Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2013 в 18:32, курсовая работа
Елімізде нарықтық қатынастардың дамуы кәсіпорын қаржыларының маңызын арттыра түсті. Кәсіпорын қаржылық ресурстарының жағдайы, оның қызметінің нәтижелерін анықтайтын фактор болып табылады.Кәсіпорын жағдайының сандық және сапалық параметрлері оның нарықтағы орны мен экономикалық кеңістікте тиімді қызмет ету мүмкіндігін анықтайды. Осы мәселелердің барлығы экономиканы басқаруда қаржыларды басқарудың маңызын арттыра түсті.
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1 ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ
1.1 Қаржылық менеджменттің даму тарихы...................................................5
1.2 Қаржылық менеджмент мазмұны, принциптері, функцилары.............8
2 «ҚАЗТРАНСОЙЛ» АҚ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ
2.1 «ҚазТрансОйл» АҚ-ның технико-экономикалық сипаттамасы.........15
2.1 «ҚазТрансОйл» АҚ жағдайын талдау және басқару.............................19
3 ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ НЕГІЗІНДЕ КӘСІПОРЫНДЫ БАСҚАРУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН ЖОҒАРЫЛАТУ
3.1 Тиімді басқарудың құралдары..................................................................31
3.2 Басқарудың тиімділігін жоғарылату бағыттары...................................35
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................38
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................39
«ҚазТрансОйл» барлық
құбыр желісі жобаларында,
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 мамырдағы №591 Қаулысымен «ҚазТрансОйл» ЖАҚ акцияларының 100%-ы жаңадан құрылған «Мұнай және Газ Тасымалы» Ұлттық Компаниясы ЖАҚ-тың басқаруына берілді.
Ал, 2002 жылғы ақпандағы Қазақстан Республикасы Президентінің «Ел экономикасының мұнай-газ секторындағы мемлекеттің мүдделерін одан әрі қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Жарлығына сәйкес, «ҚазТрансОйл» жаңадан құрылған «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясы ЖАҚ-тың қарауына енгізілді.
Компания Қазақстанда өндірілетін мұнайдың 80%-інің тасымалын жүзеге асыра отырып мұнайдың құбыр арқылы тасымалы жөніндегі қызметтер рыногында монополист болып табылады.
Компанияның құқықтық статусы келесі құжаттармен анықталады:
Ұлттық компанияның ұйымдық құрылымы екі филиалдан тұрады.
1. Батыс филиалы. Құрылу мерзімі 1997жыл 1 қазандағы №44 бұйрық «Южнефтепровод» ӨБ негізінде.
ТМД-дағы жалғыз «ыстық» мұнай құбырының учаскелері «Өзен-Атырау-Самара» 1969 жылы, «Қаламқас-Қаражанбас-Ақтау» 1979 жылы, «Астрахань-Маңғыстау» су ағысының негізгі тармағы 1987 жылы, «Атырау-Мақат» су ағызғысының негізгі тармағы 1978 жылы пайдалануға қабылданды.
«ҚазТрансОйл» АҚ Батыс филиалының негізгі міндеттері:
- мұнайды Батыс Қазақстан
кенішінен Атырау МӨЗ-ге, «Қаламқас-Қаражанбас-Ақтау»,
«Өзен-Атырау-Самара»
- мұнайды «Атырау» МАС, «Мақат» МАС қотару-құю темір жол эстакадасы және «Ақтау МАС» құю эстакадасы арқылы жеткізу;
- Ақтау теңіз кемежайында танкерлерге құю;
- Атырау және Маңғыстау облыстарының, оның ішінде Құлсары қаласының, Бейнеу кентінің, Жаңаөзен қаласының кәсіпорындары мен халқы үшін Жайық өзенінен техникалық және ауыз суды дайындау мен жеткізу.
«ҚазТрансОйл» Батыс филиалы өндірістік қызметінің 2009 жылғы негізгі көрсеткіштері.
Мұнай жеткізу туралы:
Батыс филиал бойынша 2009 жылғы мұнай жеткізу көлемі 30 млн. тонна болды, бұл 2008 жылдың осындай кезеңінен 5 млн тонна артық (2008 жылғы көлем 25 млн тонна).
«Өзен-Атырау-Самара»
мұнай құбырымен мұнай
2009 жылы «Ақтау» кемежайынан жөнелту көлемі 2008 жылғы 6 млн. тонна орнына 7,2 млн. тонна болды (1,2 млн. тонна артты).
Су жеткізу туралы:
2009 жылы су жетккізу 18 млн. текше метр болды, бұл өткен 2006 жылдың осындай кезеңінен 14,8 млн. текше метр артық.
Қызметшілерді дамыту:
«ҚазТрансОйл» АҚ жыл сайын қызметшілердің жоспарлы да мақсатты дамуына елеулі қаражат салып отырады. 2009 жылы Батыс флилалдың 1902 қызметкері оқудың әр түрін өтті, нақты жұмсалған қаржы 21 миллионға жуық теңгені құрады.
