Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2013 в 16:38, курс лекций
1-тақырып. Кіріспе. Экология ғылымы туралы түсінік .
2-тақырып. Дара организмдер экологиясы - аутэкология.
3-тақырып. Популяциялар экологиясы - демэкология
4-тақырып. Қауымдастықтар экологиясы - синэколгия
5- тақырып. Биосфера және оның тұрақтылығы
6-тақырып. Атмосфералық ауаны қорғау
7-тақырып. Су қорларын қорғау
8-тақырып. Топырақты қорғау
Пәннің мазмұны
1-тақырып. Кіріспе. Экология ғылымы туралы түсінік
Экологияның
ғылым саласы ретіндегі
ЖАЛПЫ ЭКОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ
2-тақырып. Дара организмдер экологиясы - аутэкология
Биологиялық жүйелердің ұйымдастырылу деңгейлері. Организм және оның тіршілік ету жағдайлары.Экологиялық факторлардың жіктелу түрлері. Негізгі абиотикалық факторлар және олардың организмдерге әсері. Биотикалық факторлар. Антропогендік факторлар.Табиғаттың шектеуші факторлары. Ю.Либихтың минимум заңы. В.Шелфордтың толеранттық заңы. Толеранттық диапазоны. Стенобиоттық және эврибионттық организмдер. Организмдердің тіршілігі үшін негізгі абиотикалық факторлардың экологиялық мәні. Қоршаған ортаның экологиялық сиымдылығы.
3-тақырып. Популяциялар экологиясы - демэкология
Популяция туралы түсінік. Популяцияның статистикалық сипаттамалары. Организмдердің кеңістікте орналасуы. Олли принципі. Популяцияның динамикалық сипаттамалары.Популяция санының экспоненциалдық және логистикалық өсуі. Популяция санының реттелуі. Популяция тығыздығына тәуелді және тәуелсіз факторлар.Популяция санының ауытқулары. Популяциялар саны динамикасының факторлары.
4-тақырып. Қауымдастықтар экологиясы - синэколгия
Биогеоценоз, биоценоз,
экожүйе туралы түсінік.
дың негізгі формалары. Экологиялық қуыс. Түр аралық бәсекелестік – қауымдастықтың түрлік құрылымын сақтаушы негізгі механизмдердің бірі. Г.Ф.Гаузенің бәсекелестік арқылы жою принципі. Экологиялық қуыс: потенциалдық және іске асырылған экологиялық қуыс. Экожүйедегі энергия ағыны және химиялық элементтердің айналымы. Қоректік тізбектер және трофикалық деңгейлер, қоректік торлар. Экологиялық пирамидалар. Экожүйелердің өнімділігі. Экожүйелердің табиғ дамуы: бастапқы және қайталанған сукцессиялар. Экожүйелердің біртұтастығы және тұрақтылығы, экожүйелердің тұрақтылық механизмдері. Табиғи әкожүйелердің тұрақтылық критерийлері және тұрақтылығының негізгі көрсеткіштері.
5- тақырып. Биосфера және оның тұрақтылығы
В.И. Вернадский биосфера және ноосфера туралы ілім. Биосферадағы заттар айналымы. Тірі зат тұжырымдамасы. Тірі заттың ғаламдық рөлінің анықталуы. В.И. Вернадскийдің негізгі биогеохимиялық заңдары. Өндірістің дамуы және қоршаған ортаға түсетін салмақтың артуы. Адамның экойедегі орны. Әлемдік биогеохимиялық циклдар. Қазіргі биосфера. Антропогендік әрекетті қуатты геологиялық және геохимиялық факторлар ретінде мойындау тұжырымдамасы.
6-тақырып. Атмосфералық ауаны қорғау
Атмосфераның ластаушы көздеріне сипаттама. Ластаушы және зиянды газдарды тазалау. Атмосфера туралы түсінік, оның құрамы мен құрылысы және табиғат пен адам өміріндегі маңызы. Атмосфераның ластануы мен ластаушы көздер. Атмосфералық ауаның ластануының зардаптары.
7-тақырып. Су қорларын қорғау
Су қорларын ластаушы көздерге сипатама. Су қорларын қорғау және үнемді пайдалану. Су-биосфераның аса маңызды элементі. Криосфера. Табиғи сулардың «өздігінен тазару» құбылысы. Гидросфераның ластануы. Суды тазарту және ластанудан қорғау. Қазақстан Республикасының су кодексі.
8-тақырып. Топырақты қорғау
Топырақты ластаушы көздеріне сипаттама. Топырақ ресурстарының маңызы. Қазақстанның жер ресурстары, олардың құрылымы. Жерді рекультивациялау.Топырақты эрозиядан қорғау. Жел және су эрозиялары.
