Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Мая 2013 в 12:21, курсовая работа
Қазiргi кезеңде Қазақстан Республикасында несие аясы серпiндi түрде дамып келе жатқан экономикалық секторлардың бiрi. Бұрын қатал түрде реттелетiн Қазақстан Республикасында несие жүйесінің қалыптасуы бүгiн дербес және үлкен банкаралық бәсеке жағдайында халықаралық деңгейде жұмыс iстеп жатыр.
КІРІСПЕ....................................................................................................................4
1 НЕСИЕНІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ
1.1 Несие жүйесі туралы жалпы түсінік................................................................6
1.2 Несие жүйесінің құрылымы мен ұйымдастыру принциптері ..................9
1.3 Маманданған несиелік мекемелердің қызметін ұйымдастыру................12
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ ЖАҒДАЙЫНА ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан Республикасында несие жүйесінің қалыптасуы және
дамуына сипаттама.........................................................................................20
2.2 Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің қызметіне
талдау................................................................................................................26
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА НЕСИЕ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ........................................................................................33
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................36
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................37
Қаржылық және ақша несиелік қатынастар талдауы көрсеткендей баға факторы республиканың барлық қаржы – несиелік сферасына кері әсер етті.
Бірақ еркін бағаға өтудің жақсы жақтары туралы да айта кету керек. Оларға алдымен ақша және тауар массалары тепе-теңдігін тұрақтандырылуын жатқызуға болады. Баға либерализациясы басталмас бұрын, ақша секілді арзан тауар болмағаны белгілі. Бұл жетіспеушілігі жоқ жалғыз тауар болатын. Сол кездегі өндірістердің басты міндеті материялдық ресурстар қорын жаулап алу болды, ал ақша көп және оны кез-келген мезетте банктен алуға болатын еді. Сөйтіп халық шаруашылығы мен өндірістердің ақша қаржы мен несие деген көзқарастары өзгерді. Өндірістер назары жетіспеушілік ресурстардан өз тауарын төлемге қабілетті тұтынушыны іздеуге ауысты. Шығынға бағытталған экономика енді сұранысқа бағытталды. Ресурс шектеулі экономика сұранысы шектелген экономикаға айналды. Шаруашылықтардағы мұндай өзгерістер мемлекеттің экономиканы ақша, қаржы және несие арқылы басқаруына мүмкіндік береді.
Республикадағы
экономикалық және қаржылық тұрақтылық
ақша және несиелік эмиссияны шектеуге
бағытталған қазіргі
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңында (34-бабының 1-тармағы) «несиелік операция банктің (несие берушінің) басқа тұлғаға (несие алушыға) клиентке қайтарымдылық, ақылық және мерзімділік шарттарымен ақша беруі болып табылады» деген ұғым айқындалған.
«Темірбанк» пен «ТұранӘлемБанк»
Акционерлік қоғамдарының несиелiк
операцияларының қызметiне жан-жақты
талдау жасау үшiн жылдамдылық
пен сенiмдiлiк деңгейiн
Қандай
болмасын банктің негізгі классикалық
операциялық қызметінің түріне банктік
несиелендіру жатады. Банктік несиелендіру
банктер тарапынан жатпай-
Қазақстандық барлық банктердің несиелер бойынша экономикаға негізгі қарызы бір тоқсанның ішінде 2,3%-ға (жыл ішінде 6%) өсіп, 1036,6 млрд.тг. (7,46 млрд.АҚШ долл) болды. Екінші деңгейдегі банктердің экономика салаларына құйған несиелік жұмсалымдары 2006ж. 1 қыркүйекке қарай 2405,2 млрд.тг-ні құрады. Олардың тұрақты серпінмен ұлғаюы байқалды. Несиелік жұмсалымдардың жалпы көлеміндегі ұзақ мерзімді несиелердің үлесі 66%-дан асады, шетел валютасындағы несиелердің үлесі 50%-ға жуық құрады.
