Скачать файл)

Оңтайландырылған (ірілендірілген) агроқұрылымдарда жердің құнарын тезірек жоғарылату мақсатында төмендегі 2 схеманы қолдану тиімді: 3 жыл жоңышқа, 4 жыл қоза, 1 жыл жүгері, 2 жыл қоза немесе 2 жыл жоңышқа, 4 жыл қоза, 1 жыл жүгері, 3 жыл қоза.

Мақтаарал тәжірибе стенасының (Қазақстан мақташылығы ҒЗИ) тұжырымдамасы бойынша ауыспалы егісті өндіру  жолымен мақтаның өнімін әр гектардан 6,6-7,5 центнерге арттырған, қосымша табыс 36-46 мың теңгені құраған. Орташа ауыспалы егістің бір ротациясы мерзімінде өнімнің деңгейі 30,4-35,1 центнерді құраған.[8]

Сонымен қатар ауыспалы егіс жүйесін ендіру жолымен мал шаруашылығын дамыту, азық-түлік бағдарламасын жүзеге асыруға және қосымша жұмыс орындарын ашу мүмкіндігін туғызады.

Ұсынылып отырған жоба бойынша егістік құрылымында мақта алқабы -65% , жоңышқа - 25,0%, жүгері –7,5% және картоп, бақша, көкөніс –2,5% құрайды. Рационалды параметр өлшемдерін негіздеуде шитті мақтаның өнімі, өндірістің интенсивтік көрсеткіштері, механизация деңгейі, орташа 1 адамның жүктемесі, жұмыс істеушілер саны, тағы басқа да көрсеткіштер есепке алынған.

Оптимальды параметр өлшемдері келешектегі болжау мерзімінде қол жеткізетін мақсатты нысан болуы керек. Сондықтан болжамдағы шитті-мақтаның өнімі, өндірістік және еңбек шығындары, 1 га егістікке жұмсалатын тікелей шығындарды анықтау нормативтері пайдаланылып анықталған.

 

Мақта өсірілетін оңтайландырылған (ірілендірілген)  агроқұрылымдарда дақылдар бойынша өнім, еңбек және ресурстардың шығыны, механизациялау деңгейінің жоба кестесі.

                                                                                                      кесте- 17

Көрсеткіштері

Оңтүстік Қазақстан облысы

1-топ

ІІ-топ

1. Өнім, ц/га:

 Шитті мақта,

 жүгері дәні,

жоңышқа (құрғақ шөп)

 

25-27

35-40

70-80

 

28-30

50-55

90-100

2. Еңбек шығыны, адам /сағат 1 гектарға:

 шитті мақта

жүгері дәні,

жоңышқа (құрғақ шөп)

 

986

180-280

55

 

884

150-180

48

3. 1 ц өнімге, адам /сағат:

шитті  мақта,

жүгері дәні,

жоңышқа (құрғақ шөп)

 

39,4-36,5

5,2-5,0

0,60-0,62

 

31,6-29,5

3,0-3,3

0,53-0,48

4. 1 адам /сағаттың бағасы, тенге:

шитті мақта

жүгері дәні

жоңышқа (құрғақ шөп)

 

20,2

14,2

13,6

 

20,1

13,5

12,1

5. Жанар-жағар май, литр:

мақта 1 га-ға

1ц өнімге 

 

292

11,2-10,8

 

290

10,4-9,7


 

Негіздеу: Технологиялық карталар және нормативтік анықтамалар бойынша автор қарастырған.

 

Мақта  кешеніне ауыспалы егіс жүйесін ендіру жолымен мал шаруашылығын дамытып, азық-түлік бағдарламасын жүзеге асыруға және қосымша жұмыс орындарын ашу мүмкіндік туады. Біздің есептеулерімізбен іс-тәжірибелеріміз бойынша 1 топтағы агроқұрылымдар 1 га жердегі жем-шөп өндіретін дақылдардан 35-40ц, ал ІІ-топтағыларда 50-55 жем –шөп бірлігін алу жоспарланған. Ауыспалы егіс жүйесіндегі 1 гектар егістікке 1,0-1,5 бас шартты ірі қаралар ұстап,  мал өнімдерін арттыруға болады.

Мал басы мен оның өнімдерін көбейту бағытында жасалған есептеулер бойынша тұрақты ұсталатын 1 бас ірі мүйізді қараға кететін еңбек шығындары мына төмендегіше:

  • сүт өндіруге мамандандырылған табында: 17-18 адам/сағат
  • ет өндіруге (бордақылау) мамандандырылған табында: 15 адам/ сағат

Мақта саласындағы оңтайландырылған (ірілендірілген) агроқұрылым-дардың шаруашылық-экономикалық  параметрлері өлшемдерінің есептеулері мен ұсыныстарының  жобасы

  • Негізгі өндірістік мамандандырудың бағыты – мақташылық
  • Табиғи  шаруашылық аймағы –суармалы егістік жер
  • Өңірі –Оңтүстік Қазақстан облысы

Орта тауарлы оңтайландырылған (ірілендірілген) агроқұрылымдардың өндірістік –экономикалық көрсеткіштері.

