Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Мая 2013 в 12:21, курсовая работа
Қазiргi кезеңде Қазақстан Республикасында несие аясы серпiндi түрде дамып келе жатқан экономикалық секторлардың бiрi. Бұрын қатал түрде реттелетiн Қазақстан Республикасында несие жүйесінің қалыптасуы бүгiн дербес және үлкен банкаралық бәсеке жағдайында халықаралық деңгейде жұмыс iстеп жатыр.
КІРІСПЕ....................................................................................................................4
1 НЕСИЕНІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ
1.1 Несие жүйесі туралы жалпы түсінік................................................................6
1.2 Несие жүйесінің құрылымы мен ұйымдастыру принциптері ..................9
1.3 Маманданған несиелік мекемелердің қызметін ұйымдастыру................12
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ ЖАҒДАЙЫНА ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан Республикасында несие жүйесінің қалыптасуы және
дамуына сипаттама.........................................................................................20
2.2 Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің қызметіне
талдау................................................................................................................26
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА НЕСИЕ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ........................................................................................33
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................36
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................37
Екінші деңгейлі банктік мекемелерінен басқа қаржы-несиелік институттар да кіреді. Олардың бір не екі операцияны орындауы үшін ҚР ҰБ лицензиясы болуы міндетті. Әдетте олардың арнайы клиентурасы болады.
Коммерциялы және фирма ішілік несиелеу де белсенді дамып келеді. Несиелік жүйенің әртүрлі бөлімдері мен құнды қағаздар нарығы арасында тығыз қарым-қатынастар орнатылуда.
Сөйтіп, Қазақстанда дамыған елдер принциптеріне сәйкес құрылған несиелік жүйе бой көтеріп келеді. Аталған уақытта несиелік жүйедегі көзге түсуші әрекет ретінде банк капиталының концентрациясы мен орталықтандырылуын айтуға болады. Өзінде ресурстардың, операциялар мен банк жүйесі қызметкерлерінің көп бөлігін қамтитын ірі банктер бөлініп шығуда.
Банк ісінде күшті бәсекенің болуы кішігірім мекемелерді мүлдем жарамсыз етеді. Жекелеген кішігірім банктердің әрекетін тоқтатудың ең негізгі формасы-өзге бір банктің оның акцияларын сатып алып, филиалы етуінде жатыр. Филиалдың жүйені кеңейту арқылы банктер жаңа клиенттер мен капиталды тарта алады.
Әсіресе белгілі бір қалада бірнеше банктер операциялардың көп бөлігін өзара бөлісетін жағдайдағы банк капиталының концентрациясы аса жоғары.(әсіресе республиканың ірі қалаларында)
Банк ісіндегі бәсекелестік халықаралық деңгейге көтерілді. Шетелдік капитал қатысуымен құрылатын банктер арқылы Қазақстандық қаржы нарығына шетелдік банктердің енуі де күшейіп келеді. Банк активтеріндегі шетелдік активтер үлесі де, шетелдік валютадағы несиелер де өсіп келеді. Мысалы 2005 жылдың наурызында отандық валютадағы несиелер 0,7% – 709,1 млрд. теңгеге төмендесе, шетелдік валютадағы несиелер 3,0% – 739,3 млрд. теңгеге дейін көтерілген, бұл 2004 жылмен салыстырғанда теңгелік несиелердің 48,1 ден 47,2% төмендеуіне алып келеді. Енді жақсы жаңалықтарға тоқтала кетсек. Банк секторында қайта қаржыландырудың 17%-дан 9%-ға төмендеуі несиелер, оның ішінде тұтынушылық несиелердің де төмендеуіне алып келеді. Ұлттық Банк ставка өзгерісі туралы болжамы шындыққа айналды – олардың айтуы бойынша, төмендеу 10%-ға дейін болу керек еді. Ресми мәлімдемелерге сәйкес, жеке тұлғалардың несиелер бойынша марапат мөлшерлемесі жыл басынан бері 25,5%-дан 24,2%-ға дейін төмендеген. Бұдан өзге банктердің орта және ұзақ мерзімдік несиелерді беру мүмкіндіктері бар. Республикада