Тиімді басқарудың құралдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2013 в 18:32, курсовая работа

Краткое описание

Елімізде нарықтық қатынастардың дамуы кәсіпорын қаржыларының маңызын арттыра түсті. Кәсіпорын қаржылық ресурстарының жағдайы, оның қызметінің нәтижелерін анықтайтын фактор болып табылады.Кәсіпорын жағдайының сандық және сапалық параметрлері оның нарықтағы орны мен экономикалық кеңістікте тиімді қызмет ету мүмкіндігін анықтайды. Осы мәселелердің барлығы экономиканы басқаруда қаржыларды басқарудың маңызын арттыра түсті.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1 ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ
1.1 Қаржылық менеджменттің даму тарихы...................................................5
1.2 Қаржылық менеджмент мазмұны, принциптері, функцилары.............8

2 «ҚАЗТРАНСОЙЛ» АҚ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ
2.1 «ҚазТрансОйл» АҚ-ның технико-экономикалық сипаттамасы.........15
2.1 «ҚазТрансОйл» АҚ жағдайын талдау және басқару.............................19
3 ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ НЕГІЗІНДЕ КӘСІПОРЫНДЫ БАСҚАРУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН ЖОҒАРЫЛАТУ
3.1 Тиімді басқарудың құралдары..................................................................31
3.2 Басқарудың тиімділігін жоғарылату бағыттары...................................35

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................38
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................39

Вложенные файлы: 1 файл

ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ.doc

— 455.50 Кб (Скачать файл)



 

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттаушы барлық көрсеткіштер шекті мәндерге жауап бермейді және жыл соңына кәсіпорынның мүліктік жағдайы келесілермен сипатталады. Активтерді талдай отырып, олардың қалай тартылғанын және есепті жылы неге көбірек көңіл бөлінгенін, сондай-ақ кәсіпорынның өндірістік потенциалы мен оның негізгі құралдарының жағдайын және кәсіпорын мүлкінің мобильділігін (іске тартылу деңгейін) анықтау қажет. Ол үшін, кәсіпорынның өндірістік потенциалының көлемін анықтау қажет.

Өндірістік потенциал кәсіпорында 2007 жылы - 523949700 мың теңгені, 2008 жылы 457748222 мың, 2009 жылы 624149969 мың теңгені құрайды, яғни алғашында 66201478 мың теңгеге немесе 12,64%-ға кемігенмен, кейін 166401747 мың теңгеге немесе 36,35%-ға артқан. Баланс активтерінің жалпы құнындағы өндірістік потенциал үлесі 2008 жылы 21,27 пунктке кеміп, жыл соңында 36,8%-ды құрады, 2009 жылы 12,07 пунктке артып, жыл соңында 48,87%-ды құрады, бұл өндірістік мақсаттағы мүлік коэффициентінің қалыпты мәніне сай келеді. [18]

 

 

                  3-сурет. «ҚазТрансОйл» АҚ 2007-2009 жж. активіндегі өзгерістер

 

Кесте мәліметтері көрсетіп отырғандай қаражаттарды ұзақ мерзімді және ағымдағы активтер арасына тарату 2008 және 2009 жылдар аяғына ұзақ мерзімді активтер пайдасына шешіледі. Егер ағымдағы активтердің үлесі 2007 жылы 6,65 пунктке аз болса (27,15-33,8), 2008 жылы ол 6,65 пунктке өсіп, жалпы баланс валютасы үлесінде 33,8%-ды кұрады. Ал 2009 жылы 3,01 пунктке өсіп, баланс валютасында 36,81%-ды құрады. Ағымдағы активтердің өсуі 2008 жылы ұзақ мерзімді активтердің өсуінен 283,4 есе кем (7163,8/25,28), 2009 жылы ұзақ мерзімді активтер 1,99 пунктке кеміп, ағымдағы активтер 11,79 пунктке артқан, соған қарамастан, ағымдағы активтердің үлесі ұзақ мерзімді активтерге қарағанда аз.

Осы көрсеткіштерден  кейін баланс валютасындағы ағымдағы активтер үлесін анықтау маңызды: ағымдағы активтер құнының кәсіпорынның барлық мүлкінің құнына қатынасымен анықталатын кәсіпорын активтерінің іске тартылу (мобильді) коэффициентінің мәнінің өсуі. Ол қарызды өтеуге арналған қаражат үлесін сипаттайды. Коэффициент мәні артқан сайын кәсіпорынның үздіксіз жүмысты қамту және кредиторлармен есеп айырысу мүмкіндігі де арта түседі. Талдау жүргізіліп отырған жылдарда бұл коэффициенттің деңгейі 2007 жылы 0,3 және 2008 жылы 0,3, 2009 жылы 0,4 құраған. Яғни активтердің мобильділігі коэффициенті уақыт өту барысында өзгеріске ұшырағанымен, ол өзгеріс айтарлықтай үлкен емес.