Әлеуметтік жұмыс туралы:
Қызметкерлерді әлеуметтік қолдау, жоғары өнімді еңбекке қолайлы жағдай жасау мақсатында Қоғам құрылған кезден бастап «ҚазТрансОйл» АҚ қызметкерлеріне берілетін әлеуметтік кепілдіктер, өтемақылар және жеңілдіктер туралы ереже қолданылуда, осыған сай әлеуметтік жеңілдіктердің мынадай түрлері жүзеге асырылады:
- мерейтойларға арналған материалдық көмек;
- некелесуге арналған материалдық көмек;
- бала туғанда берілетін
- 1,5 жасқа дейінгі баласы бар аналарға материалдық көмек;
- зейнетке шыққанда берілетін материалдық көмек;
- төтен ерекше жағдайларда
2.Шығыс филиалы «ҚазТрансОйл» АҚ-ның құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Оның құрамына Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Шымкент төрт мұнай құбыры басқармасы және Өндірістік-техникалық қамтамасыз ету орталық базасы кіреді.
Қазіргі кезде филиал Батыс Сібір мұнайын «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖАҚ-на және Құмкөл мен Ақшабұлақ кеніштері мұнайын «ПетроҚазақстанОйлПродактс» ААҚ-на қабылдауды, тасымалдауды әрі тапсыруды қамтамасыз етеді. Бұдан басқа, Атасу мұнай құю эстакадасынан Батыс Сібір және Қазақстан мұнайын тасымалдау және құю, ал Шағыр МҚЭ-ден Қазақстан мұнайын құю қамтамасыз етіледі.
01.01.2009 жылғы жағдай бойынша филиал бір тармақпен есептегенде 2576,48 км мұнай құбырын пайдаланды.
2009 жылы тасымал қызметтерінің нақты көлемі жоспардағы 8666 мың тоннаның орнына 9608 мың тонна болды немесе 942 мың тоннадан артық тасымалданды, бұл 111%-ті құрайды, оның ішінде Атасу мұнай құю эстакадасынан 1352 мың тонна және Шағыр мұнай құю пунктінен 1505 мың тонна көлемінде мұнай құйылды. 2009 жылы Құмкөл-Жосалы мұнай құбырымен 2899 мың тонна мұнай тасымалдануы себепті көлік қызметтерінің көлемі 2006 жылғы көлеммен салыстырғанда 824 мың тоннаға азайды.
2009-шы жылы «ҚазТрансОйл» АҚ жүйесі бойынша тасымалданған мұнай көлемінің жалпы көлемі 38 390 мың тоннаны құрап отыр. Бұл 2008-ші жылғы нәтижемен (34 192 мың тонна) салыстырғанда 12 пайызға артық. Жүк айналымының ауқымы 25 135 млн тонна шақырымды қамтып, 2008-ші жылға (24 604 млн. тонна шақырым) қарағанда 2 пайызға өскен. Жалпы Қоғам бойынша жүк айналымының артуы тасымалданған өнім көлемінің ұлғайғандығынан әрі Батыс пен Шығыс филиалдары арналы мұнай құбырларының жүйесіне интеграциялау саясатын енгізгендіктен оң нәтижесін беруде.
Осындай оң өзгерістерге Қазақстандағы
мұнай өндіру ісінің қарқын алуы мен
өнімнің еселенуі ықпал етті. Екіншіден,
ҚТО қазақстан мұнайын
Су ағызғылар жүйесі бойынша су жеткізудің жалпы көлемі 2009 жылы 18 004 мың шаршы метрді құрап, 2008 жылға қарағанда (14 839 мың шаршы метр) 21 пайызға артып түсті.
2009 жылғы мұнай тасымалдау мен су жеткізу саласында көрсетілген қызмет үшін түскен түсім 60 414 млн. теңгеге жетті. 2008 жылмен салыстырғанда түсім 3 пайызға немесе 1 991 млн. теңгеге артқан.
3-кесте. «ҚазТрансОйл» АҚ– ның қызмет түрлерінен түскен түсім
Қызмет түрі |
2008 жыл |
2009 жыл |
Мұнай тасымалы |
34 192 |
38 390 |
Су тасымалы |
14 839 |
18 004 |
Мұнай айналымы |
24 604 |
25 135 |
2009-ші жылы «ҚазТрансОйл» АҚ-ы мемлекттік бюджетке 10 908 млн. теңге төледі.
2009-ші жылғы таза пайда алғашқы мәлімет бойынша 13 187 млн. теңгені құрап отыр.
Агенттік сарапшыларының пікірінше, «ҚазТрансОйл» ЖАҚ-тың рейтингісін анықтауда оның қызметінің ерекшелігіне байланысты табиғи монополист мәртебесіне қосымша Қазақстан республикасы үшін стратегиялық маңыздылығы оң рол атқарды. «ҚазМұнайГаз» ЖАҚ ұлттық мұнай компаниясы арқылы ҚазТрансОйл ЖАҚ жанама түрде 100 пайыз мемлекеттік болып табылады және рейтинг агенттігінің пікірінше орта мерзімді болашақта мемлекет меншігінде қала беруі ықтимал. [14]
Компанияның қаржылық жағдайын бағалау үшін оның қаржылық есебінің мәліметтеріне (баланс және қаржылық-шаруашылық қызмет нәтижесі туралы есеп) сүйенеміз.