экономикалық өсу мен халықтың сауда сұранысы өскен бүгінгі жағдайда тұтынушылық несиелеу қайтадан өзекті болып келеді. Тұрғын – үй несиеленуінде де бірқатар алғышарттар байқалуда. Германиядан алынған тұрғынүйді несиелеу кестесі бар. Ол 2000 жылдың желтоқсан айында қабылданған «Құрылыс жинақтары туралы» заңында берілген. Оған сәйкес несие алмай тұрып, несие алушы алынатын санының 50% бөлігін арнайы банктегі жинақ есеп шотында жинақтайды. Бұл жағдайдағы несие және тартылатын салымның марапаттау ставкасы келісім мерзімінің барлық уақытына тұрақты болады, ал банк маркасы 3%-дан аспайды. Мұндай жеңілдік ставкалары кестенің тұйықталуы әсерінен болады. Бұдан өзге мемлекет жыл сайын халық жинағын қуаттап, салым саласының 20% көлемінде жыл сайынғы сыйақыларын бөледі, бірақ салым көлемі 60 айлық есептік көрсеткіштерден аспауы керек. Ал салым бұл нормадан асып кетсе, салымның сыйақы берілмеген бөлігі келесі жылға қалдырылады. Бұл жүйе Германияда ерекше сәттілікпен 1948 жылдан бері қолданылып келеді. Бірақ Қазақстанда арнайы құрылыс жинақ банктері құрылмаған. Ал отандық банк иелері бұл қызмет түрін тек батыстағы әріптестерімен дамытқысы келеді. Ондай банк келесі жылы неміс әріптестерімен бірігіп ашылмақшы. Бұл механизмнің жақсы жағы тұрғын халықтың 15-20% қамтылады, ал ипотекалық несиелеу кезінде тек қана 5% халық қамтылады, бірақ идеалды нұсқа ретінде «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ұсынған тұрғын үйді несиелеу жүйесі мен жоғарыдағы жүйенің бірігіп қолданылуы жақсы болар еді. Аталған жұмыста аталып өткендей, біздің қаржы нарығымызда факторинг ерекше қолданысқа ие болып келе жатыр. Ол әзірге тек банктік операция ретінде дамытылуда. Болашақта республикада кіші және орта өндірістердің құрылуы қолдауға ие болатындықтан факторинг қызмет көрсетудің бір түрі ретінде таратылуы мүмкін.
Біздің республикамыз үшін жаңа және перспективалы несиелік операция болып форфейтинг саналады. Қазақстан Республикасында екінші деңгейлі банктердің вексельдерін санау ережелері, Ұлттық Банктің № 396 15.11.1999 жылғы бекітіліміне сәйкес форфейтинг – бұл банктің вексельді индоссамент бойынша және клиентке вексельдік соманы регресстік құқығынсыз төлеп, сатып алу әдісі. Банк Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің лицензиясымен ғана форфейтингтік операцияларды жүзеге асыра алады. Форфейтингті жүзеге асыру кезінде банктің вексельдік сомадан дисконт ұстап қалуға құқығы бар.
Қазіргі уақытта форфейтингтің негізгі орталықтарының бірі Лондонда орналасқан, мұндағы «Сити банк» жаңа технологияларды қолданысқа ендіруде ешқашан шаршамайтын болғандықтан, көптеген еуропалық елдердің экспорты осында келіп жатыр. Форфейтингтің бизнестік көп бөлігі сол сияқты Германия мен Швейцарияда орналастырылған. Біздің елімізде форфейтинг әлі кең таралып үлгерген жоқ.
Біздің қазақстандық ақша – несиелік жүйесі бүгін ерекше тұрақтандырылған және елдегі жалпы банктік жүйенің сәтті дамуға бағыт алғандығы байқалады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Респулбикасында несие жүйесінің қалыптасуы мен дамуы ел экономикасының дамуымен тығыз байланысты. Мемлекет басшысы жүргiзiп отырған көреген саясаттың арқасында Қазақстанның банк жүйесi де, жалпы экономикалық дамуы да қазiр ТМД-да жетекшi орындарға ие.
Қаржыгерлердiң III Конгресiнде Қазақстан Республикасының Елбасы Н.Ә.Назарбаев ҚР-ң Үкiметiне және ҚР Ұлттық Банкiсiне индустриялық саясат шеңберiнде проритеттiк маңызы бар салаларды нақты анықтауды және оларды қаржыландыру мехнизмiн дамытуды тапсырғаны белгiлi. Әлемдiк тәжiрбие көрсетiп отырғандай, қоғамдағы экономикалық, саяси, әлеуметтiк сұрақтарды шешуде шағын бизнестiң ерекше рөл атқаратындығы белгiлi. Қазақстан Респулбикасында несие жүйесінің қалыптасуы мен дамуын жетілдіру жолдары жалпы экономиканың дамуының қозғаушы күшi бола отырып, халықты жұмыспен қамту деңгейiн қамтамасыз етедi және қоғам тұрақтылығының негiзi – орта класты қалыптастыру көзi болып табылады.