9-тақырып. Тұрақты даму тұжырымдамасы
«Тұрақты даму» ұғымының пайда болу тарихы: Рим клубы, Медоуз және Форестер еңбектері (Өсу шектері, 1972). БҰҰ-ның Қоршаған орта жөніндегі бірінші конференциясының Декларациясы (Стокгольм, 1972). Риоде-Жанейрода(1992) және Йоханнесбургте (2002) өткен Дүниежүзілік саммиттер. Тұрақты даму факторлары. Тұрақты дамудың стратегиясы мен принциптері. Тұрақты даму деңгейлері. Тұрақты дамуды қамтамасыз ету жолындағы халықаралық ынтымақтастық. Тұрақты дамудың ғылыми теориясын жасау жолындағы халықаралық ұйымдардың қызметі.
10-тақырып. Табиғи ресурстар және табиғатты ұтымды пайдаланудың теориялық негізі.
Табиғи ресустардың классификациясы: сарқылатын, сарқылмайтын, қалпына келетін, қалпына келмейтін ресурстар. Жердің табиғи ресурстарының сипаттамалары. Биологиялық ресурстар және азық-түлік қауіпсіздігі.Табиғатты ұтымды пайдалану, аз қалдықты және қалдықсыз технологиялар. Экологиялық тұрғыдан таза, альтернативті энергия көздерін пайдалану.
11-тақырып. Биосферадағы тұрақсыздықтың пайда болуының антропогендік факторлары
Қоршаған ортаға түсетін антропогендік салмақтың өркениет түрлерінің олардың даму сатыларына байланысты жіктелуі.Адамзат қоғамының қалыптасуы мен дамуындағы табиғаттың рөлі. Табиғат пен қоғамның өзара қарым-қатынас тарихы.
Қазіргі заманның әлемдік экологиялық проблемалары(климаттың өзгеруі, озон қабатының бұзылуы, қышқыл жаңбырлар, шөлдену, биологиялық әралуандылықтың кемуі, Әлемдік мұхиттың ластануы және т.б.) олардың пайда болу себептері және зардаптары. Қоршаған ортаның физикалық,химиялық,биологиялық ластануы және олардың экологиялық-генетикалық зардаптары.Ауыл шаруашылығының әлеуметтік-экономикалық мәселелері. Ауыл шаруашылығы өндірісінің қалыптасуы, оның табиғатпен байланысы.
12-тақырып. Қазіргі заманның әлеуметтік – экологиялық проблемалары және тұрақты даму
Әлеуметтік –
экологиялық дағдарыс және
13-тақырып.Табиғатты қорғау және тұрақты даму
Ерекше қорғалатын аймақтар. Қорықтар. Ұлттық парктер. Қызыл кітап және оның биологиялық әралуандылықты сақтаудағы рөлі.Экологиялық білім мен экологиялық сауаттылықтың тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі рөлі. Генетикалық әралуандылықты қорғау. Биосфералық резерваттар.Табиғат қорғаудың экологиялық негіздері
14-тақырып. Қазақстан Республикасының тұрақты дамуының өзекті экологиялық проблемалары
Арал аймағының әлеуметтік-экологиялық проблемалары. ҚР территориясындағы Семей ядролық сынақ алаңы және өзгеде полигондар. Ядролық сынақтардың адамзатқа тигізген зардаптары. Қазақстан Республикасының табиғи ортасын тұрақсыздандыру процестері, себептері мен салдарлары. Ядролық қаруға қарсы Невада-Семей қозғалысы.
15-тақырып. Қоршаған ортаның күйін бағалаудың әдістері мен критерийлері
Экологиялық мониторинг,
ұйымдастырылу принциптері.
мониторингі. Мониторинг жүйесінің классификациясы. Алматы қаласының экологиялық
мониторингі. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы
заңдары. Қазақстан Республикасындағы халыққа білім және экологиялық тәрбие беру.
ҰСЫНЫЛАТЫН ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ТІЗІМІ
1. Экология – табиғатты қорғау
мен табиғатты ұтымды
2. Негізгі тіршілік орталары, олардың сипаттамалары.
3. Популяция – түрдің тіршілік
ету формасы, популяцияның
4. Негізгі биогендік
5.Экожүйелердің орта
6. Биосфераның құрылысы және шекаралары.
7.В.И.Вернадскийдің ноосфера
8. Тұрақты қоғам моделі, оның белгілері және қызмет атқару принциптері.
9. Адамзат қоғамының табиғи
10. Қоршаған орта және
11.Қазіргі заманның әлемдік
12. Қазақстан Республикасының
13. Қоршаған ортаның сапасы және тұрғындардың денсаулығы.
14. «Үшінші әлем» проблемалары. Мешеуліктен құтылу – тұрақты дамудың өзекті мәселесі.
15. Өмір шындығы және тұрақты
дамуды қамтамасыз етудің
1.2 Дәріс материалдары
ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ
Лекция– 1
Тақырыбы: Экологияның қалыптасу тарихы және оның мақсат, міндеті
Жоспары:
3. Экология ғылымының салалары, зерттеу әдістері.
