Мақта саласындағы агроқұрылымдарды оңтайландыру (ірілендіру) және типтік шаруашылық моделінің экономикалық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2014 в 14:19, дипломная работа

Краткое описание

Қазіргі кезде көпукладты агроқұрылымдарға жеке меншіктегі еркін кәсіпкерлік негізінде өндірісті ұйымдастыру үшін бірқатар заңнамалық және нормативтік базалар жасалған. Бірақ қалыптасқан агроқұрылымдар бәсекеге қабілетті және Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда ұйымына толыққанды мүше болуы мен еліміздің дамуының жаңа кезеңінде әлем рыногындағы жаһандану құбылыстарына сәйкес ұйымдастыру- экономикалық тұрғыдан бірқатар қайта құруларды жүзеге асыруды қажет етеді. Осыған байланысты Елбасымыз Н.Ә.

Содержание

Кіріспе ------------------------------------------------------------------------3
Мақта саласы және агроқұрылымдардың қазіргі жағдайын талдау---------4
1.1. Қазақстанның оңтүстігінде мақта саласына мамандандырылған агроқұрылымдардың қалыптасуы----------------4
1.2. «Мырзакент» корпорациясы ЖШС әріптестік қатынастағы шаруа (фермер) қожалықтарының параметрды зерттеу-------------------------------------9
2. Агроқұрылымдарды оңтайландыру (ірілендіруді) ұйымдастырудың –экономикалық негіздері.----------------11
2.1. Оңтайландырудың (ірілендірудің) ғылыми - теориялық негіздеріне шолу---------------------------11
2.2. Суармалы жердегі агроқұрылымдарды ірілендірудің қағидаттары мен тәжірибесі.------------
2.3. Ірі агроқұрылымдардың артықшылықтары: «Кетебай» ӨК және «Хает» қауымдастығының жетістіктері----------15
3. Оңтайландырылған (ірілендірілген) мақта өсіретін агроқұрылымдардың типтік моделі параметрлерінің жобасы----------------------------------------------24
3.1. Оңтайландырылған агроқұрылымдардың параметрлері мен егістік құрылым жобасы--------------------------------------------------------------------------24
3.2. Оңтайландырылған (ірілендірілген) агроқұрлымдарда мал шаруашылығын дамыту жобасы-------------------------------------------------------30

Қорытынды ---------------------------------------------------------------------------------33

Пайдаланылған әдебиеттер--------------------------------------------------------------37

Вложенные файлы: 1 файл

Дип. Макта.doc

— 521.00 Кб (Скачать файл)

 

Негіздеу: 2003-2005  жылдардағы «Кетебай» ӨК бухгалтерлік балансы мәліметтері.

ӨК-тің 2001-2005 жылдардағы егістік құрылымында үш түрлі ауылшаруашылық дақылдары егілген. Олар - мақта, жоңышқа және бақша. Орташа бес жылда барлық егістіктің 87,8% мақта, 9,6% жоңышқа және 2,9% бақша дақылды болған. Мұндай жағдай 1993-1997 жылдары әлем рыногындағы мақта талшығы бағысының көтерілуі мен ӨК үшін шитті мақта және оның талшығын өндірудің тиімділігіне байланысты қалыптасқан.

Ливерпуль тауар биржасында А.Котлук индексі 1993 жылы 70,59 (1556,23 АҚШ доллары), 1994-91,77(2023,16$), 1995-85,61(1887,36$), 1996-78,59 (1732,6$) 1997-72,21(1591,94). Бұл көрсеткіштер соңғы жылдары қалыптасқан бағадан (2000-2005ж) 1,3-1,6 есеге артық. [16]  Сонымен қатар қалыптасқан шаруашылық жағдайда мақта өсіріп, баптау және өнімді жинауда ӨК техникамен толық қамтамасыз етілгендігінде есепке алынған. Өндірістік кооперативтегі жалпы техниканың баланстық құнының 62 % мақта өндірісіне бейімделген  арнайы ауылшаруашылық мәшинелері. Кооператив мақта саласына бейімделген кәсіби деңгейі жоғары білікті мамандар және жұмысшы – мақташылармен жеткілікті қамтамасыз етілген. Олар - агроном, инженер – механик, гидротехник, механизатор және сушылар.