Кәсіпорын активтерін таратудың  тиімділігін сипаттайтын келесі көрсеткіш - мобильді және иммобильді қаражаттар қатынасының коэффициенті. Бұл қатнынастың қолайлы және қауіпті көлемі, кәсіпорынның салалық ерекшеліктеріне байланысты. Өндірістік кәсіпорындарда берілген көрсеткіштің деңгейі 0,5-тен төмен болмауы тиіс. (5-кесте) [14]

 

5-кесте. Кәсіпорынның мүліктік жағдайының көрсеткіштері

 

Көрсеткіштер

Есептеу формуласы

 

Мәні

 

Шекті

   

2007

2008

2009

мәні

1 .Өндірістік    бағыттағы  мүлік коэффициенті

Нег.қ.+запас+аяқт.өнд. Баланс валютасы

0,7

0,4

0,6

>0.5

2.Активтердің мобильділігінің  коэф.

Ағымдық активтер Баланс валютасы

0,3

0,3

0,4

<0.5

З.Мобильді және иммо-бильді қаражаттардың қатынасының коэф.

Ағымдық активтер Ұзақ мерзімді активтер

0,4

0,5

0,6

>0.5

4.Негізгі құралдардың  нақты құнының коэф.

Н.қ. қалдық құны Баланс валютасы

0,6

0,4

0,5

>0.5

1. Негізгі құралдардың  жарамдылық коэф.

Н.қ. қалдық құны Н.қ. бастапқы құны

0,7

-

0,9

>0.5

2. Негізгі құралдардың  тозу коэф.

Н.қ. тозу құны Н.қ. бастапқы құны

0,3

-

0,1

<0.5


 

Талданып отырған кәсіпорында бұл көрсеткіштің деңгейі 2007 жылы - 0,4 (245014502:657289614), ал 2008 жылы - 0,5 (420538923:823442155), 2009 жылы - 0,6 (470133954:807038421) құрайды. Бұл коэффициент деңгейі 2008, 2009 жылдары мобильді қаражаттардың өсу қарқынын көрсетіп отыр, бұл коэффициент мәні жағымды нәтижені көрсетеді деп айтуға болады. 2008 жылы мобильді қаражаттар 1,7 есеге (420538923:245014502), ал иммобильді қаражаттар 1,3 есе артқан. 2009 жылы мобильді қаражаттар 1,1 есеге артқан (470133954:420538923), иммобильді қаражаттар болса 16403734 мың теңгеге кеміген. Ағымдағы және ұзақ мерзімді активтердің қатынасы 2008 жылы 0,5 болып, қарыз капиталы мен меншікті капитал қатынасының коэффициенті 0,9-дан (591055782:625925296) кем болып отыр. 2009 жылы сәйкесінше 0,6 болып, қарыз капиталы мен меншікті капиталының қатынасы коэффициенті 0,6 (487434024:789738351), яғни олар бір-біріне тең көрсеткіште. Бұл кәсіпорынның жоғары тұрақтылыққа ие емес екендігін көрсетеді, бірақ уақыт өтуіне байланысты кәсіпорынның жағдайының жақсаруын байқауға болады.

Әрі қарай кәсіпорынның мүліктік жай-күйінде қандай сапалық өзгерістер болғанын зерттеу қажет. Бұл кәсіпорынның материалды-техникалық базасын құрайтын және негізгі қорлары болып саналатын, оның өндірістік потенциалының маңызды элементінің жағдайын зерттеу қажет.

Кәсіпорын мүліктерінің жалпы құнындағы негізгі құралдардың нақты құнының үлес салмағының өзгеруі, ерекше назар аударады. Кәсіпорын мүліктерінің жалпы жиынындағы негізгі құралдардың нақты құнының коэффициентінің мөлшері баланс активтерінің барлық сомасының 50 пайызынан кем болмауы тиіс.

Аталған кәсіпорында 2008 жылы баланс валютасындағы негізгі құралдарың қалдық құнының үлесі жыл басында - 22,37%-ды, ал жыл соңында - 36,36%-ды құрайды, яғни бұл көрсеткіштің теориялық мәніне 13,64 пункт сәйкес келмейді. 2009 жылы баланс валютасында 46,59%-ды құрап, 10,23 пунктке артқан, дегенмен теориялық мәніне 3,41 пункт сәйкес келмейді. Бірақ өткен кезеңмен салыстырғанда айтарлықтай өскен.