Әдебиеттер:
5. Бейсенова Ә., Самақова А., ЕсполовТ., Шілдебаев Ж. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Оқулық. – Алматы: «Ғылыми баспа орталығы, 2004. -328б.
Экология ғылымы туралы түсінік
Қазiргi кезде экологиялық мәселелер қоғамдық мәні жағынан дүние жүзiнде ауқымы кең, басты мәселелердiң бiрiне айналды. Өйткенi, мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан табиғи жүйелердiң топырақты, су көздерiн, ауаны ластау орны толмас зардаптар қалдырды. Оның себебi, жер шарындағы елдердiң индустриялды дамуы, халық санының жедел өсiп табиғи қорларды пайдалануды еселеп арттырып, адамдардың табиғатқа әсерiнiң күшеюi. Бұл бүкiл дүние жүзiнде экологиялық дағдарыс қаупiн тудыруда.
Соңғы жылдары табиғатқа
Ғылымның барлық салалары сияқты экология ғылымы да үздiксiз даму үстiнде болып, дербес ғылым ретiнде 1900-шы жылдары қалыптасты. 1868 жылы немiс ғалымы Э.Геккель «экология» терминiн ғылымға енгiздi. Грекше (oicos –мекен, үй, logos – ғылым) деген сөз, яғни тiршiлiк мекенi туралы ғылым дегендi бiлдiредi.
Экологияның қалыптасу тарихы және оның қазіргі жағдайы
Экология – биология ғылымының негізінде ХІХ ғасырдың орта шенінде айқындала бастағанымен, оның өз деңгейінде көтерілуі ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басы болып саналады. Десе де, алғашқы экологиялық зерттеулердің элементтерін біз көне дәуір оқымыстылары Эмпедокл, Гиппократ, Аристотель, Теофраст еңбектерінен көреміз. Табиғат құбылыстарын зерттеушілер өсімдіктер мен жануарлар тіршілігіндегі морфологиялық, физиологиялық бейімделушіліктерді оның қоршаған табиғи ортасына тәуелділік шеңберінде экологиялық тұрғыда қарастырады.
1 кезең. Биоэкологиялық зерттеулердің жаппай сипат алу кезеңі. Ол кезең ХVІІІ ғасырдың аяқ шенін қамтиды. К.Линей (1707-1788), Ж.Ламарк (1744-1825), А.Декандоль (1806-1893), П.С.Паллас (1741-1811), И.И.Лепехин (1740-1802), А.Гумбольд (1769-1859), К.Ф.Рулье (1814-1858), Н.А.Северцов (1827-1885), Н.А.Бекетов (1825-1902), Ч.Дарвин (1809-1882), К.Мебиус (1825-1908), Э.Геккель (1834-1919), Е.Варминг (1841-1924), В.В. Докучаев (1846-1803), Шоқан Уалиханов (1835-1865), т.б. табиғат зерттеуші биологтар систематиктер, географтар өздерінің еңбектерінде экологиялық сипаттағы ғылыми-зерттеулер жүргізіп, экология ғылымының дамуына өз үлестерін қосты.
ІІ – кезең. Экология ғылымының жеке ғылым ретінде қалыптасу кезеңі. Ол ХіХ ғасырдың басы мен ХХ ғасырдың 70-80 жылдарын қамтиды. Бұл кезеңде Д.Н. Кашкаровтың «Орта және бірлестіктерң, «Жануарлар экологиясының негіздерің, А.Тенслидің «Экожүйелер туралы ілімң Н.В.Сукачевтың «Биоценозң, В.И.Вернадскийдің «Биосфера туралы ілімің негіз болды. Осыдан барып экология ғылымының зерттеу әдістері, ғылым салалары, мақсат, міндеттері айқындала түсті.
ІІІ кезең. Экология ғылымының өрлеу кезеңі. Қазіргі заманғы экология – бүкіл ғаламдық ғылымдар мен әлеуметтік, экономикалық жағдайлар және проблемаларды қамтитын деңгейге жетті. Экология ғылымының қолданбалы және адам экологиясы бағыттары дами түсті. Экологияның жаңа салалары бойынша теориялық және практикалық зерттеулер жүргізілуде
Экологияның зерттеу бағыттары:
1. Аутэкология – жеке организмдер арасындағы қарым-қатынастарды оның табиғи ортасымен байланысын зерттейді. Яғни жеке организмдерге табиғат факторлары қалай әсер етеді, оған организм қалай жауап береді, организмдегі морфологиялық, физиологиялық өзгерістер туралы мәселелерді қарастырады. Ол одан әрі зерттеулер тереңдеп, биохимиялық, биофизикалық, генетикалық сипат алады. Нәтижесінде жеке организмнің биоэкологиялық қасиеттері арқылы жалпы түрге, оның табиғатта алатын орнына, ролі мен маңызына, қоршаған ортаның өзгерісі, тазалығы мен ластану деңгейі, маусымдық өзгеруі, адамның іс-әрекеті туралы практикалық маңызына сипаттама береді.