І. Мақта (бастапқы кезең –4 вариант)

                                                                                            кесте -18

Параметр өлшемдері

Орта тауарлы агроқұрылымдар  варианттары

1

2

3

4

Мақта алқабы, га

130-195

195-260

260-325

325-390

өнім, ц/га

24,0

25,0

26,0

27,0

Жалпы өнім, тонна

312-468

488-650

676-845

878-1053

Орташа жұмысшылар саны, адам

26-39

39-52

52-65

65-78

Жалпы өнімнің құны, млн.тенге

15,0-22,5

22,5-31,2

31,2-40,6

40,6-50,5

1га мақта алқабынан  түсім, мың.тенге

115,2

120,0

124,8

129,6

1 орташа жұмысшыға түсім, мың тенге

576,9

576,9

600,0

624,6

1 тонна шитті мақтаның  сату бағасы, мың тенге

48,0

48,0

48,0

48,0

1 тонна шитті  мақтаның  өзіндік қүны, мың.тенге

44,0

40,0

38,0

37,0

Пайдалылық деңгейі, %

9,1

20,0

26,3

29,8

Баптау тракторының саны, бірлік

2-3

3-4

4-5

5-6

Шынжырлы трактор саны, бірлік

2

3

4

5

Мақта жинайтын мәшинелер саны, бірлік

2

2

3

4

Тіркемелер саны, бірлік

6

6

9

12


Негіздеу: Автордың есептеулері бойынша құрастырылған.

 

Ірі тауарлы оңтайландырылған (ірілендірілген) агроқұрылымдардың өндірістік- экономикалық көрсеткіштері

ІІ. Мақта (болжамды кезең –4 вариант)

                                                                        кесте-19

Параметр өлшемдері

Ірі  тауарлы агроқұрылымдар  варианттары

1

2

3

4

Мақта алқабы, га

390-455

455-520

520-585

585-650

өнім, ц/га

28,0

28,0

29,0

30,0

Жалпы өнім, тонна

1092-1274

1274-1456

1508-1697

1755-1950

Орташа жұмысшылар саны, адам

78-91

91-104

104-117

117-130

Жалпы өнімнің құны, млн.тенге

52,4-61,2

61,2-69,9

69,9-81,5

84,2-93,6

1га мақта алқабынан  түсім, мың.тенге

134,4

134,4

139,2

144,0

1 орташа жұмысшыға түсім, мың тенге

671,8

672,5

672,1

719,7

1 тонна шитті мақтаның  сату бағасы, мың тенге

48,0

48,0

48,0

48,0

1 тонна шитті  мақтаның  өзіндік қүны, мың.тенге

37,0

37,0

36,0

36,0

Пайдалылық деңгейі, %

29,8

29,8

33,3

33,3

Баптау тракторының саны, бірлік

6-7

7-8

8-9

9-10

Шынжырлы трактор саны, бірлік

5

6

7

8

Мақта жинайтын мәшинелер саны, бірлік

5

6

7

8

Тіркемелер саны, бірлік

15

18

21

24


 

Негіздеу: Автордың есептеулері бойынша құрастырылған.

 

Мақта шаруашылығындағы зерттеулер мен есептеулер суармалы жерлерде бастапқы және болжамды кезеңдерде оңтайландырылған (ірілендірілген) агроқұрылымдардың нақты өндірістік-экономикалық параметрлері № 17-18 кестелерде келтірілген.

Топтар бойынша есептеулерде агроқұрылымдар параметрлерінің өлшемдерін анықтауда негізгі оңтайлы критериі етіліп тікелей төмендегі көрсеткіштер қабылданды.

  • Жерді тиімді пайдалану көрсеткіші-1 га суармалы жерден алынған өнімнің түсімі.
  • Еңбек өнімділігінің көрсеткіші –орташа 1 жұмысшыға шаққандағы өнімнің түсімі
  • Соңғы нәтиже көрсеткіші -өндірістің пайдалылық деңгейі

Сонымен қатар іс-тәжірибе мен нормативтерді негізге ала отырып жанама көрсеткіштердің есептеулері орындалған.

  • Техника ресурстарының оңтайлы сандары анықталған.
  • Шитті мақта 1 тоннасының сатылу бағасы ретінде соңғы бес жылдағы (2001-2005ж.ж) Оңтүстік Қазақстан облысы  шаруа (фермер) қожалықтарының орташа нақты көрсеткіштері қабылданған
  • Шитті  мақта 1 тоннасының өзіндік құнының өлшемі ретінде ірілендірілген «Кетебай»  өндірістік  кооперативі  мен «Хает» шаруа қожалықтары  қауымдастығының 5 жылдық (2001-2005ж.ж) нақты көрсеткіштері қабылданған.

