Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2013 в 18:57, курсовая работа
Кәсіпорындардың шаруашылық субъектілері мемлекетпен арасындағы экономикалық қатынастары негізінде салықтар, яғни салық жүйесі төлемдер арқылы реттеледі.
Салықтар-мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер.
1. « Салық есептілігін қабылдау және өңдеу бөлімі»;
2. «Аудит бөлімі»;
3. «Салықты тіркеу бөлімі»;
4. «Құқықтық-ұйымдастырушылық жұмыстары және өңдеп шығару бөлімі»
5. «Есептеу және талдау бөлімі»;
6. «Басқарма бөлімі»;
7. «Ақпараттық технологиялар секторы».
Негізгі ережелер
«Салық есептілігін қабылдау және өңдеу бөлімі» Жылыой ауданы бойынша салық комитетінің құрылымдық бөлімшесі болып саналады. Өз қызметінде бөлім Қазақстан Республикасы заңы мен Конституциясын басшылықа алады. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Президентінің нормативтік – құқықтық актілерін, Министрліктің бұйрықтарын, сонымен қатар ережелерін де сақтауы тиіс. Атқаратын негізгі қызметтері келесідей:
Құқықтары мен міндеттері:
Бөлімді бөлім бастығы басқарады. Бөлім бастығы бөлімдегі жұмысты өз жетекшілігіне алады және осы бөлімге берілген тапсырмаларды орындауға жауапты.
Бөлім мамандары құжаттарды қабылдау мен өңдеуге жауапты, сонымен қатар есептіліктен ешқандай да ақпараттар бермеуі қажет.
Бөлім жұмысшылары берілген тәртіпті сақтауы керек, сонымен қатар басқа да «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Жемқорлықпен күресу туралы» Қазақстан Республикасы заңында белгіленген міндеттерді сақтау, құжаттамаларды сақтауға жауапты.
Бөлімде кіріс құжаттарын, оларды міндетті түрде тіркеумен және салықтық есептеменің формаларын оларға нөмір беріп, қабылдау жүзеге асырылады.
Ақпараттық жүйелерге енгізілуі қажет, қағаз түрінде қабылданған кіріс құжаттары сканерлеу арқылы немесе жүйеге қолмен енгізілу арқылы өңделуі қажет.
Кіріс құжаттарын қабылдауды
жүзеге асыратын бөлімнің жұмыстары
келесідей операцияларды
Кіріс құжаттарын қабылдау және өңдеу келесідей ақпараттық жүйелердің көмегімен жүзеге асырылады:
ИСАЖ – интегралданған
ЖТАЖ – төлем көзінен жеке
тұлғалардың табыстарын
ҚҚС АЖ – қосылған құн салығын және шот–фактураларын төлеушілердің реестрін жүргізудің ақпараттық жүйесі;
ЭСЕФ АЖ – салықтық
есептеменің формаларын қабылда
ХКЖ АЖ – хабарламаларды кепілдікпен жеткізудің ақпараттық жүйесі; «Жалпы тіркеу» АЖ – электронды түрде салықтық есептемені тапсырған салық салушыларды тіркеу ақпараттық жүйесі;
Өңделгеннен кейін кіріс құжаттамалары кейінгі жұмыс үшін сәйкес басқармаларға реестр бойынша беріледі.
Тіркеу сипатындағы құжаттарды беруді қажет ететін кіріс құжаттарын өңдеу орталық жұмыстарымен жүзеге асырылады.
Кіріс құжаттарын беру кіріс құжаттарының негізінде ғана жүргізіледі.
Қатаң есептеме бланкісіндегі құжаттардан басқа барлық шығыс құжаттары тіркеу журналында міндетті түрде тіркелуі қажет.
Салық салушылармен салықтық есептемені беру және оларды салық органдарымен қабылдау міндетті түрде салықтық есептеменің формасында (СЕФ) түзетулердің жоқтығын тексеріп, салық кодексінің 69 бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Барлық берілген СЕФ–ы міндетті түрде тіркелуі қажет. Бөлімнің жұмысшысы СЕФ–ын қабылдауды жүзеге асырады (2 данада). Барлық қажетті реквизиттерді дұрыс көрсеткен жағдайда СЕФ – ын қабылдаған бөлім жұмысшысы оны тіркейді, СЕФ – ң екі данасында да есептемені қабылдау күнін, кіріс номерін, аты – жөнін, қолын және салық органының кодын көрсетеді. СЕФ-ң екінші данасы салық салушыға қайтарылады.