Сонымен қатар, ұлттық валютада берілген несиелердің өсу қарқыны шетел валютасындағы несиелердің қарқынынан артық болды. Жыл ішінде ұлттық валютадағы несиелердің мөлшері 5,2% өсіп 484,6 млрд.тг-ге жетті, ал шетел валютасындағы несиелердің мөлшері 0,1% кеміп 552,1 млрд. тг. құрады. Нәтижесінде тенгедегі несиелердің үлесі 45,4%-дан 46,7%-ға дейін өсті.
«Темірбанктің» банктерге
Банктердің несиелік операциялар өңдірістің ыдырауы, экономиканың тұрақсыздығы жағадайында едәуір өсетін тәуекелмен байланысты. Бұның ішінде табыс мәселеге қарамастан тәуекелді операциялардың бөлігі неғұрлым аз банктің сапалы несиелік портфелінің қалыптасудың қажеттілігін анықтайды. Тәуекел дәрежесі несиелік ресурстардың бағасы мен банктің әкімшілік шығындарын есептеумен несие бойынша табыстың жалпы нормасына сәйкес болу керек. Несиелендіру тәжірибесін жетілдіру банк үшін оптималдық несиелендіру ұйымдастыруды керек етеді./20/
Аталған банктердің несиелік шартты әзірлеу кезінде берілетін несие кезінде:
Несие алушыға несиелік ресурстар әртүрлі мақсатпен берілуі мүмкін. Атап айтқанда, жеке тұлғаларға:
Қазіргі уақытта «Темірбанктің» жеке тұлғаларды несиелендіру бағдарламаларының: автокөлік сатып алу үшін, тұтынушылық мақсаттарға және ипотекалық несиелендіру түрлері өте кең қолданылуда.
Заңды тұлғаларға:
Несие беруші банк клиентке
несиелік шартта көзделген мөлшерде
және жағдайда акша қаражаттарын беруге,
сондай-ақ клиенттің банктік шоты
жөніндегі банктік құпияны
Банктің клиенті, өз кезегінде, берілген несие сомасы мен оны пайдаланғаны үшін белгіленген банктік пайызды қайтаруға және берілген несие сомасын мақсатқа сай пайдалануға міндетті болады.
«Темірбанк» жүзеге асыратын несиелік операцияларға қатысты жалпы мән-жайлар туралы ережелерді банктің Директорлар кеңесі бекітеді және осы жалпы жай-жағдайлар:
1) берілетін несиелердің шекті сомасы мен мерзімі;
2) несиелер бойынша сыйақы мөлшерлеменің шекті мөлшері;
3) банктік несиелер бойынша сыйақы төлеу жәйттері;
4) банк
қабылдайтын, банктік несиені
қамтамасыз етуге қойылатын
5) кредитор
банк пен оның клиентінің
6) банктік несиелік операцияларды жүргізу тарифтері сияқты және т.б. мәліметтер мен рәсімдерден тұрады.
Банктік несиелер ұсыну ұлттық және шетел валюталарда жасалынады да, келесі негізгі сатылар бойынша жүргізіледі:
Тәуелсіздік алғалы Қазақстанда зейнетақымен қамтамасыз ету тәртібі түбірімен өзгерді.
Зейнетақы
қорының құрылуы Қазақстан
2.2 Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің қызметіне талдау
Екінші
тараудың бұл бөлімінде банктердің
жүргізілетін несиелік операциялары бойынша
салыстырулар, артықшылықтар, сонымен
қатар, бұл операциялардың соңғы
көрсеткіштерге талдау жасап, қаржылық
несиелік жағдайы жөнінде тоқталғым
келеді. Екі банктің клиенттерге
ұсынылатын несилендіру бағдарламаларының
ерекшеліктері мен
Қазақстандық екінші деңгейлі банктер тұтынушыларға әр түрлі және әр шарттарда несиелендіру бағдармаларын ұсынады. Несие мөлшері тұтынушы таңдап алынған бағдарламаға байланысты болады.