Кәсіпорынның өндірістік потенциалын сипаттайтын өндірістік мақсаттағы мүлік коэффициенті 2007 жылы 0,7-ні құрап, 2008 жылы 0,4-ке дейін қысқарған, 2009 жылы болса 0,6-ны құрап, 0,2 пунктке артқан. Уақыт ағымында теориялық мәнінен төмендеп, келесі жылы теориялык мәніне сәйкес келген. Бұл өндірістік потенциалдың 2007 төмендеуін, ал 2008 жылы өсуін сипаттайды. Негізгі құралдардың нақты құнының коэффициенті 0,6-дан 0,4-ке төмендеп, 0,5-ке дейін өскен. Бұл кәсіпорынның материалдық-техникалық базасының 2008 жылы жақсарғанын көрсетеді. Негізгі құралдардың жарамдылық коэффициенті және негізгі құралдардың тозу коэффициенті 2007 жылы теориялық мәніне сай келіп, компанияның техникалық базасының жақсы болғандығын көрсетеді. Ал 2008 жылы бухгалтерлік баланстың жаңа стандарттарына сай негізгі құралдардың бастапқы құны көрсетілмеген. 2009 жылы 0,9 және 0,1-ді құрап теориялық мәніне сай келген.

Ағымдық активтер жалпы  қаржылар сомасында анағұрлым үлкен  үлес салмақ алады. Оларды тиімді пайдалану және өндіріс айналыс сферасына дұрыс енгізу кәсіпорынның табыстылығына өз әсерін тигізеді. Сонымен қатар кәсіпорынның төлемдік қабілеті мен қаржылық жағдайы белгілі деңгейде кәсіпорынның капиталы қандай активтерге салынғанынан, олар қандай табыс әкелетіндігенен тәуелді. Кәсіпорын активтерінің орналасуы туралы ақпарат баланс активінде қамтылады.[15, 124-бет]

Актив баптарын шартты түрде  келесі белгілері бойынша топтастыруға болады:

1. Өтімділігі бойынша: ұзақ мерзімді және ағымдық активтер.

2. Пайдаланылуы бойынша: ішкі айналыстағы және сыртқы айналыстағы (дебиторлық берешек, қаржылық салымдар, банк шоттарындағы ақша) активтер.

3. Инфляциялық процестерге шалдығуына байланысты: монетарлық және монетарлық емес активтер ажыратылады. Монетарлық активтер қайта бағалауға жатпайды, олар ағымдық ақшалай бағадағы активтер - ақша қаражаттары, депозиттер, есеп айырысулардағы қаражаттар.т.б. Ал монетарлык емес активтер құны уақыт өтуіне қарай өзгеріске ұшырайтын, сол себепті қайта бағалауды қажет ететін активтер - негізгі құралдар, запастар, аяқталмаған өндіріс, т.б..

4. Өндіріс үрдісіндегі айналыс капиталы ( запастар, аяқталмаған өндіріс, болашақ кезең шығындары) және айналыс үрдісіндегі капитал (дайын өнім, ақша қаражаттары, қаржылық салымдар, тауарлар,т.б.).

Баланс мәліметтері  бойынша актив баптарының құрамы мен орналасуын келесі аналитикалық кестеден көруге болады.

6-кестеде келтірілген мәліметтер кәсіпорын активтерінің жалпы алғанда жағымды динамикасын көрсетеді. Оларды жеке элементтер тұрғысынан зерттеу келесідей қорытындыларды жасауға мүмкіндік береді. Ең мобильді активтер, яғни ақша қаражаттары мен қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар бір жылда 229,0%-ға көбейіп, келесі жылы 0,99%-ға қысқарған. Екінші жылы дебиторлық борыш 65,1%-ға қайтарылып, оның үлес салмағы азайса, үшінші жылы 247,7%-ға артқан. Тауарлы-материалдық қорлар да 2007 жылға қарағанда 1,4%-ға азайған, 2008 жылға қарағанда 6,58%-ға өскен. Нәтижесінде 2008 жылы ақша қаражаттары артып, басқа да ағымдағы активтердің үлес салмағы 7,2%-ке кемігенмен, 2009 жылы керісінше ақша қаражаттары азайып, өзге активтер артқан. [14]

 

6-кесте. Кәсіпорынның ағымдағы активтерінің құрамы мен құрылымы

 

Көрсеткіштер

Сомасы, мың тг.

Үлес салмағы, %

Өсуі(+), кемуі(-), %

 

 

2007

2008

2009

2007

2008

2009

2008/ 2007

2009/ 2008

1.

