Несие жүйесі туралы жалпы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Мая 2013 в 12:21, курсовая работа

Краткое описание

Қазiргi кезеңде Қазақстан Республикасында несие аясы серпiндi түрде дамып келе жатқан экономикалық секторлардың бiрi. Бұрын қатал түрде реттелетiн Қазақстан Республикасында несие жүйесінің қалыптасуы бүгiн дербес және үлкен банкаралық бәсеке жағдайында халықаралық деңгейде жұмыс iстеп жатыр.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................4
1 НЕСИЕНІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ
1.1 Несие жүйесі туралы жалпы түсінік................................................................6
1.2 Несие жүйесінің құрылымы мен ұйымдастыру принциптері ..................9
1.3 Маманданған несиелік мекемелердің қызметін ұйымдастыру................12
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ ЖАҒДАЙЫНА ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан Республикасында несие жүйесінің қалыптасуы және
дамуына сипаттама.........................................................................................20
2.2 Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің қызметіне
талдау................................................................................................................26
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА НЕСИЕ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ........................................................................................33
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................36
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................37

Вложенные файлы: 1 файл

НЕСИЕНІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ.docx

— 104.40 Кб (Скачать файл)

Несие жүйесінде  мемлекеттік сектордың көбеюі ел экономикасын мемлекеттік реттеудің  ұлғаюына байланысты. Мысалы, екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кездері отарлау  жүйесінің құлауы нәтижесінде азат етілген елдерде құрылған ұлттық несие жүйелерінде мемлекеттік  несие институттарының пайда  болуына мүмкіндік туғызды. Бұл  елдерде шетел банктерін мемлекет меншігіне айналдыру жүргізілді. Сондай-ақ әлемде мемлекетаралық валюта-несие  және қаржы институттары да құрылуда: Халықаралық валюта қоры, Халықаралық  қайта құру және Даму банкі, Аймақтық Даму банктері және т.с.с.

Шаруашылық  буындарына көрсететін қаржы-несиелік қызметтерінің санына, мөлшеріне  және олардың көлеміне, сондай-ақ мамандануына қарай несие жүйесінің өзегі  – банк жүйесі, ал несие институттарының  жұмысын үйлестіретін бірыңғай орган  – Орталық банк болып саналады. Орталық банк  – мемлекеттің  банк жүйесінің бірінші деңгейіндегі басты банк, басты эмиссиялық банк. Ол -"банктердің банк ісі". Ол заңды және жеке тұлғалармен операция жүргізбейді, оның клиенттері - коммерциялық банктер мен басқа несие институттары, сонымен қатар үкімет мекемелері.

Экономиканың тарихи-экономикалық дамуының әрбір сатысына несиелік істі ұйымдастырудың өз типі, несие-ақша қызметіндегі сәйкес сұраныстарға жауап беретін несиелік жүйенің өз құрылымы сәйкес келеді. Мысалы, КСРО-ның жоспарлық-орталықтандырылған экономикасына Мемлекеттік банк басқарған несиелік жүйенің катаң орталықтанған кұрылымы сәйкес келеді, нарықтық экономика үшін басқасы, яғни банктік және банктік емес мекемелердің демонополизацияланған кұрылымының кең желісі сәйкес келеді. 

 

1.2 Несие жүйесінің құрылымы мен ұйымдастыру принциптері

 

Қазіргі кездегі несие жүйесінің күрделі, көп буындық құрылымы бар. Егер несиелік мекемелердің өз клинттеріне көрсететін қызметтер сипатын жіктеменің негізі етіп алсақ, онда қазіргі кездегі иесиелік жүйенің үш маңызды элементін бөліп көрсетуге болады:

  • Орталық (эмиссиялык) банк;
  • коммерциялық банктер;
  • мамандандырылған  несиелік  мекемелер.