«Кетебай» ӨК –де ғылыми –техникалық прогрестің жетістіктерін өндіріске ендіруге мүмкіндіктер жеткілікті. Мақта егілетін жер көлемі, техника мен технология, кәсіби мамандар мен механизаторлар бұған алғы шарт бола алады. Мақта өсіру және жинау технологиясындағы еңбек шығындарының жартысына жуығына жұмсалатын агрооперация – шитті мақтаны жинау. ӨК-те мақта жинайтын 27 мәшине бар, соның ішінде өнімділігі жоғары «Джон-Дир» (АҚШ) мақта теретін мәшиненің саны- 2.

«Кетебай» ӨК-ін ауылшаруашылығы техникаларының түрлері және кадрлармен жабдықталуы туралы мәліметтер төмендегі кестелерде келтірілген.

Ауылшаруашылық техникаларының түрлері және олардың жылдық жүктемесі туралы мәліметтер (1 қаңтар, 2006жыл)

                                                                        кесте -7

Техника түрлері

Маркасы

Өлшемі

Жылдар

2005 жыл    2001 жылмен салыстырғанда өсімі, %

2001

2005

Шынжыр табанды трактор

Т—4А,               Д -75,               ВТЗ-90

Дана

8

12

150,0

Орташа егістік жүктеме 

-

Га

130

86,7

66,7

Доңғалақты тракторлар соның ішінде баптау  тракторы

Т28х4,          МТЗ-80х

Дана

15

19

126,6

Орташа егістік жүктеме

-

Дана

63,3

46,3

73,14

Мақта теретін мәшинелер

17ХНП-1,8 «Джон-Дир»

Дана

21

25

119,0

Орташа егістік жүктеме

-

Га

45,2

35,2

77,9

Тасымалдаушы трактор, тіркеме

МТЗ-80 2 ПТС-793-2

Дана

Дана

23

26

25

32

108-7

123,1

Механикалық жүктеушілер

ПЭ-0,8

ПУ-0,5

Дана

4

5

125,0

Жем-шөп дайындау техникалары

Е-303

Кир-1,5

Дана

2

3

150,0


 

Жоғарыдағы 7- кестеде көрсетілгендей, ӨК-те соңғы 5 жылда негізгі ауылшаруашылығы техникалары саны 119,0 -150,1% өскен, ал орташа жылдық егістік жүктемесі 22,1-32,3% дейін төмендеген. Техникамен қамтылу деңгейінің өсуі, орташа егістік жүктемесінің төмендеуі агротехникалық операцияларды дер кезінде және сапалы орындап, тұрақты өнім алуға мүмкіндік берген.

  

ӨК-те жұмысшы және механизатор кадрларымен қамтамасыз                етілуі туралы мәлімет.

                                                                       кесте -8

Көрсеткіштер

Өлшем                бірлігі

Жылдар

2003 - 2001 жыл өсімі, %

2001

2002

2003

Барлық егістік жер

Га

1040

1040

1040

100,0

Жұмысшылар саны

Адам

320

310

299

93,4

Орташа егістік жүктемесі

Га

3,3

3,4

3,5

104,2

Барлық трактор саны

Бірлік

54

54

58

106,1

Механизаторлар  саны

Адам

69

65

60

87,0

Қамтамасыз етілу коэффиценті

Бірлік

1,27

1,2

1,0

78,7


 

Негіздеу: “Кетебай” ӨК бухгалтерлік балансы және кадрлар бөлімінің  мәліметтері бойынша құрастырылған.

 

ӨК кооперативтік жұмысшылар саны 2001 жылы 320 адам болған да сол жылы 299 адамға төмендеген яғни 6,6 %. Сол мерзімде әрбір жұмысшыға орташа егістік жүктеме 3,3 га-дан 3,5 га –ға артқан немесе 6,1%.