Ағымдағы активтер, соның  ішінде:

245014502

420538923

470133954

100

100

100

+71,6

+ 11,79

 

1.1. Тауарлы-материалдық  қорлар

55502199

54742286

58345481

22,65

13,02

12,41

-1,4

+6,58

 

1.2. Дебиторлық борыш

100511720

35051398

121864889

41,0

8,33

25,92

-65,1

+247,7

 

1.3.Ақша қаражаттары  және қысқа мерзімді қаржылық  инвестициялар

89000583

292815919

289923584

36,32

69,63

61,67

+229,0

-0,99

 

1.4. Басқада ағымдағы активтер

-

37929320

-

-

9,01

-

+9,01

-100


 

Ең мобильді қаражаттар сомасының көбеюі және айналым қаражатының  мобильділік коэффициентінің өсуі кәсіпорынның төлеу қабілетінің жақсарғанын сипаттайды. Кәсіпорынның материалдық айналым қаражаттары қысқарғаны материалды айналым қаражаттарының үлкен сұранысқа ие екендігін көрсетеді.

Жоғарыда келтірілген  талдаулар нәтижесінде кәсіпорынның қызметіне оң баға беруге болады. Себебі 2008 жылы келтірілген коэффициенттердің шамасы қалыпты жағдайларға сай келеді және компания қызметі сұранысқа ие. 2009 жылы керісінше тенденция байқалғанмен, оның үлес салмағы көп емес және де «ҚазТрансОйл» АҚ-ның көрсетілген қызметтері бұрынғыдай сұранысқа ие.

Кәсіпорын активтерінің кұралу көздерін талдау. Бизнесті қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету кез-келген кәсіпорын қызметінің анықтаушы факторы болып табылады.

Кәсіпорын басшылығы  кәсіпорын қызметі ресустардың  қандай көздерінен қаржыландырылатынын  және капитал қандай іске салынатынын  нақты білуі қажет. Сол себепті  капиталдың құрамын, құралу көздерін және орналасуын талдау үлкен мәнге ие және келесілерді қамтуы тиіс:

  • кәсіпорын капиталының құралу көздерінің құрамын, құрылымы мен динамикасын оқу;
  • олардың көлемінің өзгеру факторларын анықтау;
  • капиталдың жеке көздерін тартудың бағасын анықтау;
  • қаржылық тәуекел деңгейін бағалау;
  • меншікті және заемдық капиталдың қатынасының оңтайлы нұсқасын негіздеу.

Капитал - бұл шаруашылық субъектісің пайда алу мақсатында өз қызметінде пайдаланатын (иеленетін) қаражаттары.

Кәсіпорын капиталы меншікті (ішкі) және қарыздық (сыртқы) көздерден қалыптасады.[16, 256-бет]

Қаржыландырудың негізгі  көзі - меншікті капитал. Оның құрамына жарғылық капитал, қосымша капитал, резервтік капитал, бөлінбеген табыс  кіреді. Бірақ меншікті капитал көлемі шектеулі екенін ескерсек, қаржыландырудың келесі көзі - қарыздық капитал болып саналады. Кәсіпорын қызметін қарыздық капитал есебінен қаржыландыру келесі жағдайларда тиімді:

  1. Өндіріс маусымдық сипатқа ие болса. Бұл жағдайда кей кезеңдерде        ақша қаражаттары жинақталып қалып, басқа кезеңдерде ол жетіспейді.
  2. Егер кәсіпорын заемдық капитал бағасынан жоғары табыстылықты қамтамасыз ете алса, онда қарыздық капитал есебінен өз жағдайын тұрақтандыра алады.

Дегенмен, меншікті және қарыздық капиталдың қатынасына кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен тұрақтылығы тәуелді.

Активтердің қорлану  көздерін талдаған кезде меншікті және қарастырылған капиталдың көрсетілген  көлемі белгіленіп, есеп беру кезеңіндегі  олардың өзгеру себептері анықталып, оларға баға беріледі. Бұл кезде  өз меншігіндегі капиталға басты назар аударылады, себебі өз қаражаттарының қоры болуы оның қаржылық тұрақтылығының барлығын көрсетеді.

Қаржылық тұрақтылықтың  абсолютті көрсеткіштері - тауарлы-материалдық  қорлардың, олардың қалыптасу көздерімен қамтамасыз етілу дәрежесін көрсететін көрсеткіштер келесі аналитикалық кестеде бейнеленген. (7-кесте) [18]

 

7-кесте. «ҚазТрансОйл» АҚ тауарлы-материалдық қорлардың оларды қалыптастырудың қалыпты көздерімен қамтамасыз етілуі (мың теңге)

Информация о работе Тиімді басқарудың құралдары