Несиелік  жүйенің ұйымдастырылуы мен жұмыс  істеу негізінде белгілі бір  принциптер жатыр. Экономиканың жаңа жағдайында, оның нарықтық өту кезеңінде оларды былайша тұжырымдауға болады: елдегі банк ісін ұйымдастыруға мемлекеттік  монополия, басқа банктік емес институттармен үйлестіре отыра екі деңгейлі банк жүйесін құру, елдегі ақша –  несие саясатының бірлігі, несиелік мекемелер торабын барынша дамыту, оларды қызмет көрсету орындарына жақындату, мемлекеттік валюталық монополия, Орталық банктік автономиясы.

Банк  ісіне мемлекеттік монополия ұғымы мемлекеттік банктердің құрылуы мен жойылуын бақылауға, банктік операцияларды жүргізу тәртібі мен ережелерін заң жүзінде бекітуге ерекше құқығы ретінде түсіндіріледі. Ұлттық банк Қазақстан Республикасы аумағында банктерді құруға рұқсат береді, банктер мен олардың филиалдарын тіркеу кітабын жүргізіп отырады. Рұқсат беру кезінде Ұлттық банк жүргізілетін банктік операциялар шеңберін белгілейді.

Нарықтық  экономика ерекшеліктері банктік  емес мекемелермен үйлестіре отырып көп деңгейлі банк жүйесінің, олардың  ақша-несие және делдалдық қызметінің формалары мен түрлері бойынша көп түрлілігінің, Орталық (бірінші деңгей) және басқа банктер (екінші деңгей) арасындағы функцияларды заң жүзінде бөлудің қажеттілігін тудырады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі (бұдан әрі Ұлттық банк) Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғары деңгейін құрайды.

Банк  ісінің әлемдік тәжірибесі көрсетіп отырғандай, барлық елдердегі несиелік институттардың ішінен елдің бүкіл несиелік жүйесін басқаруда басты роль атқаратын орталық банктер бөлініп шығатын болды.Ал олардың басшылық ролі мемлекет берген кең ауқымды өкілеттіліктерге байланысты. Банктердің банк  функцияларын, ақша – несие эмиссиясын жүзеге асыруына байланысты орталық банктер коммерциялық банктердің, яғни екінші деңгейлі банктердің қызметіне әкімшілік бақылау мен нақты экономикалық ықпал ету құқығы несиелік мекемелер міндетті түрде қолдануы тиіс норма шығару құқығы бар. Коммерциялық банктер несиелік саясат жүргізуде және өз клиенттеріне толығымен дербес әртүрлі қызметтер көрсетуде.

Нарықтық экономикада арнайы банктік емес институттар құрылмаған жағдайда кез келген елдің несие жүйесі аяқталмай қалады. Халық салымдарын толығымен тарту мүддесі мен өзгеріп отырған нарықтық экономика талаптарын толық қанағаттандыру бұл институттардың құрылуын талап етеді, ал олар несие жүйесін толықтырып, байытады, экономикадағы өзгерістерді икемді және сезімтал ете түседі.

Мемлекет, экономикаға жетекшілік жасай отырып, Ұлттық банк арқылы бірегей ақша –  несие саясатын жүргізеді. Бұл принцип  айналыстағы ақша массасының көлемін  реттеу жолымен ұлттық валютаның  ішкі және сырқы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін, ақша-несие саясатын жалпы экономикалық саясатты жүзеге асыру және оны әлемдік экономикаға интеграциялау саласында республика мүдделерін қорғау үшін қажет.

Несие жүйесін  құрудың маңызды принципі – несиелік мекемелер торабының барынша  дамуы мен оларда барлық ақша операцияларының  шоғырлануы. Шаруашылық буындардың ұсынатын несие-қаржы қызметтерінің функционалдық мамандануы, көлемі мен санына сәйкес несиелік жүйенің ядросын банктік жүйе құрайды, ал несие институттарының қызметін үйлестіруші ортақ орган болып  – Орталық банк есептеледі.