Техникалық прогресті өндіріске енгізуде кәсіби деңгейі жоғары жаңа техника және технологияны меңгерген механизатор кадрлары шешуші роль атқарады. Бірақ олардың санының қысқару тенденциясы байқалады, 2001-2003 жылдар арасында 13,0% азайған. Нақты бар тракторлар мен комбайндарды механизаторлармен қамтамасыз етудің деңгейі төмендеген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Кетебай» өндірістік кооперативінің мақта саласындағы өндірістік-экономикалық көрсеткіштері.

кесте -9

 

 

Көрсеткіштер

Жылдар

Орташа

2001

2002

2003

2004

2005

5 жылда          2001- 2005

ж.ж

Егістік  жер көлемі, га

950

889

916

900

880

910

Жалпы өнім, тонна

2500

2061

1724

2010

2160

2091

1 га алынған өнім ц/га 

26,2

23,3

21,8

22,3

24,5

23,0

1 тонна өнімнің сату бағасы, мың тенге

36

54

75

40

42

49,4

Сатып өткізуден түскен табыс, млн тенге

79,3

106,9

129,3

80,4

90,7

97,6

Таза пайда, млн тенге

31,0

36,0

40,1

34,0

35,0

103,2

Пайдалылық деңгейі, %

30,4

36,6

42,9

31,0

33,6

34,9


 

    Негіздеу: “Кетебай”  ӨК бухгалтерлік балансы негізінде құрастырылған.

 

«Кетебай» ӨК өндірістік –экономикалық көрсеткіштерін сараптау барысында оның мақта өсірілетін егістік жер көлемі мен жалпы өнімде жылдар бойынша ауытқулар. Оның  мөлшері 13,6-31,2 % дейін, 2001-2005 ж.ж егістік көлемі орташа -910 га-ны, жалпы өнім 2091тонна, 1га –дан алынатын орташа өнім -23,0 центнерді құраған. Бұл көрсеткіш Мақтаарал ауданының көрсеткішінен 3,3 центнерге, облыстық көрсеткіштен 2,7 центнерге артық.  1 тонна шитті мақтаны сатудың бағасы 2 есеге дейін ауытқыған, 2001 жылы 1 тоннасы орташа 36,0 мың тенге болса, 2003 жылы 70-75 мың теңгеге дейін көтерілген. Мұндай ауытқу мақтаның әлемдік рыноктағы бағасына сәйкес қалыптасқан. Жоғарыдағы өндірістік және экономикалық көрсеткіштердің  ауытқулары түпкі нәтижелерінің жалпы табыс, таза табыс және пайдалылық деңгейінің ауытқуларына алып келген.

Пайдалылық деңгейі 2003 жылы  42,9%, 2001 жылы 30,4% құраған, яғни ұсақ шаруа (фермер) қожалықтарының көрсеткіштерінен 2 есеге артық. [15]

 

«Кетебай» ӨК мақта өсіру мен  жинауда ғылыми – техникалық прогресті ендіру және оның тиімділігі.

Техникалық прогресті құрайтын технологиялық операциялар және оның көлемдері туралы мәліметтер.

                                                                                            кесте-10

Жаңа технологиялар негізінде атқарылатын операциялар

Жылдар

Орташа 3 жылда (2003-2005 ж.ж)

2003

2004

2005

 

Екі ярусты соқамен сүдігерлеу, га

916,0

900,0

880,0

899,0

 

Жерді микротегістеу, га

216,0

228,0

241,0

228,0

 

Мақтаны  кең жүйекті  схемада егу, га

916,0

900,0

880,0

899,0

 

Шитті дәлдікпен ұялап себу, га

916,0

900,0

880,0

899,0

 

Шит себумен бір кезде тыңайтқыштар беру, га

280,0

314,0

327,0

307

 

Зиянкестермен биологиялық әдіспен күресу, га

390,0

428,5

458

425

 

Механикалық шырпу, га

421

486

537

481

 

Мәшинемен жинау үлесі, %

51,0

58,6

55,2

54,9


 

Негіздеу: “Кетебай” ӨК бухгалтерлік балансы негізінде құрастырылған.