Зерттеулер мен олардың қортындысын талдау төмендегідей тұжырым-дарға негіз қалайды:

  • Суармалы жерде мақта өсіруге мамандандырылу және оңтайландыру арқылы өндірісті тиімді ұйымдастыру, еңбек өнімділігін, пайдалылық деңгейін және таза пайданы арттыруға мүмкіндік туғызады.
  • Ұсынылып отырған агроқұрылымдардың рационалды параметрлер өлшемдері суармалы жерді, материалдық ресурстарды ұтымды пайдалануға және өндірісті интенсивтігі дамытуға қолайлы жағдайлар жасайды.

Агроқұрылымдардың параметрлерін ірілендіру арқылы оңтайландыруға қызықтырушы факторлардың бірі –ұсақ шаруа қожалықтарымен салыстырғанда соңғы нәтижелердің, яғни пайдалылық деңгейінің жоғарылығы, өндірісті ғылыми негізде ұйымдастырып, жаңа техника мен озық технологияны кеңінен қолдану әлеуетін тиімді көбейту. Бірақ шаруа қожалықтарын ірілендіру мақсатында бірлестіруге ескіден қалған субъективті психологиялық тоқсауылдар бар. Бұларға авториторлық  жүйенің теріс әсерлерін, шаруашылық басшыларына сенімсіздікпен,  бақылау органдарының орынсыз тексерулерінің жайсыздығы, есеп – қисаптағы және табысты бөлудегі мөлдірліктің жоқтығын басқаларды қосуға болады. Сондықтан шаруалар табыс аз болсада,  тіптен болмаса да дербестікті және еркіндікті қалайды. Мұндай менталитеттің басымдығы оңтайландыруға тосқауыл болып тұр. Осындай жағдайдың салдарынан сулы жердің яғни «Халықтың алтын қорының» экономикалық әлеуеті мен құндылығын бағалай алмау, дала мәдениетінің төмендеуі, егістіктің көп жылдық арам шөптерге бастырылуы айналымнан шығып қалу фактілері де кездеседі.

Мұндай жағдайды жақсарту үшін төмендегі проблемаларды оңтайландыру арқылы шешуге болады:

  • мақта саласын дамытудағы жаңа бәсекелестік ортаның қалыптаспағандығын;
  • қаржы, техника және материалдық ресурстардың жетіспеуі мен тапшылығы;
  • шаруа қожалықтарына қызмет көрсететін инфрақұрылымдардың  нашарлығы, олардың нарықтық қатынастарға икемділігінің төмендігі;
  • мақта саласын жетік меңгерген жаңа буын кәсіпкерлердің аздығы, консервативтік психологияның басымдығы

Қазіргі кезде аталған осы проблемаларды шешудің бірден-бір жолы -кешенді ұйымдастыру және қалың бұқара арасында түсіндіру,  нақты іс-шараларды пәрменді жүргізу. Бұл  маңызды істе аудандық, облыстық ауылшаруашылығы органдары, аудан мен ауыл әкімдіктері, шаруа қожалықтары бірлестігінің басшылары, ұсақ жер үлестері бар тауар өндірушілер өз еркімен бірігіп тиянақты да мен нәтижелі жұмыс жүргізулері қажет.

Сонымен қатар мемлекет тарапынан арнайы жер пайдалануды жетілдіріп, рационалды мамандандыруды қамтамасыз ету бағдарламаларын қабылдаған жөн. Сондай-ақ агроқұрылымдардың оңтайлы (ірілендірілген) параметр өлшемдері бойынша бас схемасын бекітуде маңызды болмақ.

  • Оңтайландырылған (ірілендірілген) агроқұрылымдарға өндірістік кооперативтермен, серіктестіктерге және келісім-шарт негізінде құрылған жаңа қауымдастықтарға республикалық бюджеттен өндірістік ресурстарға тұқым, жанар - жағармай, ағын су, минералды тыңайтқыштар мен химиялық препараттарға субсидия мөлшерін арттыру. Сондай-ақ ресурстар және несие қаражатымен  қамтамасыз етуде  жеңілдіктер беру арқылы экономикалық жағынан ынталандыру қажет.
  • Мақта шаруашылығының өндірістік инфрақұрылымын дамыту мақсатында өндірістік, техникалық, ақпараттық және құқықтық қызметтер көрсететін, алғашқыда мемлекеттік болып құрылатын, онан соң, ірі тауар өндірушілер құрылтайшы болатын:
  • агротехнологиялық сервис орталықтарын;
  • мәшине  технологиялық стансаларын;

 

 

 

 

 

  • өсімдікті қорғау стансалары мен биолабороторияларын;
  • материалды–техникалық ресурстарымен қамтамасыз ету орталықтарын ұйымдастыруды қолдау қажет.
  • Мақта саласына инвестиция салу мен несие бөлуді реттеу, дамыту мақсатында «Мақта қаржы несие» жүйесін ашып дамыту жоспарлансын.

Жас буын мақташы-кәсіпкерлерді кәсіби оқытуды қолға алу, оларға тиімді бизнес –жоспарларды әзірлеп, жүзеге асырудың механизмдері мен менеджментін үйрету тиімді болмақ.

Информация о работе Мақта саласындағы агроқұрылымдарды оңтайландыру (ірілендіру) және типтік шаруашылық моделінің экономикалық негіздері