Орталық банктер бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бас органның ролін атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың мемлекеттік органы болып табылады. Олардың басшылық ролі мемлекет берген үлкен өкілеттіліктермен анықталады.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттің Орталық банкіге кең өкілеттік беруі екінші деңгейлі банк жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Орталық банк тарапынан ақша-несиелік реттеудің  негізгі объектісіне экономикадағы  қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасы жатады, оның динамикасына төлеуге қабілетті сұраныстың әр түрлі компоненттерінің өзгерісі тәуелді болады. Қазіргі даму сатысында ақша несиелік сипат алады, яғни ақша массасы, негізінен, банктердің несие-депозиттік қызметіне байланысты пайда болады, сондықтан Орталық банк ақша айналымының құрылымын және көлемін екінші деңгейлі банктердің операцияларын басқару арқылы реттейді.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының Орталық банкі және республикамыздағы банк жүйесінің жоғарғы деңгейі болып табылады.

Ұлттық  банк – ақша резервтерінен, алтын валюта резервтерінен, басқа да материалдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкі бар заңды тұлға. Мүліктің құралу көздеріне - банк ісінен түскен табыстар, бағалы қағаздардан түскен табыстар және сәйкес бюджеттерден түскен дотациялар жатады.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңының 9-бабына сәйкес, Ұлттық банк жарғылық қорын 10 млрд теңге көлемінде мына қаражаттар есебінен құрайды: республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттар, мемлекеттен алынған негізгі қорлар және Ұлттық банк тапқан пайдадан аударымдар.

Әлемдік тәжірибеде, нарықтық экономика жағдайында Орталық банкінің жұмысын ұйымдастырудың әр түрлі құқықтық формалары бар:  

  • оның капиталының қалыптасуы 100% мемлекеттің қаражаты есебінен болатын унитарлық банк;
  • акцияларының бөлігі   мемлекетке тиесілі  (немесе  мемлекеттің қатысуынсыз) акционерлік қоғам;
  • бірлестік типтес ұйым (мемлекеттің қатысуымен немесе қатысуынсыз);
  • Орталық банкінің  қызметін  бірігіп атқаратын тәуелсіз банктер жүйесі.

АҚШ-та орталық  банктердің капиталына мемлекет қатыспайды, олардың капиталы Федералды резервтік жүйенің (ФРЖ) мүше банктерінің жарна пұл төлемдерінен тұрады.

Негізі  Ұлттық банк унитарлық орган болып табылады. Мемлекет – жарғылық қордың жалғыз иесі. Негізгі қор  – ғимараттардан, құрылғылардан, көлік және басқа да құндылықтардан тұрады, ал айналым қаражаты – банкіге тиесілі ақша қаражаттарынан тұрады. Ұлттық банк резервтік және басқа қорлар құрады. Резервтік қор жарғылық көлемінде құрылып, ол өзіндік табыс есебінен толтырылады және осы қорға байланысты нормаларға сәйкес жүргізілетін операциялар бойынша шығындарды жабуға арналады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің негізгі міндеті – Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкісіне мынадай қосымша міндеттер жүктеледі:

  • Қазақстанның экономикалық дамуы  және оның дүниежүзілік экономикаға интеграциялануы мақсаттарына жетуге көмектесетін ақша айналысы, несие, банктік есептеулерді және валюталық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жасау және жүзеге асыру;
  • ақша-несие және банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге көмектесу;
  • банктік және басқа иесиелік мекемелердің қызметін реттейтін ережелерді жасау және олардың орындалуына бақылау жасау негізінде банк несие берушілердің, салымшылардың мүдделерін қорғауы.

Ұлттық банкі жұмысының негізгі бағыттары:

  • елдегі несиелік ресурстарды және ақша айналысын басқару;
  • өзіне бағынышты мекемелер арқылы ақшалай түсімді инкассациялауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
  • банк ісін лицензиялау, ақша-несиелік реттеудің әдістерінің формаларын талдау;
  • банк ісін бақылау және қадағалау;
  • елдің банк жүйесінің тәуелсіз балансын жасау;
  • валюталық операцияларды жүргізу ережелерін және тәртібін жасау, біркелкі валюталық саясатын жүргізу және т.б.