 

Мамандардың есептеулері бойынша соңғы үш жылда (2003-2005) ж.ж озық технологияларды ұтымды пайдалану нәтижесінде бір шама табыстарға қол жеткізген.

Мысалы, қос ярусты соқамен сүдігерлеудің нәтижесінде бір қол шабығы қысқартылып, 900 мың тенге үнемделген. Сондай-ақ мақтаны мәшинемен жинаудың тиімділігінен -100 мың, шитті дәлдеп ұялап егуден 346 мың, зиянкестермен биологиялық күрес 248 мың, механикалық шырпудан -196 мың, жалпы прогрессивті технологияны ендірудің  экономикалық тиімділігінен  2690 мың тенгені үнемдеуге қол жеткізілген.

 

«Кетебай» ӨК мақта өсірудің экономикалық тиімділігі туралы мәліметтер.

                                                                                                   кесте-11

Көрсеткіштер

Жылдар

Орташа 3 жылда (2003-2005 ж.ж)

2003

2004

2005

 

Жалпы сатылған өнімнің құны, млн. Тенге (нақты қолданыстағы бағада)

129,3

80,4

90,7

110,1

 

1 га-дан алынған қаржы  түсімі, мың. тенге.

141,2

89,3

103,1

111,2

 

1 тұрақты жұмысшыға  өндірілген  өнімнің құны, мың.тенге

353,9

228,9

264,4

256,7

 

Пайдалылық деңгейі, % де

42,9

31,0

33,6

35,8


 

Негіздеу: “Кетебай” ӨК бухгалтерлік балансы негізінде құрастырылған.

 

Өндірістік  кооперативтің жалпы сатылған өнімнен алынған табысы               3 жылда (2003-2005ж.ж) 80,4-129,3 млн. тенге аралығында ауытқыған, орташа көрсеткіш 100,1 млн. тенге ге тең. Осы көрсеткішке байланысты 1га егістіктен алынған түсімі, 1 тұрақты жұмысшыға өндірілген өнімнің құны, пайдалылық деңгейінде де ауытқулар бар.

Орташа 3 жылда (2003-2005ж.ж) 1 га-ның қаржы түсімі-111,2 млн тенгені, 1 тұрақты жұмысшыға өндірілген өнімнің құны 256,7 мың тенгені, ал пайдалылық деңгейі 35,8% құраған.

Мақта шаруашылығының ең қауырт кезеңі  сәуір - мамыр айларының аралығы. Осы мерзімде кооперативте еңбек, техника және қаржы ресурстарын  шоғырландыру, арқылы тиімді пайдалану агротехникалық шараларды дер кезінде, сапалы да аз шығындармен орындауға мүмкіндік береді. Жерді шит себуге әзірлеуде және шит себу кезінде техника түрлері шоғырландырылады. Агрегаттар 5-6 бірліктен жасақталған отрядтарға топтасып жоғары өнімділікпен жұмыс атқарады. Дәл осындай жинау –тасымалдау отрядтарыда  мақта жинау маусымында ұйымдастырылады.

«Кетебай» ӨК–де жылдық нәтижеге орай мамандар мен жұмысшыларға табысқа қосқан үлестеріне сәйкес қосымша еңбекақы төленеді. 2003 жылдың түпкі нәтижесі бойынша жалпы жиналыс 20048 мың тенге қосымша ақы төлеуге шешім қабылдаған. Жалпы кооператив бойынша қосымша ақыны есептеу үшін үш түрлі коэффицент пайдаланылады. Яғни ең маңызды шешуші рөлге ие мамандар үшін (механизаторлар, сушылар және мамандар) -1,9,  тұрақты жұмысшылар -1,2 және басқалар 1,0;

Информация о работе Мақта саласындағы агроқұрылымдарды оңтайландыру (ірілендіру) және типтік шаруашылық моделінің экономикалық негіздері