Баланс активтерінің
құрамы мен құрылымының динамикасын та
Қаржылық талдаудың маңызды элементі болып табылатын активтерді талдау барысында, осы активтердің нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымы және оның жеке топтарын талдау, олардың рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді.
Активтердің өсуі кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін болғандықтан, ол осы кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін сипаттайды.
Алайда, кәсіпорын мүлік
құнының өсу себептерін талдағанда,
жоғары деңгейі баланстық есептің
номиналды көрсеткіштерінің нақты
көрсеткіштерден айтарлықтай
Отандық есептік - аналитикалық тәжірибеде өндірістік қорлар, дайын өнім және тауарларды қайта бағалау жүргізілмейді. Сондықтан да олардың құнының өсуі, инфляциялық фактор әсерінен болатыны күмәнсіз. [2, 223-бет]
Ұзақмерзімді капитал |
Материалды емес активтер |
Негізгі құралдар | |
Ұзақмерзімді қаржылық салымдар | |
Ағымдағы актив |
Запастар |
Дебиторлық борыш | |
Қысқамерзімді қаржылық салымдар | |
Қолма-қол ақша |
2-сурет. Актив балансының құрылым жобасы
Кәсіпорынның ұзақ мерзімді активтері - бұл ұзақ мерзімдік мақсаттармен қозғалмайтын мүлікке, облигацияларға, акцияларға т.б. қаржыларды бөлу болып табылады. Олар баланс активінің I бөлімінде бейнеленеді. Ұзақ мерзімді активтерге материалдық емес активтер де жатады. Жалпы актив балансының құрылым жобасы кестеде көрсетілген.
Аналитиктер оларды осы активтерге қаржы бөлу тәуекел деңгейін бағалау үшін зерттейді. Ұзақ мерзімді активтердің құрамы, құрылымын талдау үшін 4-кесте деректерін пайдаланамыз.
Кесте мәліметтерінен активтердің нақты құнын көрсететін баланс валютасының 2008 жылы 2007 жылға қарағанда 341676962 мың теңгеге немесе 37,87 процентке, ал 2009 жылы 2008 жылға қарағанда 33191297 мың теңгеге немесе 2,67 процентке өскендігін көруге болады. Бұл кәсіпорынның әрі қарайғы дамуын көрсететіндіктен, оның жұмысының 2008 жылы едәуір жақсарғанын, алайда 2009 жылы баланс валютасының өсуі айтарлықтай көп болмағандықтан, және инфляция жағдайларын ескеретін болсақ, кәсіпорын қызметінің жеткілікті түрде жақсармағандығын көруге болады. Дегенмен өсім бар, сол себептен компания қызметіне оң баға беруге болады. 2-суретте «ҚазТрансОйл» АҚ-ның актив балансында ұзақ мерзімді активтердің біртіндеп өсуі жақсы көрініп тұр. [14]
4-кесте. «ҚазТрансОйл» АҚ-дағы баланс активтерінің құрамы мен құрылуы
?№ |
Атауы |
Құны, млн тг |
Құрылымы, % |
згеріс, |
+- |
Құрылымның өзгеруі | |||||
2007 |
2008 |
2009 |
2007 |
2008 |
2009 |
2008/ 2007 |
2009/ 2008 |
2008/ 2007 |
2009/ 2008 | ||
1
1 |
Активтер құны, барлығы соның ішінде: |
902304116 |
1243981078 |
277172375 |
100 |
100 |
100 |
+37,87 |
+2,67 |
X |
X |
1.1 Ұзақ мерзімді активтер: |
657289614 |
823442155 |
807038421 |
72,85 |
66,19 |
63,19 |
+25,28 |
-1,99 |
-6,66 |
-3 | |
А) негізгі құралдар; |
500389490 |
452273936 |
595064648 |
55,46 |
36,36 |
46,59 |
-9,62 |
+31,57 |
-19,1 |
+ 10,23 | |
Ә) қаржылық салымдар; |
14903210 |
337537094 |
12179819 |
1,65 |
27,13 |
0,95 |
+2164,8 |
-96,39 |
+25,48 |
-26,18 | |
1.2 Ағымдағы активтер: |
245014502 |
420538923 |
470133954 |
27,15 |
33,8 |
36,81 |
+7163,8 |
+11,79 |
+6,65 |
+3,01 | |
А) Өндірістік қорлар |
23560210 |
54742286 |
29085321 |
2,61 |
4,4 |
2,28 |
+132,35 |
-46,87 |
+1,79 |
-2,12 | |
Ә) дайын өнім |
31941989 |
29260160 |
3,54 |
2,29 |
-100 |
-3,54 |
+2,29 | ||||
2 2 |
Кәсіпорынның өндірістік потенциалының құны |
523949700 |
457748222 |
624149969 |
58,07 |
36,8 |
48,87 |
-12,64 |
+36,35 |
-21,27 |
+12,07 |