Ұлттық банктің несиелік ресурстары мыналардың есебінен құралады:

  • меншікті қаражаттары;
  • басқа банктерден тартылған және келісімшарт негізінде Ұлттық банкке орналастырылған ақшалай қаражаттар;
  • Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден тартылған қаражаттар;

Бөлімді қорыта келе, несие жүйесі мемлекеттің ақша айналымын реттеп, ақша қаражатының экономиканың бір саласынан екінші саласына ауысуын қамтамасыз ету арқылы өндірістің тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Несие жүйесі арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалай есеп айырысуы мен төлемдері жүргізіліп, сондай-ақ әр түрлі несиелік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенімділік, кеңес беру және с.с. көптеген операцияларды жүзеге асырады.

 

     1.3 Маманданған несиелік мекемелердің қызметін ұйымдастыру

 

Бірінші тараудың бұл бөлімінде мамандандырылған  несие мекемелері  нарық  экономикасындағы  несие  жүйесіне  қажетті  маңызды буыны  болып  табылатындықтан, бұл  мекемелерсіз  экономиканың  әртүрлі  салаларында  және  тұрғындарға көрсетілетін  несие  жүйесінің қызметтері толық  болмас  еді. Сондықтан да маманданған несиелік мекемелердің түрлеріне тоқталып, олардың қызметтеріннің ұйымдастырылуы қарастырылды.

Парабанктік  мекемелер  көбінесе  белгілі  бір  клиенттер  типіне  немесе  бірер негізгі  қызмет  түрлерін көрсетуге  бағытталады. 

Мұндай  мекемелер  екі  жақты  бағыныштылықта  болады:  бір  жағынан,  олар  несиелік  және  есеп айырысу  қызметтерін  жүзеге  асырумен  байланысты  болатындықтан  да  Орталық  банктің  соған  сәйкес  талаптарын  басшылыққа  алады.  Екінші  жағынан  олар,  қандай  да  бір  қаржы, сақтандыру,  инвестициялық  немесе  басқа да операцияларға  мамандана  отырып,  тиісті  ведомстволардың  реттеу  әрекеттеріне  ұшырайды.

Тарихи  маманданған несие-қаржы институттарының  алғашқы мекемелері қарыз капиталы нарығындағы кейбір сұраныстарды қанағаттандыру мақсатында пайда болды. Мысалы, бұрынғы  КСРО-да 20-жылдарда коммерциялық банктер  тұтыну несиесін берумен шұғылданбағандықтан, сол кездерде тұтыну несиесін беретін көптеген мекемелер пайда болды. Олар қазіргі нарықтық экономикада кез келген мемлекеттің несие жүйесінде нық орын алуда.

Маманданған несие-қаржы инстиуттары (немесе оларды парабанктік мекемелер деп те атайды) не белгілі бір клиенттерге  қызмет көрсетеді немесе бір-екі  қызмет түрін меңгереді. Ол мекемелер  бір жағынан клиенттердің несие-есеп операцияларын жүргізіп Орталық  банктің талаптарын орындаса, екінші жағынан қаржы, сақтандыру, инвестициялық  және т.с. операциялар орындауымен  сол  салалардың  бақылауымен  қызмет  жасайды.  Олар  әртүрлі  маманданған қаржы институттарының  жиынтығы: несие-жинақтау мекемелері, инвестициялық қорлар немесе компаниялар, зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары, мекемелердегі өзара көмек кассалары, ломбардтар және т.б. Өркендеген мемлекеттерде  бұл институттар, яғни банктік емес мекемелер коммерциялық банктермен қаржы нарығында бәсекеге түсіп, халыққа, фирмалар мен компанияларға  сан алуан қызмет көрсетуде. Қазақстан  экономикасының нарықтық қатынастарға өту шағында бұл мәселелер  бойынша әлемдік тәжірибеге қызығушылық  болуда.

Маманданған несие-қаржы институттары кейбір шаруашылық аясында кең түрде қызмет керсетуде:

  • халықтың ұсақ жинақтарын тартуда;
  • ипотекалық несие беруде;
  • тұтыну несиесін беруде;
  • ауыл шаруашылық несиесін беруде;
  • сыртқы  сауда  операцияларын  қаржыландыру мен есеп айырысуда;
  • өнеркәсіп компанияларының бағалы қағаздарын  орналастыру мен капитал инвестициялауда.

Информация о работе Несие жүйесі туралы жалпы түсінік