Қағаз түрінде берілген СЕФ–ң ақпаратты тіркегеннен кейін салықтық басқарманың ақпараттық жүйелеріне «ИСАЖ, ҚҚС АЖ, ЖТАЖ, ЭСЕФ ақпараттық жүйелеріне ақпаратты енгізудің регламентін бекіту туралы» №208 2003 жылдың 19 мамырындағы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің салық комитеті төрағасының бұйрығымен бекітілген мерзімнің ішінде бөлім жұмыстарымен енгізілуі қажет.
3.2 Жылжымайтын мүлікке салық салу әдістерінің шетел тәжірибесі
Алыс – жақын шет мемлекеттердің салық жүйелері әр түрлі экономикалық, саяси, әлеуметтік жағдайларды барысында қалыптасты. Әдетте, салық жүйесі әкімшілік басқарудың әр түрлі деңгейінде, сондай-ақ халықаралық операцияларда екі жақты салық салуды болдырмау мақсатында осы жағдайлар барысында туындайтын ерекшеліктерді ескере отырып құрылады. Салықтарының құрылымы мен олардың қолданылу аясы, есептелу және алыну механизмі, әр түрлі билік органдарының фискалдық өкілеттіктері және басқа салық саласындағы мәселелеріне байланысты шет мемлекеттердің салық жүйелері бір-бірінен айрықшаланады. Олардың салық жүйелерін терең зерделеу барысында салықтарының құрылымы мен түрлерінде, басқа да салыққа қатысты мәселелерінде ортақ ұқсас нышандарды байқауға болады.
Германиядағы
бағалау қызметінің тәжірибесінің
пәні – пайдалану мақсатына
Ең алдымен мұнда салық салуда қабылданған құндардың түсініктерін ескеру қажет (жалпы құны, нормативті немесе стандартты құн, жер иелену құны):
Бірақ бағалау үрдісінің ортасында нақты нарықтық құн немесе ағымдағы бағалардағы құн тұр.
XIX ғасырдың
өзінде Германияда бағалау
Содан бері Германиядағы бағалау қызметінің тәжірибесі құнды бағалау әдістерін жылжымайтын мүлік нарығында сәйкес уақытта қалыптасқан нақты жағдайға бейімделуге бағытталған, яғни нарықтық жағдайды ескеріп, құнды бағалауға бағытталған. Бұл жылжымайтын мүлік құны бойынша сарапшылық комиссиялардың міндетіне кіретін жылжымайтын мүлікпен барлық мәмілелерді жүйелі есепке алу және талдау арқылы жүзеге асырылады.
Германиямен салыстырылатын
басқа елдерге қарағанда
Германия «нарықтық құн» түсінігіне бағалау қызметінің негізгі қағидаларын реттейтін қосымша заңдылық қаулылары бар дүниежүзіндегі жалғыз мемлекет болып табылады. Бұл жағдай өзін оңтайлы ұсынды, себебі тек қана осы арқылы терминдер мен түсініктерді пайдалануда бірлік қамтылып, көптеген даулардан құтылды.
Басқа елдердегідей, Германиядағы бағалау қызметінің тәжірибесінде орталық орынды құнды бағалаудың классикалық әдістері алады – табыс әдісі, салыстырмалы сатуларды талдау әдісі және нақты құн әдісі (шығын әдісі).
Жалпы алғанда, Германияда жер учаскесінің құнын және жеке меншіктегі пәтерлердің құнын бағалағанда салыстырмалы сатуларды талдау әдісі кеңінен қолданылады, ал салынған жер учаскелердің құнын бағалағанда табыс әдісі көп қолданылады.
Германияда кепілге салынған жылжымайтын мүліктің құнын бағалағанда ең берік және негізделген әдіс – салыстырмалы сатуларды талдау әдісі болып табылады. Бұл әдіс жер учаскесінің бағасын анықтағанда үнемі қолданылады. Бұл әдісті пайдалануды келесі жағдайлар оңай қылады:
Информация о работе Жылжымайтын мүлікке салық салудың жалпы теориялық негіздері