Мiне осы Қазақстандағы несие жүйесінің қалыптасуы мен дамуына әсер ететiн факторлардың бiрi сәйкес қаржылық қызметтер секторының дамуы болып табылады. Себебi, көптеген кәсiпорындар үшiн маңызды мәселелерiнiң бiр қосымша ақша қаражаттарының көзiн iздестiру болып табылатындығы белгiлi. Ал 2003 жылғы қараша айындағы деректер бойынша банктiк сектордан несие жүйесінің қалыптасу жолдары бөлiнiп отырған ақша қаражаттары жалпы экономикаға бөлiнген несиелердiң 22,7 пайызын ғана құрап отыр. Соңғы бес жылда Қазақстан Респулбикасында несие жүйесінің қалыптасуы мен дамуын жетілдіру жолдары негізінде банктердің шағын кәсiпкерлiкке бөлiнген несиелер 19 пайызға ұлғайғанымен, оның жалпы экономикадағы үлесi салыстырмалы түрде өте төмен. Сонымен бiрге, банктерден несие алу үшiн клиенттерге қойылатын талаптардың қатаңдылығы несие жүйесінің қалыптасуының негiзгi өндiрiсiн техникалық жабдықтауға несие алу мүмкiндiктерiн төмендетедi. Сондықтан бүгiнгi күнi Қазақстан Респулбикасында несие жүйесінің қалыптасуы мен дамуын жетілдіру жолдары пайдалана отырып құрылғыларының көбi техникалық және моральдық жағынан жақсарту керек.
Осы сегментке тән сипаттық белгiлердiң бiрi – Қазақстан Респулбикасында несие жүйесін қалыптасу мен дамытудың негізгі бағыты экономиканың қажетті секторларын қаржыландырудың күрделi қаржылық салымдардың неғұрлым тәуекелдiлiгi жоғары түрi болып табылатындығы. Оның себептерiне төмендегiлердi жатқызуға болады:
1. Назарбаев Н.Ә. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Ақиқат, 2007. №4.-7бет.
2. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында». Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. 2005 ж.
3. «Қазақстан Республикасындағы банктер мен банк мекемелерi» Негiзгi заң актiлерi.- Алматы, 2003
4. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы N2444 Заңы
5. “Екiншi деңгейлi банктерге арналған пруденциалдық нормативтер туралы ереженi бекiту жөнiнде” Қазақстан Республикасының ұлттық Банкi Басқармасының 2002 жылғы 3 маусымдағы N 213 қаулысы.
7. «Сақтандыру қызметі туралы» ҚР заңы 2000ж. 18.12 №126 II 4 бап
8. Ақша, несие, банктер: Оқулық / Ред. басқ. Ғ.С.Сейiтқасымов.- Алматы: Экономика, 2001.- 466 б.
9. Банковское дело: Учеб. пособие/ Под ред. О.И.Лаврушина.- 2-е изд., перераб. и доп.- М.: Финансы и статистика, 2000.- 666 с.
10. Банковское дело: Учеб. для вузов / Под ред. В.И. Колесникова, Л.П.Кроливецкой.- 4-е изд.,перераб. И доп.- М.: Финансы и статистика, 2000.- 459 с.
11. Бәйгiсиев М. Халықаралық экономикалық қатынастар. Алматы,1998.
12. Борисов Е.Ф. Экономика: Справочник.- М.:Финансы и статистика.1997- 400с.
13. Бохаев Д.Т. Коммерциялық банктердiң несие ресурстарын құрудағы проблемалары және оның болашағы: Автореферат.- Аламаты, 2004.-30 б.
14.Көшенова Б. Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары. Алматы,2000.
15. Мейiрбеков Б.Қ. Шағын кәсiпкерлiк пен бизнестi қолдау жолдары мен дамыту әдiстерi: Автореферат.- Алматы, 2004.-26б.
16. Кушербаев Б. Банктер және несие алушылар қарым-қатынастарын реттеу. Қарағанды,2002.
17. Мақыш С. Ақша айналысы және несие. Алматы,2000.
18. Мақыш С. Қазiргi несиелiк механизм және оны жетiлдiру жолдары. Автореферат. Алматы,1999.
19. Сейіткасымов Г.С. Банковское дело. Учебник – Алматы: Каржы – каражат, 1998 г. – 576 стр.;
20. Тоқсейiтов Р. Экономикалық сөздiк-анықтамалық.- Қарағанды: Болашақ-баспа, 1999.- 240 б.