1. «Темірбанктің» айналым қаражаттарын толықтыру – NON-STOP Бизнес несиелендіру бағдарламасы(заңды тұлғалар үшін). Шарттары:
Өнімнің мазмұны: банктік қарыз және жаңғыртылатын несиелік желі.
Несиенің мерзімі: 10 жылға дейін.
Максималды сома – кепілзаттың нарықтық құнының 70%-дан аспауы тиіс; минималды сома – шектеусіз.
Кепілдікті камсыздандыру – Астана қаласындағы коммерциялық, жылжымайтын мүлік.
Пайыздық мөлшерлеме – 3 жылға дейін - қатаң 14%; 3 жылдан көп - өзгермелі, бірақ 21%-дан көп емес. АҚШ долл.
Несиенің мақсаты – бизнестің кеңеюі, айналым қаражаттарын толықтыру, негізгі құралдарды мен жылжымайтын мүлікті сатып алынуы.
Несиелік өтінімнің
Несиенің ұйымдастырылуы – қарыз сомасынан 1%, минималды сома - 30 000тг., максималды сома - 500 000тг.
Қоса қарыз алушы бар болған жағдайда міндетті сақтандыру – банкпен бағаланған жылжымайтын мүліктің сомасынан 0,2%.
Мерзімнен бұрын өтеу – айыппұлсыз.
Сонымен қатар, «Темірбанкпен» жеке кәсіпкерлерге (ИП) арналған NON-STOP Бизнес несиелендіру бағдарламасы жоғарыда көрсетілген бірдей шарттарымен ұсынылады. /12, б.357 /
Осыған ұқсас ретінде, «Тұран Әлем Банк» заңды тұлғаларды қаржыландыруда(несиелендіру) өзінің бағдарламаларын ұсынады. Меншікті қаражаттар есебінен және шетелдік несиелік желілерді тарту арқылы банкпен қысқа мерзімді несиелендіру, орта және ұзақ мерзімді қаржыландыру жүзеге асырылады. «ТұранӘлемБанк» жобалардың барлық мақсаттар, мезгілдер және сомалар бойынша қаржыландыру бағдармаларын жүргізеді, олар:
Шағын және орта бизнес секторды несиелендіру – «Тұран Әлем Банк» қызметінің басымды бағыты. Бұл сектордың субъектілері үшін банк несиелендіру мерзімін 10 жылға дейін ұзартылған. Шағын және орта бизнесті несиелендіру бағдарламасы шегінде:
«Тұран Әлем Банктің» шағын және орта бизнесті несиелендіру бағдарламасы бойынша шарттар келесі кестеде көрсетілген.
Кесте 2
«Тұран Әлем Банктің» шағын және орта бизнесті несиелендіру шарттары
Несиелендіру объектісі |
3 айдан кем емес әрекет ететін бизнес |
Несиелеу сомалары |
500АҚШ доллардан 200 000АҚШ долларға дейін. |
Несиелендіру салалары |
өндіріс, сауда және қызметтер аясы. |
Несиелендіру мерзімі |
3 айдан 36 айға дейін. |
Несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелер: |
1. 500$ - 10 000$ - жылдық 25-27%, валютамен 2. 10 000$ - 30 000$ - жылдық 22-25% 3. 30 000$ – 200 000$ - жылдық 16-18% |
Ескертпе: «ТӘБ» Шағын және орта бизнесті қаржыландыру бағдарламасының материалы.
Заңды тұлғаларды несиелендіру бағдарлама шегінде банк, сонымен бірге, келесі мақсаттарға несиелерді бере алады:
Несиелеу сомалары – 20 000 000 АҚШ долларға дейін.
Несиелендіру мерзімі – 1 күннен 7 жылға дейін.
Пайыздық мөлшерлемелер: шетел валютада жылдық 10%-дан бастап; теңгемен жылдық 18%-дан бастап.